Мақсаты: Су – тіршілік көзі. Судың адам денсаулығы мен ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне пайдасы зор. Танымал адамдар судың қасиеті туралы көп айтқан. Леонардо да Винчи: «Суға жердегі тірішіліктің нәрі болуға сиқырлы билік берілген», - десе, Үлкен Плиний: «Ақиқат шарапта болса, денсаулық суда», - деп ой қозғайды. Сонымен, судың қандай пайдасы бар?
Шығармашылық және ойлау қабілетіңіз артады
Суды жеткілікті мөлшерде пайдаланған жағдайда, адам организмі белсенді жұмыс жасайды. Әлем зерттеушілері суды тағы бір қырынан таныды. Олар судың адамның ойлау қабілетіне тигізетін игі әсерін қарапайым тәжірибемен дәлелдеген екен. Neuroscience (Нейробиология) журналының таратқан ақпараты бойынша, жеткілікті мөлшердегі су адам миының жұмысын 15%-ға арттыра алады екен. Күніне 8-10 стақан су іше отырып, когнитивтік қабілетіңізді 30%-ға жақсартасыз. Нәтижесінде зейініңіз артып, ойлау қабілетіңіз тезірек және шапшаңырақ болады.
Словак халқының мақалы: «Таза су – бұл алғашқы медицина» дейді. Күшті иммунитет кепілі – су. Ол ағзаның тиімді функцияларын жаңартатын катализатор сияқты жұмыс істейді. Судың дұрыс мөлшерде пайдаланылуы – бауырыңыз бен бүйрегіңіздің жұмысын жақсартып, қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі. Зерттеушілердің айтуына сүйенсек, рН теңгеріміңіз тұрақталып, бүйрекке тас жиналуының алдын алады екен. Су – адам ағзалары ауруларын алдын алуға көптеген септігін тигізеді. Нәтижесінде, адам иммунитеті жоғарылап, қалыпты күйге алып келеді.
Иммунитетіңіз күшейе бастайды
Жүрегіңіз мықтырақ болады Су адам жүрегінің сауығуына көмектеседі. Қан сұйыла түскендіктен қан қысымы төмендеп, жүрек талмасының қаупі сейіледі. Ұйықтар алдында бір стақан су ішіп жатсаңыз, жүрек талмасы мен инсульттің алдын алуға көмектеседі. Американдық эпидемиология журналы алты жылдық зерттеуінің нәтижесін жариялады. Зерттеушілерге сүйенсек, суды дұрыс мөлшерде тұтыну, жүрек ауруларының даму қаупін 41%-ға төмендетеді екен.
ЗАТ АЛМАСУ ҮДЕРІСІ ЖАҚСАРАДЫ Суды қорғау – адамзаттың жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін жақсарту, қалпына келтіру және оларды сақтауға бағытталған .Негізгі міндеттер — барлық судың табиғат жүйелерінің экологиялық тұрақтылығын сақтау, судың физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерін тексеріп отыру, олардың табиғи толығуына, тазаруына жағдай жасау, суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғау шараларын жасауымыз керек. Су бассейнін ластамаудың негізгі жолы – тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жібермеу керек.
Қысымды реттейді Су адамның қан айналым жүйесін жақсартады. Орташа алғанда біздің ағзамыздың 75% судан тұрады, ал адам ағзасындағы қанның құрамы 92% судан тұрады. Су жеткіліксіз болған кезде қан қоюланады және қан қысымы көтеріледі. Сондықтан, қанның сұйық болуы, қысымды реттеуге оң әсерін тигізеді. Ол үшін табиғи минералды суды жеткілікті мөлшерде пайдалану қажет. Ол артериялық қан қысымын төмендетуге көмектеседі. Сол себепті, қан қысымы жоғары науқастар қалыпты ауыз су режимін ұстануы керек.
Қорытынды Су – өмір тынысы. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Барлық аурудың алдын алу жолдарын медицина ғалымдары көбінесе сумен байланыстырып жатады. Жоғарыда атап өткендей, судың адам ағзасына маңызы зор. Атап айтсақ, адамның ойлау қабілетіне, иммунитетке, жүрекке, зат алмасу үрдісіне және қысымды реттеуге пайдасы зор. Көне заманда да қазақ даналары судың емдік қасиетіне, шипасына ерекше мән берген. Сол кебепті, ауыз суды күнделікті көп мөлшерде пайдалануға тырысыңыз. Мықты денсулық кепілі – таза су.