Тәрбие теориясы қоғам талабымен және мүдделерімен өте тығыз байланысты. Педагогика ғылымында «тәрбие» терминіне әрқашан ерекше нақты мән беріліп келді. Тәрбиелеу теориясы – тарихи тұрғыда құрылып ХІХ ғасырда түбегейлі қалыптасқан педагогика ғылымының бӛлімі. ХІХ ғасырдың басында неміс педагогы И.Ф.Гербарт (1776-1841жж.) тәрбиелеу теориясын оқыту теориясына пара-пар қылып педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде бөліп қойды. Уақыт өте тәрбиелеу теориясының шешуге тиісті мәселелерінің шеңбері анықтала басталды.
Оқыту теориясы – оқыту үдерісінің заңдары мен заңдылықтарын зерттейтiн, оқытудың мақсатын, міндеттері мен мазмұнын ашып көрсететiн, оқытуды ұйымдастыру формаларын және әдiстерiн, қағидаларын сипаттайтын педагогиканың құрамдасбөлiгi. Педагогика ғылымында оқыту теориясы «дидактика» ұғымының синонимi ретiнде қолданыладыОқыту теориясы жалпы дидактикамен тығыз байланысты арнайы принциптерге жүгінеді. Модульдік оқытудың жалпы бағыты, оның мақсаты, мазмұны мен ұйымдастыру әдістері мынадай принциптерді анықтап отыр:
оқыту процесі
оқытудың негізгі элементтерін бөліп көрсету;динамикалылықбілімнің әрекеттілігі мен оперативтілігі және олардың жүйелілігі;икемдігісаналы перспективасыәдістемелік кеңестің әр түрлілігі;
Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, оқушылардың дүниетанымын, күш қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс–әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана–сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.
Оқытудың міндеті
Оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.Оқыту – даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан–жақты жетілуін түйістіреді.Оқыту –екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс–әрекеті болса, оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.Сөйтіп, оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктерінің сәйкестігін ескере отырып, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған орай өзгертіп отырады.