бұл дәнекер тінінің маңызды қызметі, себебі осы тін басқа тіндерге қарағанда тығыз болып келеді. Соның арқасында ол ағзаны тек байланыстырып қана қоймай, сонымен қатар ағзаға тірек болады, бұлшық ет жүйесінің қозғалтқыш қабілетін қамтамасыз етеді.
Метаболиттік қызметі
Дәнекер тіні ағзаның ішкі ортасы болады, қан мен лимфа тамырлары арқылы барлық тіндерді қоректік заттармен, метаболизм өнімдерімен қамтамасыз етіп(трофикалық қызметі), зат алмасуына белсенді қатысады. Бұл қызметін көбінесе дәнекер тінінің жасушалары мен протеогликандар атқарады.