- түйіршік және тыртық,сүйек сүйелі,склероз,цирроз кезінде пайда болатын фиброздық, амилоидоз кезіндегі жиналған гиалин мен амилоид тіндері пайда болады.
Дәнекер тінінің құрамы - Жасушалардан
- жасушааралық заттан(матрикс) Матрикс саны жасушаларға қарағанда өте көп болады. Оның құрамы өте күрделі: фибриллярлық құрылымы және негізгі заты бар. Фибриллярлық құрылымға коллагенді, эластинді және ретикулярлы талшықтар жатады. Негізгі заты- матрикстің аморфты компоненті, бұл компоненттің арасына жасушалар мен талшықтар орналасқан.
Коллаген талшықтары- коллаген белогынан тұрады, жалпы белок мөлшерінің 30%-ын және дене салмағының 6%-ын құрайды. Коллаген 40%-ы теріде, 50%-ы сүйекте, 10% ішкі мүшелердің стромасында кездеседі. Коллаген талшықтарының түзілуіне арнайы белок –фибронектин қатысады, ол фибробластардың беткейінде ұяшықты тор ретінде орналасқан, жасушаларды бір-бірімен байланыстыратын жабысқақ белок.
Эластинді талшықтар эластин белогынан тұрады
Ретикулярлық (торлы) талшықтар коллагеннің 3-ші түрінен тұрады, оның құрамында өте көп мөлшерде оксипролин кездеседі және цистеин болады. Ретикулярлы талшықтардың құрылысының ерекшелігі оларда көмірсу мөлшері коллаген талшықтарына қарағанда 10 есе көп.
Достарыңызбен бөлісу: |