Негізгі бөлім
Тағамның құрамы
Адам өсімдіктекті және жануартекті тағамды пайдаланады.
Адамның күнделікті пайдаланатын тағамының құрамында
күрделі ағзалык заттар (нәруыздар, майлар және көмірсулар)
бар. Бұл заттар сол калпында жасуша жарғакшасы аркылы өте
алмайды. Жасуша жарғакшасы аркылы өту үшін карапайым
заттарға ыдырау керек. Тағамдық заттар алдымен ерітінді күйге
айналып, содан кейін қанға сіңіріледі. Қан аркылы ұлпалар мен
жасушаларға жеткізіледі.
Адам баласы пайдаланатын тағам көбінесе
өсімдік және жануар тектес болады.Тағамның
негізгі компоненттері белоктар, липидтер,
көмірсулар және витаминдер болып табылады.
Сонымен қатар тағамның құрамына минералдық
заттар, су кіруі керек. Тағамның негізгі
компоненттерінің тәуліктік қажеттілігі әртүрлі
болады және ағзаның энергия шығынына
байланысты. Бұл жағдайда энергия шығынының
55% көмірсулармен, 30% липидтермен және 15%
белоктармен толтырылады.
Дұрыс тамақтану кезінде тағамда белоктың,
майдың және көмірсулардың тек белгілі бір
мөлшері болып қана қоймай, олар бір – біріне
белгілі бір қатынаста болуы керек. Мысалы,
омыраудағы балаларда белоктар, липидтер,
көмірсулар қатынасы 1:3:6 аралығында,
оқушыларда – 1:1:2, ересектерде – 1:1:4 болады.
Негізгі тағамдық компоненттерге деген қажеттілік
адам жасына қарай өзгереді. Балаларда
белоктарды, липидтерді, көмірсуларды тұтынудың
физиологиялық нормасы мынындай:
Тағамдық
компонеттер
(ккал)
Жылдар бойынша жасы
<1
1-3
3-7
7-11
11-15
15-18
Белоктар
25
48
68
78
98
119
Липидтер
25
51
65
81
86
99
Көмірсулар
109
157
241
297
424
471
Ккал
782
1315
1871
2291
2940
3340
|