Презентация такырыбы : Тағамның негізгі компоненттері ақуыздар



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата05.12.2023
өлшемі1,2 Mb.
#134513
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Витаминдер
(лат.
«vіtа»
- тіршілік, «аmin» - химиялық
заттар) - тағамның құрамында болатын ағза үшін кажетті зат.
Ағзаның
өсуі,
дамуы,
тіршілігі
үшін
витаминдер
(дәрумендер) аз мөлшерде болса да өте қажет. Оларды адам
тағамның құрамынан алады, яғни витаминдердің көпшілігі
ағзада өздігінен түзілмейді. Адам ағзасындағы витаминдер
тапшылығы сан алуан ауруларға шалдықтырады.




Адам ағзасында витаминдер жетіспеген 
кезде патологиялық жағдайлар – гиповитаминоздар, 
авитаминоздар болуы мүмкін. Бұл жағдайларда, 
витаминдердің биологиялық қызметіне байланысты 
метаболизмнің белгілі бір кезеңі зақымдалады да, ол 
сәйкес симптомдар түрінде көрінеді. Мысалы, В12 
витамині жетіспегенде – қатерлі анемия пайда болады, 
В1 витаминінің жетіспеушілігі – Бери Бери 
полиневриттің, С витаминінің жетіспеушілігі – Цинга, 
Д – витаминінің жетіспеушілігі – Рахит және т.б 
ауруларды тудырады.



Витаминдерді мөлшерден тыс пайдаланған кез
де ағзада патологиялық жағдайлар –
гипервитаминоздар пайда болады. Мысалы, Д 
гипервитаминозы, А гипервитаминозы белгілі. 
Бірінші жағдайда, Д витаминінің көп болуынан 
балаларда краниостеноз, А гипервитаминозында 
бастың ауруы, көру қабіліетінің бұзылуы пайда 
болады.



Физико – химиялық қасиеттері бойынша 
витаминдер 2 топқа бөлінеді: майда еритін және 
суда еритін. Майда еритіндерге А, Д, Е, К 
витаминдері, суда еритін витаминдерге В1, В2, В3, 
РР, В5, В6, В9, В12, Н, С, В15 витаминдері 
жатады.
А витаминінің барлық түрлері белокты, 
липидті, көмірсулы алмасуға әсер етеді, 
фосфорлы – кальцийлі, калийлі алмасуды 
реттейді. Атап айтқанда, белокты алмасуда А 
витамині фенилаланиннің тирозинге айналуын 
және адреналиннің синтезін жылдамдатады. 
Лизин мен метиониннің белокка қосылуын және 
альбуминдер синтезін жеңілдетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет