Тағам құрамындағы минералдык заттар
(тұздар), витаминдер және су ағзаға тікелей сіңіріледі.
Нәруыздар
адам пайдаланатын көптеген
тағамдардың кұрамында кездеседі. Олар адам
ағзасында өздігінен түзілмейді, тек тағаммен бірге
қабылданады. Адамның күнделікті қалыпты
тіршілігі үшін тәулігіне орта есеппен 100-120 грамм
нәруыз қажет. Нәруыз, әсіресе еттің, балықтың,
жұмыртканың, асбұршактың, жаңғактың және т.б.
тағамдардың құрамында мол болады. Адам ағзасы
үшін нәрлі нәруыз жануартекті тағамдарда көптеп
кездеседі.
Май да
- адам ағзасы үшін қажетті ағзалык заттың бірі. Ол сүт
өнімдерінің, жұмыртқаның және т.б. тағамдардың құрамында
молынан кездеседі. Әсіресе, жануарлардың іш майында және
майлы өсімдіктердің құрамында май өте көп болады. Басқа
ағзалық заттармен салыстырғанда май ыдыраған кезде энергия
екі еседей көп бөлінеді. Адам сұйық (өсімдік) майларды көбірек
пайдалануы қажет, әйткені ол ағзаға тез әрі жеңіл сіңеді. Адам
тәулігіне орта есеппен 70-100 г май пайдалануы керек.
Көмірсулар
көбіне өсімдіктекті тағамдардың құрамында мол
болады. Адам күнделікті пайдаланатын көмірсулар негізінен
крахмал және қант. Крахмал түрлі жармалардың, ұнның,
картоптың құрамында көбірек кездеседі. Қант көбіне қант
қызылшасында, сәбізде мол болады. Ағза үшін, негізінен,
жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы, өйткені ол тез
сіңеді. Мұндай қант балдың, жеміс-жидектердің құрамында
көп кездеседі. Адам денесіне жиналған артық көмірсулар
бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады.
|