Бұл мультимедиалық презентацияда «050111-Информатика» мамандықтарын дайындау жұмыс жоспарының негізгі компоненттері болып табылатын «Интернетте бағдарламалау» және «Интернет- технологиялар» курстарын оқытудың теориясы қарастырылады.
«Интернетте бағдарламалау» және «Интернет- технологиялар» курстары негізінен Интернет туралы толық ақпараттарды, Интернетте бағдарламалау тілдерін қарастырады. Сондықтан осы құралда бағдарламалау тілдерінің негізгісі болып табылатын HTML тілінде web-парақтарды құру бойынша дәріс ұсынылып отыр.
Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер арасында мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама HTTP (Hyper Text Transfer Protocol- гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталған болатын
Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын, Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wide Web қызмет бабы (WWW немесе тек Web) пайда болды
World Wide Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады
HTML (Hyper Text Markup Language) – гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.
Бұл файлдардың басым көпшілігі Web- парақтар түрінде HTML тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болды
Осы файлдарды НТТР серверлерінде (Web- тораптарында) орналастыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдалатындай түрінде интернетте жарияланады
Web-парақтар мазмұны әр түрлі бола береді және олар әр түрлі тақырыптарды қамтиды, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады
HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ
Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне дыбыс, сурет, мәтінді безендіру, пішімдеу істерін орындауды белгілейтін сөздер орналасады.
Сөзді ерекшелеп белгілеу – келесі көрсетілген құжат бөлігі қалай бейнеленетіндігін анықтайтын айрықша кодты енгізу
Гиперсілтеме – парақ элементтерінің ортасында гиперсілтеме көрсетілген мәтінмен немесе суретпен, кейбір объектілермен немесе адрестермен байланыс жасайды