Методология жəне ұлттық мүдде
Көшбасшылар мен халыққа қатысты методологиялық ұстаным қазіргі Отан тарихындағы
ұлтфакторын дөп басып тануға септеседі. Əрбір ұлт өзінің таңдаулы ұл-қыздарымен мақтануы əсте бекер
емес. Демократиясы мсн нарықтық экономикасы уақыт сынынан өткен АҚШ, Англия, Франция, Германия
тəрізді дамыған елдерде ұлт мəселесі ауық-ауық көтеріліп жататынын ескерсек, өтпелі кезеңдегі көпұлтты
Қазақстан үшін оның тағдыранықтағыш мəні бар. Тап осы мəселеде азаттық тарихын зерттеушілердің
методологиялық ұстанымы акиқаттан қылаудай ауытқымағары абзал. Ұлттан ұлттың артықшылығы да,
кемшілігі де жоқ, айырмашылығы ғана бар. Ал айырмашылықтан қайшылық көргісі келетіндерге, казіргі
қиыншылықтың бастау-бұлағын іздешілерге сылтау көп. Сталиндік- голощекиндік аштықты, саяси қуғын-
сүргінді, хрущевтік-брежневтік жер бөлісті, горбачсвтік- колбиндік желтоқсан зорлығын қыздырманың
қызыл тілімен қоздырып, бітпес дауға, ұлтаралық қақтығысқа айналдыруға болады. Дұрысы - сол
қиянаттың бəрі ат төбеліндей шовинист билеушілердің, жалғаи идея қуғандардың таптық шектеулігінен,
ашкөздігінен, менмендігінен туындағанын, тұтас ұлттың кінəсі жоқтығын түсіндіру. Бұл - бір.Екіншіден,
зорлық-зомбылығымен миллиондардың өмірін қиған қасіретті тарихты қайталаудың зияннан басқа берері
жоқ. Тұтас халықты еркіндігінен айырған халық азат халық бола алмайды ,тəуелсіздіктен айрылған ел
кіріптар халден шыға алмайды. Мемлекеттің қуаты халықтар бірлігінде. Қазақтар Қазақстанда байырғы ұлт,
азаматтардың басым бөлігі əрі мемлекет құраушы ұлт ретінде қандай да құқықтык басымдыққа ие болмаса
да, тарихи миссияны - елдегі бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етіп отырғанын, мемлекеттік мəртебесі
бар тілі барша қазақстандықтарды
Абай атындағы аз ПУ-ды ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж
8
ұйыстырушы тіл болуы керектігін азаттық тарихын зерттеу методологиясына айналдыра алсақ, ақиқаттың
ақ жолынан ауытқымаймыз. Осының өзі қоғамда жүріп жатқан түрлі (мемлекеттік тіл, көші- қон,
жекешелендіру, т.б.с.с. төңірегіндегі) пікірталасқа, нақты үдеріске (саяси, экономикалық, мəдени, т.б.)
ғалымның көзқарасын, тұғырнамасын білдіреді. Өкініштісі -- қазірігі Қазақстан ғылымы, əсіресе қоғамдық-
гуманитарлық ғылымдар өмірге, практикаға пəрменді ықпал ете алмай отыр. Диссертациялар қорғау
шарықтау шегіне жеткенмен қоғамдық пікірде де, материалдық-тұрмыстық жағдай тұрғысынан да
ғалымның беделі мейлінше төмен, уəжіне қулақ қоюшы қоғам жоқ. Бүгінгі үдеріс тағдыры, айта берсек,
ғылымның да тағдыры билік пен саясаткерлердің құзырында. Ал қарақан басының қамы үшін билікпен
жақындасу немесе тəжікелесу, саясаттың сойылын соғу немесе көзсіз сыншысана айналу тарих ғылымына,
тарихшыға ешқашан абырой əперген емес.
Үшіншіден, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар жаңа мамандықтармен толыққаньн, зерттеу пəні
мен өкілеттілігіне өзгерістер келгенін білген жөн. Тарихшылар жүріп жатқан казіргі үдерістер
менөзгерістердің болжамды ертеңін қозғамай - ол үшін саясаттанушылар, əлеуметтанушылар,
мəдениеттанушылар, т.б. бар - орныққан нəтижелеріне ғылыми талдау,əділ баға берсе де аз олжа емес. Егер
тəуелсіз Қазақстанда жүріп жатқан реформалардың ақыры жағымды нəтижемен аяқталмайтынын,
мемлекеттік-ұлттық мүддеге кереғар екенін дəйектеу қажет болса, «ертең анау құриды, бүрсігүні мынадай
пəлеге жолығамыз» дегенге саятын сəуегейлікке салынбай, тарихы мен тағдыры бізге ұқсас əрі
тəуелсіздікке қолы жеткеннен кейінгі өтпелі кезеңнен ұзап кетксн елдер тəжірибесі мен тағылымын алға
тарта ойтолғаған жөн шығар.
Ұлт тарихы жəне əлемдік үдерістер
Қазіргі Қазақстан тарихын зерттеу методологиясында мемлекет пен қоғамның, тіпті жекелеген
ұжымдар мен адамдардың өмірі əралуан екенін, қыртысы қалың факторлар əсерімен қалыптасатыны
ерекше назарда ұстау керек. Айталық азаматтардыц əл-ауқаты елдің табиғи байлығына, ғылымы
менбілімінің тікелей өндіргіш күшке айналу дəрежесіне, мемлекеттік басқару тиімділігіне, негізінен ішкі
саясаттың қарымына қарай жақсарады немесе төмендейді. Жəне бұл мəселе Қазақстанның бəсекеге
қабілетілігіне, ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатысты көрсеткіш орнына жүреді.
Ал ұлттық қауіпсіздіктің қамал-қорғаны - Қарулы Күштер тəуелсіз Қазақстанның ішкі қажеттілігін
бейнелей алмайды. Ол - сыртқы себептің пəрменімен құрылған бірлестік. Сөйте тұра азаматтардың
лайықты əл-ауқаты мен Қарулы Күштердің сақадай сай тұруы арасында ажырағысыз байланыс жатыр.
Демек, бүгінгі методологияға азаттық тарихын кешенді, жүйелі, динамикада ашу ғана жүктелмейді,
əрбір құбылыс пеп үдерістің пайда болуына, өзара ықпалдастығы мен дербестігіне, ішкі басымдықтары мен
тетіктеріне, тағылымына қисынды əрі деректі жауап іздеу маңызды. Əрине, бəріелішілік қажеттілікпен,
билік шешімімен, бірер маманның жазғандарымен аша салу мүмкін емес. Əр құбылыстың немесе үдерістің
өз бастау-бұлағын, заңдылықтарын. тəжірибесін тиянақтаумен қатар əлемдік, өңірлік тəнікті (апалог) іздеу
міндеті алда тұр. Тарихтың əралуан тағылым-тəжірибесін арасынан қыл өтпестей кіріктірумен
жалпыадамзаттық заңдылыққа қайшы келмейтін тұтас ұлттық
тарих түзілетінін методологиялық-танымдық ережеге айналдырғанда ғана азаттық ақиқатына
оқырмандарды иландыра аламыз.
Бұл жерде тарих тəжірибесі мен заманауи мəселенің мазмұнын, тіпті барысы мен бағытын əлемдік
кездейсоқ немесе стихиялы себеп күрт өзгертіп жібере алатынын бекерлеуге болмайды. Мəселен, мұхиттың
арғы жағындағы АҚШ-та басталған қаржы дағдарысы Қазақстанды аз əбігерге түсірген жоқ. Жоспарланған
біраз игілікті істерді доғара тұруға мəжбүрледі. Ендеше, жаһанданутұсындағы методология ұлттық таным
шеңберінде қалумен іргелі нəтижелерге қол жеткізе бермейді. Жана əлемнің озара əссрі мен байланысы
қанша артса, ғылыми танымның методологиясы да
соншалықты ыкпалдастықпен баюы керек. Мұның сыртында Қазақстанның да қазіргі əлемге ықпал ете
бастағанын ЕҚЫҮ-ға төрағалығынан көріп отырмыз.
Бұдан туындайтын келесі методологиялық пайым: мейлінше күрделіленген əрі іргелі əр саласөз
заңдылықтарымен өмір сүретін бүгінгі Қазақстанның тарихын бөтеннің ілімімен ғана дəйектеуақиқатқа
апармайды. Бір ғана ғұламаның, тіпті 3-4 ғұламаның ілімін басшылыққа алудың, оны догмаға
айналдырудың арты қоғамды да, мемлекетті де күйрететінін КСРО-ның, социалистік елдердіқұрдымға
кеткен тағдыры əшкереледі. Бізге үздік интеллектуалдық ізденістер жетістіктерін кəдегежаратқан
жарасады. Саясат тарихын зерттегенде б.э.д. өмір сүрген Аристотельден XX ғасыр
Абай атындағы аз ПУ-ды ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж
9
ойшылдары Ə. Бөкейханның, Хайдеггердің, Ясперстің, Арендтің, мемлекеттілік тарихыныңмəселелері ІІ
көтергенде Конфуций, əл-Фараби, Шоқан, Фукуяма, Хантингтон, Жан Моне
зерттеулерінің, экономика тарихын талдағанда XVIII ғасыр ғалымы А. Смиттен тартып XX ғасы ортасына
қарай əлемге мəшһүр болған Кейнс. одан кейінгі М.Фридман, Э.Ф. Шумахер. т.б.тұжырымдары мен
идеяларының, ұлт қауіпсіздігі, Отан тарихы жайлы қазақ ойшылдарының, Елбасымыз Н. Назарбаевтың
толғаныстарының танымдық-методологиялық жаңашылдығы қолданым тапса, азаттық тарихын биік
өремен түзеріміз сөзсіз. Есімдері аталған-аталмаған кемел ой иелерінің бір-біріне қайшы келетін таным-
тұжырымдары бар. Эклектикаға ұрынбастан солардың ара жігін ашып,
тəуелсіз Қазақстан тарихының ақиқатын тануға септесетін əлеуетін пайдаланумен бəсекеге қабілетілік
мəселесін шешуге де олжа салынады. Заманауи тарихшы өз кəсібінің аясында томаға-тұйық
оқшауланбай, барша қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың, ретін тауып, жаратылыстану, техникалы
ғылымдардың қолданбалы-практикалық, теориялық-шығармашылық мүмкіндіктерін кəдеге жаратса,
толымды пікір айта алады.
Иə, ғылымға интеграция мен дифференциация келгені бұрыннан аян еді. Саясат пен практикаға
нанотехнологиялар ене бастағанда, олардың бəсі мейлінше жоғарылады. Мысалға алар болсақ, ғасырлар
тоғысындағы экономиканың күретамыры - банк-қаржы жүйесі тарихын немесе ғылым мен техниканың
тарихын - тарих факультетінде алған біліммен ғана зерделеу жоғары математиканың есебін көбейту
таблицасына сүйенумен шешуге талаптанғанмен бірдей. Бүгінгі тарихшы əз заманының ғылымы мен
білімінің, техникасы мсн технологияларының жалына қолын іліндірмей, діттеген мақсатына жетпейді.
Тарих таразысы
Қазіргі Қазақстан тарихының тəжірибесі мсн тағылымын бағалауда жүгінетін өлшем таразысы неде
деген сұрақтың методологиялық кілті төңірегінде бірер ойымызды айта кетейік. Біздіпайымдауымызша,
тарихи мəн-маңызы бар мəселені ой елегінен өткізгенде екі өлшемге басымды беру керек. Біріншіден,
зерттеу нысаны мен пəніне айналған құбылыс жəне үдерістің мемлекеттік реттелуі, нақты жүзеге асуы,
құқықтық рəсімделуі ел Конституциясы, тиісті заңнамалық актілер аясында жүрген-жүрмегенін назардан
шығармау, екіншіден, түпкі нəтижесі əлеуметтік қауыммүддесіне жауап берген-бермегенін бүкпесіз ашу.
Қазақстанның құқықтық мемлекет екендігі негізгі Заңда айрыкша көрсетілген. Заңды бұзудың арты неге
апарып соғатынын Атырау қаласында күйреп түскен көпір, Астанада орнатылмай қалған Керей мен
Жəнібек хандар, қазақ батырлары ескерткіші коршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшысы Н.
Ысқақов пен орынбасарларының тағдыры, Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың СПИД ауруына
шалдығуы - бəрі бұлтартпай əшкерелеп тұр. Осылардың əрқайсысы, түптеп келгенде, халық қаражатын
талан-таражға салудан бұрын жекелеген əлеуметтік кауымның бүгіні мен ертеңіне кері əсерін тигізеді.
Əлеуметтік қауымның
үлкенді-кішілі болатыны белгілі: оқушылар мен студенттер əскери қызметкерлерден басым, педагогтар мен
ғалымда жұмыссыздардан көп, мəдениет саласындағылар шағын-орта бизнеспен айналысатындардан аз.
Көппен есептесіп, саны азды шетке қағу практикаға да, ғылымға да жараспайтын қателсеу. Конституция
бабының, тиісті заңнамалық құжаттың дəл əрі толық атқарылмауы бірде көпшіліктің, бірде мейлінше
шағын қауымның мүддесін, құқығын шайқайтынын, қоғамдағы мəдени-имандық ахуал бұзылатынын,
мемлекет пен əлеуметтік субъектінің, үкімет пен азаматтардың
арасындағы сенім жəне тепе-теңдік дағдарысы туындайтынын, бұл əлеуметтік сілкініске жасалған бірінші
қадам екенін жоғары методологиялық ұстаным мəртебесіне көтерумен тарих ғылымының өмірмен
байланысы арта түседі.
Тарихи ақиқат қырлары сан алуан. Сындарлы азаттығымыздың біреуді тамсандырған табысы
əлдекімнің тарапынан сынға ұшырап жататыны немесе елеусіз-ескерусіз қалатыны бар. Түптеп келсек,
методологиялық ұстанымы келіскен тарихи ақиқат қана азаттығымыздың негізгі - қосалқы, басты – екінші
ретті, кезек күттірмейтін - бөгеле тұратын стратегиясы меп тактикасын, мақсаты мен міндетін, басымдығы
мен тетіктерін, дерті мен шипасын дөп басуға əкеледі. Ғылыми танымның қапысыз анықталған
методологиялық ұстанымы азаттық тарихын бұрмалаусыз, əсірелеусіз жазуға жол бастайды. Тəуелсіз
Қазақстанның «ақтаңдақсыз» ақиқат тарихын түзудің өзі санадағы, қоғамдық пікірдегі, ішкі-сыртқы
саясаттағы, экономика мен мəдениеттегі барымыз бен жоғымызды, ілгерілемен іркілісті дəйектеудің кілтіне
айналып отыр. Азаттық ақиқатты айтқызғанда, ақиқат азаттық мүддесін қорғаумен əрленгенде тарих
ғылымы өз миссиясын орындайды.
Абай атындағы аз ПУ-ды ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж
10
Резюме
Статья посвящена обсуждению методологических проблем исторических исследований. По
мнению автора, история сегодня должна быть открыта для всех направлений мысли и гипотиз,
выдвигаемых другими дисциплинами, которые тоже изучает общество, а ее методы, также как и
способы постановки вопросов, должны быть в значительной степени обновлены.
Summary
Article is devoted problems and problems of social studies of modern Kazakhstan.According to the
author,necessity of reforming of social studies of Kazakhstan-the requirement of time also urged to prepare
comprehensively developed,creatively and critically conceiving experts,the persons possessing high feeling of
patriotism,validly concerning national values,the historical past Kazakh and other people capable to complete
vision and the analysis of ways of development of a society.
ҚОҒАМ ЖƏНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЬІМДАР
Қ.Атабаев -
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті деректану жəне тарихнама кафедрасының
меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы , профессор
Қоғам жəне қоғам тану мəселесі барлық уақыттада қоғамдық ғылымдардың өзекті мəселесі
болған жəне бола бермекте. Десекте, бүгінгі Қазақстан қоғамдық ғылымдары өз міндеттерін толық
атқарып отыр деп айту қиын. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаев
тəуелсіздік қарсаңында өзінің «Əділеттің ақ жолы» атты кітабында кеңестік қоғамтану ғылымын
талдау жасай келе: "Ат төбеліндей басшы топтың шындықка жанаса бермейтін қағидаларына қызмет
етуді көздеген қоғамдық ғылымдарымыздың өмірге ілесе алмай, “артта қалушылығы” да бізге
өткенімізден мұра болып қалған зардабы мол қасиеттеріміздің бірі. Қазір біз теориялық тұрғыдан
алғанда мүлдем қарусызданып, дəрменсіз күйде қиындық” деп жазған еді [1.131 б.]. Содан бері, яғни
тəуелсіздік жылдары Қазақстан қоғамдық ғылымдарын көп өзгеріске ұшырай қойды деп айту қиын
Күні бүгінге дейін ұлттық идеологияның болмауы, дəл сол біздегі қоғамдық ғылымдардың
дəрменсіздігінің тікелей салдары. Мұндай тұйықтан шығудың бірден біржолы Қазақстан қоғамдық
ғылымдарын ұлттық мүддеге сай түбегейлі қайта құру.
Қазақстан қоғамдық ғылымдарын уақыт талабынан шыға отырып, реформаландырудың
объективті алғышарттары бізде толық пісіп жетілді деп айтуға болады. Əрине реформа жолының ауыр
жол екендігі, оның аурулы да азапты жол екендігі баршаға аян. Дегенмен, ол бірден бір дұрыс жол.
Саналы түрле барып жан-жақты ойластырылған жəнемақсатты түрде іске асырылған реформаның бар
азабын ашыдаған қоғам ғана оның оңды нəтижесін көре алады. Жалпы алғанда Қазақстан ғылымын
реформалау ісі соңғы кезде белсенді түрде жүргізіле бастағандығы рас. Бірақ, олар, негізінен, ғылыми-
техникалық дамуының 5 басым бағыттары бойынша ғана жүргізілуде. Ал Қазакстан ғылымы болса
үлкен табыстарға жылдам қол жеткізуге көмектесетін нақты-қолданбалы технологиялық ғылымдардан
ғана емес, сонымен қатар, нəтижесі бірден көзге түсе қоймайтын, бірақ түбінде ұлттың ұлт болып
қалуында, ұлттың өзіндік бет-бейнесін сақтай отырып дамуында, солар қылы қоғамның бірлігін
сақтауда шешуші рөл атқаратын қоғамдық ғылымдардан да тұрады.
Ұлттық ғылым академиясының 60 жылдығына арналған мерекелік сессиясында сөйлеген
сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ғылымының осы бөлігі тұрады: «...мен гуманитарлық
ғылымдар саласына да назараударған жөн деген қорытындыға келіп отырмын. Ол ғылыми
зерттеулердің тағы бір басым бағыты болуға заңды түрде үміттенеді... Бəсекеге қаблеттілік
тұжырымдамасы тұрғысынан келгенде қоғамдық ғылымдардың маңызын ешбір жағдайда да
төмендетуге болмайды»- деп, атапайтты.
Бірақ, əзірге, неге екені белгісіз, Қазақстан үкіметі біздегі қоғамдық ғылымдарды реформалау
арқылы түбегейлі қайта құру қажеттігі туралы мəселе көтермей отыр. Ал, оларда мемлекет тарапынан
өздеріне көңіл аударуды, қоғамымыздың бүгінгі даму деңгейіне сəйкес жəне ұлттық мүддеге сай
реформалау арқылы, дамудың жаңа сатысына көтеруді қажетет еді. Сондықтан қоғамдық ғылымдарды
реформалауда уақыт талабына сай жүргізілуі керек.
Абай атындағы аз ПУ-ды ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж
11
Ал, ол үшін, алдымен біздегі қоғамдық ғылымдардың өзіндік ерекшеліктерін анықтапалу қажет
болады. Қалыптасқан шынайы ахуалдан шыға отырып, өз ерекшеліктерін есекермей жəне жан-жақты
ойластырылмай жүргізілген реформалардың көптеген қиыншылықтарға кездесіп, нəтижесінің ойдағыдай
болмай шығатындығын өмірдің өзікөрсетіп отыр. Сондықтан да Қазақстан қоғамдық ғылымдарын
реформалау арқылы қайта құру туралы өз ойымызды көпшілік назарына ұғынып отырмыз.
Біріншіден, Қазақстан қоғамдық ғылымдары большевиктер партиясының құрған Кеңес қоғамының
артықшылығын дəріптеу мен айналысуға тиіс болған КСРО қоғамдық ғылымдарының құрамдас бөлігі
ретінде пайда болып, қалыптасты жəне 70 жыл бойы сол бағыттадамыды. КСРО күйреп, большевиктер
диктатынанда, қоғамдық ғылымдардың негізін құраған марксизм-леннизм ілімінен де құтылдық. Бірақ,
Қазақстан қоғамдық ғылымдарында кейбір концептуалды өзгерістердің болғанымен, жалпыалғанда,
айтарлықтай түбегейлі өзгерістер бола қойды деп айту қиын. Дегенмен, ондай өзгерістердің болмауының да
белгілі бір дəреже де өз заңдылықтары бар.
Өмірбойы “Қазақстанның капитализмді аттап өтіп, социалистік қоғам орнатқандығын” немесе
“социалистік өмір салтының капиталистік өмір салтынан артықшылығын” дəлелдеумен айналысқан
пəлсəпашының. ‘'социалистік реализмді” немесе ‘‘формасыұлттық, мазмұнысоциалистік” кеңес əдебиетін
зерттеген əдебиеттанушының, “Қазақстанда тап күресінің нəтижесінде жəне большевиктер партиясының
басшылығымен социалистік қоғам орнауының заңдылықтарын’’ долелдеп берген тарихшының (солардың
бірі осы жолдардың авторы) т. т. Тез арада өзгере қоюлары мүмкін де емеседі. Ол үшін бегілі бір кезеңнен
өтуіміз кажет болатын. Міне енді, сол өтпелі кезеңде аяк талып келе жатыр деп айтуғаболады. Ендігі жерде
ескі сарынмен жүреберу біздегі қоғамдық ғылымдардың уақытталабынан тым артта қалып қоюына əкеліп
соқтырары анық.
Екіншіден, бізде қоғамтанушы-ғылымдар даярлау ісіде, сол баяғы кеңестік кезеңнен қалған жүйе
бойынша жүргізілін келді. Рас, соңғы жылдары ғылым саласында ҚРБілім жəне ғылым министрлігінің
басшылығымен бізде де ғылыми дəрежелер берудің, яғни ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын
мамандардаярлаудың халықаралық стандартқа сай үш сатылық жүйеге көшіріле бастады. Мүмкін, жалпы
алғаныда ол дұрыс та болар. Өйткені, біздегі қазіргі жүйе ғылымды дамытуға емес. Ғылыми атақ –
дəрежелер беруге бағытталған. Ол өз мүмкіндігін толығымен тауысқандығы анық. Бірақ, біздің
байқауымызша, реформалау барысында біздегі қоғамдық- гуманитарлық ғылымдардың өзіндік
ерекшеліктері ескерілмей отырғансыңайлы. Егер, шынымен сола болса, онда мұны ұлт болашағы үшін аса
қауіпті үрдістің көрініс бере бастауы деп бағалауымыз керек.
Үшіншіден,
біздегі
барлық
дерлік
қоғамдақ-гуманитарлық
ғылымдар
сапасы
аса
саясаттандырылған, өзінің басты міндетінен алшақтатылған. Олар ұзақ жылдар бойы бір ғана идеологияға
жəне белгілі бір саяси топтың мүддесіне қызметтесіп, орыстық (кеңестік) дүниетанымның шылауында
келген ғылым. Қазақстан қоғамдық ғылымдарының осындай жəне басқада ерекшеліктері ескермей, оның
қазіргі реальды жағдайымен мақсат- міндеттерін анықтайалмай, нақты жаратылыстану ғылымдармен
қосақтап, бірқалыпқа құйып реформалау бір қателіктен, екінші қателікке ұрындырары анық. Мысалы,
қазіргі жаңа талаптардың бірі, философиядокторы (РҺ.Д) ғылыми дəрежесін беруге байланысты шетелдік
университеттермен, ондағы мамандармен ынтымақтасу, мүмкін ғылымның басқасалаларына пайдалы болса
болар, бірақ Қазақстан қоғамдық ғылымдарына пайдалы болуы екіталай. Бұл кеңестік шылбырдан босаған
Қазақстан қоғамдық ғылымдарынын мойнына батыстық шылбар салу деген сөз,
Қазақтың тілі, тарихы түгіл қазақтың өзінің кім екендігінен хабары шамалы шетелдік мамандардың
біздің тілімізді, тарихымызды, əдебиетімзді т.т, зерттеуге көмектеседі деп ойлаудың өзі ыңғайсыз. Мысалы,
біздің тарихымызды шетелдік тарихшылырдың, олардың ішінде орыс тарихшыларыныңда. Қалай жазғанын
талай көрдік емес пе? Кезінде тарихымызды өзгенің көзімен жəне өзгенің тілімен жазу негізгі үрдіске
айналмадыма? Өкінішке орай, сол үрдіс аздаған өзгерістермен күні бүгінге дейін жалғасып отырған жоқпа?
Ондай үрдістен бастартпай, тарих ғылымын басқа арнаға бұрмайшына тарихымызды зерттеуде, жазуда
мүмкін емес екендігіне көзіміз əлі де жеткен жоқпа?
Тарих ғылымын басқа арнаға бұрудың бірден-бір жолы Қазақстан тарих ғылымын ұлттық
мүддеге сай реформалау арқылы түбегейлі қайта құру екендігі жəне оның теориялык - методологиялық
негіздерімен жолдары туралы біз бірнеше мақалаларымызда айттық. Бірақ, Қазақстан тарих ғылымын
Абай атындағы аз ПУ-ды ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж
12
біздегі қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың құрамдас бөлігі ретінде, сол ғылымдармен
байланыстағана реформалауға болады. Қоғамдық ғылымдарды реформалаудың да объективті
артықшылықтары бізде толық пісіп жетілді деп батыл айта аламыз. Олардың еңбастылары: ұлттың
өзін-өзі тануға деген ұмтылысы; дінге, тілге. Тарихқа деген қызығушылықтың артуы; ұлттық
идеологияның қажеттігі т.б. Бүгінгі қоғамдық ғылымдардың мұндай ұлттық сұраныстарды
қанағаттандыруға қабілетсіз болып шыққандығы баршаға аян шындық. Тəуелсіздік алғанымызға 18
жыл болсада ұлттық идеологиямыздың болмауы соның айқын дəлелі. Ұлттың рухани өмірін зерттейтін
шынайы қоғамдық ғылымдары болмай, ұлттық идеологияның қалыптасуы да мүмкін емес.
Төртіншіден, қоғамдық ғылымдарды реформалау үшін ең алдымен оның мақсаты мен
міндеттерін, қай бағытта, қандай жолдармен реформалауға болатындығын айқындауымыз қажет.
Біздің ойымызша, Қазақстан жағдайында біздегі қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың басты зерттеу
объектісі - қазақ қоғамы болуы керек. Өйткені, қазақ жерінде бұрын-соңды өмір сүріген адамдар
қауымдастығының негізін қалаған, қоғамдық қатынастардың ұйтқысы болған жəнс болып отырған
казақ халқы. Осы бір қарапайым да айқын шындықты мойындап, ашық айтатын уақыт жетті. Қазақтың
тілін, əдебиетін, мəдениетін, САЛТ-дəстүрін, дінін, ділін, психологиясын, тарихын т.б. бірінен бірін
бөліп қарастырып, бөліп зерттеу мүмкін емес. Өйткені олардың бəрінің ортасында тұрған алтын
діңгегқазақ ұлты жəне сол ұлттың құрған қоғамы. Сондықтан қазақтардың өмір сүрген жəне өмір сүрі
отырған қоғамын барлық ерекшеліктерімен кешенді зерттеуіе мүмкіндік алу қоғамдық
ғылымдардыреформалаудың басты мақсаты болуы керек.
Əрине, қазақ қоғамын жан-жақты зерттеу барысында əр ғылым саласы өз мақсат-міндеттеріне
қарай қызмет етуге, қазақ қоғамының сан-алуан кырларын ашып көрсетуге тиіс. Бірақ, ең
бастысы,олар бір-бірімен тығыз байланыстқарастырылып, бірін-бірі үнемі толықтырып отырулары
керек. Өйткені, олардың негіздері бірі зерттеу объектісі ортақ. Мысалы, қазақ тлі, қазақ əдебиеті мен
қазақ тарихын алалық. Оларды бірінен-бірін айырып, бірінсіз бірін зерттеу мумкін емес. Себебі тіл
ұлттың тарихын даму барысында пайда болса, қалыптасса жəне дамыса, ұлттың тарихы сол ұлттың
тілінде пайда болған əр алуан əдебиеттерде бейнеленген. Сондықтан қазақ тілі мен əдебисті
тарихилық принципі тұрғысынан. қазақ тарихы тілінде зерттелінсе, тарих негізінен сол тілде пайда
болған ауыз əдебиеті немесе жазба əдебиет сияқты дерек көздері арқылы зерттелініп, жазылуы тиіс.
Демек, қазақ тілі, қазақ əдебиеті, қазақ тарихы т.т. бір-бірімсн тығыз байланыста, кең түрде
зерттелулерікерек. Ол үшін алдымен оларды зерттейтін ғылымдарды кешенді түрде реформалау
арқылы қайта құру қажет.
Бұл аса күрделі де аухымды істі бұдан əрі кешеуілдетуге болмайды. Себебі бүгінде қазақ
қоғамының алдында екі бағыт көріне бастады. Біріншісі - өзінің ұлттық бет-бейнесінен айырылып,
жаһандану жолында ұлт ретінде жойылу, екіншісі - өзінең ұлттық бет-бейнесін, яғни тілін, əдебиетін,
дінін, салт-дəстүрін, тарихын т. т. сақтай отырып, əлем халықтары арасынан өз орнын таба білу.
Əзірге анық көрініп тұрғаны біріншісі Н.Ə. Назарбаев өз сөзінде: «Жаһандану дəуірінде тарихи-
мəдени мұра - өзін-өзі біртектендірудің негізі. Оны сақтамасақ, біз жаһандану əлемде тағы дажоғалып
кетуге тəуекел етеміз» деді. Демек,ұлтқа төнген қауіптің барлығын жоқка шығаруға болмайды,
Қоғамдық ғылымдарға өз дəрежесінде, яғни ұлттық деңгейде көңіл бөлмеудің тікелей соған алып
келеріне еш күмəн жоқ. Ал, екіншісіне біздегі қоғамдық ғылымдарды жаңа сапалық деңгейге көтеру
аркылы ғана қол жеткізуге болады. Демек, Қазақстан қоғамдық ғылымдарын реформалау арқылы
түбегейлі қайта қүру, қоғамтану ғылымының теориясы мен методын терең меңгерген, ұлттық кəсіпқой
қоғамтанушы-ғалым мамандардың жаңа буын өкілдерін даярлау – ұлттың ұлт ретіндс сақталуының
жəне дамуының басты кепілдіктерінің бірі.
Сонымен қатар, Елбасы езінің корытынды сөзінде “Мəдени мүра” мемлекеттік бағдарламасына
қатысты негізгі міндеттерді атап көрсете келе: «Тұтастай алғанда осы жəне басқа міндеттер кешенін
орындау ведомствоаралық нақты үйлестіруді талап етеді»-деді. Ондай үйлестіру міндетін атқара
алатын жəне өзі де сол мақсатта ашылған Орталық бар. Тек оны тиімді пайдалана білу қажет.
Мысалы, менің ұсынысыммен жəне “Мəдени мұра” бағдарламасының сол кездегі жетекшісі
И.Н.Тасмағамбстовтың тікелей қолдау көрсетуімен, ҚР үкіметінің 2005 жылты I наурыздагы № 183
қаулысына сай, сол жылдың 1 шілдесінен бастап “Археография жəне деректану ұлттық орталығы”
жұмыс істей бастады. Сол жылдары жүзеге асырыла бастаған мемлекеттік “Мəдени мұра”
бағдарламасы аясында ашылған Орталық сол бағдарламаға қатысқан əр түрлі мемкемердің жұмысын
Абай атындағы аз ПУ-ды ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж
13
үйлестіруге, жиналған деректерді ғылыми айналымға тартудың археографиялық жəндеректанулық
негіздерін жасап, жолдарын көрсетуге тиіс болатын.
Бірақ, біріншіден, бізге түсініксіз себептермен Орталық өзінің Ұлттық деген атына
қарамастаМəдениет жəне ақпарат министрлігінің бір комитеті жанынан ашылып, қызмет аясы сол
комитет шеңберімен шектелді. Екіншіден, Орталық деректанушы мамандар бар Алматы қаласында
емес,ұлттық деректану ісін меңгерген бірде бір маман жоқ Астана қаласында ашылды. Міне, сол
Орталықты Үкімет шешімімен ведомствоаралық ғылыми-зерттеу мекемесі ретінде кайта құруға
болады. Олай дейтініміз, біріншіден, гуманитарлық сипаттағы біздегі барлық қоғамдық ғылымдардың
негізгі ұлттық дерек көздері құрайды. Сондықтан қазақ қоғамының қай саласын зерттеумен
айнапыспасын, қоғамтанушылардың бəрі де сол ұлтгық деректермен жұмыс істей білулері керек. Ол
үшін ұлттық дерек көздерімен жұмыс істеудің теориялық-методологиялық негіздерін жасап, əдіс-
тəсілдерін айқындаумен айналысатын арнайы орталық қажет.
Екіншіден, біздегі қоғамдық ғылымдардың таным обьектісінің негіздері, яғни қазақ қоғамының
мəлімет көздері болып табылатын ұлттық деректер бір министрлікке қараса, таным субъекті, яғни
қоғамтанушы ғалымдар екінші министрлікке қарайды. Мысалы, ұлттың өзін-өзі тануға негіз болар
дерек көздсрі Мəдениет жəне ақпарат министрлігіне қарасты мұрағаттарда, мұражайларда жəне
кітапханаларда сақталса, сол дерек көздерін зерттеу ісімен айналысатын қоғамтанушылар жоғары оқу
орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында, əр түрлі зерттеу орталықтары мен зертханаларда
жұмыс істейді. Бүгінгі күні олардың арасында белгілі бір үйлестіру орталығы жоқ. Ал ондай
орталықтың қажеттілігі күннен-күнге айқын сезілуде.
Елбасының бастамшылдығымен қабылданған “Мəдени мұра” бағдарламасының аясында
үлкен-үлкен жұмыстар атқарылып, талай ауқымды істер тындырылғандығы рас. Ол туралы
Елбасының қатысуымен Астанада өткеин Қоғамдық кеңестің отырысында жан-жақты айтылды. Əр
мекеме басшысы өз есебін жасап, бағдарламаның өзіне тиісті бөлімін орындағандықтарын баяндады.
Дегенмен, қандай-да істе болмасын белгілі бір кемшіліктердің болатындығы заңдылық. Ондай
кемшіліктердің “Мəдени мұра” бағдарламасын орындау барысында да жіберілгендігі анық. Терең
талдау жасамай-ақ, сырттай қарағанның өзінде де талай кемшіліктерді байқауға болады. Ол, əсіресе,
аударма мəселесіндс айқын көрініп тұр. Əрине, олар келешекке ескерілуі керек. Бірақ, “Мəдени мұра”
бағдарламасын орындау барысында қандай кемшіліктер жіберілгендігі, бөлінген қаражының
қаншалықты тиімді жұмсалынғандығы, келешекте неге көңіл аударуымыз қажет екендігі, ең бастысы,
сол бағдарламаны орындау барысында жиналған жазба мұраларды ұлт мүддесіне сай қалай пайдалана
білуіміз керек екендігі анық айтылмай қалды. Өйткені бізде "Мəдени мұра” бағдарламасының
қорытындысына ғылыми сараптама жасайтын белгілі бір ортылық болмай шықты.
Сонымен, қорыта айтсақ, Қазақстан қоғамдық ғылымдарын ұлттық сұранысқа сай реформалау
арқылы жаңа сапалық деңгейге көтеру уақыт талабынан туындап отырған қажеттілік. Бірақ, тəжірибе
көрсетіп отырғандай, қандай да болмасын ұзақ жьлдар бойы əбден калыптасып қалған жүйені
реформалау арқылы қайта құру ауыр да азапты іс. Ол үлкен шыдамдылықты жəне жан-жақты
ойластыруды қажет етеді. Ал, қоғамдық ғылымдар сияқты ұлттың рухани өміріне қатысты ғылым
саласынқайта құру тіптен де ауыр іс. Сондықтан ол тек ғылыми негізделген шаралар арқылы ғана
жүргізілуі тиіс. Біз жоғарыда айтқан ведомство аралық Орталықтың басты міндеті сол бағытта
атқарылар нақты шаралардың ғылыми негіздемесін жасау жəне солардың тиімділігін дəлелдеу болу
керек.
Екіншіден, қоғамдық ғылымдардың бəріне ортақ ңегізгі тірегі ұлттық мəдени мұралар:
фольклор, археологиялық, этнографиялық, жазба т.б. тарихи деректер. Бірақ оларды тек деректану
ғылымы арқылы ғана танып білуге, олардан шынайылық денгейі жоғары мəліметтер ала білуге жəне
ғылыми еңбектерде пайдалана білуге болады. Демек, Орталықтың келесі міндеті ұлттық деректану
ғылымының теориялық-методологиялық негіздері мен зерттеу əдіс-тəсілдерін жасау болуы тиіс.
Үшіншідсн, қоғамдық ғылымдарды реформалау қоғамтанушы ғалымдардың жаңа
буынөкілдерін дайындауды қажет етеді. Сондықтан Орталық осы істі сұранысқа сай үйлестіру ісімен
айналысуы керек.
Төртіншідсн, Орталық “Мəдени мұра” бағдарламасы аясында атқарылыр келешек кешенді
Істсрді
үйле
стіру міндетін де атқаруы тиіс. Əрине, бұл айтылғандар тек ең негізгілері ғана.
Дегенмеосыны
ң өзі де арнайы бір Орталықтың қажеттігін көрсетсді ғой деп ойлаймыз.
Назарбаев Н. +. +ділетті а,жолы. - Алматы: аза,стан, 1991. - 131 6.
Абай атындағы аз ПУ-ды ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж
14
Резюме
Статья посвящена проблемам и задачам общественных наук современного Казахстана.
По мнению автора, необходимость реформирования общественных наук Казахстана -
требование времени и призвана подготовить всесторонне развитых, творчески и критически мыслящих
специалистов, личностей, обладающих высоким чувством патриотизма. уважительно относящихся к
националлным ценностям, историческому прошлому казахского и других народов, способных к
целостному видению и анализу путей развития общества.
Summery
Article is devoted problems and problems of social studies of modern Kazakhstan.According to the
author,necessity of reforming of social studies of Kazakhstan-the requirement of time also urged to prepare
comprehensively developed,creatively and critically conceiving experts,the persons possessing high feeling of
patriotism,validly concerning national values,the historical past Kazakh and other people capable to complete
vision and the analysis of ways of development of a society.
Достарыңызбен бөлісу: |