АЛШЫН АТАУЫНЫҢ МƏНІ МЕН МАЗМҰНЫ
Т.О. Омарбеков -
əл-Фарабиатындағы ҚазҰУ-нің профессоры, Қазақ халқының ежелгі жəне ортағасырлардағы
тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д.
«Алшын» атауы қазаққа жақсы таныс. Əдетте, Кіші жүздің қазақтарының үш бөліктен тұратын
құрылымы, яғни, Байұлы. Əлімұлы жəне Жеті ру ортақ атпен жанама түрдс алшын атала тыны белгілі.
Қазақстанда жарық көрген «Атырау энциклопедиясында» осыған байланысты мынадай жолдар бар:
«Алшын – Кіші жүз руларының атасы, Сондықтанда бірқатар тарихи деректерде Кіші жүзді кейде
алшын деп те атайды. Жазба шежірелік деректерге қарағанда. Алшын есімді адам басқарған бір бөлек
тайпаның ежелгі мекені бүкіл түркі тайпалары сияқты осы күнгі Алтай өлкесі деседі»[ I].
Міне, алшындардың қазіргі отанындағы жергілікті тарихшылардың өздері «алшын» атауын
осылай түсіндіреді. «Алшын» атауының бір кездері, дəлірек айтсақ. Казақ хандығы құрылған алғашқы
ғасырларда этноним ретіндеде əрекет еткенін байқаймыз. Кіші жүздің рулары ежелгі ортағасырлық
деректерде ортақ «алшын» атауымен көрініс береді. Мысалы, «алшып» атауы туралы
алғашқыдеректерде - ХУ-ХҮІғғ. Дешті Қыпшақтағы тайпалардың құрылымын көрсететін «Маджмуат-
тауарих» дерегінде[2] жəне «Насаб-наме-ийузбек» атты шығармада, «Асами-йи наваду ду фирка-йи -
узбек»[3] дерегінде, «Тухфатат-тауарих-ихани»[4] атты шығармада жеке тайп аатауы ретінде беріледі.
Дегенмен де бұл деректерде «Маджмуат-тауарихтан» бастап алшындар жалайырлармен,
арғындармен, қоңыраттармен, наймандармен, қыпшақтармен, каңлылармен жəне т.б. қатар берілетін
болса, кейіннен Жетіруды құраған тайпалар, дəлірек атап айтар болсақ, керейіт, табын, тама, рамадан,
телеу, кердері Алшын одағынан бөлек жəне онымен қатар жеке тайпалар ретінде көрсетілген. Мұның
өзі Алшын одағын ашын мəнінде, алғашқы кезде Байұлымен Əлімұлы рулар бірлестігі мүше болған, ал
Жетіру Тəукеханның тұсында ғана қалыптасып, бір тайпа бірлестігін құрап, Кіші жүз құрамына кірген
деп көрсеткен М.Тевкелевтің дерегі дұрыс болып табылатынын байқатады. Дегенмен де бірте бірте
Жетірудың алшынға кірме екені ұмытылып, бүкіл Кіші жүзр улары Алшын деген ортақ атаумен
аталатын болып кетті. Бір сөз бен айтқанда, Алшын шежірелік деректсрде бүкіл Кішіжүздің түп атасы
ретінде көрсетілсді.
Тегінде, бұл атау тым ертеде Батыс Түрік қағанатының тұсында өмірге келсе
керек жəне ол батыс Қазақстан территориясында біртіндеп орныққан тəрізді. Халықтың тарихи санасы
ежелгі түркі дəуірінен кейінгі Қазақ хандығы тұсына дейін Алшын атауын əрқашанда кұрметтеп,
қастерлеп келді. Сондықтанда бұл этноним ел арасында аңызға айналған.
Мəселені аңызға айналдыруда қазақ шежіресі де өзіндік үлес ,осады. Ол бойынша, Алшыннан
жалғы зұл – Қыдуар есімді бала дүниеге келген. Қыдуардан Əлқожа, Асан қожа туады. Əлқо жадан-
Нəдірқожа, Сəдір қожа туады. Асан қожадан - Еркожа, Қыдырқожа, Алтай, Естай, Ата, Қалпақтуады.
Абай атындағы аз ПУ-ды ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж
15
Нəдірқожадан алты аталы Əлім, Сəдір қожадан жеті аталы Жеті ру тарайды.Ерқожадан - Ожырай,
Жаппас, Қыдырқожадан - Қыдырсиық, Сұлтансиық, Бақытсиық, Ысық, Мысық, Майсатуады.Елтайдан
- Адай, Естайдан–БеріАтадан - Есентемір, ҚалпақтанГазтуады. Қыдырсиықтан –Шенеш,
Шеркеш,Сұлгансиықтан
-
Алаша,
Масқар,
Байбақты,
Тана,
Қызылқұрттуады.
Бақытсиықтанбалаболмай, інісікейшежіреде – қызының баласы делінеді Ысықты бала ретінде
тəрбиелеп, одан Ысық Бақытсиық тантараған болып есептеледі.
Қьідырқожадан он екі бала туған. Осы Қыдырқожа тарихи деректерде Байұлы деген атпен
белгілі. Бұл он екі ата Беріш, Байбақты. Адай, Есентемір, Алтын, Алаша, Қызылқұрт, Тама. Таз
Жаппас, Ыстық, Серкеш (Шеркеш, Черкес) деп таралады. Сонымен бірге Қыдырқожадан Байсары.
Əлім, Шемен деген баладар дүниеге келгсн. Осылардың үлкені Байсарыдан - Бозаншар, Майлыбай, ал
екіншісі Əлімнен - Жаманақ (Шекті). Қарамашақ (Төртқара), Айнык, Ұланақ, Тегінболат, Тайқожа
(Тоққожа) деген балалар тараған. Ал үшінші бала Шоменнен -Шөмекей, Дойт туған[5].
Əрине, қазақ шежіресі негізінен алғанда ХУІ-ХУІІ ғғ. ауызша тарих айту дəстүрінің
нəтижесіболып табылады. Сондықтан да онда түп атаға байланысты деректер бірнеше атадық
буындарды тастап кету арқылы айтыла береді. Əңгіме бұл жерде «алшын» атауы туралы.
Тарихшылардың жəне ататек шежіресімен айналысатын зерттеушілердің ғылыми еңбектері бұл
атаудың тарихи тамырының шынында да тереңде жатқанын мойындайды. Осы түрғыдан алғанда,
«алшын» атауыныц шығуына байланысты əртүрлі көзқарастар бар. Олардыц ең көнесі тарихтың атасы
аталган Геродоттың пікірі. Ол б.з.б. V ғ. Қара теңіздің жағалауларында өмір сүрген алазон (алазонес)
тайпасы туралы айтқан еді. Бұл тайпа оның түсіндіруінше скифтердің тайпалық одағына кірген[6].
Осы пікірді кейінігі зерттеушілер, дəлірек атап айтар болсақ М.Тынышпаев толық қолдап,
өзінің «Қазақ халқының тарихына материалдар» деп аталатын еңбегінде алшын атты түрік
тайпасының Алтай тауынан біздің жысанауымыздан бұрын V г. дейін батысқа жылжып, қоныс
аударғанын атап көрсетеді. Бəлкім, бұл Геродоттың «алазоны» болар деген пікірге келеді ол. Сонымен
бірге М.Тынышпасв ертедегі Плинийдің «асокий» атты тайпасын да осы алшын болар деген болжам
айтады[7].
Бұл пікір назардан тыс қалған жоқ. Егер М.Тынышпаев алазондарды алшын болса керек деген
тəрізді болжам жасаған болса, ад қазақтың əдебиетші ғалымдары осы алазонның алшын
екеніндəлелдеуге тырысты. Мысалы, қазақ ономастикасын зерттеп жүрген белгілі ғалымымыз
Т.Жанұзақов өзінің зерттеулерінде «бəлкім, «алшын» қазақ этнонимі, Геродот атап кететін алазонестің
фонетикалық үлгісі болар, - дегенді айта келіп, томендегіше ой қорытады: «Оның бөлшектерін талдап
көрейік. Ежелгі тайпа атауы алазон екі дербес бөліктерден тұрады. Алғашқы бөлік «аланы» Алтайдағы
жəнеежелгі түрік тілдеріндегі көптеген этнонимдарда жəне топонимдарда анықтаушы ретінде
кездестіреміз, мысалы: ала даг (шорлықтарда). ала яр (алтайлықтарда), ала шаһар (османдықтарда). ала
чаам (округтың аты). Ала сөзі көптеген түркі тілдерінде үлкен, алып, ұлы мағынасында кездесе береді,
мысалы: башк. оло, якут, улахан. каз. Ала (Алатау), қырг. ұлы «великий» Алатоо Екінші бөлік - зон
моңғол жəне тұнғыс-манчжурлардың тілдерінде, сондай-ақ түрік тілінде халық, тайпа деген мағынаны
білдіріп, əртүрлі (жоғарыда көрсетілгендей фонетикалық үлгілерде кездесе береді. Үшінші морфобөлік
-с үндіеуропа тілдерінде көпшілік санның көрсеткіші болып табылады. Бұл жерде фонетикалық өзгеріс
сызбасын төмендегі түрде көрсетуге болады: алазон < алйзон < алзон < алсын < алшын. Алғашқы
бөліктің дауысты «о» сөзі үндіеуропа тілінде, оның ішінде орыс тіліндс лабиальды и-ге көшіп,
соңынан гаплологияға ұшыраған.
Ұзын бөлігінің бастаушы дауыссыз з əрпі түрік тілінде дауыссыз с - ч —ш дауыссыздарына
өзгерген. (с-ныц ш-ға кезектесуі түркі тіліндсгі заңды құбылыс). Айтылғандарды жинақтай келе,
«алшын» этнонимі алғашқы алазон сөзінің тайпалар жиынтығы, көпсанды, үлкен тайпа деген тəрізді
өзгеріске ұшыраған түрі болып табылады»[8].
Осы жерде мынандай ой келеді, алшындардан таралатын Қаракесек (Əлім) тайпасының аты да
қара, яғни көп деген ұғымды береді деп жазатын зерттеушілер де бар. Мұны біз алдағы «қаракесек»
этнониміне байланысты пікірдерімізде нақтырақ айтатын боламыз.Бұл айтылғандармен жалпы алғанда
келісу қиын. Өйткені, алазон тайпасы географиялық
жағынан Геродотта Қара теңіз бойындағы тайпалар ретінде сипатталған. Егер де б.з.б. Ү ғ.
АлазондаҚара теңіз бойында жүрген болса, ал батыс Қазақстан территориясындағы қаңлылар, одан
соң неченегтер қоластына қараған тайпалар неге алазондар аталмаған. Тіптен олардың бұрынғы атауы
алазон емес, алан екенін де білеміз. Аландардың керісінше. амалсыздан батысқа қарай ығысып,
Каспийдің солтүстік-батысында өздерінің мемлекетік құрғаны белгілі. Егер алазопдарды емес,
Абай атындағы аз ПУ-ды ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж
16
аландарды бұрмалаңқырап, «алын» деп алсақ, «алшын» этнониміне жақындай түсер едік. Алайда
«аланның» «алын», ал «алышының» «алшын» болып табылатынын дəлелдеу де оңай болмай тұр.
Анығы қазіргі алшындардың мекені бұрын аландардың тарихи отаны болғай. Оларға немссе олардың
көршілері Хазар қағанатына алазондардыі билік жасағаны туралы тарихи деректер жоқ. бірақ оның
есесіне, бұл аймақта дəл осы кезеңде түркілердің жаңа рулары баса көктеп кіріп, біртіндеп
біздізаманымыздың алғашкы ғасырларында ашина руы үстемдік жасаған. Бəлкім əңгіме осы ашиналар
туралы болар.
Екіншіден, Т.Жанұзақов алазон сөзін талдаған кезде, грамматикалық тұрғыдан оны екі бөлікке
бөліп, «ала» сөзін ежелгі түрік тіліндегі ұғымдармен байланыстырады. Бірақ бұл жерде мынаны ескеру
керек еді, алшын атауында «ала» деген түбір сөз жоқ, бірақ ол «алаша», «алаш» тəрізді атауларда
шынында да бар. Ал енді қайталап айтарымыз, алшын атауында «ала» деген ұғым мүлде
қолданылмаған. Сондықтан да «ал» деген ұғымды «ала» деген ұғыммен шатастырмау керек деп
ойлаймыз. Сонымен бірге, зерттеуші ғалым осы атаудың «зон» дсп аталатын екінші бөлігін моңғол
жəне тұңғыс-манчжүр тілдерінен іздестіреді. Ал, үшінші морфокомпонент «ес» ұғымын үндіеуропа
тілінен қарастыру əрекеті байқатады. Сонда түсінгеніміз, «алазонның» алғашқы бөлігі ежелгі түркі
тілінен алынса, қалған бөліктері үндіеуропа жəне моңғол, түңіғыс-манчжүр тілдерінен құралған екен.
Мұның өзі шынын айтқанда, ешкімді сендіре қоймайтын түсініктеме. Оның үстіне. аталған тілдер
батыс Қазақстан өңірінде əртүрлі кезеңдерде əрекет жасаған. «Алазон» деген этноним бірнеше тарихи
дəуірлерді басынан өткізді дегенге ешкім илана қоймас. Өйткені, бұл атау бір ғана Геродотта
қолданылған жəне басқа тарихи кезеңдердегі деректерде мүлде кездеспейді.
«Ала», «алаш» атауларын
«алшын» этнонимімен шатастыратып жалғыз Т.Жанұзақов емес. Қазақтың кейбір əдебиетшілері «ала»
атауының мағынасына жүгініп, бұл сөздің «екі, қос, жұп» деген Мағынаны білдіретінін дəлелдемек
болады. Сонымен бірге олар М.Қашқаридың сөздігіне де жүгініп, онда да «ала» этнонимі тек. тайпа ел
деген мағынаны білдіретіні, яғни бұдан «қос ел», «одақтас т»айпа мағыналары шығатынын айтып жүр.
«Аланы» этноним ден анып, оған «ажа» деген айқындаушы сөзді жəне қаған деген ұғымды
қосақтап жазып, ала ажа қаған деген сөздің Алаша хан немесе екі елдің, одактас тайпалардың
билеушісі деген мағынаны білдіретінін атап көрсететіндер де бар. Алайда мұндай ұсыныстардың
логикалық тұрғыдан тарихи қисынға келе қоймайтынын байқаған авторлардың өздері де «бұл
жорамалды ғылыми тұрғыдан дəлелдеу қиын» деген пікірді айтып жүр[9].
Тілдік тұрғыдан осылайша əртүрлі жалғаулар жалғап, «аладан» əрине, «алашаны» да,
«алшынды» да шығара салу қиын емес. Бірақ, мұның бəрі қисынсыз болып шықпай ма? Оның үстіне,
«ала» деген нақты үғымның «алшын» атауына жақындығын ешкім де дəлелдеген жоқ. Солай бола
тұрса да «Алат» атауынан да «Алаш» этнонимін шығаруға талаптанатын зерттеушілер баршылық.
Мысалы, татар тарихшысы Дамир Исқақов осыған байланысты төмендегідей пікір айтқан еді: «...
Несколько труднее трактовать вопрос о топониме Алат. Тут надо заметить, у этого топонима есть еще
один вариант- Алатырь (Алат + ор-ыр). В данном случае ор-ыр го укреплсние, крепость. Опираясь на
историка ХҮI в. Утемиша-хаджи, я уже высказывал предположение, что более ранее укрепленное
поселение с названием «Алат» находилось южнее... Далее должен заметить, что топоним «Алат»
имеет непосредственное отношение к этнониму «алат». Последиий известен по казахским материалам:
согласно казахским легендам, один из легендарных предков этого народа - Алач ( алаш - Алац)...был
родственным народу сиіат... Такой этноним (апат, аілат и арлат) известен и у узбеков... Пологаю, что
этноним «алат» янляется всего лишь вариантом этнонима «алаш» (алач - алац), возможно, возникнув
на основе монгольского форманта «т», восходя, в свою очередь, к раннему кипчакскому этнониму
«улаш» (отсюда - улаш-оглы, Улашеаичи), у которого могли быть и варианты «олаш» - «алаш» -
«алач».[10] Мұнда татар зерттеушісінің «алатты» ешбір нақты дəлелсіз «алашқа» айналдырмақ болған
əрекетін мақұлдай қою қиындау. Егер ұқсас сөздердің бəрін жақын варианттар ретінде қарастыра
берер болсақ, олар тым көп болып шығады, жəне бұл тарихи шындықтан біздерді
Абай атындағы аз ПУ-ды ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж
17
алыстата түседі.
Бұл жерде əрине, «ала» атауы Кіші жүзден алаша, жағалбай (жағал) жəне телеу тəрізді іргелі
тайпалардың жəне жалпы алғанда, Кіші жүздің көптеген тайпаларының қалыптастырушы бастауы болғанын
теріске шығармаймыз. Алайда «ала» немссс «алаш» этпонимін «алшыч» этнониміменшатастыруға ешбір
негіз жоқ деп ойлаймыз. Аталған рулардың ешқайсысының Кіші жүзде басқалартабынатындай, пір
тұтатындай биік жəне біріктіруші этноним бола алмағаны белгілі. Ал, «алшын» этнонимі болса, өзінің
қасиеттілігімен жəне барлық Кіші жүз ру-тайпаларын біріктіретін, олардың бəрі бірауыздан арғы тегіміз,
ата-бабамыз деп мойындаған қастерлі атау. Сондықтан да алшын əрқашан да алашадан биік, бірақ барлық
қазақтың алғашқы атауы «алаштан» темен болған. Өйткені Кіші жүздегі алаша руының өзі арғы тектерінің
алшын екенін мойындайды. Осы тұрғыдан алғанда тағы да қайталап айтарымыз. «ала» түбірінен басталатын
этнонимдерді «алшын» этнонимімен шатастырмағанымыз жөн.
Үшіншіден, Т.Жанұзақовтың жəне оның алдындағы М.Тынышпаевтың мына мəселені
ескермегендері назар аудартады. Оларда «алазон» этнонимі скиф тайпалық одағының атауы, ал қазақтың
дəстүрлі шежіреснде жəне алшынға байланысты тарихи аңыздарда Алшын скиф тайпасының емес, жеке
тарихи тұлғаның аты болып табылады. Сондықтан да Кіші жуздің ру-тайпалары өздерінің бастапқы атасын
Алшын аталап таратады. Біздің ойымызша, осы келтірілген деректер «алазон» атауының «алшын» атауына
ешқандай қатысы жоқ екендігін дəлелдесе керек.
Зерттеушілердің екінші бір тобы «алшын» атауын «алақшын» атауымен байланыстырады. Бұл
мəселені кезінде С.М. Абрамзон[11], Ю.А. Зуев[ 12"|, Н.В.Кюннер, Д.Г. Савинов, Əбілғазы, Г.Е.Грумм-
Гржнмайло, Л.Н.Гумилев[ 13] жəне тағы басқалар арнайы зерттеген болатын. Өйткенен, «алақшын» атауы
шынында да «алшын» атауына жақын естіледі. Олардың рулық таңбалары да ұқсас. Бірақ бұл сөздердің
«ала» немесе «ал» деген сөздерден тұратын түбірлерідің мағыналары мүлдсм басқаш түсініктер беретінін де
байқамау мүмкін емес.
Зерттеуші К.И. Петров «алақшын» атауын топо-этнонимдер тобына жатқызған еді. Мұнда ол сөздің
түбірі «аладан» басталатынына назар аударады жəне ХҮІ-ХҮП ғғ. Бёрюз жеріндегі Қырғыз облысының
осылай аталғанына назар аударады. Рашид-ад-Дин алақшындарды Енисей мен Ангара өзенінің қиылысқан
тұсына орналастырған еді. Бұл халықтың неліктен «алақшын» атағанын кезінде ол былай түсіндірген
болатын: «Говорят. что лошади (жителей этой обласи) все пегие (ала), каждаялошадь сильная как
четырехгодовалый верблюд: все ннструменты и утварь из серебра»[14[.
К.И.Петров дəл осындай топо-этнонимнің жəне аңыздың кытай жылнамаларында да кездесетініне
назар аударған еді. Шынында да VIII ғасырдағы Ду Ю «Саяси жинағында» жəне «ЖаңаТаң тарихы»
жылнамасында жылқыларының бəрі ала болып келетін бұл елдің қытай тілінде – «Бомалар елі» (созбе-соз
аударганда - «ала аттар») аталатыны нақты атап көрсетілген[і5|. Осы сирек кездесетін тарихи деректі кейінгі
зерттеушілердің бəрі өздерінің тұжырымдарына дəлел ретінде толықтыра жəне өрбіте жазып, пайдаланып
келеді. Мысалы, ХҮІ ғасырдың əйгілі авторы Əбілғазы өзінің «Түрік шежіресінде» былай деп жазады:
«Олардың көптеген тайпалары елдің шығысындағы қырғыздар елінен еткенде көптеген майда өзендерді
косып алып, суын молайтқан Ангара-Мурэнніжағалауларымен кешігі жүретін. Бұл өзеннің аңғарында теңіз
жағалауында төңірегінде көптеген елді мекендер бар жəне көшпенді тайпалар орналасқан үлкен қала бар.
Олардың жылқылары сондайтамаша... Олардың бəрінің түсі ала болып келеді. басқалар кездеспейді. Бұл
қалаға жақын маңда
Алакчин деп аталатын күміс кен орны болды. Сондықтан да барлық қазандар, ыдыстар жəне
вазаларкүмістен жасалған еді. Бұл ел туралы əңгімелегенде өзбектер былай дейді: «Барлық жылқылары ала,
ал ошақтары алтыннан жасалған ел бар»[16].
А.Левшин Алакчиндер елі туралы мəліметті сібір татарларымсн байланыстырады. Тегіндеоның
айтуынша, бұлар бір ел болған, кейіннен ішкі келісімнің болмауынан бөлініп кетсе керек[ 17] Ал атты
алакчиндер туралы жоғарыда айтылған қытай деректері де бұл айтылғандарды толықтыра түседі.Олардың
мəліметіне қарағанда, алакчиндер солтүстікке қарай теңіз жағасында киргуттармен қатарорналасқан.
Осыған байланысты қытай жылнамаларынан Ю.А. Зусв мынадай мəліметті келтірген еді:«Жағал
аттылардың шаруашылығын сипаттауға келер болсақ, Таншу төмендегіні мəлімдейді: «Ту цюэден
солтүстікте тұрады; астанадан 14 000 ли қашықта орналасқан. Шөпті жəне суды қуалап жүреді (яғни
көшеді), бірақ негізінен тауларды мекендейді. Сапқа тұратын əскері 30 000 адам, онда əрқаша қар басып
жатады жəне ағаштар бүршік жармайды. Жерді жылқылармен жыртады, жылқылардыңбəрінің түсі ала.
Абай атындағы аз ПУ-ды ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж
18
Сондықтан мемлекетке де осындай атау берілген. Солтүстікте теңізге жақын өмір
сүреді. Жылқылары бар болса да, салт атпен жүрмейді. Олардың сүтін тағамға пайдаланады. Цзе-
гумен жиі соғысады»[18].
Зерттеушілер алакчиндердің тағдырын ежелгі динлиндермен де байланыстырады.
Осығанбайланысты оңтүстік Сібір халықтарының ежелгі түрік дəуірін зерттеген Д.Г. Савинов
төмендегіде пікір айтқан болатын: «Егер динлиндер дегеніміз - бұл теле болса, онда олардың аясында
ежелгі түрік дəуірінің ұйғыр, сеяньто жəне т.б. ірі халықтарының одан əрі қалыптасуы өзара
байланыста көрсетілуі тиіс...»[19].
Қырғыз зерттеушілері алакчиндердің ежелгі қырғыздар мемлекетімеп көрші болғаны
туралымəліметтер айтып жүр. Бұл белгілі қытайтанушы Н.В.Кюннердің еңбектерінде де көрсетілген
дедік.Н.В. Кюпнер алакчиндердің қырғыөлкесінің жəне елінің құрамына кіргені туралы болжам айта
келе, былай деген еді: «Байкал көлінің тұтас жерлерін мекендеген алакчындар қырғыздар
мемлекетімен соғыс жағдайында болғандығы жөнінде мəліметтер бар»[20]. Д.Г. Савиновтың айтуына
қарағанда,Ангара өзені арқылы жаңа қырғыздарға бас иген шығыстағы басқа руларменен
(қыштындар) алақшындардың аралығында табиғи шекара еткен. - деп көрсетеді[21 ].
Қырғыз зерттеушілері осы мəліметтерге нақты назар аудара отырып, алақшындар солтүстік-
батыс жағында қырғыздармен. шығыс. жағында құрыхандармен шектескен деген пікірді айтады, Олар
бұрынғы құрыхандардан тараған сақа якуттардың «Олонхо» дастанында Аан Алакчын атты жердің
кездесетініне назар аударған еді. Мұның өзі олардың ойынша, сақа якутгардың ата-бабалары болған
құрыхандардың алақшындармен байланысын растай түседі. Алакчындар туралы пікірді Г.Г. Грумм-
Гржимайло да талдай келе, оларды бома деген атпен белгілі динлин руларының бір бұтағы ретінд
қарастырған болатын[22]. Сондай-ақ Л.Гумилев та осы бомаларды (алақшындарды) өз алдына
мемлекеті болған ел ретінде қарастырады[23] Сонымен бірге Л.Н. Гумилевтің бомаларды екі жерге
орналастыратыны бар. Олардың бір бөлігі Саяп-Алтайда «Ди» деген атпен белгілі болса, ал солтүстік
Қытайдағы Ганьсу аймағында олардың екінші бөлігі орналасқан еді дегенді айтады. Бұл пікірд
К.Шаниязов та мақұлдаған еді[24].
Сонымен бірге қырғыз зерттеушілері байырғы «алакчын» (қытайша - бома) этнониміні балама
атауы бүгінгі күнгі қырғыздарда ғана сақталып келе жатқанын атап көрсетеді. Оларды этникалық
бөлік ретінде қырғыздар құрамына кіруі УІІ-ҮІІІ ғасырлардан бастап орын алған деген пікірқырғыз
ғалымдары арасында орныққан. Сонымен бірге қазақтардағы, қарақалпақтардағы алшынатауының
түп тамырын жоғарыда айтқанымыздай, алакчыннан іздестірегіндер бар. Дегенмен де қырғыз
зерттеушілсрі алак+чын атауының бурят-моңғол тілдерінде жалғаулар негізінде адамдар өмір сүрген
аймақтың аттарын білдіретініне назар аударған еді[25|. Осының нақты көрінісі Баргудажин Токум
(баргулар омір сүрген аймақ) жəне тағы басқалар. Сонымен қатар қырғыз ғалымдары «алакчин» деген
терминнің билік басындағылардың мансабын да көрсеткенін атап көрсетксн еді[26] Əйгілі зерттеуші
С.М.Абрамзон Алакчынның қырғыздардағы сол қанаттағы саруу рулар бірлестігіндегі ірі рулар бірі
екендігін атап көрсеткен еді|27]. Мұндағы назар аудартары - «алакчын» атауының қырғыздарда көне
дəуірден-ақ ешбір өзгеріссіз қалып, бүгінгі күнге бұрмаланбай аман-сау жеткені ғана емес, қазақтарда
дəл осындай тарихи атаудың жоқ екендігі де болса керек. Егер біздің «алшын» деп отырғанымыз
байыргы «алакчын» атауы болса, ол неге бізде қатты өзгеріске ұшыраған? Ал қырғыздарда неге қаз-
қалпында бұрмаланбай қалып қойғанИя, өкінішке орай бұл сауалдарға күні бүгінге дейін жауап жоқ.
Осы айтылғандардың барлығы əсіресе, қырғыз ғалымдарының пікірі «алакчин» атауының
шын мəнінде қазақтарғаемес, қырғыздарға тəн екендігін дəлелдей түседі. Жоғарыда айтылғандай, бұл
атау қаз-қалпында қырғыздарда сақталып келеді екен. Олардағы саруу руында əлі күнге дейін
алакчин атты ірі ру бар[28].
Н.Акеров осы мəселенің төңірегінде өз пікірін айта келе: «Ортағасырлық алакчиндердің
тұкымдары қырғыздардың, қазақтардың құрылымдарында алакчин, алаш жəне алшын деген
атаулармен сақталып қалған»[29] - дейді. Мұндай көзқараспен келісе қоймайтынымызды жоғарыда
айтып кеттік. Шын мəнінде «Алаш» атауы «Алшын» атауынан əлдеқайда кең мағынада
қолданылатыны, кейінгісінің қазақтың Кіші жүзінің аталары ретінде қолданылса, ал алғашқысының
исі қазақ атаулының түп атасы түрінде бағаланатыны кез-келген қазақ зиялысына жақсы белгілі.
Мұны біз жоғарыда да айтып кеттік.
Алайда бұл айтылғандарымыз байырғы алакчындарды қазақ алшындарынан мүлде
Абай атындағы аз ПУ-ды ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж
19
оқшаулауды көздеп отырған жоқ. Кейінгі қазақ Кіші жүзінің түп аталарының ежелгі Алтай-Саян
өңірінде Алақшындармен аралас-құралас болып көшіп-қонып жүргендерін біз теріске шығармаймыз.
Біз, кезінде өзіміздің «Телеу» тарихына арналған монографиялық еңбегімізде бұл мəселеге
байланысты мынадай пікір айтқан болатынбыз: «Əсіресе, біз үшін алакчиндерді, боманы Кіші жүздеігі
тайпалардың жинақы аты алшынмен туыстастыру аса маңызды, Ежелгі алакчин тайпасының қазақ
тайпаларының жəне əсіресе, Кіші жүз тайпасының, оның ішінде ішінара Жетіру тайпаларының
құрылуына белсене қатысқанына біз сенімдіміз. Осы орайда Н.Аристовтың Қалма Қадыр туралы
қазақтар аңызын өзінің белгілі еңбегінде атап көрсеткені еске түседі. Бұл аңыздан алакчиндердің қазақ
халқын жəне əсіресе, алшындарды қалыпастыруда маңызды рөл атқарғанын байқай аламыз. ...Енді
Н.Аристовтың еңбегіндегі осы аңыздың нұсқасын келтірейік: «Үлкен Орданың аңызы бойынша,
Сарыүйсіннің Қалша деген баласы болыпты, Илья Казанцевтің қырғыз қазақтарының Қалша Қадырдан
тарайтындығы туралы келтірген аңызы сарыүйсіндерге тікелей қатысты екеніп көреміз: Қалша Қадыр
белгісіз бір басқыншының қырғыз даласы арқылы өткен əскерінің қолбасшыларының бірі екен.
Шөлден жəне аштықтан қаталаған ол əскерден қалып қойыпты жəне өлім аузында жатыпты. Бірақ осы
аспаннан қалықтап түскен ақ қаз (қач-ақ) құтқарып алыпты. Ол өте мейірімді екен жəне Қалша
Қадырмен жанасыпты олардың ұрпақтары қазақ атала бастапты. Қалшаның есімінен басқа ертегіде
ешнəрсеге назар аударылмайды» [30],
Бұл жерде «калма» атауының «алшын» атауына ұқсастығы назар аудартады. Дегенмен де
ежелгі алакчин тайпасының қазақтың кейінгі рулық-тайпалық құрылымына ықпалы туралы айтқанда
кейбір зерттеушілеріміз «Алакчин» этнонимінің «Алаш» атауына ұқсас екендігін естен шығарып
алатын тəрізді. Ал «Алаш» немесе «Алаша» атаулары шынында да қазақ ру-тайпаларынын біразының
этнонимдерінің тарихи тұрғыдан қалыптасуларына айтарлықтай маңызды ықпал жасады. Бұл туралы
біз, өзіміздің осыған дейін жарық көрген əйгілі монографиялық зерттеулерімізде, дəлірек айтсақ,
«Телеу»[31] жəне «Жағалбайлы»[32], сондай-ақ «Дулат»[33] тəрізді іргелі ғылыми еңбектерде біршама
нактырақ жазған болатынбыз. Мұнда аталған тайпалардың тарихи тағдырында «алаш» атауының үлкен
рөл атқарғаны айтылған еді. Сондай-ақ Кіші жүзде алаша руының бар екені белгілі. Мұнда да біз,
айтылған атауға байланысты тарихи тамырды айқын аңғарғандай боламыз. Осының бəрі «алакчин»
атауының алшын емес, «алаш» этнониміне жақын екендігін дəлелдей түсетіндей. Бұдан шығатын
қорытынды, «алшынды» «алашамен» салыстыру тарихи шындықты дəлме-дəл береді десек, қателікке
ұрынуымыз мүмкін.
Бір сөзбен айтқанда, түбірі «ала» сезінен басталатын «алакчин» атауы қалай десск те, «алаш»
немесе «алаша» этнонимдеріне жақын естіледі. Ал «ала» атауымсн басталатын этнонимдер жоғарыда
атап көрсеткеніміздсй, қазақ ру-тайпаларының атауларында айқын байқалады. Бұдан шығатын
қорытынды, «алакчин» дегеніміз «алшын» атауынан айтарлықтай алыс жатқан этноним болып
табылады.
(Жалғасы келесі санда)
1)Атырау:энциклопедия.- Алматы,2000.-63б
2)МИКК.- Бишкек,2002.-217-220 бб
3)Ахмедов Б.А. Историко-географическая литература Средней Азии XVI-XVIII вв. (Письменные
памятники).-Ташкент ,1985 . -130-131бб.
4)Султанов Т.И Кочевые племена Приалалья в XV-XVIIвв (Вопросы этнической и социальной
историй).-М.,1982.,-4б.
5)Атырау:энциклопедия .-63б
6)Герадот. История в девяти книгах. – М .,1972.-191 б.
7)Тынышпаев М.Материалы к истории киргиз казахского народа.- Ташкент.1925.-23б
8)Джанузаков Т.Очерк Казахской ономастик.- Алматы ,1982.-66 бб
9) ошым Ноғай Б.,Ізім;лы М.Алшын ..// Батыс аза,стан облысы. Энциклопедия. Алматы,2002.-132
б.
10)Исхаков Д.О ранних кипчакских этнонимах среди Волго-Уральских татар (пр-материалов
топонимов и другим данным)// Древнетюркский мир: история и традиции.-Казань,2002.-
Абай атындағы аз ПУ-ды ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж
20
11)Абрамзон С.М.Киргизы и их этногенетические и историко- културные связи .- Фрунзе ,1990
12)Зуев Ю.А Тамги лошадей из вассельных княжеств// Новые матреиалы по древней и средневековой
истории Казахстана .- Алма-ата ,1960.-124б
13) Кюннер Н.В Китайские известия о народах Южной Сибири,Центральной Азии и Дальнего Востока .- М
., 1961 .- 52 -53 бб .;Савинов Д.Г
Резюме
Статья посвящена истории происхождения, сущности и содержания «Алшын».
По мнению автора, этноним «Алшын» прошел сложный исторический путь в своем развитии. И этот путь
можно обозначить следующим образом: Ашина —* Ашын (Ашин) —> Алшын —>> Қазақ.
Summery
Article is devoted history of an origin,essence and the maintenance этнонимаby “Alshyn”.
According to the auther , the name “Alshyn” there has passed a difficult historical way in the development . And
this way can be designated as follows: Ашина–Аshyn (Ашин)--Alshyn—Казак
Абай атындағы аз ПУ-ды ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж
21
Достарыңызбен бөлісу: |