Пробл ем ы ис то ри и каза хс тан а



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата21.01.2017
өлшемі1,63 Mb.
#2386
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

қарастырылады. 
Зиішпагу 
Іп ааісіе аге сопзісіегесі зоте тошепіз оГіһе ге^иіаііоп тІ2,гаііоп іп Гогеіцп соипігу епсі XX аце. 
СТАЛИНДІК ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖƏНЕ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫ 
 
 
Ж
.
Аширбекова
 - 
т.г.к.,  аза, мемлекеттік ,ыздар педагогикалы, университеті 
 
 
XX  ғасырдың  20-30-жылдарындағы  Кеңес  Одағындағы  қуғын-сүргін  əлемдік  тарихқа  қайғы- 
қасірет  əкелген  -алапат  ретінде  енді.  Осы  қуғын-сүргінге  елдің  қаймағы  атанған  ұлт  азаматтар, 
зиялылары ілігіп, «халық жауы» ретінде еліміз тəуелсіздігін алғанға дейін саналып келді.
 
XX  ғасырдың  басында  қалыптасқан  қазақ  ұлт  зиялылары  патша  өкіметінің  отарлау, 
орыстандыру,  қоныстандыру  саясатына  ашық  түрде  мерзімді  басылым.  Мемлекеттік  дума  мінбері 
арқылы  қарсы  шығып,  жер,  тіл,  дін  жəне  тағы  басқа  қазақ  мəселелерін  шешуді  талап  етті.  Оқу- 
ағартуда  мектеп,  медреселер  ашу  ісінде,  сондай-ақ  қазақ  жастарының  Ресейдің  жоғары  оқу 
орындарында  оқуда  қолдау  көрсетіп,  осы  іс-шараның  жүзеге  асуына  барлық  жағдайды  жасауға 
тырысты. Қазақ тілінде газет, журнал шығару істерін қолға алып, елдің тыныс-тіршілігі, сыртқы, ішкі 
саясатпен таныстырды.
 
Патша үкіметінің бодауында болып, ұзақ уақыт «қыргыз» атанып келген қазақ халқының шын 
 
 
 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 
63 
 
атауы «қазақтың» қайтып оралуына осы ұлт зиялыларының да тигізген үлесі зор. Патша отаршылары 
зорлап  танған,  тарихи  теріс  «қырғызды»  «қазақпен»  өзгертуде  қазақ  интеллигенция  өкілдері  XX 
ғасырдың басында қолға алған болатын. Еліміздің бірден-бір басылымы болған «Қазақ» газетінде бұл 
мəселені  бірнеше  рет  көтеріп,  өз  ойларын  айқын  түрде  айтып,  осы  мəселе  төңірегінде  пікір  де 
ұйымдастырған еді, Мəселен, 1913 жылы шыққан «Қазақ» газетінің алғы санында жарияланған Түрік 
баласының  «Қазақ  тарихы»  деп  аталған  мақаласында  осы  қазақ  пен  қырғыз  атауының  арасындағы 
айырмашылықтардың  барлығы,  орыс  үкіметінің  қазақты  қырғыз  атауының  себебін  «казактардан» 
айыру  мақсатында  деп  көрсеткен.  «Орыстардың  əсіресе  үкіметтің,  қазақты  қазақ  демей,  қырғыз  деп 
жүргені  рас,  бірақ  олар  өздерінің  аты  «казачи»  əскерінен  айыру  үшін,  жаңылыс  болсадағы  қазақты 
қырғыз  атап  жүр.  Өзіміздің  түрік  қауымдарының,  əсіресе  басшыларының,  қазақ  пен  қырғызды 
айырмағаны қате, кешпестік айып», - дей келе, қазақ атауын қайтару қажеттігін көтерген. «Қияметке 
шейін  қазақ  -  қазақ  болып  жасамақ.  Осы  ғасырдағы  ғылым  жарығындағы  қазақ  көзін  ашып,  бетін 
түзесе  өзінің  қазақшылығын  жоғалтпағандай  жəне  өзіміздің  шарық  əдетіне  ыңғайлы  қылып  «қазақ 
мəдениеті»  құрып,  бір  жағынан  қазақ  əдебиеті  (казакская  литература)  тұрғызып,  қазақшылығын 
сақтамашы», - деп, қазақ халқы орыстар көрсетіп жүрген қырғыз нəсілінен еместігін, қазақ халқының 
руларының ішіндегі қыпшақ, арғын, керейт, найман, қоңырат қырғыздармен қатар жүріп, қатар түрган 
елдер  екендігін,  қырғызбен  қатар  жүрген  найманды  қалай  бұрынгы  қыргыздың  нəсілінен  деуге 
болатындығын  дəлелдей  келе,  ол  барлық  мекемелерде  «қырғыз»  деген  атаудың  орнына  «қазақ»  деп 
жазуды  ұсынған  [1].
 
Газеттіц  келесі  санында  ол  «қазақ»  сөзінің  түп-төркіні  қайдан  шыққамдығын 
талдап  берді.  «Қазаққа»  қатысты  кейбір  тарихи  деректерде  жаңылыс  айтылған  бірнеше  қателіктерді 
мысалдармсн айқындады. Мəселен, орыстың тарихында «қазақ» деген сөзді жазбай, «киргиз» деген бір 
жаңылыс  сөзге  малданып,  соныменен  бүкіл  тарихын  былықтырып  отырғандығын,  арабша  жəне 
түріктің  тарихи  кітаптарында  да  «қазақ»  сөзінің  түп-төркіні  туралы  нақты  айтылмай,  əртүрлі 
ұйғарылып жүргендігін, мəсслсн, кейбіреуі «кязақ» «қашақ» дегсн сөзден өзгерілген» деген тұжырым 
жасауын,  «Мустафад  алахбар»  кітабында  «қазақ»  атауы  ноғайлармен  арадағы  келіспеушіліктерден 
жаңылыс жазылуын келтірген.
 
Ол қазақ сөзі «хайсақ» - «қайсақ» сөзінен өзгеріліпті дегенге де қарсы 
шықты.  «Халисақ»  сөзі  қалмақша  да  граница  күзетшісі  (пагранич.  стражъ)  мағынасында-мыс,  орыс 
тарихының  кейбіреуі  қазақ  сөзі  осы  хайсақ  дегеннсн  алынған  деп  өтірікті  жазады.  Осындай  өтірікті 
милданып, орыс жазушыларының көбі қазақты (киргиз-кайсак) деп жазып жүр. Мұның өтірік екендігі 
сөз ретінде кейін айтылар. Осы күнде қалмақ-қытай қазақты қайсақ- хасақ деп сөйлейді екен - онысы 
тілі  келмегеннен.  Оныменен  казақ  сөзі  хайсақтан  езгерілгендігі  білінбейді.  Осы  күнде  мишер  халқы 
арабтан алынған «салам» сөзіи «ссйлам» деп сөйлейтіні бар. Сол секілді, қалмақта қазақ сөзін «хайсақ» 
деп бұзып айтады деуге болады», - дей отырып, халықты шатастыратын кейбір аңыз, шежірелерге де 
сақтықпен қарауды талап еткен [2].
 
«Қазақ» сөзінің төркініндегі айтыстар кеңес өкіметі орнағаннан кейін де яғни 20-жылдары тағы 
да көтерілді. М. Тынышбаев «Қырғыз-қазақ халқының тарихынан материалдар» деген кітабында түрлі 
деректерді  келтіре  отырып,  оның  түп  негізін  ашуға  тырысты.  Ол  да  қазақтың  шығу  тегіне  келгендс 
аңызға  сүйенді.  Еңбектің  «Қырғыз-қазақтардың  шығу  тегі  жəне  Қазақ  хандығының  құрылу  тарихы» 
дөп аталған қосымшасында «қазақ-қырғыз» атауына тұжырым жасаған. Ол араб, орыс жəне тағы басқа 
зерттеушілердің  жазғандарын  саралай  отырып,  «қазақ»  сөзінің  ежелден  бері  қолданылып  келе 
жатқандығын  айқындай  керсетті.  Мəселен,  Н.М.  Кара  орыс  жылнамасында  «қазақ»  сөзінің 
ұшырасатындығын,  сондай-ақ  осындай  мəліметтер  араб  жазушылары  Ибн  Əл-Варди  мен  Масудидің 
еңбектерінде де аталатындығын нақты түрде дəлелдеп берді [3].
 
М. Тынышпаев жалпы «қазақ» ежелден келе жатқан атау екендігін, патша үкіметінің отарлық 
саясаты  тұсындағы  «қырғыз»  болып  кемсітіліп,  «қазақ»  атауын  жоққа  шығармақ  болғандардың 
əрекетгеріне  осылайша  дəйекті  түрде  соққы  беруге  тырысты.  Сөйтіп,  «қырғыз-қайсақ»  болып 
кемсітіліп келген еліміздің ұлт зиялыларының талап етуімен «Қырғыз» республикасынан «Қазақ» деп 
аталуы Қазақстан Кеңестерінің 1925 жылы 15-19 сəуірде болған V съезінде қалпына келтірілді.
 
Кеңестік билік тұсында ұлт зиялылары үкімет ісіне белсене араласты. Əсіресе, оқу-ағарту, баспасөз 
саласында қызмет етіп, мектеп, жоғары оқу орындарына арнап оқулықтар мен əдістемслік құралдары 
жазды. Тарих, əдебиет, математика, география жэне тағы басқа салаларды зерттеулер 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 
64 
 
жүргізіп,  ғылымға  елеулі  үлес  қосты.  Автономня  құру,  ұлт  мəселесіне  қатысты  идеяларын  ұсынды. 
Дегенмен 20-жылдың басында Т. Рысқұлов сияқты ұлт зиялылары «түрікшіл», «ұлтшыл» деген сынға 
ілікті.
 
Қазақ өлкелік комитетінің басшылығына Ф, Голощекин келуінен қазақ зиялыларын қуғындау 
басталды. Оның қуғынына Ж. Аймауытов, С. Сəдуақасов, Ж. Мыңбаев, Т. Рысқұлов, С. Қожанов жəне 
т.б.  сияқты  ұлт  зиялылары  ілікті.  Оларга  «ұлт,  жергіліктендіру,  жер,  қазақыландыру  жəне  т.б. 
мəселелерде қателіктер жіберді» деген айыптар тағылып. мерзімді баспасөз арқылы сынға алынды,
 
Мерзімді басылым арқылы сынау мəселесі 1925 жылдың соңы мен 1926 жылдың басында кең 
өріс адды. Қазақ өлкелік комитетінің органы «Еңбекші қазақ» газеті «жікшілдікке», «топшылдыққа», 
«ұлтшылдыққа»  қарсы  шыққан  басылымның  бірі  болды.  Себебі,  басқа  газет-журналдарға  қарағанда 
газет  өкіметтің  жікшілдікке  қарсы  шығарған  қаулы-қарарларын,  шешімдерін  республика  халқына 
жеткізуші,  осы  үкімет  заңдарының  орындалу  барысын  хабарлаушы  басылым  еді.
 
Газетке  ұлт 
зиялылары О. Исаев, Н. Сырғабеков, Н. НҰрмақов, Г. Тоғжанов, О. Жандосов, М.Қайынназаров жəне 
т.б. үкімет қызметіндегі зиялыларының «жікшілдікке» айтыс ретінде қатысты пікірлері жарияланып, 
«жікшіл» атанған зиялылардың қателіктерін талдай отырып, олармен күрес жүргізуге шақырды. 1926 
жылы 23 қазанда Мəскеуде өткен партияның орталық комитеті мен орталық бақылау комиссиясының 
біріккен  жиылысында  орталық  партия  комитетінің  кейбір  мүшелері  жік  жасап  партия  тəртібін 
бұзғандығы туралы орталық комитетінің саясат бюросынан Молотов, орталық бақылау комиссиядан 
Прославский  баяндама  жасап,  Зиновьев,  Каменев,  Петьков,  докимов,  Сокольников,  Смилке, 
Николаева  сияқтылар  партия  тəртібін  бұзғандығы,  партия  арасында  жікке  бөлінушіліктің  барлығы 
айтылып, осы баяндамалар негізінде жікшілдер туралы қаулы қабылданып, қарар шыгаргаи болигын. 
Негізіаде бүл жиылыс партия мүшелері Зиновьев, Троцкий мен Каменсвтердің жікшілдік əрскетгерін 
əшкерелеу  арқылы  партия  қагарынан  шығаруды  көздеген  болатын.  Зиновьевке  «одақтық  коммунист 
партиясының  бағытын  түгел  жүргізе  алмайды,  Коминтернде  отырып,  жікшілдік  жұмысын  жүргізді» 
деген  айыптар  тағылса,  ал  Гроцкий  мен  Камененке  «партия  арасындағы  жікшілдік  жұмысқа 
басшылық етіп келді» деп айыптап, партия қатарынан шығаруды шешті [4].
 
Екі  күн  өткеннен  кейін  яғни  25  мен  30  қарашадағы  Қазақ  өлкелік  комитеті  мен  өлкелік 
бақылау  комиссиясының  біріккен  пленумында  Қазақстандағы  С.  Қожанов,  Ж.  Мыңбаев,  С. 
Сəдуақасов  сияқты  жікшілдердің  əрекеттері  сынға  алынып.,  олармен  идеялық  күресті  күшейту 
жөнінде қаулы қабылданды. Бюро мүшелері С. Сəдуақасов пен Ж. Мыңбаевтың жікшілдік əрекеттері 
ауылдағы  əлеуметтік-  экономикалық  қатынастарды  өзгерту  мəселесінде,  жергіліктендіру  саласында, 
ұстанған көзқарастарынан айғақталғаны баса айтылды. Жікшіл ретінде сынға алынған С. Сəдуақасов 
пен  Ж.  Мыңбаевтар  пленум  барысында  «жікшілдік  күресті  тоқтатамыз»  деп  мəлімдеме  жасағаннан 
кейін,  пленум  оларға  алдағы  қызметтеріне  барлық  жағдайларды  жасай  отырып,  қатаң  бақылауға 
алатындығын  ескерткен  болатыи  [5],
 
Пленум  өте  салысымен  қазақ  өлкелік  комитеті  барлық 
губерниялык  комитеттерге  жікшілдер  мен  «оңшыл»,  «солшыл»  топтар  туралы  нақты  мəліметгерді 
жинастыра  отырып,  олардың  күрес  түрлері  мен  іздістерін,  бұл  топтардың  алашордашылардың 
идеологиясын  қолдану  барысы,  партия,  ксңес  жəне  тағы  басқа  жүмыстарға  əсері  мсн  осы  гоптағы 
европалық  коммунисттердің  (Троцкий  мен  Зиновьевті  айтып  отыр  -  А.Ж.)  ролін  анықтау  мəселесі 
қойылып, жікшілдермен күрес барысы қалай жүргізіліп жатқандығы жөнінде мəлімдеме беруді талап 
етті.
 
Меңдешев,  Сəдуақасов,  Сейфуллин,  Қожанов  жəне  Рысқұлов  бастаған  топтар  барлығы 
анықталып,  олардың  əрекеттері  ашық  түрде  айтыла  бастады.  Бұл  топтармен  күрес  барысы 
партияныңконференциясынан  кейін  күшейді.  Мерзімді  баспасөз  беттерінде  олардың  жікшіліктерін 
сынға  алған,  тіпті  олармен  тілектес,  ниеттестердің  барлығын  айтқан  мақалалар  қаптап  кетті.  Бірінің 
қатесін  бірі  тізіп,  əр  нəрседен  ілік  іздегендер  шын-өтірігі  аралас  «жікшілдердің»  қатарын  дəлслсіз 
фактілермен  тізбектеп  кобсйтс  берді.  Мəселен,  кеңес  партия  мектебініц  курсанты  Мырзағали 
Жанбосынов  қазақ  өлкелік  комитетіне  хат  жолдап,  14  сəуірде  мектептің  қабырға  газетіне  бір 
адамдардың «Қой терісінде» деген мақала жазып, онда əкесі Əбдіғапар Жанбосынов Торғай өңіріндегі 
билеп-төсеушілердің  бірі  болгандықтан  озінің  бұл  мектепте  тəрбиеленуінс  жол  бермеу  жөнінде 
жазылғандғын  айта  келе,  əкесі  1916  жылы  Торғайда  патша  үкіметіне  қарсы  көтерілісті 
бастаушылардың бірі болғандығын, азамат соғысы жылдарында
 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 
65 
 
ақгвардияшылардан  қорғағандығын,  осыдан  əкесінің  кеңес  өкіметіне  қарсы  элемент  пе,  жоқ 
па, ал өзінің кеңес үкіметінде білім алып, оның құрылысына белсенді қатыса ала ма деген сауал қоя 
отырып,  мақала  жазушылардың  негізсіз  екендігін  айтады.  Ол  партия  мектебінің  əкімшілігіне  бұл 
мəселені тез арада шешуді өтінгек [6].
 
Тіркілеу,  ұжымдастыру  науқаны  тұсындағы  зиялылардың  əрекеттері  үкімет  тарапынан 
бақылауға алынып, олардың əрбір сөзі кеңес билігіне қарсы айтылған сөз ретінде бағаланды.
 
1928 жылы «жікшілдердің» əрекеттерін əшкерелеген хаттар, мəліметтер өлкелік комитетке жиі 
түсіп, мерзімді басылымдарға жарияланып жатты. Бұрынғы Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің 
жетекшілерінің  үстінен  іс  қозғалып,  олардың  кеңес  үкіметіне  қарсы  жүргізіп  отырған  əрекеттері 
айқындалып,  ОГПУ-дың  сот  коллегиясына  ұсынылып,  1928-1932  жж.  аралығында  Алаш 
жетекшілеріне арналған сот үдістері өтіп, 47 адам істі болып, оның 35-і түрлі жазалар алды. Олардың 
ішінде Алаш лидері Ж. Аймауытов ату жазасына кесіліп, үкім орындалған.
 
1933  жылы  партия  қатарын  жат  элементтерден  тазарту  ісі  қолға  алынды.  Бұл  мəселе  1934 
жылы  болған  коммунистік  партияның  XIV  съезінен  кейін  кең  түрде  жүргізіле  бастады.  Қазақстанда 
партия  қатарынан  «ұлтшыл  ауытқушылығы»,  «контрреволюциялық  қылмыстары»  үшін  мыңға  тарта 
коммунистер  шығарылып,  олардың  үстінен  түрлі  істер  қозғалды.  1934  жылы  15  желтоқсанда  құпия 
түрде  Мəскеуге  И.В.  Сталин  мен  Л.М.  Кагановичке  Т.  Рысқұлов  партиядағы  тазартуға  байланысты 
Орта Азиядағы асыра сілтеушілік орын алып отырғандығы жайында хат жіберді. Онда РКФСР Халық 
Комиссарлар  КеңОнда  РКФСР  Халық  Комиссарлар  Кеңесі  төрағасының  орынбасары  Петерс  партия 
қатарын жат элементтерден тазартуда Орта Азияның көрнекті өкілдерін, оның ішінде өзін де негізсіз 
айыптап отырғандығын келтірді. Т. Рысқұлов Петерс оның кінəлігін анықтамай баспасөзге жариялап 
жібергендігін,  бұл  өзін  қаралау  үшін  алдын  ала  ойластырған  іс  екендігін,  Петерс  жалгыз  ғана  өзіне 
емес, Орта Азияның көптеген көрнекті қайраткерлерін қаралап отырғанын баса айтылды [7].
 
Қазақ  өлкелік  комитеті  губерниялық,  уездік  партия  комитеттерінің  хатшыларын  да  терең 
тексерістен  өткізген.  Мəселен,  Қарасу  партия  комитстінің  хатшысы  Əлихан  Омаровтың  үстінен 
«алашордашылармен  тығыз  байланыста  болып,  1925-1926  жылдары  аралғында  Өзбекстандағы 
Кенимех  ауданында  аудандық  нұсқаушы  қызметін  атқарған  кезде  өзбек  жəне қарақалпақтарга  қарсы 
топтық  күрес  жүргізді»  деген  мəлімдеме  түскен  [8].  Партия  комитетіне  Иса  Тоқтыбаевтан  партия 
қатарынан негізсіз айыппен шығарылғандығын айтып, қайтадан қалпына келтіруді өтінген арыз берген
 
[9]-
 
1935-1936  жылдары  КСРО-да  партия  қатарынан  шығарылғандардың  екі  проценті  қамауға 
алынып, оларға контрреволюциялық топтарға қатысып, партияға қарсы əрекет етті, бұрыңғы шыққан 
тегін жасырды, шпиондық қызмет жасады деген айыптар тағылды [10].
 
«Əлеуметке  жат»  элементтерді  əшкерелеудің  алғашқы  толқыны  С.М.  Киров  өлтірілгеннен 
кейін  жүргізілді.  1935  жылдың  қаңтарында  БК(б)П  ОК-тің  С.  Кировтың  өлтірілуіне  байланысты 
жіберілген  жабық  хатында  Ленинградтты  патша  шенеуніктері  шогырланган  қала  деп  көрсете  келе, 
оларды қаладан басқа жерлерге жер аудару керектігі айтылды. Осы хаттың негізінде Ленинградттан 11 
мың «əлеуметке жат» элементтер қуылып, басқа өңірлерге жер аударылды. [11]
 
БК(б)П Орталық Комитетінің 1935 жылғы 13 мамырда партия кұжаттарын тексеруден өткізу, 
партия  қатарын  нығайту  жөніндегі  қаулы  негізінде  қазақ  өлкелік  комитеті  Риддер  қалалық 
комитетінің,  Гурьев  округтік  комитетінің,  Келес,  Атбасар  жэне  Əулиеата  аудандық  комитеттерінің 
ұйымдық-  партиялық  жұмыстары  тексеріліп,  Риддерде  орын  алған  олқылықтар  эшкереленіп,  99 
уақытша  куəліктер  мен  8  нартиялық  билеттер  алынса,  Гурьевтегі  партия  ұйымындағы  партиялық 
жұмыстың  жалпы  дəрежесі  қанағаттанғысыз  күйде  екендігі,  селолық  аудандарда  коммунистерге 
маркстік-  лениндік  тəрбие  беру  жоқтығы,  Əулиеата,  Келес  аудандық  партия  ұйымындарында 
жікшілдерге  қарсы  жұмыс  жүргізілмегендігі,  аталмыш  кешіліктерді  тез  арада  жойып,  партия  ісіне 
лайық емес, ұлтшыл, жікшілдерді қолдаушыларды оның қатарынан тез арада шығару мəселесін қолға 
алғандығы  Алматыда  5-9  шілдеде  өткен  қазақ  өлкелік  комитетінің  пленумында  баса  айтылып,  тез 
арада осы қателіктерді жоюды қолға алу жөнінде қаулы қабылданды [12].
 
Партия  ішіндегі  түрлі  оппозицияны  Сталин  шебер  пайдалана  білді.  1936  жылы  29  шілдеде  Троцкий, 
Зиновьев  пен  Каменев  фашистік  Германияның  шпиондық  тапсырмасын  орындады  деп  ашық  түрде 
жарияланып, барлық одақтас республикаларға өз араларындағы осындай контрреволюционер- 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 
66 
 
лердің əрекеттерін қайталап отырғандарды тез арада əшкерелеп, «халық жауы» ретінде қамауға 
алуды  талап  еткен.  1936  жылдың  1  қарашасында  қазақ  өлкелік  комитеті  осы  нұсқауға  орай  қаулы 
қабылдап,  партия  қатарынан  троцкишіл-зиновьевшілдер  əшкереленіп,  шығарылғандығы  айтып, 
барлық партия ұйымдарына кенес биліғіне қастық жасаушылармен күрес жүрғізуғе шақырды [13].
 
ІІартиялық  тазалаумен  басталған  бұл  қуғын-сүргін  толқыны  азат  қозғалысының 
қайраткерлеріне  де  «ұлтшыл»,  «буржуазияшыл»  деген  айыптармен  ауыз  салды.  1937-1938  жылдары 
қуғын-сүргін  нəубеті  еліміздің  бетке  ұстар  азаматтары  ілігіп,  олардың  тағдырлары  нақты  50-ші 
жылдары ғана белгілі болды.
 
Қуғын-сүргін  нəубетінсн  аман  қалған  зиялылар  40-50  жылдары  түрлі  себегпермен  сынга 
алынып, қуғындалды.
 
1.ТHрік баласы. ,аза,ты  тарихы //  аза,. -1913. - №3. - 17 февраля. 
2.ТHрік баласы.  аза,ты  тарихы // аза,. -1913. - №5.- 9 марта. 
3.Тынышпаев М. Материалы к истории Киргиз-казахского народа. - 'Ташкент, 1925,- С. 32-33. 
4.Орталы,  партия  комитеті  мен  ба ылау  комиссиясыны   толы,  жиылысында  жікшілдер  туралы 
шығарылған ,аулы //Е бекші ,аза,. - 1926. -№236 (673), - 25 октября. 
5.Алаш ,озғалысы.  ;жаттар мен материалдар жинағы. Сəуір 1920-1928 жж. Апрель 1920-1928 гг. -
Алматы: Ел■ шежіре, 2007. - 1.3. - Кн. 1. - С. 217. 
6. РЛ.М. 811- ,„ 20-т., Ь38-іс. 90,91-пп. 
7.Алаш  ,озғалысы. ;жаттар  мен  материалдар  жинагы.  Сл>\’ір  1920-1928  жж.  Движение  Алаш. 
Апрель 1920-1928 гг. - Алматы: Ел- шежіре, 2007. - Т.З.- Кн. 2. - С 183-184. 
8.Сонда, 198-6. 
9. РПМ. 141-,., 1-т., 8131-іс. 30-31-пп. 
10.Хаустов В., Саиуэлъсон Л. Сталин, НКВД и репрессии 1936-1938 гг. / В. Хаустов, Л.Сануэльсон. ■ 
М: Российсксія политическая энциклопедия (РОССГГ)И), 2010. - С. 58. 
11.Сонда, (>5-66 бб. 
12. аза,стан  Коммунистік  партиясы  съездеріні ,  конференцияларыны   жəне  менумданыны  
,арарлары мен шешімдері (1928-1937). - 2-т. - Алматы:  аза,стан, 1988. - 307-321 -66. 
13.Политические  репресии  в  Казахстане  в  1937-1938  гг.  Сборник  документов.  -Алматы:  Казахстан, 
1998. -С 15-17. 
Резюме
 
В  статье  рассматривается  положение  интеллигенции  Казахстана  в  период  сталинских 
репрессий. 
Summery 
          The article deals with the position of national intelligentsia of Kazakhstan during the period of 
Stalin  
 punitive measures. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 
67 
 
ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫНДААДАМҚҰҚЫҚТАРЫ 
МЕНБОСТАНДЫҚТАРЫНҚОРҒАУДАҒЫБАҚ-НЫҢҚЫЗМЕТІ 
Ш.А. Абуханов 
 
.И.Сəтбаеватындағы аз ТУ- ні ,оғамды,пəндеркафедрасыны ағао,ытушысы 
Қазақстан  өзтəуелсіздігін  жариялаған  куннен-ақ  құқықтық  мемлекет  құру  идеясын  қабылдады.  Құқыққа 
мойын  сұнып,  адамның  жəне  азаматтын  құқықтары  мен  бостандықтарын  қамтамасыз  етуді  алдына  мақсат 
етіп  қойған  мемлекет  осылай  сипатталады.  Осы  орайда  БАҚ-тың  Қазақстан  Республикасында  адам 
құқықтары  мен  бостандыктарын  қорғаудағы  атқаратын  қызметі  айрықша.  Өз  оң-пікірлері  неркін  білдіру 
жəне  оны  іс  жүзінде  жүзеге  асыру,  яғни  бұқаралық  ақпарат  құралдарыньщ  бостандығы  адамның 
фундаментальды  құқығына  жатады.  Олар  демократияны  қатгамасыз  етумен  мемлекеттің  тұрақты  сипатта 
дамуында маңызды рөл аткарады. Азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу үшін пайдаланаған саяси 
құқықтары  мен  бостандықтары  тек  қана  осы  құкықты  қактілср  арқылы  белгіленеді.  Сонымен,  құқық 
дегеніміз – адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық 
жағынан  қамтамасыз  егуге  тиісті  мемлекеттік  құрал.  Құқық  бойынша  азаматтар  өздсріне  берілген 
құқықтарымен  бостандықтарын,  құқық  нормаларының  талаптарын  бұзған  аламдарға  шара  қолданып, 
тиісіншежазалапотырғанда, құқықнақтыісжүзіндеасқанболыптабылады. 
Құкықтық  мемлекет  құру,  қоғамдық  өмірді  демократияландыру,  жалпыұлттық  келісіммен  халықтардың 
ынтымақтасты сақтау Қазақстан Республикасының əлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып 
енуінің  басты  шарты  болып  табылады.  Қазақстан  мемлекетінің  дамуында  демократиялық  жолмен 
қабылданған  заңалдында  барлық  қоғам  мүшелерінің  тең  сапалуы,  заңның  халықтың  еркін  білдіруі  жəне 
жеке  адамның  құқықтарымен  бостандықтарының  қамтамасыз  етілуі  зор  маңызға  ие.  Осы  орайда  белгілі 
саясаткерЕ,Ертісбаеватап  көрсетксндей:  «демократиялық  жолға  батыл  қадам  басқан  Қазақстан  адам 
құқықтары мен бостандықтарын сақтау саласында халық аралық шарттарды ұстана отырып, диалог жасауға 
дайын» [2]. 
Демократиялық  құқықтық  мемлекеттің  негізгі  бастауы  бұл  -  Конституция.  Онда  мемлекеттің  қоғамдық 
өмірінің  кұқықтық  қағидаттары  көрсетілген.  Конституция  қоғамның  жалпы  құқықтық  моделін  көрсетсді 
жəне  саяси  құрылымның  барлық  салаларын  қамтитын  зандардың  бəріде  оған  сəйкес  келуі  керск. 
Сондықтанда 
біз 
құқықтық 
мемтекетті 
конституциялық 
мемлекет 
деп 
атаймыз, 
ҚұқықтықмемлекетінидеологиялықнегізіКонституциядабекітіледі. 
Сондықтанда 
біз 
Конституцияны 
Қазақстанда  құқықтық  мемлекегті  қалыптастырушы  ретінде  танимыз.  1995  жылы  қабылданган 
Конститүцияның  бұрынғы  конституциялардан  ерекшелігі  елдің  жаңа  жағдайдағы  дамуының  əлеуметтік, 
экономикалық  қоғамдык,  саяси,  рухани-  адамгершілік  мəселелерінің  жайы  толық  қарастырылған.  Негізгі 
заңның  ортақ  идеясы  Қазқстан  қоғамыныц  əртүрлі  қоғамдық-саяси  күштерінің  келісімін  қамтамасыз  етуді 
көздейді.  «Егемен  еліміздің  жаңа  негізгі  заңының  қабылдануы  жаңа  мың  жылдық  табалдырығында 
Қазақстан  тарихыңдағы  атаулы  оқиға  болып,  тəуелсіз  мемлекеттің  конституциялық  дамуының  жаңа 
сатысына  негіз  салды.  Тап  осы  Конституцияны  ел  тарихындағы  идеялар  көрініс  тапқан  əрі  халықаралық 
деңгейге  сай  биік  межедегі  заң  деуге  толық  негіз  бар»  [3].  Бұл  ретте  конституция  қоғамдық  татулық  пен 
саяси  тұрақтылық,  бүкіл  халықтың  игілігін  көздейтін  экономикалық  даму,  қазақстандық  патриотизм, 
мемлекет  өмірінің  аса  маңызды  мəселелерін  демократиялық  əдістермен  шешу  сияқты  саяси  əрі  маңызды 
факторлар арқылы жүзегс асырады. 
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретіндс дамуына қолайлы 
жағдай  жасайды.  Занда  белгіленген  барлық  тұжырым,  қағидалар  өмірдің  барлық  салалары  өркениетті  заң 
жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр. 
Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси қозғалыстар Конституция шеңберінде емін-
еркін өмір сүріп, қызмет ете алады. Оған ешқандай қысым жасалмайды. 
Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы – елімізде жекеменшікті мойындап, оны заң жүзінде 
бекітті. Енді Қазақстан Республикасында меншік түрлері заңмен қорғалады. Негізі заң меншіктің қызмет 
аясымен мақсатында айқындап берді. Меншік атауны қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат 
мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік 
иесін корғауға кепілдік жасалады 
 
 
 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 
68 
 
Қазіргі  заманғы  халықаралық  құқықта  адам  құқығына  қатысты  тұтастай  құқықтық  актілер  кешені 
қалыптасты. БҰҰ шеңберінде осы мəселе бойынша:  «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 
(1948  ж.),  «Адамдардың  экономикалық,  əлеуметтік  жəне  мəдени  құқықтары  туралы»,  «Адамдардың 
азаматтық  жəне  саяси  құқықтары  туралы»,  (1966  ж.),  «Балалар  құжыты  декларациясы»  (1959  ж.), 
«Əйелдердің  саяси  құқығы  туралы  конвенция»  (1954  ж.)  жəне  басқа  бірқатар  құжаттар  қабылданды.  Осы 
орайда  демократиялық  принциптер  еліміздің  Конституцияның  “Адам  жəне  азамат"  атты  екінші  бөлімінде 
айқын көрініс тапқан.
 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясының  39-бабында  адамдардың  кұқықтары  мен 
бостандықтарына  қоғамдық  тəртіпті,  адамның  құқығы  мен  бостандығын,  халықтың  денсаулығын  қорғау 
мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкінекендігі көрсетілген.
 
Конституциясының 39 баптың 3 нунктінде азаматтардың құқықтарын, яғни, азаматтық құқығы, өмір 
сұру құқығы, жеке өміріне, өзінің жəне жанұясының құпиясына қолсұғылмауына, мемлекет органдарымен 
лауазым  иелерінің  кінəсінен  шеккен  зиянды  қайтарып  алуынат.  бқұқықтарын,  тіпті  ең  төтенше 
жағдайлардын өзінде де шектеуге рұқсат бермейтіні айтылған [1].
 
Қазақсган  Республикасының  Конституцияда  жеке,  азаматтық  жəне  саяси  құқықтарға,  осы 
құқықтардың  кепілдігіне  айтарлықтай  көңіл  бөлінеді.  Осымен  байланысты  азаматтардыц  саяси  өмірге 
катысу  құқығы  «Адам құқықтарының  жалпыға бірдей  декларациясының» 21 бабымен қамтамасыз етіледі. 
1948 ж. Бас Ассамблеяда қабылданған  «Адам құқықтарының жалпына бірдей декларациясы» адам құқығы 
саласындағы  міндеттерді  дамыту  жөніндегі  үлкен  жетістік.  «Адам  құқықтарының  жалпыға  бірдей 
декларациясына»  сəйкес  əрбір  азамат  өзінің  елін  басқаруға  тікелей  немесе  еркін  сайланған  өз  өкілдері 
арқылы  катысуға  құкылы.  Өкімет  билігінің  негізін  халық  еркі  құрауы  керек,  əрі  халық  өз  еркін  сайлауда 
дауыс беру арқылы білдіре алады [4]. Сонымен Қазақстан азаматтарының саяси өмірге қатысу құқығы осы 
халықаралық құқык шеңберінде жүзеге асырылады. 2004 ж. Қазақстан Республикасы «Азаматтардың саяси 
құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз ету туралы» халықаралық конвенцияға қол қойды [5].
 
Сонымен қатар азаматтардың медициналық көмек алуына, мемлекеттік оқу орындарында тегін орта 
білім  алуынада  Конституцияда  кепілдік  беріледі.  Ал,  орта  білім  алу  Конституция  бойынша  міндетті  деп 
табылған.
 
Республика  азаматтарының  құқығы  мен  міндеттерін  сөз  еткенде,  екі  мəселені  ерекше  атап  өтуге 
болады.  Бірі  –  занды  түрде  белгіленген  салықтарды,  алымдарды  жəне  өзге  де  міндетті  төлемдерді  төлеу 
əркімнің  борышы  əрі  міндеті  болып  табылады,  екіншісі  –  Отан  қорғау  əрбір  азаматтың  қасиетті  парызы 
жəне міндеті, Азаматтардың құкығы мен міндетін сөз еткенде бұл талаптардың адамдардың өз құқықтарын 
көбірек біліп, міндеттерін орындауға келгенде ұмытшақтық танытатыны жиі кездеседі.
 
Халық  өзі  дауыс  беріп  қабылдаған  заңын  əрдайым  əділ  деп  есептейді.  Заңға  кұрмет  болмайынша, 
оны  қастерлеу  ішкі  қажеттілікке  айналмайынша,  заңның  құдіреті  шамалы  болады.  Конституция  мəртебелі 
болуы  үшін,  оның  принциптері,  қағидалары  қоғам,  мемлекет,  халық  өкіметінің  туы,  қазығы,  мəні  болуға 
тиіс.
 
Заң  жақсы  жұмыс  істеуі  үшін,  оны  бұлжытпай  орындау  азаматтардың  күнделікті  дағдысына, 
үйреншікті  əдетіне  айналуға  тиіс.  Əртүрлі  амал-айламен  заңды  айналып  өтуге  тырысушылық  өркениетті 
елдің мəдениетіне жатпайды.
 
Бізде  қылмыс,  ұрлық-қарлық,  жемқорлық  көп  «Қазақстан  Республикасы  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы  күрес  туралы»  Заңы  бекерден-бекерге  шығып  отырған  жоқ.  Себебі  қылмыстың  дəрежесі  қоғамға, 
мемлекетімізге,  едəуір  қауіптендіріп,  алға  басуымызға  бөгет  бола  бастады.  Заңды  қабылдағаннан  соң  оны 
мүлтіксіз  орындау  қажет.  Қалың  көпшіліктің  заңды  жаппай  мойындауын,  іштей  түйсініп  сезінуін,  өз 
өмірінің басты ережесіне айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Заң беделге, мансапқа, лауазымға, 
ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Коғам келешекте осыған жетуіміз керек.
 
Демократиялық мемлекетте БАҚ қоғамдық пікірді туғызатын жəне бұқараның санасын, адамдардың саяси 
əлеуметтендіру ісін қалыптастыратын саяси институттардың бірі болып табылады. Сөзбен шығармашылық 
еркіндігі – бұқаралық ақпарат құралдарының конституциялық құқығы. Міне, мұның өзі – демократияның 
БАҚ-қа берген бостандығы мен тигізген ықпалы болып табылады. Осылайша, белгілі саясалтанушы ғалым 
С.М.Борбасов тұжырымдағандай: «мемлекеттегі демократиялык құндылықтардын бірі сөз бостандығы 
екендігі мəлім. Сөз бостандығын шектеуге 
 
 
 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 
69 
 
ұмтылушы күшітерде баршылық... Жоғарыдағылардың... өзі БАҚ-қа да дұрыс, əділ сөз айтуына 
бостандық  беруі  қажет.  Қазақ  қоғамына  биліктің  да  ар  сөзі  ғана  жеткіліксіз.  Халықтың,  зиялы 
қауымның  да  сөзі  ескерілуі  керек.  Бұл  билікке  де,  халыққа  да  пайдалы.  Сөз  бостандығы  –  ауыз  ған 
екелсе, соны айту емес. Демократиялық қоғамдағы сөз бостандығы мемлекетті, адамды жақсартудың, 
шаруашылықты  жөндеудің  дұры  сұсыныстарын  айта  білу  деп  ұғынған  абзал.  Аз  ғана  төбе  топтың 
эгоистік  мүдделерін  уағыздау  –  сөз  бостандығы  емес.  БАҚ-тың  адамның  білімін,  санасын,  мінез- 
құлқын тəрбиелеудегі куатызор. Сондықтан БАҚ адами мұраттарға бет бұрыс жасаса. Пайдалы болар 
еді... Сөз бостандығы болмай, ой бостандығы болмайды» [6].
 
Құқықтық  мемлекет  –  саяси  ұйымның  билігін,  адамдардың  құқығы  мен  бостандығын  толық 
қамтамасыз етуге жағдайлар жасайды.
 
Бұл ретте құқықтық мемдекеттің негізгі екі принциптері бар:
 
    -адамның  жəне  азаматтың  құқығын,  бостандығын  толық  түрде  қамтамасыз  ету,  жеке  адамдарға 
құқықтық ынталандыру режимін жасау;
 
    -құқықтың  көмегімен  мемлекеттік  билікті  біртіндеп  байланыстыру,  мемлекеттік  бөлімдер  үшін 
құқықтық тежеу режимін кұру.
 
Бірінші принцип – Қазақстан Республикасы Конституцияның 1-бабында мынадай қағидамен 
бекітен:  «Құқықтық  мемлекет  өзінің  тағайындалған  қызметін  біртіндеп  орындауға  міндетті  –  əрбір 
азаматтың жеке басының жан- жақты даму мүмкіншілігіне кепіл беруі қажет».
 
Қазіргі кезде табиғи түрінде мойындалатын азаматтық, яғни, саяси, экономикалық, əлеуметтік 
жəне  жеке  адамның  құқықтары  мəселелері  «Адам  құқығының  1948  жылғы  Жалпыға  бірдей 
декларациясында» жəне басқада халықаралық актілер де көрсетілген.
 
Екінші негізгі принциптің жүзеге асырылуы мынадай жолдарды пайдалану аркылы жургізіледі:
 
Биліктің  заң  шығару,  атқару  жəне  соттар  мақтарында  адамның  құқықтары  мен  бостандықтарын 
мақсатты түрде теріс пайдалануға жол бермеу;
 
-
 
федерализм, яғни, билікті төменнен бөлу арқылы толықтыру əрекеттері жүргізіледі;
 
-
 
заңның  үстемдігі  (барлық конституциялық  талаптарды  қатаң  сақтау  арқылы  жоғарғы  билік 
органымен қабылданған заң атқарушы билікпен өзгертілугене жойылуға жатпайды);
 
-
 
мемлекетпен жеке адамның екі жаққа бірдей жауапкершілігі.
 
Жоғарыдан көрсетілгеннен басқа əрдатүрлі деңгсйде оларға жағдайлар жасайтын қағидаттарды 
бөліп  айтуға  болады.  Оған  қоғамдағы  жоғарғы  деңгейдсгі  құқықтық  сапа,  құқықтық  мəдениет, 
азаматтық қоғамның болуы жəне барлық құқықтық субьсктілердің жағынан заңдардың орындалуына 
бақылау жүргізуді ұйымдастыру кіреді.
 
Адам  құқығы  –  адам  мүдделерін  қанағатттандыруға  бағытталған  заң  арқылы  қорғалатын  іс-
əрекеттің  (  мінсз-құлықтың)  өлшем  (шамасы).  Мұның  өзі  адамның  жаратылыстық  табиғатынан 
туындайтын, қарапайымда ең маңызды игіліктерді, тұлғаның осы қоғамда еркінде қауіпсіз тіршілік ету 
жағдайында,  оп-оңай  жүзеге  асырып,  пайдалануының  мүмкін  екендігін  білдіретін  əмбебап  санат 
болып  табылады.  Қазіргі  кезде  адам  құқығы  жалпы  əлеуметтік  ұғым  ретінде  түсініледі.  Мұның  өзі 
тұлға бостандығы сапасындағы ұлттық мүдделерден де жоғары тұрған жалпы адамзаттық талаптармен 
қалыптарды бейнелейді əрі оларды қамтиды.
 
Адамның өмір сүруі жəне оның лайықты тұрмыс жағдайларында тіршілік ету құқығын жүзеге 
асыру үшін оның дүниеге келуінің өзі-ақ жеткілікті болады. Ал, басқа құқықтарын іске асыру үшін ол 
адамның  азаматпен  тұлғаға  тəн  өзіндік  қасиеттерінің  болуы  қажет.  Осыдан  шығатын  қорытынды, 
азаматтық  құқық  дегеніміз  –  заң  мен  мемлекет  тарапынан  қорғалатын  əрі  заң  тұргысынан  қарағанда 
осы  азаматтың  іс-əрекетінің  шама  мөлшері  анықтайды.  Жалпы  құқық  кім  көрінгеннің  мүддесін 
қапағаттандыруға  емес  тек  нақты  мемлекет  пен  тиянақты  байланыс  орнатқан  азаматтың  ғана 
мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған болып келеді,
 
Азамат  құқықтары  адам  кұқықтарына  қарағанда  əрдайым  заңдық  санат  (категория)  түрінде 
көрінеді.  Бұл  олардың  бір-бірінен  айырмашылығын  байқатады.  Азамат  құқықтарын  мемлекет 
танымайынша,  олар  заң  жүзіндс  баянды  етілмейіншс.  Адамның  нақты  жақпен  байланысы  тəуелсіз 
түрде болады жəнеі ске қосылуы əрі қолданылуы мүмкіне мсс.
 
Жеке тұлға бостандығы – азамат құқығы, яғни, мұның өзі қандайда бір кедергінің немесе бір 
нəрседен жасқанудың жоқ екендігін ғана білдіреді.
 
Құқық пен жеке тұлғаның саналуан байланыстары ең толық түрде құқықтық мəртебе ұғымы 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 
70 
 
Арқылы  ғана  сипатталуы  мүмкін.  Осы  сипаттауларда  жеке  адамның  заңдық  болмысының 
негізгі  жақтары  қамтылып  көрсетіледі-  Саяси-құқықтық  мəртебе  ғылымда  жеке  тұлғаның  қоғамдағы 
заң  баянды  етіп  бекіткен  жайымен  күйіретін  де  анықталады.  Саяси-құқықтық  мəртебе  жеке  тұлға 
құқықтарының,  бостандықтарының,  міндетгерімен  мүдделерімен  мемлекет  таныған  жəне  оған 
мемлекеттің  кепілдіктері  берілген  жиынтығы  болып  табылады.  Жеке  тұлғаның  шынайыжай-күйінің 
тұжырымдалуы  түрлі  жолдармен  саналуан  тəсілдері  арқылы  бірнеше ерекше құралдардың көмегімен 
жүзеге асырылады.
 
Əлеуметтік    жəне  мəдени  салаларында  да  азаматтарға  тиісті  құқықтар  ең  бекету,  демалысқа 
шығу,  тынығу,  білімалу,  əлеуметтік  қамсыздандыру,  зияткерлік  шығармашылықпен  айпалысу  жəне 
тағы  басқалар  жатады.  Олар  өз  кезегінде  «құқық  арқылы  қоғамды  қөмірге  ықпалын  тигізіп,  қажетті 
қоғамдық  тəртіпті  қалыптастырады».  Адам  құқықтари  мен  бостандықтары  көпшілік  мақұлдаған 
жіктеуге сəйкес
 
-
 
элеуметтік-экономикалық;
 
-
 
азаматтық;
 
-
 
мəдени;
 
-
 
жəне дербестік деп бөлінеді.
 
Жіктеп  бөлудің  мұндай  түрі  əлемнің зандық  іс-тəжірибелерінде,  сондай-ақ,  ұлттық-құқықтық 
жүйелерде де қабылданған.
 
Сонымен,  «сөз  бостандығы  мен  баспасөз  еркіндігі  -  демократияның  ауадай  қажет 
алғышарттарының  бірі.  Соңғы  жылдары  біздің  елімізде  демократиялық  процестерді  жетілдіруге 
бағытталған  талай  шаралар  қолға  алынды.  Ақиқатын  айтайық,  егер  Қазақстанда  сөз  бостандығы 
болмаса,  онда  Азаматтық  форум,  Əлемдік  діндер  съездері,  Еуразиялық  медиафорум  сияқты  алқалы 
жиындар  өтер  ме  еді?  Төрткүл  дүниенің  əр  түкпірінен  белгілі  сарапшылар  мен  саясаткерлер, 
журналистер Қазақстанға келіп, бүгінгі əлемдік өркениеттің жаһандық проблемаларын талқылай алар 
ма  еді?  Бір  сөзбен  айтқанда  анық  коғам  құрып,  демократиялық  қадамдарды  дамыту  арқылы... 
Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары үшін тұмшалаған тақырып жоқ» |7].
 
Елімізде  демократиялық  мемлекет  қалыптасуда.  Алайда  кез  келген  мемлекетте  демократия 
қағидаларын  орнықтыру  уақыттың  еншісі,  ал  ортақ  үлгі  жоқ.  Ол  мемлекет  демократияға  өзінің  сара 
жолымен  барады.  «Əлем  халқының  басым  көпшілігі  адамның  негізгі  құқықтары  жетілдірілетін  əрі 
қорғалатын, ал азаматтық қоғамы мен бұқаралық ақпарат құралдары саяси билікті жөнге салуда елеулі 
ықпалы бар демократиялық мемлекетте тұрғысы келеді».
 
Мемлекеттегі  демократиялық  құндылықтардың  бірі  -  сөз  бостандығы  екендігі  мəлім.  «Сөз 
бостандығын шектеуге  ұмтылушы  күштер баршылық. Билік  те сөз бостандығын  жақтыра қоймайды. 
Шексіз  сөз  бостандығын  қалайтындар  да  бар.  Барлық  пікірлер,  ойлар  айтылсын.  Адамдар  өзіне 
қажеттісін алады дейміз. Билік сөзі бар, халық сөзі бар, зиялы қауым сөзі бар. Сөздің бостандығынан 
нені ұтамыз, неден ұтыламыз деген ойды сараптай білу де қазақ қоғамына қажет. Билік өзі дұрыс сөз 
айтумен  қатар,  бұқаралық  ақпарат  құралдарына  дұрыс  сөзі  əділ  сөз  айтуына  бостандық  беруі  керек. 
Биліктің дара сөзі ғана жеткіліксіз. Қоғамның жарасын, кемшіліктері мен қайшылықтарын үнемі ашып 
отырып,  халықтың  көзін  ашып  отыратын  сөз  бостандығы  керек.  Өркениетті  елдерге  сөз  бостандығы 
тəн. Сонымен бірге сөз бостандығын жасампаздыққа бағыттау билікке де, халыққа да пайдалы», - деп 
белгілі  саясаттанушы  ғалым  С.М.  Борбасов  тұжырымдағандай  елімізде  шынайы  түрдегі  сөз 
бостандығының қажеттігі даусыз мəселе [8].
 
«Ақпарат  -  демократияның  негізгі  валютасы»  деп  америкалық  заңгер  Ралф  Нейдер  айтқандай, 
бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі мен сөз бостандығы демократияның басты нышандарының 
бірі.  Бұл  ретте  сөз  бостандығы  мəселесін  жүзеге  асыруда  батыстық  қағиданы  емес,  «тіл  кеспек  жоқ» 
деген аталы сөзге тоқтаған қазақи менталитетті ескерген жөн. Посткеңестік елдерде БАҚ - қоғамның 
саяси мəдениетін қалыптастырушы басты фактор, қоғамдық пікірдің қозғаушы күші ретіндс саналады 
 
 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 
71 
 
1. аза,стан. Республикасыны  Конституциясы. - Алматы:  аза,стан, 2000. - 96 6. 
2.Бредихина Т. Без свободы слова не будет силъной власти 7/Казахстанская правда. - 2009. - 
18октября3.Темірбеков А. Адам ,;,ы,тары мен бостандығы ма ызды // Президент жəне халы,.  
- 2009. -23 таыы з. 
4.Всеобщая декларация прав человека 7/ Сборник документов по международному праву. Т.1. 
Под общей ред. К.К.Токаева. -Алматы: САК, 1998. - С.388-392. 
5.Н;рымбетова Г.Р.  аза,стан хал,ыны  саяси ,атысуы: сипаты мен жолдары. - Алматы: 
2005. 
95-6. 
6.Борбасов С. Саясат сандыра,,а айналмасын //Жас ,аза,. - 2009. 
12 маусым. 
7.Исабаев Б. А,парат айдынындағы азаматты, ;станым. Дағдарыс кезінде БА  ат,арар міндет ,андай? 
// Жетісу. - 2009. - 6 маусым. 
8.« аза,стан ,оғамындағы а,паратты, процестер:РЯ, БА  менеджменті жəне 
маркетингі». Халы,аралы, ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары. -- Алматы:  
«Ргіпі-8», 2010. - 29б 6. 
Резюме
 
В  статье  рассматривается  влияние  средств  массовой  информации  на  становление  правового 
государства в РК, которое во главе ставил права и свободу человека как фактор демократическогоразвития 
государства. Автор отмечает, что СМИ играет больную роль в защите нрав и свобод человека. Свободное 
высказывание своих мыслей и воплощение их в реальность - это свобода СМИ,значит это фундаментальное 
право человека, которое защищается Конституцией РК. 
                                                                                Summery  
       İn article influence of mass media on lawful state formation in RK which at the head puts the rightsand freedom 
of the person as the factor of democratik development of the state is considered. The authornotices that  mass-media 
plays  large  role  in  protection  of  the  right  and  freedom  of  the  person.  Free  statements  of  the  thoughts  and  their 
embodiment    in  a  reality    is  freedom  of  mass-media,these  fundamental  human  rightswhich  are    protected  by 
constitution RK mean. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 
72 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет