Проблемы языкознания


М.ЖАМАНБАЛИНОВТЫҢ БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ БЕЙНЕЛІЛІГІ



Pdf көрінісі
бет22/40
Дата02.01.2017
өлшемі4,73 Mb.
#971
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40

М.ЖАМАНБАЛИНОВТЫҢ БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ БЕЙНЕЛІЛІГІ 
 
Мақалада  қазақ  балалар  поэзиясын  дамытушы  М.Жаманбалиновтың  суреткерлік  
шеберлігі,  көркемдік  ізденістері  қарастырылды.  Балалар    лирикасының  бейнелілігі 
талданды.Кіші  жастағы балаларға арналған өлеңдерінің идеялық-тақырыптық, көркемдік 
ерекшеліктеріне талдау жасалды. Сатиралық, юморлық бейнелерінің сомдалуы анықталды. 
Ақын шығармашылығының зерттелуі де сарапталды. 
 
Кілтті  сөздер:  балалар  лирикасы,бала  психологиясы,  сатиралық,  юморлық  бейне, 
кейіптеу, дыбыс ойнату әдісі. 
 
Қазақ  балалар  әдебиетінің  жанрлық  жағынан  толысуына,  балалар  лирикасының 
дамуына  дербес  үлес  қосқан  ақындардың  бірі  –  «балалар  әдебиетінің  бәйтерегі  атанған» 
Мүбәрак  Жаманбалинов.  Оның  қазақ    балалар  әдебиетіне  қатысты  құнды  өлеңдері, 
тақпақтары, ертегілері, поэмалары, жұмбақтары, жаңылтпаштары, санамақтары, шарадалары, 
мақал-мәтелдері  мазмұндылығымен,  бейнелілігімен,  ойлылығымен,  ойнақылығымен, 
ықшамдылығымен  ерекшеленеді.  Алайда  ақынның  шеберлігін  танытатын  жүйелі  еңбектер 
сирек. Демек, ақынның балалар поэзиясын талдап, зерттеп, зерделеп, әдеби үдерістегі орнын, 

185 
 
бағытын  айқындап,  қазақ  балалар  әдебиетіне  әкелген  соны  жаңалықтарына  ғылыми 
пайымдаулар жасауқажет. 
Қазіргі  кезеңде  ұлттық  мектептердің  бастауыш  сынып  оқушыларының,  қазақ 
балабақшасындағы  қай  ұлттың  баласының  болсын  тілін  сындырып,  жетілдіруде 
М.Жаманбалиновтың  шығармаларының  алар  орны  айрықша.  Сондықтан  ақынның  жеке 
шығармашылық лабораториясын ғылыми айналымға түсіріп, зерттеу өзекті мәселелердің бірі 
болмақ.  Қазақ  әдебиетіндегі  балаларға  арналған  шығармалар  жөнінде  әдебиеттанушы 
ғалымдар тарапынан ғылыми пікірлер әр жылдары айтылды, әдеби-сын еңбектер, мақалалар, 
диссертациялар  жазылып келді, балалар ақынының жеке шығармашылық процесін  арнайы 
саралаған  зерттеу  еңбектер  де  баршылық.  Дей  тұрғанмен,  М.Жаманбалинов  поэзиясындағы 
сатиралық, юморлық образдар,  оның көркемдік құндылығы әлі де түбегейлі зерттеуді қажет 
етеді.  
Ақынның  балалар  әдебиетіне  әкелген  жаңалығын  айғақтайтын  бірқатар  кандидаттық 
диссертациялар, ғылыми-сын еңбектер, мақалалар бар. Зерттеуші-ғалым Б.Қапасова «Қазіргі 
қазақ балалар лирикасы» кандидаттық диссертациясында ақын өлеңдерінің бейнелігін,  түрлі 
жастағы  балалардың  қабылдауына  сай  жазылуын  балалар  ақындарының  өлеңдерімен 
салыстыра  отырып,  талдау  жасаса,  «Қазіргі    қазақ  балалар  поэмасы»  (Г.Қажыбаева)    атты 
кандидаттық  диссертацияда    М.Жаманбалиновтың  балалар  поэмасында    фольклордың 
орнын,  ертегі  поэма  композициясына  фольклорлық  композициясының  әсерін  сараланды 
және  ертегі  поэмаларда  кейіпкер  бейнесінің  сомдалуына  талдау  жасалынды,  балалар 
поэмасының  көркемдік,  тақырыптық-идеялық,  стильдік  ерекшеліктерін  көрсетілді.  Ақын 
шығармашылығы  филология  магистрі  Д.  Қажыбаеваның  «Қазақ  балалар  әдебиеті» 
оқулығында  («Арман»  баспасы,    2011)  зерттелді.  Филология  ғылымдарының  кандидаты 
А.Бақыраденова ақынның 80 жылдық мерейтойына орай  шығармашылық тұлғасын ашарлық 
еңбек жазды. Зерттеуші  ақын өлеңдерінің өзіндік даралығы жөнінде мынадай пікір айтады: 
«Жалпы  балаға  жыр  арнайтын,  балаларға  жақын  ақындар  эмоциясы  –  ақынның  баланы 
жақсы көру сезімі өлең әуенінен, ырғағынан байқалып тұрады» [1,104]. 
«Қазақ  балалар  ақын-жазушылары»  атты  өмірбаяндық  еңбекте  (құрас.  Қ.Ергөбек) 
ақынның  балалар  әдебиетіне  келуі,  мақсаты,  шығармаларының  жазылу  сипаты  берілген. 
Қазақ балалар әдебиеті жайлы іргелі еңбек – сыншы Қ.Ергөбековтың “Мейірім шуағы” атты 
әдеби-сын  кітабы,  «Сөзстан»  жинағы  және  «Арыстар  мен  ағыстар»  еңбегінде  де  ақынның 
балалар лирикасына қомақты зерттеулер жслынды. Автор “Мейірім шуағы” атты әдеби-сын 
кітабында  М.Жаманбалиновтың  балалар  поэмасының  жанрлық  ерекшелігіне  талдау  жасай 
келе,  қазақ  балалар  эпикалық  поэзиясын  қалыптастырып,  дамытуға  үлес  қосқан  қаламгер 
екендігін  дәлелдеді.    «Арыстар  мен  ағыстар»  еңбегіндегі  «Бәйтерек»,  «Балалар  әдебиетінің 
бақшасында»    атты  мақаласында  әр  жылдары  баспадан  жарық  көрген  өлеңдеріне  талдау 
жасайды.  Қ.Ергөбек:  «Шығармашылық  -  көз.  Туа  бітті  талант  пен  жүре  қалыптасқан 
біліммен  жазатындар  арасын  ажыратып  тұратын  да  көре  білушілік  қабілет.  Және 
қалыптасуына орай, әр ақын әр түрлі көреді. Мүбәрак ақынның объектіге көз тігуі, байқауы 
барынша сәтті. Ол – суреткерлік көздің ақыны... Мүбәрак Жаманбалинов – айтарын образға 
бөлеп, өрнекті өлең жазып келе жатқан ақынымыз» -деп балажанды ақынның  табиғатының 
қыр-сырын  сипаттайды [2,131]. 
Әріптестері  де  шығармаларына  баға  беріп  отырған.  Солардың  бірі  –  балалар 
әдебиетінің  классигі  Мұзафар  Әлімбаев.  «Ақындықтың  негізгі  сыры,  басты  құпиясы, 
біздіңше,  қиял  ұшқырлығында,  талант  құдіреттілігінде.  Шын  ақын  өрнектеп  ойлайды, 
өлеңмен  толғайды.  М.Жаманбалинов  –  нағыз  балалар  ақыны.  Нағыз  балалар  ақыны  – 
қашанда  нақтылықтың  жауынгері»-  деп  ақындық  тұлғасына  баға  береді  [3,17].  Ақынның 
балалар поэзиясының  ерекшелігінің бір қыры  –  өмір көрінісін көркем өрнектеуімен қоса, 
бала  танымына,  қабылдауына  лайықтауы,  образды  бүлдіршіндер  мен  балдырғандардың 
тәлім, тағылым алу ойымен ұштастырып, тұтастықта алуы, өлеңдеріндегі өмір шындығынан 
алшақ кетпейтін бала мінезі мен әрекеті, қылығының дөп басып суреттелуі. 

186 
 
 М.Жаманбалинов жөніндегі  мақаласында  А.Бақыраденова:  «Назар  аударалық  сипат  – 
ақын өлеңдерінің қай-қайсысында да қазақтың қара домалақ баласы өз ортасында белгілі бір 
атпен жүреді. Ол Шимайшыл, бульдозерші Пірімбет, ел мақтайтын  шебер  Ақтай, сабақтан 
сасқан  Салақбай,  одыраңдаған  Ожар,  қамқор  бала  Қасым.  Өлеңдегі  осындай  кейіпкерлер 
балаларға  қандай  болып  өсулері  туралы  ой  тастайды.  Ақынның  үлгілі  мінезді  балаларға 
тартымды  есім  беріп,  ал  өзі  сын  айтатын  кейіпкерін  сөз-семсерімен  түйреп  өтуі 
оқырмандары ойлантпай қоймайды» -деп кейіпкерлер әлеміне баға береді [1,103]. 
Ақын  өлеңдерінің  бірінде  тәртіпті,  тіл  алғыш,  еңбексүйгіш  балалар  бейнесі  көрінсе, 
енді  бірінде  тілазар,  тентек,  алаңғасар  мінезді  балалар  бейнесі  сомдалған.  Демек,  автор 
өлеңдерінде  балалар  бейнесі  түрлі  қырынан  көрінеді.  Мұның  өзі  ақынның  бала  жанын 
барлаған психолог ақын  екендігінің дәлелі. Тентек балалар бейнесі ашылған өлеңдері үлкен 
бір шоғыр құрайды. «Мархабай» атты өлеңінде: 
 
 
 
 
Қос қалтасы толғанда, 
 
 
 
 
Сәл жүгірсе терлейді. 
 
 
 
 
Бес қалтасы толғанда, 
 
 
 
 
Мойны июге келмейді. 
 
 
 
 
-Ау, Мархабай, 
 
 
 
 
Хал қалай? 
 
 
 
 
-Қалта бай! 
 
 
 
 
Құлап қалып ақыры, 
 
 
 
 
Ойбайлады бақырып. 
 
 
 
 
Кіріп кетіп біз өткір, 
 
 
 
 
Жамбасына, дыз еттті [4,96]. 
Өлең  қарапайым.  Бейнелі  сөздердің  қолданысы  жоқтың  қасы.  Бірақ  тартымды. 
Неліктен?  Себебі,  ақын  тентек  баланың  әрекетін  қаз-қалпында,  боямасыз  беруінде.  
Алаңғасар,  шыдамсыз  бала  бейнесі.  Автор  осындай  балалардың  мінез-құлқын  дөп  басқан. 
Бір ғана «ойбайлады бақырып» эмоцияға толы сөзінің өзі бала бейнесін аша түскен. 
«Марат пен сауысқан» өлеңі  жанрына сай  қызықты сюжетке құрылған. 
 
 
 
 
-Балалар! 
 
 
 
 
Сауысқанды қараңдар! 
 
 
 
 
Марат диктант жазғанда, 
 
 
 
 
Дәл осылай алаңдар. 
 
 
 
 
Сүйектен сөз өткендей, 
 
 
 
 
Қызарақтап тұр Марат. 
 
 
 
 
Сауысқан мазақ еткендей, 
 
 
 
 
Бір шоқиды, бір қарап [4, 96]. 
Өлеңде  жылы юмор бар. Марат мінезі ақын сауысқанға тән әрекетпен шендестіруі кіші 
жастағы  балалардың  қабылдауына  сай  берілген.  Автордың осы  өлеңі  жөнінде  Қ.Ергөбектің 
пікірін  келтірсек:  «Марат  мінезін  саууысқан  әрекетімен  өлеңнің  басында  емес,  соңында 
шендестіру  өлеңді  өткірлей  түскен.  әсірелеу  әр  берген,  драматизмді  асқындырып,  күлкіні 
тұздықтай әшкерелеуге ұластырып әкеткен» -деп өлеңнің өзіндік қырын ашқан [2,136]. ақын 
«бір  шоқып,  бір  қарап»    юморға  толы  сөз  қолданысымен  Мараттың  мінез-құлқын  нақты 
берген. 
«Семірді»  өлеңінде  де  тентек  бала  бейнесі    ашылған.  Өлең  небәрі  алты-ақ  тармақ, 
алайда сол алты тармаққа ақын еліктегіш баланың психологиясын сыйдыра білген: 
 
 
 
 
 
Едіреңбек: 
- Мен қазір семірем,-деп, 
Орта шелек су ішті. 
Кетіріп сол тынышты, 
«Семіріп» алған күйінде, 
Бір күн жатты үйінде... [4, 97]. 
«Үйретті» өлеңінде де  өзі ақыл айтып, оны орындамайтын бала бейнесі көрінеді: 

187 
 
 
 
 
 
«Тіл алғыш бол!» - деп, інісін, 
 
 
 
 
Жүреді Сатан үйретіп. 
 
 
 
 
Інісі жүр оны күн ұзын 
 
 
 
 
Қол шанамен сүйретіп [4,98]. 
Төрт-ақ  тармақ.  Ешбір  бейнелі  сөз  жоқ.  Бірақ,  оқыған  кезде  көз  алдыңа  ағасын 
сүйреткен  кішкентай  бүлдіршін  келе  қалады  да,  еріксіз  жымиасың.  Автор  жылы  юмор 
сыйлай отырып, балдырғандарға үлкен ой  жеткізеді.  
«Еркегүл»  өлеңінде  балаларды  тазалыққа,  ұқыптылыққа  баулиды.  Ақын  бала  іс-
әрекетіне  құрудан  сатираның  күрделі  формасына  дейін  сатылай  өскен.  Оқиға  күлкіге  толы. 
Жалқау,  салақ,  олақ  бала  бейнесі.  Өлең  кейіпкері  –  сатиралық  образ.  Автор  мысқылмен 
балалардың  жанына  салақтықтың  зиянын  уытты  жеткізеді.  «Үрпиіп»,  «бұртиып», 
«ұйпаланған»,  «бырысқан»  эмоционалды-экспрессивті  сөз  қолданысы  салақ  бала  бейнесіні 
ашуда сәтті қолданылған. 
«Қыңыр» өлеңінде  әдепсіз  бала  бейнесі шоғырланған. Өлең эмоциялы. Автор есепшіл 
бала әрекетін дәл келтірген.  
 
 
 
 
-Әй, ұят-ай, ұят-ай! 
 
 
 
 
Әдепсіз боп кеттің-ау. 
 
 
 
 
Ұстазыңмен, міз бақпай, 
 
 
 
 
Амандаспай өттің-ау! 
 
 
 
 
Қыңыр сонда бұртиды: 
 
 
 
 
-Қорықпаймын мен,-дейді,- 
 
 
 
 
Мұғалім ол былтырғы, 
 
 
 
 
Биыл сабақ бермейді [4, 105]. 
 
Бір  ғана  әрекет  бар:  ол  баланың  ұстазымен  амандаспай  кетуі,  себебі  келесі  жылы 
биылғы  мұғалімнің  сабақ  бермеуі.  Бір  сәттік  әрекет.  Бірақ  ақын  айтар  ой  күрделі.  Баланың 
мұндай әдепсіз әрекетіне ақын бей-жай қала алмайды. Ақын ақырын шымшып ғана әдепсіз 
баланың  мінез-құлқын  оқырманына  жеткізе  білген.  М.Жаманбалиновтың  балалардың  түрлі 
психолгиясын  ашатын,  бейнелейтін  өлеңдері  көп.  әсіресе,  сатиралық,  юморлық  бейнелер 
сомдалған өлеңдері басым.  Олар: «Сығыз», «Бармақтай бас алдады-ау», «Мақтаншақ»,  «Таң 
қалды»,  «Жылауық»,  «Қап!»,    «Қаратөбеде»,  «Өзі  кінәлі»,    «Есербек»,    «Екі  сумка», 
«Күнделіктің өкпесі», «Қоңырау кетті үзіліп» өлеңдері. Аталмыш өлеңдерінің бәрінде уытты, 
сатиралық  ой,  жылы,  юморлық  күлкі  бар.  Мұның  бәрі  түрлі-түрлі  мінезді  баланың 
психологиясын  жете  меңгерген  ақынның  шеберлігінің  дәлелі.  Автор  балалар  лирикасының 
тақырып ауқымы кең. Әсіресе, табиғат көркін, жыл мезгілдерін, әр жыл мезгіліне тән табиғат 
құбылыстарын, жан-жануар, аңдар, құстар, өсімдіктер әлемін айрықша суреттеген. 
«Шеберін-ай  аяздың!»  өлеңінде  аяздың  суретшілік  қырын  жандандыра  отырып 
өрнектейді: 
 
 
Шеберін-ай аяздың! 
 
 
Әйнектерді қағаз ғып, 
 
 
Әшекейлеп қойыпты, 
 
 
Бірнеше ою ойыпты. 
 
 
Жапырақтардың, гүлдердің, 
 
 
Сан алуан түрлерін, 
 
 
Өркештерін өр таудың, 
 
 
Мүйіздерін арқардың – 
 
 
Бәрін, бәрін анық қып, 
 
 
Айнытпай-ақ салыпты. 
 
 
Суреттерді әр үйге, 
 
 
Әйнектердің бәріне, 
 
 
Түнде де салып береді, 
 
 
Көзі қалай көреді? [4, 75]. 

188 
 
Өлеңнің  шешімін  ойлы  сұрақпен  түйіндеуі  баланың  дүниетанымын  қалыптастырумен 
ұштасып  жатыр.  Ақынның  қай  өлеңі  болмасын,  бала  танымын,  қиялын  ұшқырландыру. 
Демек, бұл өлеңінде де автор осы идеяны  іске асырады. Ал  «Үскірік» өлеңінде  де қыстың  
«қатал мінезін» жасайды. 
 
 
Үскірік-ау 
 
 
Үскірік! 
 
 
Қалайсың, 
 
 
Сен қалайсың? 
 
 
Күні бойы үскіріп, 
 
 
Бір сәт дамылдамайсың? 
 
 
Бетті аяз шымшылап, 
 
 
Сорып бейне жатқандай. 
 
 
Енді біраз тыншып ал, 
 
 
Бостан-босқа мақтанбай. 
 
 
Я болмаса, 
 
 
 
 
тектен-тек, 
 
 
Ысқыра бер, мейлі, сен, 
 
 
Сенен қорқып, мектепке 
 
 
Бара алмайды деймісің! [4,76]. 
 
Кейіпкерлер – үскірік пен  бала.  Автор баланы сөйлету арқылы үскіріктің қаттылығын  
ашады. Сұрақ қою әдісі де ұтымды шыққан. Табиғаттың әр құбылысының өзіндік ерекшелігі 
болатындығына бала зейінін аударып, зер салдырады.Табиғаттың қызықты құбылыстарының 
бірі  –  дауыл.    Автор  табиғаттың  осы  бір  құбылысының  өзіндік  ерекшелігін  «Дауыл»  атты 
өлеңінде бейнелейді. 
 
 
Дауыл, 
 
 
Дауыл, 
 
 
Дауылда, 
 
 
Тыныштық бер ауылға. 
 
 
У-шу қылып теректі, 
 
 
Шаң-шаң қылып жер-көкті, 
 
 
Жұлып-жұлқып қақпаны, 
 
 
Бар ма сонда тапқаны? [4,24]. 
Өлеңнің ерекшелігі: еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерді образ жасауда сәтті қолдануы, 
риторикалық  сұрақ  қойып,  баланы  ойландыру,  дауылдың  екпінін  динамикалы  өрнектелуі. 
Теректі у-шу қылуы, жер-көкті шаң қылуы, қақпаны жұлқуы көріністерін жинақтау арқылы 
автор  баланың  көз  алдына  жан  бітіре  «дауылдың  бейнесін»  жасайды.  Табиғат  көркін  бала 
қабылдауына жеткізуде өзен, көлдің, бұлақтың ағысын образды суреттеген өлеңдері жеке бір 
шоғыр құрайды. «Бал- бұлақ» өлеңі бала танымына сай, тілі орамды, оқиғасы жұмыр. 
 
 
 
Сылдыр-сылдыр 
 
 
 
Сылдырап, 
 
 
 
Мөлдір бұлақ ағады. 
 
 
 
Былдыр-былдыр, 
 
 
 
Бал құрақ, 
 
 
 
Көмкереді жағаны [4,79]. 
Бұлақтың  «сылдыр-сылдыр,  сылдырап»  ағуы  –  ағыс  сипатын,  дыбыс  ерекшелігін 
білдірсе,  «былдыр-былдыр  бал»  суретті  сөзі  құрақтың  қозғалысын  көз  алдыңа  әкеледі. 
«Мөлдір»  эпитеті  судың  тазалығын  көрсетеді.  Құрақтың  жағаны  көмкеріп  алуы  да  әдемі 
сурет.  Бұлақ  ағысын  жағадағы  жайқалған  құрақтың  көркімен  үндестіріп,  табиғаттағы 
тіршіліктің бәрінде гармония болатындығына баланың көзін жеткізеді.  
 
 
 
Балғын-балғын 
 
 
 
Балалар 
 
 
 
Саялайды құрақта. 

189 
 
 
 
 
Отырады жағада, 
 
 
 
Шомылады бұлақта [4,79]. 
Табиғаттың әсемдігін өрнектеуде сол табиғат аясындағы  балалардың  тыныс-тіршілігін 
пареллель  өруі  балдырғандарға  экологиялық  тәлім-тәрбие  берумен  сабақтасып  жатыр. 
Өлеңдегі  «сылдыр-сылдыр»,  «былдыр-былдыр»,  «балғын-балғын»  сөз  өрнектері  әуезділікті 
арттыра  түскен.    Дыбыс  ойнату  әдісін    сәтті  қолданған.    «Мөлдіреген»  сөзі  де  судың 
тұнықтығын  көрсетеді.  «Күлім-күлім  қағуы»  кейіптеуі  бұлақтың  ажарын  әрлендіре  түседі.  
Өлең  бүлдіршін  тіліне  орамды,  жүрегіне  де  жылы  тиері  сөзсіз.  «Көлде»  өлеңінде  де  ақын 
бейнелі суреттермен табиғат құбылыстарын береді:  
 
 
 
Тал жағадан қарады, 
 
 
 
Дүр сілкініп, таранып. 
 
 
 
Аунап-аунап алады, 
 
 
 
Осында кеп ала бұлт. 
 
 
 
Көк аспанның күмбезін, 
 
 
 
Көрікті ғып көрсетпек. 
 
 
 
Көп толқындар Күн көзін, 
 
 
 
Алып кетті бөлшектеп. 
 
 
 
Топ шағала өтті, әне, 
 
 
 
Өз көлінде құс та – құт. 
 
 
 
Толқындарға кетті олар, 
 
 
 
Ақ орамал ұстатып [4,81]. 
Өлең тартымдылығы: талдың жағадан қарауы, дүр сілкінуі, тарануы тәрізді  жансызды 
жандандыруында.  Мұндағы  «сілкініп»,  «таранып»  сөзі  –  іс-әрекет,  қимыл  түрі.  Мұның  өзі 
өлеңге жан беріп, оқиға қарқынын күшейте түспек. Балалар өлеңдерінің басты бір шарты – 
ойнақылық  болса,  ақын  ойнақылыққа  кейіптеу  тәсілі  арқылы  қол  жеткізген.  Шағаланың 
толқындарға  ақ  орамал  ұстатуы  –  көркемдік  деталь.  «Ақ  орамал»  –  метафора.    Ақын 
баламасы  – ұлттық ұғымдағы бейнелі образ. Топ шағала – шағалардың көптігін білдірсе, әрі  
еркіндіктің символы.  
Табиғат  тақырыбындағы  жырларының  бірі  –  құстар  әлемінің  суреттелуі.  «Қарлығаш» 
өлеңінде: 
 
 
 
 Қанаты үп-үшкір, 
 
 
 
 Ұшындай қияқтың. 
 
 
 
 Қайшымен тегіс бір, 
 
 
 
 Қиылған сияқты. 
 
 
 
 Төсінде жайнаған, 
 
 
 
 Ал қызыл шуақ тұр. 
 
 
 
 Әсемдеп байлаған 
 Галстук сияқты [4,86]. 
Өлең суретті. Ақын теңеулерді ұтымды қолданған. Кішкентай ғана қарлығаш құсының 
табиғатын бүлдіршіндер ұғымына сай өрнектейді. Құстың сүйкімділігін арттыра түсіп, бала 
оқырманды  құстарды  аялау  сезіміне  жетелейді.  «Тырналар»  өлеңінде  де  құстың    әсемдігі 
паш етілген. 
 
 
 
Ұзын сирақ тырнамыз, 
 
 
 
Бай келеміз жырға біз. 
 
 
 
Оңашаны сүймейміз, 
 
 
 
Жиналып ап билейміз. 
 
 
 
Ұшқан кезде тізіліп, 
 
 
 
Жұрт қарайды қызығып. 
 
 
 
Бұлттан әрі асқанда, 
 
 
 
Ән шырқаймыз аспанда [4,86]. 
Ақын  тырналардың  топтаса  ұшуын  жырлай  отырып,  балаларға  бірлік,  достық  туралы 
да  мағлұмат  беріп  отыр.  Ал  «Торғайлар  қуанышы»  өлеңі  бала  атынан  жырланғандықтан, 

190 
 
бала ақылына, балдырған ұғымына тән. Бұл өлеңде кішкентай оқырманын қайырымдылыққа, 
құстарға қамқор болуға тәрбиелемек.  
 
 
 
Бір уыс дән шашып қап, 
 
 
 
Шолып едім қашықтан: 
 
 
 
Ұшып келіп әрқайдан, 
 
 
 
Жапырласты торғайлар. 
 
 
 
Қалғандай-ақ ашығып, 
 
 
 
Шоқып-шоқып асығып. 
 
 
 
Сілкініп те алады, 
 
 
 
Қанаттарын қағады. 
 
  
 
Секіріп те ойнайды, 
 
 
 
Өздерінше тойлайды. 
 
 
 
Қарасады айнала: 
 
 
«Қайырымды қай бала?!» [4,78]. 
«Жапырласты» сөзі торғайлардың көптігін көрсетсе, «Сілкініп те алады, // Қанаттарын 
қағады»  тармақтары    құстың  ұшу  ерекшелігі  мен  әсем  қозғалысын    танытады.  Өлеңде 
табиғат  жаратылысының    бірі  –  құстарды  аялау,  бағалау,  сүйсіну  идеясы    бар.«Сауысқан» 
өлеңінде  автор  соны  теңеулер,  тың  метафоралар  қолданған.  Және    тосын  да  жаңа  сөз 
айшықтары бала өмірімен ұштастырылған. 
 
 
 
Киіп алып сауысқан, 
 
 
 
Оқушының формасын. 
 
 
 
«Тақпақ айтып» дауыстап, 
 
 
 
Жаңғыртты-ай кеп дөң басын. 
 
 
 
Қалды кенет ұмсынып, 
 
 
 
Жазатын бір хат бардай. 
 
 
 
Автоқалам – тұмсығын, 
 
 
 
Сүйкеп қойып ақ қарға. 
 
 
 
Тұрды біраз тәкаппар, 
 
 
 
Дүр сілкініп қалды да.... 
 
 
 
Ақ қағаздай аппақ қар, 
 
 
 
Жаюлы тұр алдында [4,89].  
Лирикалық  кейіпкер  адам  кейпіне  еніп,  оқушы  формасын  киіп  алуы,  тақпақ  айтуы, 
дауыстап  оқуы,  дөң  басын  жаңғыртуы  –  балаға  тән  әрекет  болса,  автор  сауысқан  әрекетін 
жандандыру  арқылы  балаларға  бос  жүрмей  еңбектену  қажеттігін  ескертеді.  Ақын  өлеңінің 
идеясы  – еңбекшіл, талапты жасты тәрбиелеу.  
Ақынның  суреткерлігі  өсімдіктер  әлемін  бейнелеуден  де    танылады.  «Терек  жыры» 
өлеңінде лирикалық кейіпкердің өсіп-өну, дамуы өрнектелген: 
 
 
 
Желкілдеген терекпіз, 
 
 
 
Біз – саямыз, керекпіз. 
 
 
 
Өзен бойлап өсеміз, 
 
 
 
Өзен – біздің көшеміз. 
 
 
 
«Көшемізге» қараймыз, 
 
 
 
Кемелерді санаймыз. 
 
 
 
Кейде өсеміз сайда біз, 
 
 
 
Сайдың суы – айнамыз. 
 
 
 
Айнамызға қараймыз, 
 
Шашымызға тараймыз [4, 85]. 
Бірлік пен татулық, туыстық  пен бауырмалдық идеясы өлеңде ашылған. Терек мінезі 
де бала мінезімен астасып жатыр. Жылы да шуақты ой бар. Ал «Шілік» өлеңінде лирикалық 
кейіпкер атынан сөйлету әдісі тиімді қолданылған. 
 
 
 
Мен бәріңе білікті, 
 
 
 
Солқылдаған шілікпін. 

191 
 
 
 
 
Қаймықпаймын дауылдан, 
 
 
 
Күзгі нөсер жауыннан. 
 
 
 
Мына мені қайта сен, 
 
 
 
Сондай күні байқайсаң! 
 
 
 
Өнерімді жұмсаймын, 
 
 
 
Акробатқа ұқсаймын: 
 
 
 
Мың иілсем, қыңбаймын, 
 
 
 
Жүз бұралсам сынбаймын. 
 
 
 
Өмір бойы себебі, 
 
 
 
Жаттығумен келемін[4,87]. 
Ақын  шіліктің  төзімділігі,  беріктігін  паш  ету  арқылы  балаларды    шымырлыққа, 
шыдамдылықққа  баулиды.  Шілікті  акробатқа  ұқсатуы  да  бейнелі  көрініс.  Мұнда  нәзік  бір 
қимыл-қозғалыс та бар. Автор «шынықсаң шымыр боласың» деген идеяны алға шығарады. 
Түйіндер  болсақ,  ақын  өлеңдерінің  ерекшелігі:  бала  психологиясын  ұзынсонар 
суреттеп  жатпай-ақ,  бірер  әрекеті,  бірер  қимылы,  мінезі  арқылы  ықшамды  да  жинақы 
оқиғаны  жеткізіп,  бала  бейнесін  ашады.  Бала  бойында  кездесетін  олқы  мінезді  біресе  өткір 
жеткізсе, енді бірде шуақты күлкімен көмкереді. Ақын өлеңдерінде бала бейнесін өрнектеуде 
де  өзіндік  көркемдік  ізденістердің  молдығын  байқадық.  Әрбір  баланың  ішкі  жан-дүниесіне 
терең  үңілетін  ақын  тұлғасы  танылды.  М.Жаманбалинов  –  қазақ  балалар  әдебиетінде 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет