Проблемы языкознания


«КҮТУМЕН КЕШКЕН  ҒҰМЫР» РОМАНЫНДАҒЫ ӨНЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН



Pdf көрінісі
бет31/40
Дата02.01.2017
өлшемі4,73 Mb.
#971
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40

«КҮТУМЕН КЕШКЕН  ҒҰМЫР» РОМАНЫНДАҒЫ ӨНЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН 
ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДЕГІ КЕРАҒАРЛЫҚТАР 
 
Ұлттық  менталитеттің  теориялық,  тарихи-философиялық,  этнопедагогикалық 
негіздерін  шынайы  өмірдің  арнасынан  сүзіп  алған  Б.Нұржекеев  әңгіме,  повесть, 
романдарындағы  кейіпкерлер  болмысынан  тауып,  олар  оны  қалай  бейнелегенінің  сырына 
қанықтыру.  Ұлттық  менталитеттің  уызын  тал  бойына  сіңірмей  нағыз  қазақты  көз 
алдыңызға  елестете  алмайсыз.  Өмір  –  күрес.  Сол  сұрапыл  күрес  айдынында  ұлттық 
сипатқа  айналған  дәстүріміз  бен  дүниетанымымызды,  әдетіміз  бен  әдебімізді,  арманға 
жету  жолында  қайыспас  қайсар  қаһармандық  ұстанымымызды,  даламыздай  дархан 
бітімімізді  айғақтап  тұрар  ерекше  ұлттық  мінезіміз,  тұлғамыз  дараланып,  оқшау 
бітімімен бұлтты жарып, жаһанды жадыратар нұрын төгіп шыға келмек.  

268 
 
 
Кілт сөздер: Бақайесеп, тобанаяқтық, дипломатиялық, тактикалық алғырлық.   
 
Қазақ  жазушыларының  ішінде  ұлттық  менталитетті  өзінің    кез-келген   шығармасында 
басты  тақырыбы  ететін  жазушының  бірі  -  Бексұлтан  Нұржекеев.  Өйткені,  тисе  терекке, 
тимесе  бұтаққа  қаламын    тербеп  жүргендер-нысанасынан  жаңылып,    оңай  олжа  іздеп,  
ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүруге кәнігіленіп кеткендер. Ал нағыз қаламының  қамау 
тері алынып, алысқа шабатын дарындар ең көкейкесті,  басты тақырыпты көздеп, халқының 
арман-аңсарын  темірқазығы  етпек.  Ғалым  М.Неведомский:    «Толстой  спокойно  и  уверенно 
вводит нас в душу  каждого своего героя, и мы вместе  с ним глядим изнутри этой души на 
окружающий  мир,  глядим-глазами  героя,  слушаем-его    ушами,  ощущаем  каждое  движение 
его мускулов,  каждое движение его нравов. Нет тайн. Все ясно, все известно, до последней 
психологической черты. Толстой  вводит в нашу художественную литературу особый прием-
трактовать каждую сцену с точки  зрения интересующего в данный момент лица» [3, 73], - 
деп ұлы жазушының қолы жеткен биік шеберлігіне тәнті болады.  
Сол айтпақшы,  қазақ жазушысы ұлттық кейіпкердің бойындағы  ұлттық өнерге деген 
құлшынысты,  сол  ұлттық    өнерден  қалың  тыңдарман  тыңдағанда  әннен  алған  әсерлері 
әлемет,  құдды,  ұлы  Абай  жырлағандай:  «шырқап,  шалқып,  сорғалап,  тамылжиды,    жүрек 
тербеп  оятар  баста  миды,  бұл  дүниенің  ләззаты  бәрі    сонда,  ойсыз  құлақ  ала  алмас  ондай 
сыйды»...  Қазақ  филормониясы,  қазақ  концерті,  Опера  және  балет  театры,  драма  театрлары 
жоқ  заманда    жалпақ  жұртты  халық  арасынан  шыққан  әнші-сазгер,  ақындары  олқының 
орнын  толтырып,  бір  өздері  қаншама  өнердің  басын  қосып,  барған  жерлерін  әнмен  де, 
күймен де бөлеп,  артистік шеберлікпен орындап, думанға қарық қылған. Соның бірі әрине, 
«Күтумен  кешкен  ғұмырдағы»  Әтіке-әнші,  сазгер,    ақын.  Қазақ  әншілік  өнерді  жоғары 
бағалаған.    Сал  –  серілерді  еркелетіп,    олармен  қауышуды  асыға  күтіп,  кездестіруді  үлкен 
мәртебе,  қол  жетпес  арман  санаған.  Сондықтан,  олардың  халқымен  қауышуының  сән-
салтанаты,  көрсетілетін  құрмет,  жұртына жасар  еркелігіне    қарай  сал  және  сері  деп  жіктеп, 
екеуінің арасына айтарлықтай қошамет-құрметтің түрлерін де халық өзі ойлап тапқан. Өнер 
де - маңдайдың терімен келетін киелі  құбылыс.  
Соны    ескермеген    ыстық  суға  тоғытылған  тасбақадай  өзін  өзі  жоғалтып  алары  кәдік. 
Қапал,  Баркөрнеу,  Аққайқы  өңірінен  басқа  жерге    аты  шықпаған  өнерлі  жігіт  Әтіке  жолы 
түсіп  албандардың  арасына  барып  қайтады.  Барша  албан  жасы,  жасамысы,  кәрісі  бар 
жиырма беске толмаған күміс көмей әншіні жатырқамай, бір жеті құмары қанғанша тыңдап, 
Айсары болыстан бастап аяғынан тік тұрып құрметтеген. Сол сәтті Бексұлтан: «Қонақ еткен 
ауылдар,  қошамет  көрсеткен  қыз-қырқын,    батагөй  қарттар  мен    сауыққой    жігіттер  есіне 
солар түссе,  бүйрегі бүлк етіп   бір  қозғалып кеткендей  болады:  оларды еске алғанның өзі 
соншалық  рахат.  Көзін    жұмса-ақ    бәрі  қаз-қалпында  көз  алдына  дөңгеленіп  келе  қалады... 
Қазаққа  көш  жердегі    ауылға  дейін  көрші,  олардың  бас-аяғы  жиналғанша,  мал  сойылып,  
одан қазан көтерілгенше әнге де, әңгімеге де уақыт кең-молынан жетеді...  «Әнші келіпті», - 
дегенді  естіген    жұрт  дәп  біреу  тегін  ақша  үлестіріп  жатқандай  ентелейді.  Соншалық 
құрметке бөленіп отырып, ондайда салмаған ән өзі де әдіре қалсын» [2, 5], - деп бейнелейді. 
Әншіге керегі – қошамет. Күллі ауылдың қоғадай жапырылып, ұлықтан әрман күтіп,  әннің 
әуезін,  сөздің  шырынын  сіміріп,    кірпік  қақпай,  аузын  ашып  беріле  тыңдауы  Әтікенің 
арқасын  онан  арман  қоздырып,  әсіресе  жас  қыздар  мен  қасы-көзі  қиылған  албанның 
кермаралдай  керілген  сұқсыр    келіншектерінің  найзадай  кірпіктері  әлдебір  сезімнің  
кілегейін шайқаса жас әнші  ол ыстық сәттерді  қалай сөндіре салмақ?.. Қазақ үшін «өмірдің 
алды  –  ыстық,  арты  –  суық,  алды  ойын,  арт  жағы  мұңға  жуық,  жақсы  әнді  тыңдасаң  ой 
көзіңмен, өмір сәуле көрсетер судай тұнық» (Абай).  
Сондықтан  жұртымыз  қарын  тойдырып,  тәннің  талабымен  хайуанша  күйсегеннен, 
рухани  ағзасын тойдыратын, алпыс екі  тамырына  ағыс беріп,  қатып қалған тамырларына  
қуат-күш,  ыстық  толқын  ойнатып,  түлететін,  «құлақтан  кіріп  бойды  алатын,  жақсы  ән  мен 
тәтті  күйді»  аңсаған.  Тыңдарман  «Әнші  келді»  деген  ұзынқұлақ  жеткенде,  күнделікті 

269 
 
таусылмайтын  қу тірлікті доғара тұрып,  әншіні көзбен көріп, жүздесіп, тыңдағанша  сабыры 
қалмаған.  Өзін  аңсап,  әнін  көктемгі  ағысқа  қарсы  жүзген  балықтай  толқынға   мініп  жеткен  
халыққа  Әтіке  қалай  еміренбесін,  «көңілге  түрлі  ой  салар»  отты,  назды  әндерін  қалай 
шырқамасын! Әнмен табысу, әншімен табысу – қазақ үшін Қызыр баба ауылына  қонғанмен 
бірдей, мал сойылып, қазан көтеріліп, қымыз ақ бұлақтай ақтарылмақ, өйткені, «әннен баһра 
алудың» сәтінен қазаққа қымбаты жоқ. 
Көрнекті жазушы К.Федин: «Чтобы понять характер, надо  понять его рость, понять из 
чего этот рост складывался. В какой семье жил,  в каком доме, школе, обществе, государстве 
формировался  герой...  это  не  значит,  что  мы  должны  непременно  биографически 
рассказывать  о  каждом  герое  все,  что  сложило  его  биографию,  но  это  не  значит,  что  мы 
можем  понять его в данную секунду, не зная, как он формировался, чтобы прийти к  этой  
секунде» [4, 28], - демекші, Б.Нұржекеев  «Күтумен кешкен ғұмыр» романында баскейіпкер 
ретінде    бейнеленетін  Әтікені  Суанның  Солтанқұл  бұтағынан    шықты  деп  мәлімет 
бергенімен,  нағыз өнер адамдары руымен емес, шыққан өңірінің намысын жыртуымен аты 
шыққан.    Өңірі,  кейін  атағы  күллі  қазақ  даласын  шарлағанда  елі  боп  әспеттеп,  мақтанған.  
Әзірге  Әтікені  туған  өлкесінің  сөзін    ұстаған,    ешкім  алдын  кесе  өтпеген,  ауыл  ардагері 
Байтарақ  қария:  «Егер  шындап  өнер    қуам  десең,  ел  арала,  жақсылармен  жолық,  
жайсаңдармен  жүздес;  үйренерсің,  ой  түйерсің,  әйтеуір,  есейіп  қайтасың»  [2,  6],-деп  кеңес 
береді.  Өйткені,    Әтіке  Қапал  өңірінен  сонау  Кеген  аймағы,  Қарқара  жайлауы  асып 
Албандарды    ән  бұлағымен  суарғанда,  өнер  десе  ішкен  асын  жерге  қоятын,  ояу,  жаны 
жомарт  Айсара  болыс  Әтікенің  өнеріне  құлап,  Қапал  уезінен  көшіп  кеп,  Қарқараға  қоныс 
тебуін өтінеді.  
Осы жақтың қызына үйлендіретінін, басына үй көтеріп, алдына мал салатынын айтып, 
жік-жапар болады. Бірақ, «ит тойған жеріне, ер туған жеріне» деген ата-баба өсиетіне берік   
әнші жігіт жайсаң,  жақсы ағаның ыстық ілтипатына ерігенімен, өтінішіне келісе алмай еліне  
оралады. Жоғарыдағы Байтарақ қарияның өнерпаз, қанатты інісіне ел арала, жер көр, кеудесі 
алтын  сандық қариялармен, ел қамын  жеген жақсылар, халық  мүддесін ойлаумен шашын 
ағартқан    жайсаңдармен  әңгіме  дүкен  құр,  жаның  жаңарады,  жүрегің  нұрланады,    қаның 
асылданады,    сөйтіп,  рудың  сойылын  соғатын,  ұрдажық,  оспадар,  тар  ойлап,    кем  пішетін 
мысық    тілеушіліктен,  халқыңның  мұратын  армандаған  биік,  тұлғалы  азаматқа  айналасың,  
әкенің  емес  халықтың  ұлы  боласың  деуі  тегін  емес.  Жүйріктің    алдына  қара  салмай 
қарақшыға  жетуін  қосқан  елі  үздіге  тілегенімен,  даңқы  қызғаншақ  Күнес  әншінің  
күншілдігін қозыдырып, аңдыған жендет шың басында алаңсыз өзімен-өзі сырласып тұрған 
біртуар талантты құзға құлатады. Жабы   Сальери тұлпар Моцарттың түбіне осылай жетеді.  
Сондықтан үздік талант, даусыз жүйрік жалғыз жүрмей, қасына өнері  өнерімен үйлес, жаны 
жанымен  мұңдас, азаматтығы досының сырын шашпайтын, басына  іс түссе,  кеудесін  оққа 
төсеуден де  қашпайтын сыңарын бірге ерте жүргені жөн.  Аузы дуалы, көзі қырағы Байтарақ 
қария  Әтікеге: «Бірақ тынық та, Жүнісбекті де қасыңа ертіп сапарыңа  қайта шық.  Айсары 
дұрыс  айтыпты:  «Жүйрікті  жүйріктермен  ғана  жарыстырып  сынайды.  Бекер  адам  болыс 
болмайды, балам. Тәтті қылығы, алдайтын тілі бар болғасын болады.  Сыйлапты, бағалапты 
– бәріне рахмет. Өлеңіңе қызығып қия алмаған шығар, қасыма ертіп  барып жәрмеңкеде ән 
шырқатсам  деп  қиялдаған  шығар, оның  несі  сөкет»  [2,  17]  –  деп  бағын  ашайын  деп  тұрған 
сапарына  жалғыз  аттанбай,    бала  күнінен  бірге  өскен,  өңірге  аты,    өнері  мәлім  Жүнісбекті 
ерте кетуге кеңес береді. Тегі, қазақ қарияларының ерекшелігі  аулындағы бітімі бөлек жасты 
бөтенсінбей бауырына тартқан,  жұрты үшін жаралған  аймаңдай ұлды баулып, жамандықтан 
жасқап,  құдды  бір  жеміс  ағашындай    түзеп,    өміршеңдікті  бойына  сіңіруден  жалықпайтын 
дарқандығы  дер  едік.  Бұл  да  –  ұлттық    менталитет.  Жаугершіліктен,  бөтеннің  қырыс 
қылығынан  көп  таяқ  жеген  халық  ұрпақ  тәрбиесінде    өзінікі,  өзгенікі  деуден  аулақтау  
жүргенді  жөн санаған. «Не ғылым жоқ, немесе еңбек  те жоқ, ең болмаса кеттің ғой мал  баға 
да алмай» (Абай), - деп ұлы ақын налығаны жөн шығар, ал Байтарақ қария еңбекке де,  мал 
бағуға да икемді өнер десе жанып тұрған жасты бөтеннің  ызғарлы қабағынан, ішітарлардың 

270 
 
тырнағынан, ағайынның табасынан, құздың тайғанақ жағасынан сақтандырады: «Күні бұрын 
күпінбей іштей әзірлен.  
Әйгілемей,  бәйге  әндеріңді  құпия  сақта.  Жиын-той-жігітке  сынақ.    Көпшілік  отырып-
тұрғаныңа дейін талғайды. Ән арасында  әзіл сөз – ол да жұрттың жүрегін табады.  Тапқыр 
қалжың  –  танымайтындардың  өзін  бауырға  тартады.  Батыр,  балуан  емессің,    озбыр 
сөйлеуден  аулақ  бол.  Сызылған  әніңе    ондай  оспандарлық  үйлеспейді»  [2,  17]  –  деп 
ғұмырына  жетерлік ақыл-кеңесін қосады ақылман қария Байтарақ. Егер мұхит  топаның тас-
талқанын  шығарса,  жер  бетін  топан  су  қарап  қылары  анық.  Күллі  жұртты    аспан  астына 
жинап, ләззатқа бөлеп отырған ән, оның сөзі адамның  қан тамырын қуалап, жүйкесін құрт 
қосқан  сорпадай  жібітіп,  ақиқатқа  имандай  ұйытпаса,  онда  өнердің  құны  көктиын.  Өнер 
ешқашан  қайталанбас  сазы,  сөзі,  орындау  шеберлігімен,  философиялық  тереңдігімен, 
тапқырлығы, жан-дүниеңді жібек орамалмен сипағандай жайлы әзіл-қалжыңымен, шешендік 
үйірімдерімен баурауы қажет. Ал, бөтен сөзбен бұлғанып, жаныңды өтпес пышақпен   қинап, 
дөкір  мінез-әрекеттерімен,  қимылымен  намысыңа  тиіп,    заңды  ашу-ызаңды  тудырса,  ондай  
әншісымақтардан  жұрт  теріс  айналып,  көктемді    дәметіп,  аязды  қыстан  жаурап  оралғандай 
жиренішті сезімге бөленбек.  
Байтарақ  қария  Әтікенің  әні  эстетикалық  биіктен  табылуын  «көңілге  түрлі  ой  салар» 
дәрежеден  төмендемеуін  өлшеу  етеді.  Сол  «өлшеу  еткен»  әнді  орындау  үстіндегі  Әтіке 
әншінің психологиялық жан құбыласын Б.Нұржекеев: «Әтікеннің ең ажарлы кезі ән салғанда 
сияқты.  Ақ  сұр  реңі  алакүрең  тартып,  жүдеу  жүзіне  жұқа  қызғылт  әдемі  жарасады.  Көз 
шарасы қарашыққа  ғана толып, жанарын жалт аударғанда, жел шайқаған тұнық көл құсап,  
кемерінен асып төгіле жаздағандай  әсер қалдырады. Қас қағымның ішінде  көз жанарының 
аясында    қиямет  өзгерістер  болып  өтеді.  Ән  сазымен  септестіріп    қойған  өзгермелі  сурет 
құсап  бет  келбеті  де  әуенге  орайлас  құбылады.  Сақпанның  тасындай  көкке  зырлаған  дауыс 
шырқау  биікке  барып  әсем,  дірілдеп,  көпке  дейін  төмендемей  тұрып  алды»[1,45-46-б],-деп 
поэтикалық бояуын келістіре жағып, әнші мен әннің гармониялық үйлесімінен тұратын сәтті 
Нұржекеев дәл ұлы Абайдың: «Көбінесе ән басы келеді ащы, «Кел тыңда!» деп өзгеге болар 
басшы, керім толғап, тауысар қаңғыр-күңгір, сол жеріне ойыңмен араласшы» деген өлшемін 
айнытпай    жүзеге  асырғандай.  Қазақ  әнді-көңілдің  ажарына  балап,  әнсіз  ғұмырдың 
мәнсіздігін ежелден-ақ  ұққан дана халық.   
Тек ұйып тыңдауды місе тұтпай, әншінің мерейін өсіріп,  төккен теріне лайық бағасын 
беріп,  қоштап,  делебесін  қозыдырып,  шабыттандыра,  аруақтандыра  түскен.  Әтікенің  өзі 
шығарған  «Баркөрнеу»  әнін  тыңдап  болып,    көзі  шоқтай  жанып,  ойға  батқан    Байсиқ    шал 
бастасы  Байтарақ  қарияға  қарап  басын  шайқай:  «Ән  емес,  ақыл  ғой  айтқаны.  Жақсылар 
дейміз, садаға кетсін бәрі! Бүтін елді бұтарлап қалай бөліп аларларын  білмей, өзді-өзі өлісе 
жаздап  жүрген    жоқ  па,  түге.  Білген  құлға  бұл  әніңнен    артық  не  айтарсың.  Бәрі  осы 
Баркөрнеудің  бауырында  туса  да,  әрқайсысы  өз  алдына  жеке    Баркөрнеу  болғысы  кеп  
жүрген  мына  бауырларың  тағы  бір  тыңдасын,  қайта  бір  айтшы,    айналайын!..  «Мына» 
дегенде,  неге  екенін,    иегі  Жайту  жақты  меңзеді»  [2,  47],  –  деп  әннің  сазына  да,    әсіресе 
сөзіне риза болып, толқиды. Қуатты да үнді, кең тынысты даусына таңқалады.  
Қазақтың  менталитетіне  қатысты  тағы  да  бір  сұңғылалығы  -  ол  қарсыласының  күші 
асса, өнері асса мойындап, қошемет көрсетуге тайсалмайтын кісілігінен де көрінеді. Үмбетей 
қажы жасаған аста-төк тойда жиналған жұрттың алдында әншілігімен көзге түскен Әтікеннің 
қайталанбас қабілетіне осы қуанышқа алыстан ат арытып Теріскейден  арнайы шақыртумен 
келген  екі  әнші  Сақан  мен  Түсіп  қатысып,  Алла  бойларына  дарытқан  дарынына 
Жетісулықтарды  таң-тамаша  етпек  еді.  Алайда  Әтіке  жарыста    соңына  қара  ертпей, 
дарабоздығынан  жаңылмады.  Атақты  әнші  Түсіп  өзінің  «күндесі»  Әтікеннің  өнерін 
мойындап,  «астыңа  мінгізген  атым  болсыншы»  деп    қақпақ  бетін  сүйекпен  өрнектеген 
домбырасын сыйлады. Екінші мықты әнші Сақан да ағасының мәрттігінен үлгі алып, «бәйге 
берсеңдер, Әтікеге беріңдер!»  деп атадан келе жатқан жолдан жаңылмайды. Бірақ Сақан да, 
Түсіп  те  одан  кішірейіп  қалған  жоқ,    қайта  өнерді  өнерпаз  ғана  мойындайтын  алыптығына 
жұртты  бір  теңселтіп  алады.  Француз  жазушысы  Ф.Ларошфуко:  «О  достоинстве  человека 

271 
 
нужно судить не по его  великим дарованиям, но по тому употреблению, которое он делает 
из них» [5, 295], - демекші, Әтікенің сазгерлігі, ақындығын  елемеген күнде, тек әншілігімен 
–ақ  топ  жарды,  ал  қалған  екі    қырын  үстемелеп  қосса  жұлдызы онан  да  жоғарлап, жарығы 
маздап  жанары  ешкімге  күмән  қалдырмады.  Қазақ  ұрпағына  тастан  сарай  салып,  Қытай 
қорғанын  жүргізіп,    өнер-білім  бар  жұрттардай  сусыздан  сусын  ішкізіп,  мың  шақырым 
жерлерден  жылдам хабар алғызбағанымен, бай ауыз әдебиетін, мәңгі өлмес, құлалас қазына 
қалдырып кетті.  «Баркөрнеу»  әнін  бастағаннан-ақ Байсиық шал мұндай кереметті тудырған 
жігіттің  жаралған топырағының  басқаларға ұқсамайтынын бірден мойындайды. Ел соңынан 
ерді  деп  санайтын  Жайту,    Байту,  Үмбетей  қажы,  Жұмабек,  су  жұқпас  Сүлеймен,  Елшібек 
Темірәлі,  Дастарбек,  Нүсіпбек,  Темірәлі,    Құдайберді,  Бекмұқан  т.б.  «бүтін  елді  бұтарлап», 
«ортақ өгізден оңаша бұзау артық» деп билікке  таласып, басына моншақ көтерген жұртын 
алатайдай  бүлдіріп,  қажының  тойын  ырың-жырыңға  айналдырып,  соңын  бітіспес  кекке, 
таусылмас  дауға  ұластырып,  өшіруі  қиын  өрт  тастап  кетті.  Қазақты  қазақ  етпей  жүрген 
қасиетсіз қылықтар да романда бой көрсетеді. Үйгентастың белінде отырған Үмбетей қажы 
өзінің  қуанышын  алыс-жақында  тұратын  ағайын-туған,  құда-жекжаттарымен  бөлісу  үшін 
үлкен бір той жасауды көңіліне алады.  
Ас беру, той өткізу үрдісі сонау сақ заманынан келе жатқан көшпенді бабаларымыздың  
жомарттығын  көрсететін  әдемі,  елді  ынтымақ-бірлікке  шақыратын  әдеті.  Көптің    басын 
қосатын той ырың-жырыңсыз өтуіне мазасызданған Үмбетей қажы өзінің ең жақын,  сенімді 
жігіті  Жұмабекке:  «...біз-тойдың  иесі,  түзік  жүрсін.  Дау-дамайсыз  өтер  деймісің,    біз  бірақ 
бәріне  ара ағайын: бәйгіге таласпаймыз, билікке араласпаймыз. Ашу  үстінде әлдекімнің тілі 
тисе,  төзіңдер,  қол  жұмсаса,  оған  да  көніңдер.  Кішік    боп  құрдай  жорғалап  атқарыңдар. 
Кеткен еселерің болса, кейін де қайтарып  аларсыңдар. «Қажы той жасағанда төбелес болып, 
бәленше басын жарып еді, түгенше таяқ жеп еді», - дегенді атақ қып аңсамай-ақ қойдым», - 
деп  қонаққа  шақырып,  қол  қусарған  елдің  ұстанатын  ұстанымын  қатал  ескертеді.  Бірақ 
сырттай  көлгірсіп,  беттері  жылтырағанымен,  қойнына  тыққан  тастары  да  бар  ру  жуандары 
көп жиылған  жерде қай бір ұры қалтасын көрсетпей қалсын.  
Жайтудың арамза ойы Елқонды  шалдың намысын оятады – оның арты белгілі, аралары 
онсыз  да  сыздаған  жараға  толы  ағайынның  арасы  ырсиып  ашылап  кетеді.  Абай  айтқандай: 
«... бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең көп 
боласың,    бүйтсең  кек  аласың,  мықты  атанасың  деп  ауқаттыларды  азғырғалы  әлек  болып 
жүр» [6, 4], - дегенге  келіп  тіреледі. Жайту – бұл  өңірдегі шонжарлардың қолтақпағы. Тек 
қара күшіне сеніп,  біреуге жасаған зорлығынан ләззат алатын Жайтудың, тойында топалаң 
ұйымдастыратын  Үмбетей  қажы-туған    інісі  Байтудың  әйелі  Әуес  сұлудың  әкесі,  мұның 
құдасы.  Жайтудың  ендігі  көксегені:  «Дәурені  жүріп,    тасы  өрге  домалап  тұрған 
салтанқұлдардан  есесін    қайтару  үшін  Әтікедей  айтулысының,  атақтысының  жағасына  
жабыспағанда,  кімге  жабыспақпын  енді».  Бұл  өлкедегі  жуандардың  ішінде  төңірегіне  сөзі 
жүретін    тереңі,  нәрі  бары  Достарбектің  пайымдауынша  бар  пәленің  басы,  елді  ынтымаққа 
емес, іріткіге бастап отыратын Жайту емес, қысқа күнде қырық жерге  қойма қоятын залым, 
сұмы Жұмабек екенін дәл анықтайды. «Осы даудың арғы төркінін қуап  қарасам Жұмабекке 
барып тірелетін сиқы бар... Жайтудың қолтығына су бүркіп сүпектеп жүрген – осы. Үмбетей 
де осыған бола қырсығып отыр,  әйтпесе қызын қайта әкеп салудан ұялып отыр ғой деймісің. 
Монтайымсып, жәбір көріп жүрген немедей  Жайтудан кеп паналай қапты бүгін. Бір қарын 
майды  шіріткен  бір  құмалақ  құсаған    кісілігіңді  ұрайын  ит!  Ана  қара  дақ  мұның  мұрнында 
ғана емес, ішінде де бар» [2, 79-80], – деп оны атарға оғы жоғына күйінеді. Жер дауы, жесір 
дауы,  ердің  жарылған  басының  дауы,  билік  дауы  өршіп,  төңіректі  бықсыған  шала 
тұншықтырып,  сұрапыл    өртке  айналар  шақта  да  Жұмабек  осы  өлкенің  тізгінін  ұстап, 
байлығын  қолына  жинаған  «ауқаттыларды»  уездік  қалада  тұратын    ұйғыр  Құрбан 
саудагердің    үйіне  жинап,    қарнын  тойдырып,  сыбағасын  қолтығына  тығып,  баталасуға  
шақырады.  
Сонда  «баталасудың»  мақсаты,  тоқетер  түйіні  мынау:  «Мен  иісі  суанның  алдына 
жүгінбекпін.  Өйтпесем,  біздің  Тұрлымбет  болысында  Қарабектің  сөзі  сөз  болудан  қалды. 

272 
 
Болысымыз – Қайымбөлек – ақша, төбе биіміз Досқали – Солтанқұл. Ханкелдінің екі баласы 
ханнан кем болып тұрған жоқ. Маған мына сендердің сөздерің керек. Оған көнбеген  қазаққа 
заңды мен өзім-ақ іздеп тауып алам. Ағайынның алдында арылып алғым келеді тек» [2, 72], –
деп  тамағынан  асын  өткізіп,  нәфақасын    түгендеп  берген  соң  Суанның  сүбелілеріне 
міндеттей,    шіріне  үкім  айтады.  Бір  Суанның  балаларын  біріне  бірін  айтақтап  сап,  атыс-
шабыс, жаға жыртысумен есеңгіретіп, өз қолдарымен өзін өзіне буындыртуға Жұмбек қорқау 
қымсынбайды.  Керісінше,  өзіне  мүйізін    шайқайтын  Әтікені,  Жайтудың  өз  інілері  
Сәдірбекті, Әлжанды, Досқали бидің інісі жылқышы Төребекті,  ұры Нұрғалиларды  тападай 
тал түсте көзін құртып, Суанның бар билігін қолына алуға айла-шарғысын, ақылын сарқуда. 
Қазақ қоғамын артқа тартып, елдің қайғысы мен қасіретінен байлық жиып, шен-шекпен киіп, 
билік  жүргізуді  өмірлік  мақсаты,  мұраты  санайтындардың  қылығы,    құлқы  қай  заманда  да 
ұлтымызды  тұралатқан  жазылмас  дерт.  «Қызылшыл  семіз,  жас  қымыз  –  бір  үлкен  борыш  
басыңда.  Жуасты  мін  де  айран  іш,  жоқ  немеге  шатылма,  ұры,  залым  құларға,  нысанаға 
шаншылма!», - дейді ұлы Абай.  
Басында  миы,  өзінде  ойы  жоқ,  еңбекке  қырсыз,  біреу    берген  бақырға  әкесін  сатып 
жіберетін  бойкүйез  нақұрыстарды  тегін    ет  жегізіп,  жас  қымыз    ішкізіп  ұры,  қорыға  
айналдыратын    зұлымдардың  тұзағынан  сақ  болуға  үндейді  қазақтың  бас  ақыны.    Тек 
жүрсең,  тоқ  жүресің,  қымызы  сатулы  айлакердің  тұзағына  шырмалып,  шынжырлы  төбетке  
айналғанша,  үйіңдегі  айраныңды  ішіп,  «жоқ  немеге  шатылмай»,    айылыңды  қыса  тартып,  
төрт аяғыңды тең басып, алшаңдап  жүргенің  несіп емес пе? Шаруасын баққан момын елді  
қораға  түскен  көк    бөрідей  бөрліктірген  ел  басы,    пысық  төрелер,  билер  Қапал,  Жәркент 
өңірін  онан  әрі  қайтерін    кім  білген?  Тек  тындырғаны  1916  жылғы  ұлт-азаттық  қозғалысы 
өкпеден  оқтай  қадалғанда  өздері  де  үйірлі    қасқырдай  ұйлығып  көзіне  қан  толған,  ызалы 
арыстан  орыс  империясының  жазалаушы,    мұздай  қаруланған  әскеріне  көрсетер  лажы 
болмай,  барын  алып,  бақанын  сүйретіп,    жанын  сағалап,  ұлап-шулап  шекара  асып  жатты. 
Отаршыл езгіге патша өкіметінің  қаһарлы маусым жарлығына қарсы халықтың басын қосып 
құрулы зеңбірекке жолбарысша  атылған Елқонды қария, Әтіке әнші, Сейітбаттал, кешегі ел 
жуандары  бастарын  бәйгеге  тіккен    жылқышы  Төребек,  «ұры»  Нұрғали,  албан  Айсары  
болыстар қилы  кезеңнің  бар ауыр жүгін  арқалап, азаттық,  тәуелсіздік жолындағы қасиетті 
шайқастың бел ортасында  жүріп, халық намысы, кегін   қолынан бермей арпалысты. Қолға 
түскені  жаудың    қаһарына    ілікті,    қайыспай  ерлерше  өлді,  татар  дәмі  таусылмағандар 
тажалдың  аранына  жұтылғаннан    гөрі,  Жоңғар  асып,  әзірше  бой  тасалмай  тұруды  қалады. 
Сол ажалсыз, аржаққа асқанның  бірі - Әтіке әнші еді... 
  Қазақ – батыр халық, ұйымшыл, бауырмал, етек-жеңі кең, даласындай  дархан халық. 
Жерін  жат  жаудан  қорғау  үшін  «мың  өліп,  мың  тірілген»  халықты  осындай  кіріптарлық 
күйге  түсірген  қарапайым,  ержүрек,  еңбекқор  халық  емес,  көшбастаушысы,  ру,  тайпа 
көсемдері    кінәлі.  Ашкөздігі,  алауыз,  надандығы,  ел  басқаруда  ақыл-парасаты  кем  соғып, 
стратегиялық ой жүйесінің    тобанаяқтығы,  дипломатиялық,  тактикалық  алғырлық,    біліктің 
қанына  дарымай,  іштарлық,  бақайесеп,  күншілдік  кеселі  бойларын  жайлап,  еме-жемге 
келгенде  елін,  жерін,  Отанын  сатып  кететін  опасыз,  сатқындығынан,  дүниеқоңыздығынан. 
Мәселен,  ел  басына  күн  туған  1916  жылғы  маусым  жарлығынан  кейін  басталған    орыс 
империясының  жазалау  шаралы  кезінде  сол  Жұмабек  төре,  Байту,  Теміріәлі,  Дастарбек, 
Нүсіпбек,  Құдайберді,  Бекмұқан  бастаған  топ,  «ел  жақсылары»  Қытайға  асып    кетіп, 
бастарын  сауғаласа,  жергілікті  жұрт  ақтардың  да,  қызылдың  да  таяғын  аз  жеген  жоқ.  Ал,  
атақты әнші, батыр жігіттер Әтіке мен Жүнісбек 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезінде  
патшаның  маусым  жарлығына  наразы  көптің  жағында  болып,    жан  аямай  күресіп,  
жазалаушы  отрядтың  жендеттерімен  жазықсыз  халық  кекшілдерін  арашалай  жүріп,  мұздай 
қаруланған  отаршылдармен  айқаста  қарап  болып,  артынан  ергендерден    айырылып  қалмас 
үшін Қытай асып кетуге мәжбүр болады. Тегі, қазақ рухын бойына  жинаған өнерпаз ұлдары  
жан  сақтаудан  гөрі  өзін  оққа  байлап,  ізгілік,    бостандық  жолында  күресуден  қайтпаған 
қайсар, күрескер жандар санатында тұрған ғой.   

273 
 
Құрманғазы,  Махамбет,  Біржан,  Балуан  Шолақ,  Қожамберді  жырау,  Нысанбай,  Естай, 
Абай  ақындардың  арпалысқа  толы  тағдыры    соны  еске  салады.  «Түзетпек  едім    заманды, 
өзімді тым-ақ зор қылып» (Абай) демекші, олар кешегі ұлы  жыраулардан қалған жырымен 
заман  сөзін  айтып,  әділдік  жолында  ханмен  де  «тепсінісуден»    тайсалмай,  халық  басына 
қаралы күн туғанда «тебінгінің астынан ала балта суырысып», қанды көбе киінген, қабағына 
қан қатқан батырға айналған, отты жыры мен алмас қылышты қатар ұстанған. Қазаққа Ұлы  
Даланы  берген  Хақтағалла  сол  даласын  кірпік  қақпай  қорғайтын  батыр  әрі    жайшылықта 
елдің  сыйқын  кетіріп,  бас-басына  би  болған  өңкей  қиқымдармен    қырандай  айқасқан  от 
ауызды,    орақ  тілді  ақын,  әнші,  күйші,  сазгер-рухани  көсемдерді    де  аз  жаратпаған.  Соның 
бірі  «Күтумен  өткен  ғұмыр»  романының  бас  кейіпкері  -  Әтіке  әнші.  Әтікенің  бұрын 
ауылынан аспаған атын Үмбетей қажының Ұлы жүз, Орта жүздің басын қосқан тойы жалпақ  
қазақ даласының біраз жеріне жайып кетті. «Әтіке ән шығарыпты, өзіміздің Баркөрнеуді әнге 
қосыпты.  Әні  мен  сөзі  бірінен  бірі  өтеді!»  [2,  168],  –  деп  тыңдаған  жұрттың  аузының  суы 
құрыған.  
Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған.  Әтікенің сыртқы дене бітіміне, өнері үйлескенде бұл 
төңіректегі  бойжетіп  отырған  қыз,    ажарлы  келіншектердің  көңіліне  құрт  түскен.  Әтіке 
«Баркөрнеуді»  қырық құбылтып, тоқсан толғап, аспандағы аққуға үнін қоса шырқаған түні, 
әнді  ауыздарын  ашып,  көзін  жұмып,    алпыс  екі  тамырлары  иіп,  есі  кете  тыңдап  отырған 
ығайлар мен сығайларға күміс ожаумен  күміс кесеге күлімсіреп қымыз құйып отырған сұлу 
келіншек,  Үмбетей  қажының    оң  қолы  саналған  Жұмабек  төренің  туған  әпкесінің  ұлы 
Байтуға былтыр ұзатқан қызы,  Әуес арбалып қалады. Сылқым, қылықты, асқан көрікті жас 
келіншек Әтікенің  де қырағы көзіне шапшаң ілігеді.   
Сұлу  келіншек  пен  өнерлі,    келісті  жігіттің  табысуы  да  алысқа  ұзамайды.  Тұла  бойы 
майысып, қамшының өрімінше бұратылған Әуес арты әшкереленіп қалатын Әтікемен ыстық 
табысудан кейін:  «Соғып өткен самалдай сен кетесің, сені  іздеп, өзімдікінен жиреніп, бірақ 
соны сездірмеу үшін, артымды жауып абыройымды сақтау үшін  көлгірсіп, күліп, аярлықпен, 
жаным қалмай оған да жалпыштанам-ау ертең. Құдайым-ай, неткен қараң қалғыр өмір еді?! 
Ешкіммен  жарасып  жұрт  көзінше    жүре  алмайсың,  сәл  қуансаң,  оның  да  өзі  жырақта  емес, 
мынадай  таса  мен  түнекте»  [2,  49],-дейді  қазақ  қыздарының  соры-қалыңмалмен  сүймеген 
адамы  Байтуға  қосақталғанына  күйінген  сұлу  келіншек.  Бақыты  ашылмаған  сол  сорлы 
Әтікемен кездесемін деп қолға түсіп қалып, күйеуі үйінен қуып шыққаннан кейін бір жеңгесі 
арқылы  Әтікеге:  «Бетімнің  ажары  басыма  азап  болды.    Біреуді  сүйіндірсем,  біреудің  ішін 
күйдірдім. Қолы жетпегендер өз үлесінен айырылғандай-ақ ашынады. Сондайлар менің сөзге 
іліккенімді  тілейді.  Сен  әніңмен  елден  ассаң,    мен  көркіммен  көзге  түстім.  Әйел  деп  сен 
намыс  етпесең,  жетектеп  мейілің  жердің  түбіне  әкет,  итің    боп  еріп  кетуге  бармын.  Ауыр 
өсекке  іліккен  басымыз,  алып  қашып  аруағымды  бір  асырып  кет!  Қалған  ғұмырымда 
қалтқысыз  сыйлаймын.  Антым  да  осы,  айтарым  да  осы!»  [2,  68],  –  деп  жалынып  та,  
жалбарынып  та,  аяғына  жығылып  та  Әтікеге  ақыры  тәні  қосылған  соң  жанын  да  қосуға 
жылап  тұрып  өтінген.  «Аузы  күйген  үріп  ішеді».  Әнші  жігіт  жұмыртқадан  жүн  қырыққан 
Жұмабек  қылыш  пен  найзаға  ғана  сеніп,  қанішерлігі    жағынан    алдына  жан  салмайтын, 
біреудің соңына түссе басын алмайынша, не намысын таптамайынша тоқтамайтын терісазу 
Жайтудың  «алда-жалда  қажының  қызы  Әтікемен  қашып    кететін  болса,  қашан  айттың 
демеңдер,  жердің  жеті  қабат  түбіне  кіріп  кетсе  де  тауып    алып,  ат  құйрығына  сүйреп 
өлтірем», - деп кіжінуі оған көп ой салады.  
Ұстамды,  сөзіне,  уәдесіне  берік  жігіт  шындығында  да  Әуестің  сұлулығы,  мінезі, 
қылығы,  тәкаппар,  қайсарлығын  іштей  ұнатып,  құптағанымен  Әтіке  Жайтудың  қоқан-
лоқысынан  емес,  қазақтың  ағайын  алауыздығынан  безетін,    ел  бірлігін  бәрінен  жоғары 
қоятын  салтынан аттай алмады. Жігіттік желігімен біреудің ақ некелі  төсегін  былғағанын 
арлы  жігіт  өзіне  кешпейді.  Оның  үстіне  әр  нәрсеге  терең  маңыз  беретін  абыз  Байтарақ 
қарияның сүйікті інісі Әтікеге сыз қабақпен: «Ұнаса болды үйреніп ала қоятын әйелдерді де 
ән деп жүрмісің, батшағар. Әдемінің бәрінен ауыз тие берсең, айуан боп кетпеймісің. Әйелге 
әуестікпен  аброй  тапқан  еркекті  өз  басым  әлі  естіген  емеспін.  Өнерге  деген  отыңды    өйтіп 

274 
 
пышыратқанша,  бір  шүйкебас  тауып  алып  тыныш  жүрсеңші,  -  деп  шиырлы  соқпақтан, 
абыройсыздықтан    сақтандырады.  Саясаттанушы  Н. Сейдін:  «Үлкенді  сыйлау  –  біздің 
этномәдениетіміздің  Темірқазығы,  одан  ажырау  ұлттық  тұтастыққа,  ұлттық  ұйымдасуға  
селкеу түсіреді» [7, 2], - деуі көкейіге қонады. Жақсы көретін, жаны ауыратын,  жаратылысы 
бөлек  қылшылдаған  өткір  жігітті  ел  ағасы  жалынан  сипап,  кекілін  тарап,    оппадан 
сақтандырса  есті  Әтіке  қалай  бұра  тартып,  буыршындай  бұйдасын  үзбек.    Оның  бір 
көргеннен  құлап,    серттескен  сұлуы  да  бар.  Бірақ  оның  да  басы  бос  емес,  Жайтуың  інісі 
Сәдірбекке    айттырылып  қойған  Қайныкешпен  қайтсе  де  қосылуға,  үміт    еткен  арудың 
қансыраған  жүрегін емдеп, көз жасын  құрғатуы қажет.  
Үмбетей  қажының    тойында    Әуес  сұлумен  ұсталып  қалған,  арты  үлкен  дау-дамайға 
ұласып,  әйелдің    күйеуінен  қашып  кетуі,  Әтікенің  басы  жарылып,  өз  қылығына  күйінген 
әнші  азаматтың  шеккен  рухани  азабын  Қайныкеш  Жайту  мен  Байтудың  туған  қарындасы, 
жақын  жеңгесі Жамалханнан естіп, қатты күйзеледі.  «Сорлы асық сағынса да, сарғайса  да,  
жар  тайып  жақсы  сөзден  жаңылса  да  шыдап»  кешпеске,  көнбеске  лажы  жоқ.  Оның  үстіне 
айттырған адамынан айнып,  Әтікенің өнері, кісілігі, азаматтық тұлғасын ұнатып, неге болса 
да басын тіккен асау  бойжеткен Қайныкеш, әлгінде ғана Әтікесімен кездесіп, ол бар болған 
жайды  өзі  айтып    беріп,  арылады.  Ұры  иттей  ұрлығын  жасырып,  қылмаңдайтын  Әтіке  ме, 
турасын айтып, «ірі турап», өзінің тек Қайныкешпен ғана тағдыры бірлігін мойындап, алып  
қашатын уақытын белгілеп,  сертін «күрмеп байлып» кетті... Осы әр минуты жылға татитын 
ауырда, ләззатты кездесуден оралған жаны бай, сезімі сергек, махаббатқа опалы,  кең ойлап, 
кеңінен  пішетін  барынша  ұстамды,  қайсар,  қиялшыл  ару:  «Үйіне  сақтықпен  кіріп,  
Қайныкеш    жастыққа  басын  жаңа  қойған.  Ауылдан  ұзап  шықпай  жатып  Әтіке  шырқап  қоя 
береді. Сол-ақ екен, тәтті бір толқын қыздың денесін шымыр-шымыр қуалай жөнеледі. Өне 
бойы  еріп балқып, әлдеқандай сығынды шырын  тақ жүрегінің басына тырс-тырс тамшылап 
тұрған  сияқтанды.  Әлгі  шырын  тырс-тырс  тамған  сайын  қыз  өзін  азайып,    көрпенің  ішінде 
еріп бара жатқандай сезінді.  
Ән  бірте-бірте  алыстай  береді...»  [2,  68],  –  деп  қыздың  аңсаған  махаббатын  тапқанда 
шеккен көңіл күйін жазушы оның  рухани жан байлығын сараптау арқылы кестелеп береді. 
Бірақ  «адамның  басы  –  Алланың  добы»,  адамның  ойы  Алланың  бұйрығынан  шыққан  ба? 
Қайныкешті алып қашып  нағашы жұртына түнделетіп келе жатқан Әтікеден бақытты жігіт 
жоқ  еді.  Сүйгені  құшағында,  күндей  қыздырып,  қараңғы  түнді  айдай  ажарландырып,  жаны 
теңіздей  буырқанған  Әтіке  қалың  орманды  кешіп  келе  жатып  қалыңдығын  құшып,  отқа 
өртеңгісі  бар...    Бірақ  сүйгеніне  опалы  Қайныкеш,  ары  тазалығын  некелі  төсегінде 
дәлелдегісі  келіп,    жігіт  құшағында  қанша  күйіп-жанып,  қорғасындай    балқығанымен  өзін 
берік ұстап, Әтікені сабырға шақырады. Бірақ Жамалхан жеңгесінің  опасыздығынан Жайту 
қашып бара жатқан Әтіке мен Қайныкештің бағытын,  жүрер жолын, қайда баратынын біліп 
алып,  дереу  қол  жинап,  барар  жеріне  таяу,    орман  сыртында  тосып  тұрады.  Көпке  топырақ 
шашсын ба,  Әтіке таяққа жығылады,  қызды Жайту сұм Әтікемен әуейі болып, үйіне кетіп 
қалған  Әуес  сұлудың  өтеуіне  Байту  інісінің    қолына  әкеп  беріп,  «айырылып  қалма»  деп 
қатты тапсырады. Әйелінен айырған Әтікені атарға оғы болмай жүрген, өз тірлігі жоқ Байту, 
құдай  оңдап  «тозғанын  жаңалап,  әпкесін  жіберіп,  сіңлісін  алды».  Қайныкештің  суарылған 
тұлпардай, түлеген сұңқардай Әтікесіне сақтап жүрген «қымбаты» нәжісін  домалатқан қара 
қоңыздай Байтуға бұйырды, жер қаптырды. Қасиетті нәрсесі қасиетсізге қор болады. Әтікені 
таяққа жығып, қалыңдығын тартып әкетіп,  Байтуға зорлатқан Жайтудың  қысасын кешпеген 
арлы,  аптал  азаматтар  зорлықшының  соңынан  қуып,  оны  өлтіріп  кек  қайырғанмен, 
Қайныкешті  қорқаудың  тырнағынан  есі  кіресілі  –  шығасылы    қалпында  ажыратып  алады, 
тілдерін  тістейді.  Не  қалың  малын  толық  төлеген  айттырған  жеріне  бару  бұйырмаған,  әрі 
Әтікенге  қарарға  беті  жоқ    Қайныкеш,  өлі  мен  тірінің  арасында    күн  кешіп  жүріп,    «ары 
төгілген»,  «бағасы  түскен»,  бірақ  жұрт  аузында  мақталып  жүрген  қызға  сөз  салушылар 
көбейген  тұста  ол  «кіммен  қарайсаң,  сонымен  ағар»  деп  Байтуға    қосылуды  жөн  санайды. 
Алайда,  Қайныкеш  ұшыраған  бақытсыздыққа,  оны  қорғай  алмаған  амалсыздығын  өзіне 
кешпеген  Әтіке  тартқан    азап  сүйгенінікінен  де  зілбатпан  еді.  Кейін  табысайын  десе 

275 
 
«Байтудың  құшқаны  көкірегіне    қара  тікенше  қадалады  да  тұрады,  удай  тырнақ    осып 
өткендей  кейде  көкірегі  сыздап  ашиды.  Қимайды,  өкінеді,  аяйды,  бір  сәт  бәрін  де  ұмытып 
баяғысынша аймалағысы келеді.   
Бірақ  қанша  әуреленсе  де  өз  көңіліне  билігі  жетпейді,  жиіркеніш  тәрізді  жұқалтым  
бірдеңе  кілкіген  құсықтай  жүрегін  ылғи  қобалжытады  да  тұрады»  [2,  125],  –  деп  Әтікенің 
Қайныкешті қанша жақсы көрсе де, жақындата беріп, кері шегіндіріп жіберетін, кешірмейтін 
себебін алдыңызға тосады. Басқа ұлт өкілдері қыз арының  тазалығына онша мән бермеуі де 
мүмкін, ал бір-бірін риясыз сүйген, бірін-бірі жете танып, екі жарты бір бүтін боп кеткен қыз 
бен  жігіт  жан  тазалығына,  көңіл  тазалығына,  ұждан  тазалығына,  ниет  тазалығына,  құлық 
тазалығына,  ең  бастысы,  сезім  тазалығына  қатты  мән  береді.  Сезім  таза  болса,  өзінің 
бойындағы  барын  мөп-мөлдір  қалпында  сүйгеніне  ғана  сыйлайды.  Демек,  өлуге  барғанмен, 
тазалығын  жоғалтып, сүйгеніне көлгірсуге, алдауға бармаған.  
Қайныкеш  те  солай  істейді.  Жанына,  арына,  өміріне  балаған  Әтікеге  тазалығынан 
айырылып қалған соң, «сүйемін», «мен сендікпін» деп айтуға ұят-ары, шын мәніндегі мөлдір 
махаббаты  жібермейді.  Сондықтан,  Қайныкешін  «жоғалтып»  алған  Әтікені  соның  ызасы, 
кегі  жетелеп  1916  жылғы  ұлт-азаттық  қозғалысына  әкелді,  өлмеді,  енді  көзге  күйік 
Қайныкешін  көрмеу  үшін  көз  көріп,  құлақ  естімес  Қытай  ауып  кетті.  Хабар-ошарсыз 
жоғалды. 
Қайныкеш «пәктігінен айырылған соң, құнсыз екен ғой қыз сорлы» екенін сезініп, сол 
күйге түсірген Жайтуды да, оның қатыгез, зорлықшыл інісі Байтуды да  іштей қанша  қарғап-
сілегенімен,  зорлықшылдан  3  ұл,  1  қызды  дүниеге  әкеледі.  Текті  махаббат  тілегімен  тілін 
сорғызып, жүрегін иітіп, сүйек-сүйегін балқыта отты құшағына көмген,  беріле  сүйіскен он 
сегіз  жасындағы    асықтық  отының  жалыны,  он  сегізінде  құлағымен  естіп,  алпыс  екі 
тамырына құйылып, мәңгі жанын  сыздатып келе жатқан сыйқырлы әні жадынан өшер емес. 
Қытаймен арадағы  шекара ашылып,  үркіншілік күндері арғы жаққа ауып кеткендер оралып 
жатыр...  «Ел  өтіп  жатыр»  деген  хабарды    құлағы  шалғалы  жетпісті  алқымдап  қалған 
Қайныкеш  мұнан  15  жыл  бұрын  ар  жаққа  ауып  кеткен  күйеуі  Байтуды  емес,  «ішсем  де 
бейнет сусынын,  асау жүрек  алқынар» (Абай) дегендей, тілінен бал сорғызып, «жалын шоқ 
боп майдай еріткен»  тұңғыш та, соңғы махаббаты Әтікені аңсап, іздейді. Өткен күннің тәтті 
елесімен   сыздаған кәрі жүрегі ар жақтан өтіп жатқандардың арасында Әтікенің бар-жоғын 
сұрастырып,  жақсы  хабардан  күдері  үзіле  бастаған  соң,  енді  о  жақта  Әтікенің  әндерін 
үйреніп,    бұ  жаққа    алып  келгендер  ұшыраспай  ма  екен,  енді  кәрі  құлағын  соған  тіге 
бастайды.  Ұзынқұлақтан  Әтікенің  әнін  ар  жақтан  оралған  Әнес  деген  әнші  айтады  екен 
сықпытты хабар жетісімен, Қайныкештен маза кетіп, әншіні іздеп, кездестіре алмай, сарсаңға  
түседі.  «Не  Әтіке  жоқ,  не  Әтікенің  әнін  айтатын  адам  жоқ,  үміт  қуып  бұл  күнді  күткеніме 
қырық жылға аяқ басты» [2, 184], – деп көзінің тірісінде Әтікесін бір көре алмай, әнін соңғы 
рет тыңдаудың маңдайына жазылмағанына күйзеледі. «Теңізден таудай толқын  соқса дағы, 
жағадағы  жартасты  жыға  алмады»  (Абай).  Иә,  әйел  жігітті  беріліп  сүймесін  деңіз,  сүйсе 
айдын-шалқар  көліңіз  де,  асу  бермес  асқар  тауыңыз  да  әйел    махабатына  бөгет  емес,  бөгет 
неғұрлым  қиындаған  сайын  оның  сезімі  өршіп,  мәңгі  сөнбейтін  алауға  айналады, 
«жартасың» қақ жарылып жол береді. Шалқар айдын, асу бермес асқар тауларың қырық жыл 
түнде түсінде, күндіз ойынан кетпей аласұра іздеудің  қасында не тәйірі. Бірақ шыдамның да 
шегі  бар,  Әнес  әншінің  әкесі  Ақыштан  Әтікенің    қайтыс  болғанын  естігенде  Қайныкеш: 
«Мұнша  жыл  жүріп,  мұнша  жыл  үміттеніп,    содан  өзіне  әл-қуат  алып  жүрген  қария  жүрек 
біресе жиілеп соғып, біресе тоқтап қала жаздап,  жүрісінен жаңылған жорғадай, шоқырақтап 
кетті...» [2, 188], – деп «сүйгенінің күнәсін» Әтіке енді көтере алмай, шет ел асып кетіп, араға 
жылдар салса да қайтып оралуға  дауаламай, ақыры  махаббат азабымен қиналған кәрі денеге 
топырақ  туған  даласынан  да  бұйырмады.  Жат  жерде  Әтікенің  асау  жүрегі  мәңгілік  тыным 
табуын  бұл    жақта  ғұмыры  күтумен  өткен  Қайныкештің  қасіретті  хабарды  көтере  алмай, 
бақиға  суыт  аттанып  кетуін  де  түсінген  жөн...  Қазақ  әйелі  –  итжанды.  «Сұлу  сұлу  емес, 
сүйген  сұлу».  Сүйген  адамын  өмір  бойы  күтіп,  соның  жолына    өзін  құрбан  етуден, 

276 
 
шаңырағын  құлатпай,    нәпсісін  тиып,  о  дүниеде    онымен    арына  дақ  түсірмей  қауышуға 
пейілді. 
Сонымен, Б.Нұржекеев «Күтумен  кешкен ғұмыр»  романында басқа  халықта ұшыраса 
бермейтін  өнерге  деген  ыстық  ықылас,  қызығушылықты,  ішкен  асын  жерге  қоятын  
құштарлықты  Әтіке  әншіге  деген  құрметтерінен  көрсетуге  тырысқан.  Әнші,  батырды 
жаугершілік заманда халық төбесіне көтерген, өйткені ақын-жазушы - өз заманының рупоры, 
идеологі,  жорыққа  бастаушы  қолбасшысы.  Өнерді    сүю  керек,  оны  сүйгеннің  басқалардың 
көңіліне  тартқан  алтын  көпірі  бар;  өнерді  сүймейтіндердің    қойнына  тыққан  қол  шоқпары 
бар. Ұлтымыз ұлттық тәрбиенің нәрін бойға сіңірген ақын, жазушыларға, жыршы, әншілерге 
төрін  тосатыны  романда  тартымды  бейнеленген.  Жас  келіншектер  өзі  сұлу,  өзі  талантты 
жігіттерді ұнатып  қалғанына бола, бірін-бірі аңдыған әумесер топтың  әлегі ауылдағы ұлан-
асыр тойдың соңын кек алу майданына айналдырған сормаңдайлықты сынайды. Сол арқылы 
халқымызды  неше  ғасырлар  бойы надандық  шырмауы  астында  ұстаған  ағайын  арасындағы 
келіспеушілікті рулық алауыздыққа ұластырған  ақсүйектердің жиіркенішті қылығын жеріне 
жеткізе әшкерелейді жазушы.  
Өнер тек той-томалақтың ажарын кіргізетін, жұртты кіріктіретін  құдіретті күш деу аз, 
ел  басына  күн  туғанда  жыраулардың  отты,  өршіл  жырлары  күллі  халықты  аяғынан  тік 
тұрғызып, бақайшағына шейін көк темірге  малынған қатігез жауды сілікпесін шығара туған 
жерден  қуып  шықпасаң,  мойныңа  құлдықтың  темір  қамытын  кигізіп,  есігіндегі    итіне 
айналдыратынын  қаныңды  қайната  жырлайды.  Қазақ  отты  маздатып  намысты,  қоздыратын 
шоқтай  уытты  жырларын жорық  үстінде  нөсерлете  төгіп,  тыңдаушысын  алынбас, жеңілмес 
берік  қамалға  айнаналдырып,  өліспей  беріспейтін  шайқасқа  тоғытып  жібереді.  Сондай-ақ 
романда  Б.Нұржекеев  халық  басына  төнген  аласапыран,  жер  бетінен  жойылып    кету  қаупі  
төнген  тұста  «арыстандай  айбаттанып,  жолбарыстай    қайраттанып»  орыс  империясының 
зеңбірегіне  жалаң  қылыш,  сойылмен  ұмтылған  шынайы  халық  кекшілдері,    батырларының 
ата-бабадан  келе  жатқан  ел  қорғау  салтын,  ел  мақтаған    жігітті  қыз  жақтаған  қасиеттерін, 
қазақ табиғатына тән сабырлық, ұстамдық, сезім тазалығы, мінезділік, қазақ қыздарының ар 
тазалығы  жолындағы  арпалысы,  мәрттігі,  сүйген  жігітіне  деген  асықтық  сезімін  мәңгі 
жүрегінде  сақтайтын  тектілігі,    инабаттылығынан    айнымай,  ғашық  жүректің  талабынан 
таймайтын беттілігін қаламгер  тебірене бейнелеген.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 2003. 143-б. 
2 Нұржекеев Б. Таңдамалы. 1, 2 том. – Алматы: Жазушы, 1993. – 395б. 
3 М.Неведомский Зачинатели и продолжателеи. Пг., 1919, С.73. 
4 Владимирқызы С. Қазақтың кейбір салтын күйеуімнен жақсы білемін   // Айқын № 5, 
2010. 
5 Ф.Ларошфуко Мысли, изречения и поучения. – М., 1901. ХL, стр. 295. 
6  Құнанбаев  А.  ІІ-сөз.  Шығармаларының    бір  томдық  толық  жинағы.  ҚМКӘБ.  – 
Алматы, 1961. 
7 Сейдін Н. Жоғарғы технологиялар дәуірі // Қазақ әдебиеті № 2, 2010. 
 
 
 
Найти в героях рассказов, повестей, романов Б. Нуржекеева проявление национального 
менталитета,  раскрытых  писателями  на  основе  теоретических,  историко-философских, 
этнопедагогических взглядов. Целью своего исследования мы ставим анализ того, как они в 
своем  наследии  раскрыли  национальный  менталитет.  Для  достижения  этих  целей  мы 
формулируем  следующие  задачи:  найти  генезис  проявления  национального  менталитета  в 
национальных  обычаях  и  нравах,  традициях  и  обрядах,  показанных  в  произведениях 
писателей,  рассматриваемых  в  данной  работе,  придать  особое  значение  их  усвоению; 
определить  художественно-значимую  роль  института  родства  в  формировании 
солидарности и единства семьи в рассказах, повестях, романах Б. Нуржекеева. 
 

277 
 
 
To find in heroes of stories, novels of  B. Nurzhekeev display of the national mentality, opened 
by  writers  on  the  basis  of  theoretical,  historico-philosophical,  ethnopedagogical  sights.  The 
purpose  of  the  research  we  put  the  analysis  of,    how  they  in  the  heritage  have  opened  national 
mentality. For achievement of these purposes  we  formulate following problems: to find genesis of 
display  of  national  mentality  in  national  customs,  traditions  and  the  ceremonies,  shown  in  the 
novels  of writers, considered in the given  work, to attach special significance to their mastering;  
to define an art-significant role of institute of relationship in formation of solidarity and unity of a 
family in the stories  of  B. Nurzhekeev. 
 
 
 
 
ӘОЖ: 82-2 
Б. Шалабай  
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 
bshalabai@mail.ru 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет