Абсорбция кезінде бөлінетін жылуды шығару үшін аппараттарда сумен немесе басқа суытқыш агентпен суытылатын жыланшаларды орнатады немесе абсорберлерді ағынды су астына қояды. Бұл типті аппараттардың ең дамығаны сырттан сумен салқындатылатын горизонтальді құбырлар қатарынан тұратын абсорбер болып табылады (42 суреті). Мұндай аппаратың әрбір элементінде қажетті сұйықтық деңгейі табалдырық арқылы қамтамасыз етіледі.

Пластинкалы абсорбер (43 суреті) каналдардың 2 жүйесінен тұрады: 1-үлкен қима ауданы бар каналдар арқылы газ бен абсорбент қарама-қарсы қозғалады, ал 2-қима ауданы кішкентай каналдар арқылы суытқыш агент (әдетте су) қозғалады. Пластинкалы абсорберлер әдетте графиттен жасалады, себебі жылуды жақсы өткізетін химиялық тұрақты материал болып табылады.
Беттік абсорберлер төмен эффективтілігімен көлемінің үлкен болуынан шектеулі қолданылады.