алма
ған, бар қолынан келгені осы ғана. Бірақ осынша талантты
қайдан алып, қандай тәрбиеден шығарды екен деп таңғаласың.
Өз балалары: Бибажар, Жеңісқан, Бейбітқан, Оразқан, Салтанатын,
біреуін абысыныны
ң, біреуін қайын апасының бауырына салып беріп,
бірін де
қызғанбай, «Балаң аман ба?», «Балаң келіп,
көзайым болдың
ба?» – деп отырады. Ал
өзі қайныларының, қайнағаларының
балаларын кеудесіне басып, а
қ сүтін емізген. «Үлкен үйдің
баласымын. К
үләннің баласымын», – деп жүрген кейінгілері
қаншама! Олардың атын атап, түсін түстеп керегі жоқ. Ол құдай –
аруа
ққа жөн болмас. Күлән апаның баласы болу – оңай бақыт емес.
Со
ғысқа кеткен Алғадайдың екі баласы: Таубай аға мен Қуаныштың
екеуі де сол
үйде өсіп, қолында үйленіп, беріде отау болып бөлініп
шы
ққан. Әсіресе не шеше жоқ, не әке
жоқ тұлдыр жетім қалған
Таубайын
үп-үлкен болғанында маңдайынан сипап: «Жарығым!» –
деп отырады екен.
Өлерінде он баланың әкесі болған Таубайдың ақ
самайлы басын
әлі кеткен алақанымен сипалап жатып, «Жарығым...»
– деген. С
өйтіп, саусағының соңғы жылуын қалдырып кеткен.
К
үлән апа туралы әңгіме болса, Таубай ағаның көз жасы
то
қтамайды:
– Бала к
үнімде бір ауырған кезім болды. Үшінші ме, төртінші ме
класта о
қимын. Сонда Күлән жеңгем терезенің алдына келіп түрады.
Үзіліс болар-болмастан жүгіріп шықсам,
бөтелкеге құйған айраны
бар, ш
үберекке түйген наны бар: «Мынаны жеп алшы, қарағым», –
дейді. Мен жеп алам. Онда таршылы
қ кез. Жүрегі қарайып кетпесін
дейді екен
ғой. Өз балаларының аузынан жырып, маған әкеледі...
Одан
әрі қарай Таубай аға тамағына тас кептелгендей сөйлей
алмайды. Аяусыз
қарау мүмкін емес. Қызарған көзін қырық жыл
трактор т
ұтқасын ұстаған үлкен тарамыс қолдарымен сүртіп тастап,
темекі тартады, к
үрсінеді. Кішкентай күніндегі жетімдігі еске түседі,
өмірдің түрлі бұралаңымен
орындалмай қалған армандары,
тартылмай
қалған домбыра, көкірегінде сөніп қалған өлеңдер келеді
ой
ға. Өкінішсіз адам бар ма?..
С
өз жалғасын Атагелді аға алады. Ол кісі – Жәкеңнің үлкен ұлы
Қожамбердінің баласы: «Күлән атымды атамай, Атан деуші еді мені.
Кейде бірдемеге
өкпелеп, ағам жоқта айқайлап ұрсып кетсем,
ерте
ңіне: «Шайыңды ішсеңші», – деп отыратын. Осы күні неге
ұрыстым деп өкінем...»
К
үлән апа күйеуінен ерте қалып, өзімен өмір бойы бір үйде тұрып
келе жат
қан Берікбала абысынын да «ішсеңші, жесеңші», – деп
қыздай ғып күтіп отырады. Көңілі жарым болмасын деп, бір ауыз
қатты сөз айтып көрмепті. Бұл күнде ондай кісілер қайда...
Сол
ауылда Жапа мен Жадыраны
ң Жадырасынан туған Жәкеңнің
туыс
қан інісі Өмірәлі ақсақал болған. Өзі күйші, ақындығы да бар.
Бала кезінде орыс арасында жалданып ж
үріп, елге жігіт болғанда
келіпті. Балалайка тартып, орысша
өлең айтқан сол маңайдағы
ал
ғашқы қазақ. Әйелі Қызбала шырайлы, өткір, ақын қыз екен.
Өмірәлі ата Қызбаламен айтысып, жеңіп алып келген. Қызбала беріге
дейін
палуан
ға түсіп жүрген. Мына бір әңгімені абысын-ажындары
Еркетай,
Қантай апалар айтып еді:
– К
үләннің келін боп түскен алғашқы жылдарында туған балалары
т
ұрмай, өле береді. Содан Бибажар туғанда жаңа түскен нәрестені
Өмірәлінің әйелі Қызбала білдірмей етегіне орап алып кетіпті.
Тума
ған кісі еді. Сөйтіп, Күләннің астына бір тауықты қоя салып:
«Міне, тауы
қ тудың!» – дегенде қатты қорқып, уайымдап, неше күн
теріс
қарап жатып алған. Бір күні Жәкең қасына келіп: «Қарағым,
басы
ңды көтер, адам қыз туғанға да ренжи ме екен?» – депті. Жәкең
қатындардың макинатсиясын білмеген ғой. Сонда барып Күлән
с
ұрастырып, түсініп, басын көтереді. Қызбала шаранасынан етегіне
орап ал
ған қызы Бибажарды өзі бағып өсірген. Күләннің содан
кейінгі балалары тірі.
Қайран Күлән, өте кең кісі еді.
К
үлән апа өлерінде: «Жаңа үйге көшкенімде ата-бабамыздан келе
жат
қан қара қазаным
сынып қалды, енді менің жайым болмас», – деп,
жат
қаннан-ақ мойынсұнған. Өмірге мейіріммен келіп, мейіріммен
ғана моп-момақан мөлдіреп жатып өмірден өтті. Жан шыдатпас
ауруды
ң азабын, ақ өлімді мұншалықты сабырмен қарсы алған,
тастан берік, шыдамды адамды сирек к
өресің. «Абысындарымның
қазанын қайнатысқаннан басқа не тындырдым дейсің», – дегендей,
к
үлімсіреп жатып жөнеп кеткен. Не тындырғанын қай таразыға
салып
өлшерсің, әйтеуір ол кісі өмірден өтті
дегенді есітіп,
қарақұрым адам қаптап кетті. Сол шаңырақтан алтын құйсаң да
орнына келмейтін асыл Ж
әкең кеткеннен кейінгі қалың елдің
қабырғасын қайыстырған өлім осы болды.
Достарыңызбен бөлісу: