Профессор Алма Қыраубаеваның жаным садаға еңбегінен бүгінгі



Pdf көрінісі
бет8/34
Дата04.02.2023
өлшемі2,36 Mb.
#65162
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Байланысты:
Жаным-садаға

Нофелет деген кім?
О
қушының кейбір сұрағы оның балалық мінезінен, мұғалімге
еркелеуден (ол да м
үмкін), не болмаса өзін-өзі көрсетуге тырысудан
да туады.
Бір мектепке жа
ңа келген тарихшы мұғалім қызға оқушы:
– Нофелет деген 
ғалым туралы не білесіз? – деп сұрақ қойыпты.
М
ұғалім сасып қалыпты, білмейтінін жасыра алмай, кешірім сұрап,
келесі жолы айтып беруге у
әде беріпті.
Үйіне келе ақтармаған энциклопедиясы, қарамаған кітабы қалмайды.
Ондай 
ғалым жоқ. Өзінің білімсіздігіне жыларман боп, келесі сабақта
біліп келуге та
ғы уәде береді. Сөйтіп, екі-үш сабақ өтеді.
М
ұғалімнің қиналғанын, тіпті ұяттан жүдеп кеткенін көрген бала
келіп, кешірім с
ұрапты. Сөйтсе, Нофелет деген ғалым жоқ.
«Телефонды» теріс 
қарата салған екен.
Шы
ғайбайдың қызы мен қазы


Шы
ғарма жазып отыр едік, шығып кетіп, қайта кірсем, біразы
кітапты сурып алып, 
қарай қалған екен, партаның астына тыға
қойды. Әуелі үп-үлкен жігіттердің сондай ұсақтыққа барғанына
өкпелеп, бір реніш келе қалды да, есіме, көп жасағыр, Алдаркөсенің
о
қиғасы түсе кеткені. Дауыстап айта бастадым:
«Бір к
үні Алдаркөсе Шық бермес Шығайбайдың есігінің жабығынан
сы
ғаласа, бәйбішесі бас үйітіп, тоқалы қаздың жүнін жұлып, қызы
қазы айналдырып отыр екен. Ассалаумағалейкүм! – деп кіріп
келгенде, Ас... с-ын айтып 
үлгірмей, қаз да, қазы да жоқ болыпты».
Сол-а
қ екен, балалар өз істеріне өздері күліп жіберді. Басталғалы
т
ұрған реніш тарап кетті.
Қиял
Дала
ға қоқыс төгуге кеткен бала біраздан кейін абыржып қайтып
келді. Шелегіні
ң бірі төгілген, бірі төгілмеген.
– Екі шелекті
ң біреуін ұмытып, төкпей әкеліппін, – деді.
– Неге? – дедік та
ңғалып.
– Ойланам деп ж
үргенде...
– Ай, 
қиялиым-ай. Бұл сенің ғана қолыңнан келеді ғой. – Шыдай
алмай, к
үлдік.
С
өйтсек, жолда бұрыннан таныс бала кезігіпті. Үстіндегі киімі ескі-
құсқы, қаршылдаған қарда резеңке етік киіпті. Қолғабы да жоқ.
Қолғап сұрапты.
Б
әріміз қолғапты беру керек деп шештік.
Бала 
қуанып, тымағының құлағы салпаңдап, төгілмеген шелегін
алып, та
ғы кетті.


ҚАЖЫҒАН СТУДЕНТ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?
«Осы к
үнгі студент жалқау. Түк оқымайды, түк білмейді», – деген
кезде, к
өз алдыма Бейбіт, Нұрсұлу, Бибігүл, Қадиша келеді. Ау,
осыларды жал
қау деуге ауыз бара ма? Дайындық бөліміндегі ынта-
ы
қыласы қандай еді? Енді осы балалардың көзіне үш жыл өткеннен
кейін 
үңілсем, шаршаған, қажыған, баяғы ықыласы кеміген.
«Бая
ғыдай емеспіз», – дегендей, ұялып төмен қарайды.
Н
ұрила айтады:
– Тапсырма 
өте көп. Шындап оқысақ, ешқайсысын да үлгере
алмаймыз. Мысалы, мына курс ж
ұмысын мен жаздым. Қорғауым
керек. Біра
қ осыдан біліміме білім қосылды деп айта алмаймын.
Себебі оны жазу 
үшін бір күн сабақтан қалуыма тура келді. Тақырып
бойынша алты-жеті кітапты жиып алдым да, керек жерін белгілеп
қойып көшірдім.
Ба
қыт:
– Бізде бар уа
қытымызды босқа алатын сабақтар бар. Мысалы, шет
тілі болатын к
үні басқа сабақ оқуға мұрша жоқ. Күніне 4-5 сағат
уа
қытты бір өзі алады. Мыңдаған белгі тапсырамыз, текст аударамыз,
сонда да шет тілін біліп шы
ға алатын емеспіз. Мектепті қосқанда,
о
қығанымызға 8-9 жыл болса да, әлі еркін сөйлесе алмаймыз. Шет
тілін о
қу-оқымау әркімнің өз еркінде болса. Оның орнына негізгі
маманды
қты көбірек оқысақ. Шет тілін тапсыра алмағаны үшін
о
қудан шығып кеткен тәп-тәуір әдебиетшілерді білемін.
Оспан:
– Бізді
ң шетел әдебиетін де жақсы білгіміз келеді. Бірақ оған
мектептен 
қызықтырған ешкім болмапты. «Дон Кихотты» бір ай
о
қып, зорға бітірдім. Басқа да сабақтар бар. Қалай үлгірерімді
білмеймін. Осы
ған мектеп те кінәлі ғой деп ойлаймын. Мектепте
классикалы
қ шығармаларды оқып білген болсақ, бұлай қиналмас
едік. Бізді
ң кезімізде шығарманың өзін оқуға мән берілмепті.
Анар:


– Саны к
өп сабақ, бірақ біреуін де негіздеп, терең біліп шыға алмай
ж
үргеніміз сияқты, біздің тәрбиемізбен жекелеп, тереңдеп
айналысу
ға оқытушылардың да қолы тимейтін болуы керек...
И
ә, Герценнің «Өткендер мен ойдағылар» кітабында гимназистер
Еуропа п
әлсәфашыларының көзқарасын талдап, таласып жатады.
Қазіргі студенттен оны талап ету қиын. Науаи заманында мұғалімнің
бір ш
әкіртпен бетпе-бет сағаттап сабақ оқып отыратын кездері
бол
ған. Шәкірт қолындағы кітапты егжей-тегжейлі біліп
шы
қпайынша, білді деп есептемеген.
Қазіргі оқуда оқытушының сабағы көпке, топқа арналады. «Менің
о
қытып жүрген шәкіртім», – демейді, «Менің оқытып жүрген
тобым», – дейді. Мектептен тере
ң білім алып шықпаған бала,
ннститутта екі есе тер т
өгуіне тура келеді.
М
әселенің ұшы-қиыры әріде. Біздің оқу жүйеміз жетілдіруді тілейді.
М
ҰҒАЛІМНІҢ ҮШ ҚАСИЕТІ
ӨмірДің негізгі мақсаты –
өзіңді– өзің жетілдіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет