Профессор Алма Қыраубаеваның жаным садаға еңбегінен бүгінгі



Pdf көрінісі
бет11/34
Дата04.02.2023
өлшемі2,36 Mb.
#65162
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Сати
қа апа
Ж
әкеңнің Сатыш деген баласының бәйбішесі. Немересі Әлімқұл
а
ғаның айтуынша, Сатыш атаның Абай деген туған ағасына
Сати
қаның қалың малын беріп, айттырып, алайын деп отырғанда,
Абай 
қайтыс болып кетеді. Онда Сатиқа апамыз 15– те екен. Күйеуі
өлсе де, қалыңдығын жібермей, алып келіп, сол үйде жүре береді.
Кейін Сатыш ата
ға қосқан. Сатиқа апамыз келгенде, Сатыш ата
сегізде дейді. К
өрпенің бер жағынан кіріп, ар жағынан шығып ойнап
ж
үрген бала. Тойға баратын болса, ойнап кетпесін деп үйге қамап
кетеді екен. Апамыздан бір 
қыз туған, 2-3 айлығында шетінеп кеткен.
Сол 
қалпында Сатыш ата екеуі сыйласып өткен. Қайнағасының
баласы 
Әлімқұл ағаны бауырына салып, емізіп өсірген. Жәкеңді
Әтиім дейді екен.
Жетпісінші жылдары Сати
қа апа 90-ды маңайлаған кезі. Бет– аузын
әжім басқанымен, дөңгелек жүзі қызыл шырайлы, шаралы қара
к
өздерінен жоғары әдемі қастары кең маңдайына серпіле қалған. Бір
кезгі с
ұлулықтың ізі жоғалмаған, сымбатты, сұңғақ кісі екен.
Есігіні
ң алдындағы қоршауға сүйеніп тұрып, қолымен көзін
к
өлегейлеп, өтіп бара жатқан кісіге: «Бұл қайсың? Үйге кіріп, шай
ішіп кет», – деп 
қол бұлғап тұратын. Бұрынғы адамдар неге мұндай
болды екен...
Сати
қа апа Жәкеңнің ең үлкен келіні болғандығынан ба, әлде
к
өңілінде қылау жоқ адалдығынан ба, ақшасы сол кісінің белінде
байлаулы ж
үріпті. Тезекбай ата ол кездерді еске алып, күліп отыратын:
«Ж
әкеңнің қаламақысы келеді. Екі-үшеуімізді шақырып алып


санатады. Сана
ған боп отырып, желкемізді қаси беріп, артқа қарай
біреуін тастап жібереміз, ол жа
қтан біреу қағып алады.
Сосын 
қалғанын Сатиқаның белбеуіне орап береміз де, дем алуға
қисайған кезін аңдимыз. Ұйықтап жатқанда білдірмей, суырып талай
алушы едік. Ж
әкең басқамыздан гөрі Сатиқаға сенетін».
Сати
қа апаның да өмірін арнаған бір-ақ жүмысы болды: он бесінде
келіп т
үскен, жетпіс жыл сыйласқан, Сатышына Қантайды әперіп,
балалы-ша
ғалы қылды, өзі, сол үйдің ұялы бәйбішесі болып,
шалыны
ң он баласын мойнына мінгізіп, апалатты, аталарының
аруа
ғын сыйлады. Тоқсанынан асып барып, үш-төрт күн дем алған
адамдай к
өзін жұмып, тым-тырыс қалғып жатып, жүрегі тоқтады.
Өткен өмірінің бары-жоғын ырзалықпен қабылдап, «шүкір», – деген
қалпында Жәкең барған бір тайпа елге қарай жөнеп кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет