Профессор Алма Қыраубаеваның жаным садаға еңбегінен бүгінгі



Pdf көрінісі
бет15/34
Дата04.02.2023
өлшемі2,36 Mb.
#65162
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Байланысты:
Жаным-садаға

(
Әл-Фараби)
1993 жылы Алматы т 
үбіндегі Жандосов ауылында жекеменшік
«Гуманитарлы
қ қазақ мәдениеті мектебі» дүниеге келді. Мақсаты –
ұлттық мектебіміздің моделін жасап көруге талпыныс. Егер еліміз
т
әуелсіздігін алмаса, мұндай мектептің ашылуы мүмкін емес еді.
Ке
ңестік мектептің оқыту жүйесі жаман болған жоқ. Әсіресе негізгі
а
қпарат ауқымын меңгертіп шығару жағынан алдына ешкім түсе
алмады. 50-60-жылдарда
ғы ауыл түкпіріндегі мектептердің өзінің
м
ұғалімдер сапасы жоғары еді. Жоғары оқуға тек біліміне сенгендер
ұмтылатын. Таныстықпен оқу іздеу жетпісінші жылдары өріс алып
к
үшейді-ау деймін. Міне, осыдан кейін білім сапасы бүлінді.
Сонымен бірге педагогикада біраз тиімді жа
ңалықтар көзге түсті.
Мектеп – 
қоғамдық сананың көрінісі. Н.Бердияев: «Таптық идея
қоғамда адамдық идеяны өлтірді», – деген екен. Мектепте
казармалы
қ тәртіпке бағындырып ұстаған әміршіл жүйені жұмсарту
жа
қтары ойластырыла басталды. 70-80– жылдары Ресей педагогикасы
ғылымы зор ізденістерге толы болды. П.Я.Гальпериннің ойлау
әрекеттерін сатылы түрде қалыптастыру теориясы; Л.В.Занковтың,
Д.Б.Эльконинні
ң; В.В.Давыдовтың проблемалық оқытуы;
Т.А.Шамова, A. К.Марковаларды
ң оқушының сабақтағы
белсенділігін арттыру; Ю.К.Бабанскийді
ң оқытудың тиімділігін
қарастыру теориясы, «Мәдениеттер сұхбаты» тағы-тағылар.


В.А.Сухомлинский, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, B.
Ф.Шаталовты
ң оқыту әдістері серпіліс әкелді. Бірақ біреудің
қолданған тамаша әдістемесін екінші біреу сол қалпында пайдаланып
к
өргісі келгенімен, алдыңғыдай жеміс бермейтіні анық. Жүрек басқа,
ой 
әр түрлі, білік әр түрлі. Жетістікті өз мүмкіндігіңді дамытуға
пайдалану
ға болады. Сол себептен де талантты педагогтер
қайталанбайды.
Сексенінші жылдарды
ң соңы, тоқсанның басына қарай Еуропа
педагогтеріні
ң тәжірибелері де жария бола бастады. Мария
Монтессори, Вальдорф, Ф.Рене, Петерсон т
әжірибелері туралы көп
жазылды. Бала мен мектеп арасында
ғы қарым-қатынастың өзгеше
т
үрлері айқындалды. Мектепте қоғамдағы таяп қалған ұлы
өзгерістердің дүмпуі біліне қоймады, тіпті білінген күнде,
б
ұрынғыдан жақсару ғана болады деп ойлаған еді.
А
ҚШ-та «Америка – 2000» дейтін ұлттық бағдарлама қабылданды.
Егер оны іске асыратын болса, американды
қ мектеп түлектері
жаратылыстану мен математикадан 
әлемдегі ең жоғары білім
н
әтижесін көрсетеді. Алысты көздейтін ұмтылыс! Мектептер өзін
жасап отыр
ған қоғамнан артық болмайды, сондықтан ұлттық
әлемдік экономикадағы жетекшілік ролін қамтамасыз ету мақсатын
ал
ға қояды. Вашингтондық ХХІ ғасыр мектептері, Набиско жаңа
ғасыр мектебі, Сант-Пауладағы Сатурн болашақ мектебі, тағы
та
ғылар жүзеге асырып жатты. Осының бәрінің фонында қаражат
жо
қ, қалтылдаған (бейнелеп жіберсем, кешіріңіз) біздің мектептер
аяныш ту
ғызып, жүрек сыздататын еді.
Елімізді
ң тәуелсіздік алуының алғашқы кезі зиялылар арасында
эйфория ту
ғызды. Ата-бабамыз армандаған тәуелсіздікке қол
жеткіздік, енді ел 
үшін еңбектенеміз деген ой болды. Альтуристік
ұғымда тәрбиеленген едік. Қазанның тұтқасына ие болғандар
ішіндегі халы
қтың көжесін өздері бөліп алып қояды дегенді
к
үтпедік. Жоғарыдағы ізгі ойдың бір ұшынан біз де ұстадық.
Осы кезде т
әуелсіздігімізге сай ұлттық мектебіміздің бет– бейнесі,
болмысы болу керек деген м
әселе көтерілді. Бір конференцияда:
«Ке
ңестік жүйенің қолбаласы болып келген қазақ мектебі қазір өз


енесінен айырылып 
қалып, әр емшекке бір түртінектеген қозы
сия
қты болып қалды (Қ. Мырза Әлі). Енді өзімізді іздеуіміз керек, өз
тамырымызды табуымыз керек», – деп едік, бір м
ұғалім:
– Олай деп айтпа
ңыз, қазақ мектебі жақсы жұмыс істеп жатыр.
Мысалы, бізді
ң мектеп, – деді ашуланып.
– Не істеп жатырсыздар?
– Биологияны тере
ңдетіп оқытамыз. Бізден бітірген балалар түгел
о
қуға түседі.
Онда 
қазақ мектебінің бар мәселесі шешілген екен дедік. Ұлттық
рухын танытатын о
қулықтар жоқ болатын, ұлттық мектептің моделі
жо
қ деп айтса, ерсі сияқты еді, ізденістер негізінен әдістемелік
сипатта 
ғана болды. Мәскеулік жүйенің көлеңкесінде ғана елеусіз
тіршілік етуге 
үйреніп алған едік.
Жо
ғарыдағы мұғалімнің ойы мектептің мақсаты оқуға түсіруші,
қызметке жеткізуші баспалдақ ретінде ғана қарайтын кісілердің
біразында болды. Олар 
үшін негізгі мәселе, мықтағанда, белгілі бір
а
қпарат жиынтығын білдіріп шығару. Бұл да аз нәрсе емес, осыған
жете алмай жат
қандар да көп. Бірақ мектептің мақсаты сол ғана ма
еді?
Егер де 
ұлттық мектептің моделін жасау идеясын біз ғана таптық
десек, 
өтірік болар еді. Ол идеяны әрісі Мұхтар Әуезов өзінің
«Жапониясында» айт
қан жоқ па? Мағжан Еуропа педагогикасын
зерттей отырып, о
ған ұлт мүдделерін қоспады ма? Жүсіпбек
Аймауытов 
ұлттық жан дүниені ескермеді ме? Берісі тәрбие
ғылымымен айналысатын бүгінгі ғалымдардың біразы: Қ.
Жары
қбаев, С. Қалиев, Шәрелхан Әленов, Ж. Асановтар... Тіпті
а
қын-жазушылар (оған ұлтымыздың мүддесін ойлаудан талмайтын Г.
Бельгерді 
қосыңыз) да бұл тақырыпқа көп жазуда.
Шота У
әлиханов: «Әлдекімге көзсіз табыну – ол да бір зор кесел».
Жазушы М.
Қабанбаев: «Көне қытай, үнді ғақлияларынан бастап,
грек, рим к
өзқарасын, арабтың жауһарларын, еуропалық ой
т
үйіндеуімен жете танысуымыз керек. Осы ілімдерді ондаған ғасыр


тарихы бар 
өзіміз жаңа біліп жатқан көшпелілер мәдениетінің
тай
қазанына салып жіберіп, қайта суарып пісіру керек және оның
қазақ зейініне сіңіру керек. Тек дала мәдениетімен шектеліп қалмай,
д
үние мәдениетін дала мәдениетіне кіріктіруіміз керек», – дейді.
Ма
ғжан айтады: «Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі,
с
ұлулық тәрбиесі, құлық тәрбиесі. Егерде адам баласына осы төрт
т
әрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны.» (Педагогика. 14-
б.).
Кейбір мектептер бірінші орын
ға ақпарат жиынтығын ғана қояды.
Т
әрбиелеушілік рөлі тым төмендетіледі. Біздің мектеп білім беруді
т
әрбиенің бір ғана бөлігі ретінде қарады.
«
Ұлт» деген сөзден кей кісілер қашқақтайды. Бізде «ұлттық банк»,
«
ұлттық қор» деген терминдер бар болса, «ұлттық мектеп» деген неге
болмау
ға тиісті? Мемлекетіміздің мәйегі болып отырған халықпен
достасу, соны
ң айналасына топтасу, бірігу арқылы Қазақстан ұлты
жасалмай ма? 
Қазақстан өзінің ұлттық мектебінің бағдарламасын
аны
қтамаса, ұлттық идеология да болмайды.
Біз мектебімізді
ң тұжырымдамасын жасағанда, жеке бір баланың
мектепке кірген к
үнінен бітіріп шыққанға дейінгі жан дүниесін,
болмысын, т
ұлғасын елестеттік. Осы адам кім, қандай болып шығуы
керек:
– 
ұлтжанды, иманды;
– адамды с
үйетін;
– м
әдениетті;
– білімді;
– 
өмірге икемді;
– рухани дамы
ған адам, кісілікті тұлға.
Кісілікті т
ұлғаны қалыптастыру үшін не істейміз?
Кісілікті
ң негізі ұлттық мәдениетте: тілі, әдебиеті, тарихы, діні,
жазуы, 
өнері, дүниетанымы, қарым-қатынасы, ойыны, спорты. Өзінің


д
әстүрлі мәдениетін меңгере алмаған адам ылғи да кембағалдық
сезімде болады. Тек 
ұлттық мәдениетпен шектеліп қалып, әлемге қол
созба
ған кісі де осындай қорсыну күйін бастан кешеді. Ендеше
бала
ға осы екеуінің де жақсы жақтарын сіңіру керек болатын.
Ке
ңестік оқулықтарда ұлт мәдениетінен таптық күресті үндейтін
т
ұстары ғана назарға ілініп, қалған көл-көсір мәдениет,
д
үниетаным, жалпы адамзаттық құндылықтарды көксеген пәлсафа –
б
әрінен мақұрым қылып өсірді. Оның нәтижесі қазір ап-айқын
к
өрінуде. Сақалы сапсиған қырықтағы жігіттер: «Қазақта бұрын
м
әдениет бар ма еді? Бұрын қала болған ба?» – деп таңғалады. Егер
ол миына мектептен сі
ңірілген болса, басқадай адам болған болар еді.
Қазақ мәдениетін қазақтар ғана емес, осы жерде мекен етіп, тұрып
жат
қан, Қазақстан мектебінде оқитын әр бала білуі керек. Мәселе –
қалай оқытуда. Нендей құралдармен жүрекке жеткізе білуде.
«Хал
қымыз шешен болған» деген мақтанды көп айтқаннан гөрі,
қалай шешен қылып шығарған, оған қандай әдіс-тәсілдермен қол
жеткізген, соны 
қолдана білсе. Баланың өр рухты болып шығу сыры
неден? Ерлік сезімді 
қалай қалыптастырады? «Бесікті былай
тербеткен» дегенді к
өрсетумен бірге, бесік тербетудің мәні неде, ол
бала т
әрбиесіне қалай әсер етеді – соны түсініп пайдалансақ.
Осыны
ң бәрі зерттелмегендік-тен, этнография түрінде бергіміз келеді.
Баланы с
үю – адам айтқысыз еңбек. Ол таразыға тартылмайды,
метрмен 
өлшенбейді.
Ауылдан мектеп ашамыз деу ауыл 
үшін күтпеген оқиға еді. Өмірдің
ысты
қ-суығын көріп, әбден ысылған жергілікті басшылар бұл істің
ауыл 
өмірін байытар рухани жаңалығымен бірге төтенше «бас ауыру»
табатынын бірден сезген еді. К
өп жүгірістен соң, ауыл клубының
құрқылтайдың ұясындай бес бөлмесі, бір фойесі бар ғимаратын
алды
қ. Жиналыстар өтетін көп орындықты үлкен залын құлыптап
қойдық. Мақсатымыздың өте қарапайым екенін, рухани мүддені
ғана көздейтінімізді түсінді, отырған орын, жаққан шам үшін ақша
талап етпеді. Бізді
ң пайдамыз: азып-тозып бара жатқан клубқа
тіршілік кіргіздік.


ҚАРАЖАТ
Қаражатты қайдан аламыз? Бастапқы есебіміз бойынша, әр ата-
анадан ал
ған ай сайынғы елу сом мұғалімдерге төлеуге жететін еді.
А
қшаның орнына азық-түлік алуға да келістік. Елу сомға бала оқыту
дегені
ңіз – ауыл адамдары үшін үлкен қайырымдылық еді. Қалған
қаражатты ауылдастары үшін көмектесетін демеушілер арқылы
табамыз деп ойлады
қ.
Шынды
ғында, Әминат деген оқушының ата-анасы Әзірет, Людмила
Хачиевтерден, Медеуовтерден, Алматыда т
ұрса да, ісіміздің маңызын
байыптап, 
қол ұшын берген жазушы– журналистер Бексұлтан
Н
ұржекеев, Жарылқасын Нюсқабаев, Нұрлан Оразалиннен көмек
к
өрдік. Оны күннен-күнге ұстатпай кетіп бара жатқан инфляция
желге 
ұшырып жатты. Тағы бір үмітіміз еңбегімізді көрсетіп,
д
әлелдесек, жергілікті бюжетке кіру еді. Сол кездегі облыстық оқу
б
өлімінің басшысы, өте түсінікті азамат Қуандық Данышпанов
қанша көмектескісі келіп тырысқанымен, оң шешім болмады. Тамыр-
танысты
қпен таралып жатқан кредитке қол жетпеді. Көп
уа
қытымызды көмек іздеумен, сарсылып, сансыраумен өткіздік.
Идеямызды
ң дұрыстығын, елге қажеттігін айтып, шенеуіктердің
есігіні
ң алдында күтумен өткен есепсіз сағаттар қажытты. Түсінген
кісілер к
өп болды, бірақ олар өзіміз сияқты, билігі жоқ, байлығы жоқ
қарапайым адамдар еді.
САРА АПАЙДЫ
Ң ҚОНАҚҚА КЕЛГЕНІ
Сырттан келер к
өмектің қай-қайсысына да зәру едік. Үлкен қалаға
жете алмайтын, элиталы
қ мектепте оқуға қаражаты жоқ, бірақ
білімге деген талабы зор ауыл 
қарадомалақтарының ынтасын
к
өргенде, өзіңді қамшылауға тура келеді. Соларды қалай қуантамыз,
қайтсек отбасына салмақ түсірмейміз деген ой бір сәт те тоқтаған
емес.


Бір к
үні «Бөбек» қорын қонаққа шақырдық. Бізде бұрыннан су
құйынып жүрген мұғалімдер, оқушылар да бар еді, Сара апайының
келетінін естіп, су 
құйынушылар тіпті көбейді. Қызбалыққа салынып
кетпесін деп:
– Ауырып 
қалмайсыңдар ма? Байқаңдар, – дейміз.
– Ауырмаймыз! – деп шулайды.
Б
ұрын үйлерінде құйынып жүрген ауыл адамдары да тау етегіндегі
б
ұлаққа барып, суға түсіп жүрді. Салқын көктем болатын.
Ата-аналар
ға, оқушыларға сумен сауықтыру әдісінің мәнісін
т
үсіндірдік. Сумен емдеудің қазақ емшілігінде де бар дүние екендігін
(мысал
ға, ауырған кісіні кешке қарай есік алдына алып шығып, суық
су б
үркетін), жалаңаш етіне шекпен ғана киіп, жалаңаяқ мұз оятын
кісілерді
ң болғандығын айттық. Ивановтың халықта бұрын болған
т
әсілді жүйелегенін тарата келіп, бір нәрседен сақтандырдық: кей
жерлерде Ивановты пай
ғамбар етіп көрсеткісі келетіндігін, сол
ар
қылы өзге дінді насихаттайтынын ескерттік. Мұсылманның
пай
ғамбары – Мұхаммед пайғамбар. Ол – соңғы пайғамбар.
Сонды
қтан Ивановтың жүйесін сауықтыру әдісі ретінде ғана
қабылдау керектігін түсіндірдік.
К
өктем түгіл, қайнаған ыстықта да тау суы суық. Сара апайдың
келетінін естіп, аудан-ауыл басшыларынан бірнеше кісі жиылды. Ата-
ана, балалар, м
ұғалімдердің қуанышында шек жоқ. Бәрі де сәнді,
салма
қты болуға тырысты. Ол кісі оқушы қыздарымыздың өз
қолымен пісірген жұқпа нанынан, наурыз көжесінен дәм татты. Гүл-
г
үл жайнаған балалар арасында суретке түсті. Әр оқушыға – бір-бір
аспа с
өмке, іші толған қалам-қағаз, өшіргішке дейін шетелдікі,
әдемі. Ауыл баласы түгіл, мұғалім өзімізге де таңсық заттар. Бәрін
орта
ға үйдік те, өзіміз өзенге тарттық. Жақсы жағынан көрінуге
деген 
құштарлық қандай, кішкене балалар да шешіне салып, суға
қойып-қойып кетті. Алдында ғана қолы сынып, таңып алған
Ба
қытжан бибінің өзі де сау қолымен жарты шелек суды басына
құйды. Көптен айналысып ысылған Зиба бибі өзеннен шыға салып,
қыздарының төбесіне шелекпен құйып жатыр. Сара апай жалаңаяқ


кешіп барып, тізесіне дейін жеткен жерден беті-
қолын жуды. Намысқа
тырыс
қан мен де табаннан өткен суықтың төбеме дейін
шымырлат
қанына қарамастан, шыдап тұрмын. Соны байқады ғой
деймін:
– 
Үйренгенше суда көп тұруға болмайды, байқаңыз, – деді.
Плащ, шляпа киген бір топ басшылар алысыра
қ төбенің басынан
қарап тұрды. Келесі жолыққанда:
– Тірісі
ңдер ме? Тіпті ауырмадыңдар ма? – деп таңданып жатты.
Ауырмады
қ. Ауырмау адамның көңіл-күйіне де байланысты ғой.
Кешінде Сара апаны
ң сыйлықтары, қызыл-жасыл аспалы сөмкелері
аса ма
қтанышпен жалт-жұлт еткен балалардың арқасында кетіп бара
жатты.
«Б
өбек» қорынан тағы бірнеше рет балаларға бас киімдер,
м
ұғалімдерге көйлек, жаңа жылға Аяз Ата – кәмпит, кітаптар алдық.
Жанашырлы
қ көрсеткен Алтын Мәмбетқызын да жылы сезімдермен
еске аламыз.
Сара апамыз аудан басшысын ша
қырып та сөйлесіп, біздің мектепке
к
өз қырын салуды өтінді. Бірақ уақыт солай болды ма, айтқан кісісі
к
өмек көрсете алмады. Аудандық оқу бөлімінен оқулық кітаптардың
біразын тегін алды
қ. Кітапхана жасау үшін жан-жақтан кітап
жинаумен болды
қ.


КІТАПХАНА
Кітапханамыз 
әдеттегіден гөрі өзгешерек еді. Бір бөлмедегі
үстелдердің үстіне көптеген кітаптарды жайып қойдық. Кітап
салатын с
өрелер болмаған соң осындай амал жасадық. Қасында –
д
әптер. Кітаптарды қарауылдап тұрған ешкім жоқ. Оқушы үзілісте
кіреді де, д
әптерге өзінің аты-жөнін, қалаған кітабы туралы
м
әліметті жазып алып кете береді. Сол ретпен қайта әкеліп, орнына
қояды.
Әрине, бірден бар қорымызды жайып қоюға болмайтын еді.
«Жым
қыру» дейтін де – адамнан табылатын қасиет. Өз айналаң мен
орта
ңды сыйлау, парасаттылықты бір күнде еге алмайсың. Мектеп
ж
ұмыс істеген үш жылда балалардың тәрбиелі болуға тырысқанын
к
өрдік. Жауапкершілікке үйренгенгісі келгенін аңғардық. Алдағы
ма
қсатымыз ортадағы үлкен фойэге кітап сөрелерін қойып, қызықты
кітаптарды еркін ауыстырып, жанында
ғы жұмсақ креслоларға,
қалың кілемдер үстіне жайғасып, оқып отырса деп едік. Ол
м
ұратымызға жете алмадық.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Ал
ғаш мектепке «бикеш», «бике», «бибі», «мырза», «сіз», «шәкірт»
«жылды
қ» деген қарым-қатынас сөздерін кіргіземіз дегенде,
м
ұғалімдер шошып кетті. «Қой, кіп-кішкентай қыздарға қалай
бикеш? 
Қалай сіз дейміз?» – деп ұялып, бетін басты. Уақыт өтті, бұл
с
өздер біздің күнделікті тірлігімізге айналды.
Бикеш – ш
әкірт қыздарымыз, бике-жас мұғалімдер, бибі – жасамыс
апайлар, мырза – ер балалар ж
әне ұстаздар. Бұл сөздердің
идеологияны
ң әсерінен, бұрынғының бәрін құбыжық қылып
к
өрсету салдарынан қолданыстан шығыңқырап қалғаны болмаса,
«
Әй, Пәленшеев, Төленшеев» дегеннен анағұрлым артық еді.


Баланы
ң нені қалайтынын, нені жақсы көретінін, тіпті бала деген не
н
әрсе, соны білу керек:
Бала 
өзімен тең сөйлескенді жақсы көреді, өзін көрсеткісі келеді,
барлы
қ істе жеңіске жетуді қалайды. Олар – кішкентай зерттеушілер.
Неге? деген с
ұрақты көп қою себебі сол.
Еліктегіш, 
әсерленгіш;
Ойдан шы
ғарғыш, қиялшыл;
Тез-
қарым-қатынас жасап, араласып кетуге дайын халық.
Д. Карнеги айтады: «Адам
ға ең қажеттісі – атын шығару, өз
ортасында беделді болу». Баланы
ң партаға сызып, өз атын жазуға
әуестігі содан. Баланың ыңғайына барып, сабақта жақсы жағынан
к
өп көрсету керек. Кішкентай ғана еңбегін елеп, баланың атына
құттықтау хат, мақтау сөз, марапат арналып жату керек. Мақтау – ол
адамны
ң өзі күткен ойын жұртқа жариялау. Баланы ептеп алдаған
д
ұрыс. Әлемге оның көзімен қарап, арқасынан қақ.
К
өп оқушылар өзіне сенімсіз. Тіпті тақтаға шығып айтудан қысылса,
о
ңашада репитиция жаса. Оған сенетініңді, бір қасиеттерін
ба
ғалайтындығыңды сездір. Тіпті оқушы қателескен күнде де. «Жоқ,
олай емес, 
қателестің», – деме, «Қателесуіңнің өзі керемет болды,
соны
ң өзінен қаншама ой туды. Рақмет! Сіздей кезімде мен де
қателескенмін», – деу керек. Бірақ бұл жалпақшешейлікке
айналмасын. 
Қажетті жерінде «керек!» деген сөзді айта біл.
Осы ойларымыз
ға мысал ретінде мына бір көріністі еске алайық.
«СІЗ КЕРЕМЕТСІЗ»
Біз балалар
ға мақтауды аямаймыз. Титтей жетістігіне бола жақсы
с
өздерді үйіп-төгіп тастаймыз. Айсұлу бикенің аузынан «керемет!»
деген с
өз түспейді.


Бізді
ң 2-жылдықта он бір бикеш, бір мырза бар. Ер атаулыдан бір өзі
бол
ғандықтан, Шәміл мырзаға көңіліміз ерекше. Бірақ бикештер
оны елей 
қоймайды, өздерімен-өздері әуре. Үзілісте мынандай
с
өздерді естисіз:
– Кешірі
ңіз, байқамай қағып кеттім.
– О
қасы жоқ.
– 
Өтіп кетуге рұқсат етіңізші.
– 
Қаламыңызды бере тұрасыз ба?
– Ба
ғамды қойып беріңізші, мамам қуанатын болды ғой.
Алтыншаш «
ң»– ды айта алмай тұр. «Көңілді» – «көңіл» дейді.
Айс
ұлу екеуміз екі жақтап, ыңылдап жатырмыз (Сабақты екі мұғалім
бірлесіп 
өткіздік). Аузымызды ашыңқырап, тілді таңдайдың
ортасына дірілдетіп 
қойып ыңылдаймыз. Алтыншаш аузымызға
үңіліп тұрып-тұрып: «н... н» дейді. Талабына риза болып
ала
қанымызды шарт-шарт еткіземіз: «Жарайсың! Жарайсың!».
Айс
ұлу бике басқа балалардың өлеңдерін тыңдай бастады. Ділдаш
мына жа
қтан жаңадан жаттаған өлеңін құлағыма сыбырлап айтып
отыр. Ол – к
өңіл бөлуді тілейтін бала. Жаңа тақтаға шыққанда онша
болмап еді, артынша екеулеп тез-а
қ жаттап алыппыз. Бұрылып
кетпесін деп 
құлағымның ұшынан ұстап алған:
Са
қалы аппақ күмістей,
Тісі бар аппа
қ күріштей.
Ентігін 
әрең басып, айтып болды да, құлағымды жіберіп, «қалай»
дегендей бетіме 
үңілді.
– Тамаша! 
Қалай тез жаттап алдың! Жазуың да күннен-күнге жақсы
болып келе жатыр (ал
ғашында бір бетке бір-ақ әріп салатын).
Ділдаш та
ғы тағы бір өлеңді ежіктеп оқи бастады. Арт жақтан:
– Алма бибі. – деп сыбырла
ған дауыс шықты.


Қарасам, Алтыншаш екен. Аузын ашыңқырап, кішкене тілін
та
ңдайына жеткізбей дірілдетіп: «ң... ң... ң» дейді.
– Керемет!
Мен артта
ғы екі баланың басынан асырып, төрт саусағымды жұмып,
бас барма
ғымды қайқайттым. Алтыншаш күліп жіберді. Көздері
қуаныштан жайнап тұр.
Біраздан со
ң арт жақтан хат келді: «Сәлеметсіз бе, Алма бибі, сіз өте
кереметсіз.»
Үзілісте тақтадан: «Айсұлу бике, сіз керемет әдемісіз!» – деген
жазуды о
қыдық.
СЕНУ Т
ӘРБИЕСІ
Адамшылды
қ педагогикасы – баланың және мұғалімнің мүмкіндігіне сену
Мектебімізді
ң негізгі бағыты «Әлем және мен» кеңістігіндегі
м
әдениетті меңгеру болды. Тіпті «Мәдениеттер мектебі» деп атасақ
па деген де ой келген. М
әдениет, бір жағынан, материалды, екінші
жа
ғынан, рухани, федералды әрі локалды. Бұл терминдерді
қарапайым санаға қарай ұйыстырар болсақ, рухани мәдениеттің
ұлттық деңгейі, сонымен бірге адамзаттың әлемдік деңгейі бар.
Соны
ң ішінде аймақтық, тіпті мектепішілік, жеке адам деңгейі де
к
өрінеді. Жұмысты ұйымдастыра білу мәдениетінен өзін-өзі
қадірлей білу мәдениетіне дейін – бәрі де мәдениет. Би, ән, сөйлеу,
жазу, білім жинау, дене м
әдениеті, киіну мәдениеті, тамақтану
м
әдениеті, қарым-қатынас, ұлттар мен ұлттар арақатынасы, тіл
м
әдениеті тағысын тағылар. Нағыз азамат болу үшін осы
м
әдениеттің бәрінен хабардар болып меңгеру керек. Бірақ бәрінің
іргетасы, алдымен 
өзіңді игеруде жатыр, ұлттық мәдениетті сіңіріп
ал
ған адам әлемдік мәдениетті оңай түсінеді. Тек өзімен ғана
шектеліп 
қалған кісі көп нәрсені жоғалтады. Әсіресе қазіргі заманда
ұрпақтар сабақтастығын санаға сіңіріп алып, әлемге қарай шығу


керек. Ой а
ғынан, әлемдік қозғалысын бағдарлау тағы қажет.
Қателіктер бірін ғана мойындап, екіншісін жоққа шығауда болып
жатады.
БИ М
ӘДЕНИЕТІ
Би – баланы орта
ға алып шығу құралы. Билегенде адам ашылады,
сырт к
өзге өзінің ең сүйкімді жақтарымен көрінгісі келеді. Ішкі
рухани сезім-к
үйі, музыка тілін түсінуі бәрі-бәрі жарыққа ұмтылады.
Адамды б
ұйығылықтан құтқаруға көмектеседі. Сырт көзден
жас
қанбауға, өзін-өзі ылғи бақылауда ұстайтын сезімнен құтылуға
әсер етеді. Біздің «би кешіне» 5-жылдықтан жоғары шәкірттер
ша
қырылды. Әуелі би патшасы вальсті қойып ортаға шақырып едік,
балалар фойеде жа
ғалай тұрған үстелдердің астына тығылып қалды.
Үстел астында көздері жылтырап, күледі. Енді не істедік?
Оларды
ң ойынша, би билеуге әлі жастары жеткен жоқ. «Би не теңі,
м
ұрнын сүрте алмай жүріп!»... (Бұл – ата-аналар пікірі). Яғни біздің
ұғымымыздан биді мәдениет ретінде түсініп, игеру жағы шығып
қалған. Оны тек сезім жақындығын іздеу рөліне қойып алған,
сонды
қтан 10-11-жылдық оқушыларына ғана дискотекаларға кіруге
р
ұқсат етіледі. Олардың түрі – анау.
– Онда 
ұстаздар бастап билейік, – дедік.
– 
Қой, біз қарап тұрсақ болмай ма? – деді олар оқушылардың
алдында 
қымсынып. – Қажеті қанша?
Бай
қаймыз, мұғалімдер бұрынғы әдетпен сырттан бақылап тұруға
келген екен.
– Жарайды, онда мен бастайын.
– С
өйтіп, алдымен өзім өнер көрсетпесем, басқаларды зорлау-
қорлаумен бірдей болатынын сездік. Биге университеттегі шәкіртім


Л
әйлә екеуміз кірістік. Тағы бір шәкірт Самал мырзаны «іске қосты».
Б
ұйығылықтан құтылуды, мұғалімдер, өзімізден бастадық.
Адамшылы
қ педагогикасы дегеніміз – баланың мүмкіндігіне сену.
Сол кездері д
әптеріме былай деп жазыппын. Сәкен мырза басқаларға
айтады: «Ж
ұрт алдына шығып үйренбесеңдер, мен сияқты бұйығы
болып 
қаласыңдар». Өзін алғашқыда биге шығару қиямет-қайым
болатын. 
Үлкендігімізді алға тартып та биге шақыра алмағанбыз.
Онысына 
өкпелегенім жоқ. Кісі алдына шығып қимылдап көрмепті.
Д
әл қазір ағылшын королевасы келсе де, «кешіріңіз» деп қала берер.
Мектебімізді
ң ашылғанына үш ай өтті, қазір қол-аяғын икемсіздеу
қимылдатып, биге араласатын болды. Шүпір-шүпір етіп секіріп
ж
үрген балапандардың ішінде маңдайы жарқырап, бағдаршамдай
тербеледі. С
әкеннің бағдаршамы тек жасылды көрсететін секілді.
Жымияды да т
ұрады.
«Би кешінен» со
ң, Ләйлә бике: «Сәкен аға, келгеніңіз қандай жақсы
болды. Сіз келмесе
ңіз не істер едік?» – деді. Өзінің түк
тындырма
ғанын жақсы білетін Сәкен мырзаның өте қарапайым
ниетінен шы
ққан мынадай фәлсәфа бәріміздің аузымызда:
«Денсаулы
ғың болғанмен, адамгершілігің болмаса не пайда?».
Балаларды
ң жұрт алдына шығып сөйлеу, билеу қимыл– қаракетін
ашу 
үшін мұғалімнің өзі ашылғаны жөн. Өмірге қажетті бұл
да
ғдылар баланың өзін сенімді сезінуіне көмектеседі. Өзіне-өзі
сенбейтін адам ж
ұртты сендіре ала ма? Сенімсіз адамнан кісі шыға
ма?
М
ұғалімдерді, балаларды көптің алдына шығару үшін
ұйымдастырушыларға біраз тер төгуге тура келеді. «Би кешін» өткізу
ж
өнінде ұстаздардың пікірі әр түрлі:
– Бесінші, жетінші жылды
қтың (сыныптың) баласына «дискотека» не
керек? Саба
қтарын оқып алса, жетпей ме?
– О
қушылар билесе жөн, мұғалімдер қарап жүрсін.
– 
Өзіміз билесек те болар еді, бірақ оқушылардың алдында ұяламыз.


Б
ұдан аңғарылған нәрсе – билетудің мақсатын түсінбей тұрмыз.
Билету баланы ашуды
ң, өзін сүйкімді көрсетудің тамаша жолы ғой.
Саба
қта жақсы көрініп үлгірмеген кей баланы билегенде көресің.
Руслан 
қыздардың «Қамажайын» қалай билейді! Еркін сөйлей
алмайтынына айбынып, 
қайғырып, көңілсіз жүретін Алмастың биін
к
өрші. Басына дейін былқылдап, екі көзін тарс жұмып, ырғақпен
майысып рахаттанып кетеді. Балалар билегісі келсе, оны
ң сабақты
жа
қсы оқығанға дейін жүре тұруын немесе жоғары жылдыққа
баруын к
үтудің қажеті жоқ. Қазір жанына қажетті нәрсе қазір
болсын– да
ғы.
Кей кісілер т
әрбиедегі қатал әдісті қолдайды. Бала үшін ең негізгісі –
білім. Саба
қтан келсін де, сабақ оқысын. Орындамай, орнынан
т
ұрмасын дейді. Бір ел жәшік ойлап тауыпты. Баланы ішіне кіргізіп,
аузын 
құлыптап қояды екен. Сабағын оқып бітпей, сыртқа
шы
ғармайды. Ұйықтап қалмауын ғана қадағалайды.
Мені
ң ойымша, тәрбиелеу – адамның жанын жасау. Тек ақпаратты
білумен 
ғана адам жасалмайды. Жаны лас білімпаздан адамзатқа
пайда жо
қ. Егер баланы ертелі-кеш үстел басынан шығармай, тек ми
ж
ұмысына қойсақ, біраз жылғы азаптан соң бір шөкім болып,
қартайып кеткенін көрер едіңіз. Жалпы, баланың өзі барометр, оны
бай
қаусыз бағыттап қойсақ жетеді. Осылай бағыттап қоюдың өзі
талантты м
ұғалімнің қолынан келеді.
«Би кештерінде» биді
ң классикалық түрімен шектеліп қалғанымыз
жо
қ. Ребін де, ауыр металын да, соңғы билерді де биледік. Оны
шы
ғарған композитор, ән-өлеңінің мазмұнын талдап-түсіндіріп
отыру
ға тырыстық.
Н
әтижесінде «Би сенімсіздігін» жойдық. Шәкірт-мырзалар бикештер
мен 
ұстаз-бикелерді еркін биге шақыратын болды. Бойын тіктеп,
ма
ңдайы жарқырап, тербетіліп билегенде, өздері парасатқа айналып
кетеді.
ХАТ ЖАЗУ М
ӘДЕНИЕТІ


Бізді
ң балалар хат жаза ала ма? Кейде шәкірттеріме қалжыңдаймын:
«
Қыздарға хатты қалай жазасыздар? Көзің «мерседестің шамындай»
дейсіздер ме? 
Әлде басқадай сүйкімдірек теңеулеріңіз бар ма?»
С
өйтсек, кей жігіттің қызға арнаған бар сезімі: «Сен менімен
ж
үресің бе?»-нің айналасында ғана екен. Қан майданның ішінде де
хатты 
өлеңмен жазған қазақтың ұрпақтары-ай.
Әр баланың бойында шығармашылықтың дәні бар. Мұғалімнің
міндеті – ш
әкірттің өзінің ішкі ерекшелігін аша білуге, оны сыртқа
м
әдениет деңгейінде жариялай білуге, ойын еркін жеткізе алуға
к
өмектесу. Бала ондай деңгейге мұғалімі қанаттандыра білсе, оған
сенсе 
ғана көтеріле алады. Баланы ашудың бір әдісі: сөйлету, сурет
салдыру, 
қимыл-әрекет жасату, театрмен, музыкамен әуестендіру, хат
жаздыру, математикалы
қ мысалдар құрастыру т.б. осы әрекет үстінде
н
әтижеге жетуіне көмектесу. Оның жұрт жеткен жетістікке жетуі
шарт емес, 
әркімнің өз жетістігі бар. Қателесу ешқандай айып емес.
Кемелдік 
құдайда ғана.
Осы ойды
ң жетегімен, мектептегі алпыс бала мен жиырма шақты
м
ұғалімге арналған пошта жасауға бел байладық. Алдын ала
дайынды
қ жұмыстары жүргізілді. Біреудің хатын біреу ашудың
барып т
ұрған мәдениетсіздік екенін, егер біреу сізге жақсы көретінін
айтса, оны жария етіп, 
әдемі сезімді ластауға болмайтынын, суретке
м
ұрт салып мазақтау тиімсіз екенін, өйткені өзіңді де біреу солай
маза
қ етуі мүмкін екендігін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатты.
О
ған «әдеп» сабағын пайдаланудың, кездесе қалған сәттердегі
қысқа пікір алысу, юмор – бәрі іске қосылды. Поштаға ілінгенге
дейін жеке-жеке суреттер жиналды. Кейбіреуіні
ң бесік жағалап, жаңа
қаз тұрған кезін де іліп қойдық (адамның қай жасы да сыйлауға
т
ұрарлық қой). Ақыры пошта жұмысын бастадық.
Ал
ғашқы екі апта үздіксіз хаттар ағынынан бас көтере алмадық.
«Ана саба
қта сөйлей алмай қалу себебін», «әне бір жағдайды қалай
ж
өндесем екен» деген сұрақтар, «сабақтағы ұнамаған тәсіліміз»,
үйіндегі қиындықтар, ұстазына рақметі, ауызба-ауыз айтыла
бермейтін жа
ғдайларды ағынан жарыла жазылыпты. Хат жазу


өнегесін өзіміз көрсетуге тиіс болдық. Біз де күні-түні хат жаздық,
б
ұрын да жазып қоятынбыз.
Балалар арасында 
қандай мазмұнды хаттар жүріп жатқанын да сезіп
отырды
қ, «махаббат» – ең маңызды тақырып. Мейлі, әдемі сезімді де
жеткізуге 
үйренуі керек. Бірінші жылдықтағы шәкіртім Мақпал
бикештен хат т
үсіпті. Суретте: киіз үй, ішінде құс қонып отыр.
Сыртта екі 
қолы тарбиған біреу (өзі) қолына бірдеме ұстап тұр, «бал»
деп жазып 
қойыпты. Сөйтсем, киіз үй дегенім – балауыз, құс дегенім
– бал арасы екен 
ғой. Алдында ғана өзін ара шағып ала жаздаған.
Баланы
ң жан-дүниесіндегі барлық әсер суретінде тұр. Қолындағы
балынан д
әм татырмақшы.
Хаттар легі екі аптадан со
ң азая бастады. Іштегі шер шықты. Бір
айтыл
ғанды қайталай беру мазмұнсыздық, енді ізденіс басталу керек
еді.
Хат бізді
ң түсінігімізді тереңдетті. Бала жанын ұғуға көмектесті.
Сезім т
әрбиесі – үлкен тәрбие екенін түсіндік. Кейбір сұрақтар,
м
әселелерді ақылдасу үшін кездесе алмай қалған кісіні күтіп
отырмай, поштасына бір ауыз с
өзімізді жазып тастай салу да әдетке
айналды.
Әділін айтсақ, поштаны біз ғана ойлап тапқан жоқпыз, Петерсон,
Френе мектептерінде бар 
әдіс болатын. Оны өз жағдайымызға
келетін т
ұсынан алдық. Сондықтан мың баласы бар мектептерде
«поштаны» бай
қап, ойланып алмай, бірден кіргізе салуға болмайтыны
есте т
ұруға тиіс.
СУРЕТ– ЖАРИЯ
Баланы бірімен-бірін емес, 
өз мүмкіндігімен салыстыруға көңіл
б
өлуі керек. Әрқайсысы өз шығармасын жариялауға құқықты.
Алматыда
ғы бір американдық мектепте болғаным бар. Сондағы
ілінген, сызыл
ған, көрсетілген, барлық нәрсенің бала жан-дүниесін


есепке алынып жасал
ғаны қызықтырып еді. Сырт көзге арнап
жалтыратып, балалар
ға қол тигізбей, қақайтып қойған ештеме
бай
қалмайды. Әр бөлменің қабырғасы балалардың жалбыраған
суреттеріне толы. Осы идеяны мектебімізде 
қолдандық.
М
ұғалімдерімізді кезек-кезек алып барып, сабақтарына кіргіздік

ұғалім ізденуден қалған күні мұғалім болудан қала бастайды).
Сырттан келген кісілер ке
ң фойеміздің қабырғаларында желім
қағазбен жапсырылған үлкенді-кішілі суреттерді, бір-екі шумақ
өлеңді, бір ауыз тапқыр сөзді, кроссвордты, жақсы шығарылған
есепті, 3 жылды
қ оқушысының ойдан шығарған жарты немесе бір
бет 
әңгімесін көрер еді. Үзілісте оқушылардың өзі жаңа ілінген
д
үниені оқып-көріп жатады. Біз де үңілеміз.
Қысқасы, шәкірттің титтей шығармашылық талабы жарияланады.
Оны м
ұғалім әкеліп іледі, оқушы өзі жапсырып, әйтеуір тынымсыз
тіршілік ж
үріп жатады. Олар жай қағаз емес, шәкірт жүрегінде
б
ұғып жатқан шығармашылықты түртіп оятатын қағаздар.
ЛЕЗДЕМЕ ТА
ҚТА
О
қу бөлмелерінен шыға берісте бір тақта ілініп тұрды. Жанында
дайын бор бар. Ма
ғынасын түсінбеген адам: «Дәл осы жерге
та
қтаның не керегі бар?» – деп ойлайтын.
Баланы
ң қимылы шапшаң. Сезімі лездемде. Өзінен-өзі секіреді.
Жерден бір тасты ала салып, іргені сызады, партаны шимайлайды.
Шы
ғармашылықтың бәрі бірден мәдениеттіліктің деңгейіне жете
қоймайды. Ойына келіп қалған сөзді жаза салады. Бойында жиналып
қалған қуатты тез сыртқа шығаруы керек. Оны тежей берген дұрыс
емес. 
Өтіп бара жатып лездемеде тақтаға бір досының керемет
суретін сала салсын. Бас
қа сыныптың бір оқушысын туған күнімен
құттықтайтынын білдіріп, леп белгісін қойсын. Төбе би өзінің
хабарландыруын жазсын. М
ұғалім оқушыларын консультацияға
ша
қырсын. Жазатын жер болса, сөз табылады.


Міне, ол – та
қтаның міндеті.
САЗДЫ 
ҮЗІЛІС
Сы
ңғыр-сыңғыр қоңырау үні қанша ақынға тақырып болмады.
Мысалы, 
қоңырау мектептің символы болатын. Соңғы кезде электр
қоңырауға көштік. Оның шар еткен үні баланы селт еткізіп,
тітіркендіреді. Ала
қанмен сипағандай жұмсақтық жоқ, мазмұнсыз
шырыл. Осындай ойлардан кейін 
үзіліске мағына беруге бел
байлады
қ. Үзіліске жеке бағдарлама жасап, ұлттық ән-күйлер,
классикалы
қ музыка қоятын болдық. Сабақтың біткенін музыка
білдіреді.
Балалар келе жат
қаннан ойналған музыка күніне 5-6 рет
қайталанады. Бірнеше күннен кейін «Көкейкестіні» ыңылдап
ж
үргенін естисің. Сөйте-сөйте құлаққа сіңген әуен жүрекке де
жетеді. Тамырлардан сыр тарту басталады.
Қазіргі әндерде бастауыштың өз саздары, жоғары сыныптың өз
саздары болатынын ескерген ж
өн. Әуенмен айтылған мазмұн жан-
д
үниеге тез тарайды (дін сүрелерінің жүрекке жеткіштігінің бір сыры
– 
әнмен айтылатындығында).
Сазды 
үзілістің бағдарламасын музыка сабағының мазмұнымен
саба
қтастыруға болады. Қазақстан Әнұранының әуенін де осы
әдіспен тез үйреніп алдық.
Т
ӨБЕЛЕС
Бір директордан естігенім бар еді:
– Мен балаларды 
қатал өмірге дайындағанды қалаймын. Төбелессе –
т
өбелессін, еркіне жіберемін. Бала таяқ жегенді білсін, ұрып


үйренсін! – дейді. Сол мектептегі балалар арасында «дедовщина»
бай
қалатын.
Біз ш
әкірттердің бір-бірінің жанын-жараламауын, намысына тиетін
с
өз айтпауын қадағаладық. Үй жағдайына, киіміне қарап кемсітуге
тыйым салды
қ. Аға-інілі қамқорлық қатынасты сіңіруді жөн көрдік.
Саба
қты жақсы оқитын баланы әр мұғалім ұнатады. Нашар
о
қушыны нағыз мұғалім ұнатады. Ұзақ уақыт көрген қорлық
жауызды т
әрбиелейді. Бесінші жылдықта Құрмаш – тентек, жаман
о
қушы атымен келген бала (Аты өзгертіліп алынды). Сабақта үріккен
ла
қ секілді көзінің аласымен қарап, көп тиісіп, көп күліп отыруға
әдеттенген. Оқудың бәрібір миға «қонбайтынына» сеніп алған.
Құрмаштың тентектігі аяныш туғызады. Өзін сабақта жақсы көрсете
алма
ған баланың амалдары ғой. Тентектік баланың намысынан
туады. Намысын да жо
ғалса, ол баладан не қалады? Ал тентектіктің
себебін т
үсіне алмаған мұғалім оны осы қаруынан айырғысы келеді.
Тентек бала
ға тіпті көп көңіл бөлінуі керек.
Ал сонымен 
Құрмашты басқа балалардың кемсітуінен қорғау керек
болды. Бір к
үні үзілісте қып-қызыл болып ұрысып тұрған Құрмаш
к
өрінді. Қасындағылар тап-тап береді. Әке– шешесі алыста, оны
балалар біледі. Ыл
ғи да Құрмаш кінәлі боп үйренген болса керек,
тіпті басынба
қ ойлары бар. Қасына барғанымда:
– 
Қараңызшы, Алма бибі, мына Құрмаштың не сөз айтып тұрғанын!
– деп шу ете т
үсті.
«Жыласа кімні
ң аузы қисаймайды» дегендей, ол да еселі сөзін
жібермеген болу керек. Жинал
ған топ Құрмашқа ұрысуым керек деп
ойлады. Тек шетке таман т
ұрған Айдарбек қана жаны ашып, не ақтай
алмай, не к
өпке топырақ шаша алмай дағдарыста тұрғаны білінді.
Құрмаш көзі жыпылықтап:
– 
Өздері бірінші тиісті! – деп айқайлайды. Кіп-кішкентай баланың
тамыры адырайып, к
өз алайып кетіпті. Пенде өзінен зорға кездесіп,
шамасын келмейтінін білгенде, 
әлдебір күшпен соңғы демін жиып,
ай
қайлап қарсы ұмтылады ғой, сол сияқты. Жұдырығын түйіп


ал
ған. Өзін Құрмаштан гөрі тәуір оқимыз дейтін бір-екі бала оның
аузын аштырмай, к
өзіне-көзін тақап ұрысады. Мінеки, баланы жақсы
о
қушы, жаман оқушы деп бөлген жерден жаман оқушының
трагедиясы басталма
қ.
Мен есімді жиып, 
Құрмашты иығынан құшақтап, Айдарбектің
жанына 
әкелдім де:
– Айдарбек, 
әлсізге күш көрсетудің ең жаман іс екенін білесің ғой.
Б
ұдан былай мына Құрмашты қорғап жүрші. Құрмашты өзім жақсы
к
өремін. Ешкім тиіспесін, – дедім.
Айдарбек 
өзі де аяп тұр екен, қолдай кетті.
– Ж
үр, Құрмаш, – деп, дәрісханаға бастады. Құрмаш көзінен
домала
ған жасын жұдырығымен білдірмеген болып үйкелеп жіберіп,
ал
ға түсті. Кішкентай иығы бүлк-бүлк етеді. Бұдан былай
Айдарбекті
ң ағалық қамқорлығында болды.
Баланы
ң жан дүниесін бірінші орынға шығармасақ, намысын
таптаумен берген білімні
ң қандай құны бар?
Құрмаштың бейнесіне кейін көп өзгерістер енді. Үзілісте жүгіріп кеп,
қол алысып амандасқанды тәуір көреді. Хал сұрайды. Би кешіндегі
ойындарда 
өз жылдығының (сынып) намысын қорғап, бірінші орын
алып береді. Басын к
өтеріп, адамдық қасиетке кірді. Вальсте екеуміз
қыздарды биге шақырамыз. Сол қолын артына ұстап, оң қолымен
ал
ға ұмсынып, құйтақандай тізесін бүгеді. Ондай мәдениетті жігітті
кім жек к
өрсін!
ДАЛАДА
ҒЫ САБАҚ
Мектеп жанынан 
өтіп бара жатқан жұрт кейде далада дөңгелене
отырып, 
өзгеге назар аудармастан, ынталана қызу таласқа түсіп
жат
қан оқушылар мен мұғалімді көрер еді. «Мұндай да сабақ бола
ма екен?» – деп т
үсінбесі анық. Ал біз болсақ: «Вагон секілді
автобусымыз болар ма еді? Онымен ауыл сыртында
ғы көкпеңбек биік


жоталарды
ң біріне тоқтап, саф ауа, мөлдір суды жұтып, апта бойғы
саба
қты табиғаттың ортасында өткізер ме едік», – деп армандаушы
едік.
Кейбір «Дене м
әдениеті» сабағында («Денешынықтыру») ортадағы
атты
ң бірі жүгенінен ұстап, бірі сауырынан сипап, бірі ер үстінде
жарбиып жапырла
ған балалар көрінетін. Мұғалім ат мәдениетінің
т
үркілерде қалай қалыптасқанын, оның дене мәдениетіне әсерін
айтатын. Іштей: балаларды танауы жел-желп еткен бір-бір ж
үйрікке
мінгізіп, 
қолына томағасы көзін басқан қыран құс қондырып,
атбегілік пен 
құсбегіліктің сырын сіңірсек-ау деп түйетінбіз.
Расында да, о
қушылар «Тіршіліктану» сабағын оқиды, бірақ өз
жерінде 
өсетін ағаштар мен майда өсімдіктің атын атап, түсін түстеп
бере алмайды. Жа
ғырапиядан жақсы бағалар алады, әттең туған
жерін карта
ға түсіре алмайды. Денесін шынықтырамыз. Бірақ ол
таби
ғи дәстүрімізден ажыраған. Бір сөзбен айтқанда, оқу нәтижесі
өмірден алшақ.
Қыста, «Дене мәдениеті» сабағында директордан – мұғалімге дейін
сыр
ғанау, жүгіру, доп ойындарынан оқушылармен жарысып жүрдік.
Қар кешіп, баламен бірге ойнау, бірге қуану – достықты бекіте
т
үсудің тәтті сәттері. Ұзын дастарқаннан өз қыздарымыздың еңбек
саба
ғында пісірген жұқпасын, әрқайсымыз үйден әкелген
қарапайым тағамдарымызды таласа– тармаса жеу, күлкілі әңгімелер,
қандай қызық!
ЖИЫРМА ТО
ҚТАМ
М
ұғалімдер бөлмесінде олардың нені күтетініміз былайша
сипатталып ілініп т
ұрды:
1. Кісі екеніне к
үмәнмен қараған баладан кісі шықпайды.
2. О
қушының кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің.
Же
ңісін ізде.


3. Баланы та
ң қалдыруды ұмытпа. Даналыққа ұмтылу таң қалудан
басталады.
4. 
Әр баланың өмір тіршілігі – өзінше бір тағдыр. Баланың
та
ғдырына ой көзімен қара. Сабаққа келмесе, себебіне үңіл.
Саба
ғыңа қызықпаса, себебіне үңіл. Тентек болса, себебіне үңіл.
Себебін алдымен 
өзіңнен ізде, мұғалім.
5. М
ұғалімнің өз сабағын білуі жеткіліксіз. Баланың жан дүниесін
т
үсінбейтін мұғалім сабақ беруші ғана.
6. Ба
ға құнды емес, бала құнды.
7. Бала мектеп 
үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істеуі керек.
8. 
Әр бала өз мүмкіндігінің жоғары-төмендігіне қарамастан, өзінше
бір 
ғажайып құбылыс.
9. М
ұғалімнің мақсаты өз пәнін жақсы үйретуден гөрі тереңіректе.
Ол – адам жасаушы адам.
10. Саба
қ дегеніміз – мұғалім мен шәкірттің адамгершілік қарым-
қатынасы.
11. Баланы
ң мүмкіндігіне сенген мұғалім мен сенбеген мұғалімнің
іс-
әрекеті әр түрлі болмақ.
12. К
өптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа. Сеніп айтқан
сырын шашпа.
13. Саба
қтың мақсаты – баланың басқаға ұқсамайтын қасиеттерін
аша білу.
14. Саба
қ үстіндегі тыныштыққа көп ізденіспен, еңбекпен ғана
жетуге болады.
15. М
ұғалімнің сөзі мен ісі жасанды емес, шынайы болуы аса қажетті
шарт.
16. Баланы
ң ықыласын оята біл. Қолынан іс келетіндігіне сендіре біл.
17. М
ұғалім мен баланың қарым-қатынасы қуанышты әрі пайдалы
болсын.


18. Бала
ға сыйлы боламын десең, өзің баланы сыйла.
19. 
Қиын тақырыпты түсіндіре салып сұрауға асықпа, келесі сабақты
қайта түсіндіруден баста.
20. 
Әр бала – халқының келешек тұлғасы.
РЕЙТИНГ Ж
ҮЙЕСІН ҚАЛАЙ ЕНГІЗДІК?
Әдетте мектептегі балалар: «екі алғыштар», «үшке үлгіретіндер»
«жа
қсы», «өте жақсы» оқитындар деп бөлініп жатады. Оның өкпе,
реніш ту
ғызатын жақтары көп. Өйткені «баға» бар болғырдың
к
өбіне кілті – кісіде. Мұғалімнің көңіл– күйіне, адамшылық
м
ұраттарына, ішкі мәдениетіне т.т. байланысты. Қысқасы, баға
о
қушының ынтасын арттырудың орнына, оның жүрегіне қорқыныш
сезімін орнатып, 
қорлайды. Тіпті, баға қоюшының көңілін тауып,
лаждауды 
қулық пен алдауды да үйрететін нысанаға айналады.
Бізді
ң рейтингке келу себебімізді өте қарапайым түрде былай деуге
болар еді: ба
ға – кісінің қолында, балл жинау, еңбектену – баланың
қолында. Шамасы жеткенше, еңбек етсін де, балл жинасын.
Не
ғұрлым көп еңбектенсең, балл да көп болады. Нарыққа көшу
кезінде, бір жа
ғынан үйрену де болып шығады. Мысалы:
1) О
қушы сабаққа кешікпей келді, ол үшін 4 балл алды. Кешіксе,
ұрысып әуре болмайсың, 4 балл орнына «К» деген белгі ғана
со
ғылады.
2) Саба
ққа қажетті құрал-жабдықтарының бәрі үстел үстінде тұр – 1
балл;
3) 
Үй тапсырмасын орындап келді, түгел орындалса – 2 балл,
жартылай – 1 балл. Орындалмаса, т
үк те жоқ.
4) Саба
қ айтты: 5 не 4, 3, 2, 1 балл жинады.
5) О
қушы өзіндік жұмыс жасап келіпті. Қосымша әдебиет оқыды,
оны конспектілеп, тіпті айтып берді немесе 
үйге берілген тақырыптың


мазм
ұнын ашатын сурет салды, қосымша есеп шығарды,
тапсырмадан тыс 
өлең жаттады, жаттығу орындады т.б. Ол үшін 5 не
4; 3 не 2; 1 балл алады.
БИЛЕР: Т
ӨБЕ БИ, ТӨТЕНШЕ БИ
Мектебімізді аш
қан күні кіре берісте Қазыбек бидің атақты «Біз
қазақ деген мал баққан елміз...» деп басталатын сөзі тұрды
жар
қырап. Ол сөздерді әр балаға құрандай жаттаттық. Көкірегін
керіп айтсын дедік. 
Өзінің қазақ боп туғанына мақтансын дедік.
Әдеп сабағында: Құранның беташар сүресін мағынасын түсіндіріп
т
ұрып тағы жаттаттық. Ораза тұтар кездегі, ауыз ашардағы, жаны
құдайы деп мал бауыздардағы айтылатын сүрелерді білді.
Дастар
қанға бата беру, мұсылманның бес парызын айтты.
Пай
ғамбарларды айырды. Олар несімен тарихта қалған тұлғалар
екенін т
үйді. Тіпті ауылдағы ересектердің өзі жұма күндері Құран
о
қуға, әңгіме тыңдауға, біздің балаларды шақырып жүрді.
Б
ұрынғы мектептегі «староста» дейтін лауазымды «билерге»
алмастырды
қ: Төбе би – мектеп бойынша оқушылар басқаруының ең
жо
ғарғы өкілі. Төтенше би – старостылар. Жоғары сыныптың билері
– А
ға би, төменгі сыныптың билері – Бала би. Мектептегі мәселелер
билер ке
ңесі арқылы шешіліп отырды. Билер кезекті мәселелерді
тал
қылап, ақылдасып, шешіп отыруға тиіс болды. Мақсатымызды
т
үбегейлі орындап үлгірмесек те, бұл өз нәтижесін беретін жүйе
екенін т
үсіндік.
ЖАРАПАЗАН
Жарапазан 
қалаға жақын ауылдардың өмірінен өшіп бара жатқан
салт болатын. Тіпті мені
ң бала күнімде де жарапазан айтып келгенді
естімеппін. 
Әке-шешеміз әңгіме қылатын, оқып білдік. Бірақ қандай


әуенмен айтылады, тәртібі қандай, ол жағын анық елестету қиын
болды.
М
ұғалімдердің ішінен Шымкент жағында өсіп, жарапазанды көзімен
к
өргендер табылды. Бірақ әуенін есіне сақтамаған. Жандосов
ауылында бір жылдары жарапазан айтып бай
қаған екен. Ондайды
«м
әмбетшілдік» көрген ауыл бұзықтары ұрып кетіпті. Содан бері
шы
ғуға қорқып қалған.
Ораза айы келді. 
Әуелі оқушыларға отыз күн оразаның мәнісін,
т
ұтуға-тұтпауға жататын жағдайларын, арабша сүресін, одан соң
жарапазанды т
үсіндіріп дайындадық. Мәтінін жаттады. Қолымызға
м
әтінді алып, үзілістерде, реті келе қалған сәттерде мұғалім болсын,
бала болсын – б
әріміз қосыла қалып, айтып жүрдік. Не керек, дайын
болды
қ. Бұл әрекетімізден ауыл хабарсыз еді.
Оразаны
ң соңғы он күні қалғанда, көктемнің ери бастаған, әлі
ыз
ғарлы күндерінің бірінде түнгі сағат 10-да мектеп жанына
жиналды
қ. Алаламау үшін бір көшенің басынан түсіп, шетіне шейін
шы
қпақшымыз. Алдымызда – Самал мырза баянмен, оқушы Бұлан
мен Ба
ғылан мырзалар домбырамен, одан соң – өзім, Бекболат мырза,
Зиба бике, Ба
қытжан бикелер, он шақты ұстаздар. Соңымызда
«бойлары бір 
қарыс, сақалы қырық қарыс» отыз шақты оқушы. Бір
үйдің терезесінің түбінен өлеңді қоя бердік. Тым-тырыс. Бір кезде
жанып т
ұрған шам шалп етіп өше қалды, есікті қаттырақ бекітіп
жат
қаны байқалды. Екінші үйдің адамдары үркіп: «Бұл не?»
дегендей, та
ңданыспен есік алдына өздері шығып қарады. Әнші топ
ты
ңдаушының табылғанын көрген соң серпіліп, баян мен
домбыраны
ң екпінді үніне қосылып шабытпен шырқап кетті:
Жарапазан айтамын есігі 
ңе,
Қошқардай қос ұл берсің бесігіңе,
Қошқардай қос ұл берсе бесігіңе,
Батыр болсын, ба
қ берсін несібіңе.
А
қ тауық, қызыл тауық қырман шашар,


Осында бір же
ңгей бар теңге шашар.
Те
ң гені шашпай-ақ қой, қолыма бер,
Қасымда ку жігіт бар ала қашар...
Аузы ашылып ты
ңдап қалған көршілер бір кезде: не айтарын білмей
ы
ңғайсызданып, «Үйге кіріңіздер», «Рақмет, Рақмет.» – деп алақанын
жайды. 
Әйел адам есін жиып, жүгіріп үйіне кіріп кетті, қайта шығып,
балалар
ға қарай қағазға оралған кәмпиттерді шашып жіберді.
Балалар салма
қпен еңкейіп жинап алды. 6-оқитын Айдарбек мырза
ж
үрелеп отыра кетіп, бата берді. Әумин!
Келесі к
үні Ораз Жандосовтың немере қызы Күлиса апайдың үйіне
келдік. 
Әндетіп тұрмыз. Бір кезде үйге кіріп айтсын деген хабар келді.
Д
әлізге кіріп қайта айттық. Біраз тыңдап болған соң, ішіне
ша
қырды. Апай сырқаттанып жатыр екен, бас жағында тұрған бізге
ризашылы
ғын білдірді де: «Әуендеріңді жөндеу керек. Бұрын
бас
қаша болатын. Айтып беруге қазір шамам жоқ. Кейін...– деді. Біз
қуанып, магнитофон әкеліп, жазып алмақшы болдық.
Жарапазанды 4-5 к
үндей айттық-ау. Хабарланған үйлер жылы қарсы
алып, балалар
ға үйреткеніміз үшін рақметін айтып жатты. Ол ауылда
бал
қарлар көп тұрады. Баяғы заманда Каспий мен Арал маңынан
Еділді кешіп 
өтіп, Қапқаз асқан түркі ұрпақтары, бауырлар ғой.
Қазақша таза сөйлейді. Ата-баба салтын, мұсылманшылығын жақсы
са
қтаған. Бір балқар үйіне жарапазан айта барғанымызда,
алдымыздан 
қарсы алған әйел көзіне жас алды: «Бұл бір ұмтылған,
са
ғынған салтымыз еді. Есімізге түсірдіңдер. Естіп қуанып
жатырмыз», – деді. Сонда барып, біз балаларды т
әрбиелейміз деп
ж
үріп, байқамай, ауылды да ұмытылған салтымызға «тәрбиелей»
баста
ғанымызды аңғардық.
Т
үннің ортасына қарай жарапазан бітеді.
Дорбаны ашып, балаларды
ң қалтасын тәттіге толтырамыз. Бұл да –
к
өрмегенге таң, көргенге қызық, бастан кешкен күндер.


КОНЦЕРТ
М
ұғалімдерді балалардың көз алдында қатал сабақ берушіден аға
дос
қа айналдыратын құрал – бірігіп шығармашылық жұмыстарын
ат
қару. Жалпы, біз сабақтан тыс уақыттардың көбінде өз
отырыстарымызда, 
қыдырыс, демалыстарымызда да балаларды
қасымызға алып жүріп, бірге болуға тырыстық.
Алдымен, м
ұғалімдер ішімдікті тоқтаттық. Содан соң-ақ, өміріміздің
базары балалар бола бастады. Бая
ғының ұстаздары шәкірт
т
әрбиелегенде жанынан тастамайды екен. Шәкірт ұстазының
әңгімесін, тірлігін, қуаныш-мұңын, қайғысын – бәрін көру арқылы
т
әрбиеленеді. Қазақтың шалдарының тізесіне сүйеніп отырып, тіпті
кітаптан ала алмайтын талай да
ғдыны меңгерген. Сөз саптауды,
кісілік-парасатты ме
ңгерген, қазақы қалжыңды үйренген. Жүйелі сөз
бен 
қорқақтықтың қадірсіздігін пайымдаған. Кісі сыйлаудың жөн-
жосы
ғын көзімен көріп отырған. Өз халқымыздың салтынан ажырап,
отырыс
қа арақ, былапыт сөз, орынсыз әрекеттер араласқан соң,
балалар шеттетілді. Б
өлек бөлмеге қамалды. Кісілікті тым аз к өретін
болып 
қалды. Бұл да дәстүрлі тәрбиені тоздырудың амалы еді.
О
қушылар мен мұғалімдер бірігіп дайындаған бір үлкен концерт
б
әріміздің есімізде қалды. Ауыл да ауызынан тастамай жүрді.
Әншейінде ықыластана қоймайтын өнерпаздарды көрсең.
Бірінші болып сахна
ға ұлттық киіммен домбыра ұстап, директордың
өзі шықса. Мұғалім мырзалар қыздарша киініп алып, «Тамашаның»
р
өлін орындаса. Бибілер мен бикелер қойылым жасап, ән айтып,
билеп жатса, «
ұрыста тұрыс бар ма?» Оқушылар одан асып түспесе
де, терлеп-тепшіп, 
өз міндеттерін тамаша атқарып шықты. Қызық
бол
ғанда, концерттің беделін көтеру үшін шақырып, соңына таман
шы
ғармақшы болған Сәуле (Жанпейісова) қызымыз сахнаның
сыртында к
үте-күте шаршап, кезек әрең тигенде: «Туһ, кәсіби
әртістердің өзі бір жарым сағат концерт қоюшы еді, сіздерге, міне,
үш сағат болды ғой», – деп күлді. Өз өнерлеріне риза болып,
уа
қыттың қалай тез өткенін аңғармай, қуаныштан екі беттері бал-
б
ұл жанған оқушылар мен ұстаздар «Шынымен бе?» – деп, сағат


с
ұраса бастады. Сөйтсек, қызық-ай, үш сағат бойы концерт
қойыппыз.
Содан со
ң концертімізді шақтап, қырнап, кеңшардың орталығына,
Ұзынағашқа дейін апарып көрсеттік. Ептеген "табысымызды" бөліп
алып, жырты
қ қалтамызды жылытқан болдық. Бәрінен де сахнаның
сыртында т
ұрып, ортақ істің жақсы шығуы үшін жанашырлықпен
сыбырлас
қандарымыз, бірімізді-біріміз киіндіргеніміз.
– Л
әйлә бике, көйлегіңіздің етегін тигізіп алмаңыз.
– Самал мырза, сырнайы
ңыздың қайысы түсіп кетпесін.
– Айдарбек мырза, с
өзіңізді тағы бір қайталап қойыңызшы.
– Бекболат мырза, ар
қаңыздағы шашыңыз мықты ма?
– 
Қорықпаңыздар, бәрі тамаша!
Ш
үпір-шүпір, сыбыр-сыбыр дыбыстар, дың еткен домбыра, зың еткен
мандолина, сы
ңқ еткен күлкі тағы-тағылар бәрімізді бір мүддеге
ба
ғындырып, бір адамға айналдырғандай еді. Көрерменнің ду-ду
шапала
ғы мен ұстаздардың сенімі тіпті бұйығы балалардың да
к
өңілін судай тасытты. Сахна түгіл өз құрдастарының алдына
шы
ғуға ұялатын балалардың бірте-бірте ашылғанын көру қандай
қуаныш!
К
ӨҢІЛСІЗДІК ПЕН КҮЛКІ
М
ұғалім – әмірші емес, ақылшы,
тексеруші емес, 
үйретуші.
Бірінші сыныпта он бес бикеш о
қиды. «Бізде бір де мырза жоқ», – деп
қояды өздері (артынан көптен күткен Шәміл мырза келді).
Құстың балапанындай шүпірлеген кішкене бикештердің әлден-ақ өз
мінездері бар. Е
ң соңынан келген Ернұр бикеш бірдеңеге өкпелесе,


саба
қ үстінде басына орамалы мен мойыншалғышына дейін
құнтитып тартып, қолғабына дейін киіп алып, «қазір кетіп қаламын»
дегендей, арт жа
қтан үлкен қара көздерімен алара қарап отырады.
Ашуы тар
қағанын шешіне бастағанынан білесің.
Шектен ас
қан ақкөңіл Данаштың, өз қаламын әркімге ұсынып, «Мә,
менікін алшы!» – деп, жа
қсылық жасағысы келгенін де қабылдамай,
жа
қтырмай қоятындары бар. Сондықтан кейде «жақсылықты
с
ұраған адамға ғана жаса» деген де дұрыс па деп қаласың.
Біріншіге алты
ға толар-толмастан келген Ләззаттың ұқыптылығы
сал
ған суретінің көлемінен-ақ көрінеді. Түйе су ішетін науаның өзі
құрттай-ау. Бояғанда бір сызығы шеңберден шықпайды.
Қызға тән «ұсақтықпен» бірін-бірі мінеп қоятынын қайтерсің.
Ондайда бикештерімні
ң: «Артыңа қарамашы», «дәптеріме тиме»,
«
қолыңды әрі тарт», – деген дауыстары шығып жатады. Әсел ғана
ұстамдылықпен жымиып, көп шешілмейді.
Б
өлмедегі көңілсіздіктің сабақты өткізуге қыруар кесір келтіретіні
аны
қ. Бикештер көңілсізденсе, сабақты оқығаннан, оқымаған
жа
қсы. Ондайда:
– 
Қане, жымияйықшы, – деймін. – Міне, былай.
Алдымен 
өзім мәз боламын. Маған қарап, кетік тісін көрсетіп, Аида
к
үлімсірейді. Жайдары мінезді Мөлдір де қоштап, кетіктерімен
жымияды.
– Енді бір-бірімізге к
үліп қараймыз. О, қалай әдемі болып
кетті
ңіздер! Қыздар жымиғанда сұлуланып кетеді екен... Кәні, кәні,
Ма
қпал мен Гауһар қандай сұлу! Туу, Әсемді көрдіңіздер ме!
К
өздеріңізден шуақ шашырайды!
Кішкенеден кейін б
әрі мәз болып, күле бастайды. Сабаққа осыдан
кейін 
ғана кірісуге болады.
– 
Құрметті бикештер, қазір әркім өз өмірінен бір күлкілі оқиғаны
еске алсын. Ол 
үшін қолды бірінің үстіне – бірін қойып, оған
ма
ңдайды сүйеп, көзді жұмыңыздар. Үнсіз ғана есімізге түсірейік.


Мына 
қолымдағы қоңырау шылдыр еткенде, көздеріңізді ашып, айта
бастайсыздар.
Бикештер тынышталып, ойлану
ға кірісті. Осылардың есін білген
аз
ғантай өмірінен елеулі оқиға шығар ма екен деген күдікпен
қараймын. Кейбірінің есіне, шынында, ештеңе түсер емес. Көзін
ашып, «еште
ңе таппадым» дегендей, басын шайқап, белгі беріп
жатыр. 
Қалғандарының ішінен иығы бүлкілдеп, күлген дауыстар
естіле бастады.
Сы
ңғыр, сыңғыр... Мұндай «күлкілі» әңгімелерді өмірі естімеппін.
Біреуіні
ң көршісі тайып құлап қалыпты, екіншісі тауықты қуамын
деп етегін жыртып алыпты, 
үшінші бір ақкөңіл қоштасам деп жүріп,
автобустан 
қалыпты. Бірнеше тәп-тәуір көркем әңгімелер туды.
Баланы с
өйлете берсең, сөзшең болады, жаздыра берсең, жазушы
шы
ғуы әбден мүмкін.
ҰЛ МЕН ҚЫЗ
Өздерінің ұл мен қыз айырмашылықтарын сезінуі балаларда бесінші
сыныпта аны
қ байқалады. Ұл мен қыздың бір-біріне көңіл аударуы
шашынан тарту, т
үртіп кету, бір нәрсесін тартып алып жылату,
с
өмкесін тығып қоюдан көрінеді. Осы жағдайларда жазғыруға
асы
қпай, түсіністікпен қабылдасаң, өзінен-өзі орнына келеді. Бірақ
оларды
ң бір-біріне деген сый– құрметін осы кезден тәрбиелеу дұрыс.
Бай
қасақ, оны балалардың өздері-ақ сездіреді екен.
Бізді
ң сыныпта соңғы кезде киім кию, отырыс-тұрыстан сылбырлық
бай
қалып жүрді. Әнеу күні бір әдемі қыз екі– үш күн қонаққа
келгенде бір 
өзгешелік байқалып еді. Қазір қуанышты ештеңе
қалмағандай, жинақылық жоқ. Бір кезде Мұрат мырза айтты:
– Алма бибі, 
қыздармен бірге отырайықшы, – деді. Келіспей қала ма
деген оймен: «С
өйлеспей отырамыз!» – дегенді қосып қойды.
– Кіммен бірге отыр
ғыңыз келеді?


– Данамен отырайын.
Бір риза бол
ғаным, «О,о, қызбен отырамын» дейді, – деп мазақтаған
ешкім бол
ған жоқ. Аздан соң жеңіл шу болып кетті. Тағы біреу ол да
қызбен отырғысы келетінін білдірді. Қыздар аса қарсы болған жоқ,
тек 
қызға тән сыпайлықпен: «Онда кімнің-кіммен отыратынын өзіңіз
айты
ңыз», – деп рұқсат берді.
Мен мырзалар
ға бір шарт қойдым: Қыздар ірге жақта, жігіттер шет
жа
қтан отырсын. Қыздарға әрқандай жағдайда көмекке келуге дайын
болсын. 
Қаламы түсіп кете ме, тақта сүрту керек бола ма, сырт киімін
ілу ме? 
Қыздардың сырт киімін ілгішке апарып іліп келсін.
Кезекшілігі болса, ш
үберегін сулап бере салсын т.б. Қыз балаға бет-
аузын ай
ғыздап жылаған жараспайды, бірақ алда-жалда көңіл күйі
б
ұзыла қалса, халін сұрап, көмекке келсін, тағы-тағылар.
Жігіттер 
өз міндетін шуласа анықтап алған соң, қыз бен ұл болып
бірлесіп отырды. Саба
қ үстінде байқалды, бір-екі түсіп кеткен
қаламды жігіттер көтеріп, әперіп жатты. Қуақы біреуі: «қасы-
қабағыңды бағып отырмын» дегендей, қасындағы бикештің бетінен
к
өз алмай қарап қалып еді, бикешіміз қып– қызыл болып кетіп: «Әрі
отыршы», – деп 
қояды. Сабақтың соңына дейін қыздар, байқатпай
ғана, біртіндеп сырт киімдерін тастап, шаштарын жөндеп, сипаланып
шы
ға келді. Жігіттер де үлкен жауапкершілікке ие болып, маңғаздау,
салма
қты күйге түсті. Отбасын, бала-шағасының жауапкершілігін
қайыспай көтеретін, жарын сыйлайтын жігіттерді осылай тәрбиелеу
керек шы
ғар.
ҰРЛЫҚ
Мектебімізді
ң ашылған алғашқы күні, 1993 жылғы қыркүйектің 6-
сында, сылдыр 
үнімен балаларды қуантып, дүниеге жаңа бір
мектепті
ң келгенін хабарлаған – мыс қоңырау. Бұл қоңырау
ғасырымыздың басында жасаған нағашы атамыз Ысқақ молданың
ұстап-тұтқан заты екен. Сары ала сандықтың түбінде жатқан осы


қоңыраудың даусы аталардың үніндей естіліп, ырым көрдік. Балалар
қызығып, қолдан-қолға тигізбей, сылдыратып жүруші еді. Бір күні
ғайып болды. Сабақтың басталғанына бір-ақ ай өткен.
Б
ұл – біздің мектебіміздегі бірінші ұрлық. Алғашқы ойға келгені:
сырттан келген біреу алды дедік. Б
ұл көңілсіз жағдайды балаларға
хабарлады
қ. Қоңыраудың жоғалғанын жаман ырымға жорығысы
келмесе де, м
ұғалімдер мұңайып қалды. Жайсыз хабар оқушылар
ар
қылы үйден-үйге тарап кетті. Мақтаған мектебі осы ма дегендей,
пенделікті
ң де жылжи жорғалап жүрмесіне кім кепіл? Жаңа мектепке
сыншы к
өп.
«Жы
ғылған үстіне жұдырық», екі-үш күн өткен соң, бір оқушының
шешесі келді: «Б
ұрын 300 баланың ішінде жоғалмайтын кепкі
жо
ғалды», – дейді. Қоңыраудың жоғалғанын естіп келген сияқты.
М
ұғалімнен оқушылардың сөмкесін қарауды талап етіпті.
Б
ұл оқиға көп уақыт өткен соң еске алуға оңай болғанымен,
әжептәуір есеңгіретіп тастады. Бүкіл үмітімізді жоққа шығарғандай.
М
ұғалімдер «Шынында, ішімізде ұры жоқ па екен?» дегендей сескене
қарап қалғанда, есін жиған Ләйла бике болды.
– 
Қой, сөмке қарау деген не сұмдық?
Әңгімені ары қарай өрбітпедік, сол жерде қала берді. Тағы екі-үш
к
үн өткен соң, жоғалған кепкіні кітап сөрелерінің үстінен тауып,
Фарида бикені
ң қуанышы қойнына сыймады.


БІЗДІ
Ң ОЛЖАС
Бір к
үні «қоңырау табылды!» деп шу ете түсті. Оқиға былай болған
екен: Бізді
ң Олжас мектептен шығып бара жатса, көшеден
сы
ңғырлаған дауысты естиді. Қараса, бір бала қоңырауды шанасына
та
ғып алып сырғанап жүр екен. Олжас әлгі баланы ұстап алып,
н
ұқып-нұқып қоңырауды тартып алыпты. Ұрлаған ол емес, біреулер
берсе керек.
Олжасты
ң жүректілігіне, адалдығына риза болдық. Қуанышта шек
жо
қ. Мұғалімдер мен балалар бір-бірінен сүйінші сұрасып жүр. Бәрі
де к
өңілді күлімсірейді. Айдарбек мырза айтты:
– Алма бибі, б
үгін бір керемет қуанышты күн болды ғой. Расында да,
қуаныш болғанда қандай!
Қуанып жүріп ұрлықшы баланы жазалауды ұмытып кеттік.
Балаларымызды
ң арына дақ түспегені үлкен олжа еді.
ЖЕ
ҢІС
Өзім жақсы көретін баланың әкесі келді: «Баламның оқуына
пенсиямнан жырып беріп отырмын. Кеше сына
қ кітапшасына
қарасам, екі тоқсанда екілері бар, сөйтіп, те оқу бола ма?» – дейді.
К
өзіне жас алды.
Мен, керісінше, 
қуануға болатынын айттым. Бірнеше сабақтан жақсы
ба
ға алды. Әсіресе әдебиеттен сөйлейтін болды. Ептеп өлең
жазатынды шы
ғарды. Ал есептен... бұрын ешбір түсінбестен
сыныптан-сынып
қа көше берген болса, 3-4 айда оның бәрін қайдан
ме
ңгере қойсын. Оның үстіне осы сабаққа ықыласы аз. Мұны
естіген Ра
қым мырза айтты: «Тіпті пайғамбар болса да, осы аз
уа
қытта бәрінен керемет боп кетуге ерте ғой», – деді.
Же
ңістің де түр-түрі бар ғой. Соның ең қиыны – адамның өзін-өзі
же
ңуі. Өз қорқынышын, еріншектігін жеңу, өз әлсіздігімен алысудан


ас
қан ауыр жұмыс жоқ. Ол – көрінбейтін еңбек. Әкесі қиналып
отыр
ған біздің баламыздың еңбегі осындай еңбек, елеусіз болса да,
үлкен еңбек. Бұрын орнынан тұрып сөйлей бермейтін, көзге ілінбей
келген баланы
ң бүгін сөзге қосылып, пікірін айтып отыратын
жа
ғдайға жетуі өзінше жеңісі деп ойладым. Баланы осы жеңісімен
құттықтадым.
А
ҒАШ БАСЫНДА БАЛА ОТЫР
М
ұғалімдерге мынандай сұрақ қойдық:
– А
ғаш басында бала отыр. Ұрыспай-ұрмай қалай түсіріп алар едіңіз?
Қалжыңға сүйей айтылғандықтан, олар да образға кіре қалып,
та
ңдап алған рөлі бойынша сөйлеп жатыр.
– 
Өй, мен ағашқа жақсы өрмелеймін, артынан өзім де өрмелеп
шы
ғып, екеуміз бірге түсеміз.
– Сізді к
өріп, бала одан сайын жоғарылай берсе, қайтесіз?
– А
ғаштың да биіктігінің шегі бар шығар, тоқтар.
– Ойын
ға қызған бала қауіпті ойламайды, құлап кетпесін?
М
ұғалім иегін барынша жоғары көтеріп, терезеден көрініп тұрған
биік а
ғаштың ұшар басына қарайды. Жер мен екі араны ойша
есептеп, шынында, 
қауіпті екен дегендей басын шайқайды.
Екінші м
ұғалім:
– Ал мен бикелер, жерде т
ұрып, сникерс көрсетемін. Түссең, беремін!
– деймін.
– Ол а
ғаш басынан шырт түкіріп, басын шайқап, бес саусағын
к
өрсетсе қайтесіз? Онысы – сникерстің саны бесеу болсын дегені.
– 
Әкеп беремін деп алдаймын ғой...
Айтушы 
өзі де күліп жатыр.


Кей баланы
ң бойындағы ерекше күшті тәртіпке бағындыру қиын.
Олар тынымсыздау келеді. Бойында
ғы тегеурінді айқаймен басып
таста
ғың келген сайын, балада қарама-қарсы әрекет күшейеді. Олар
к
өбіне арқасы бар, бір нәрсеге қабілетті балалар. Осы балалардың
қайда қоярға білмеген күшін
үлкенді-кішілі сатылар, қуыс-қуыс темір жолдар, папуас болып
атысатын, 
Қобыланды мен Қазанның Қырлы-Сырлы қаласындағы
батырларды елестететін, дулы
ға, сауыттар, ойын алаңына жіберіп,
жарыстырып 
қояр ма еді деп армандаймын. Жасауға болар еді, мынау
қатыгездіктің ортасында бір түннен артық тұрмайтынын ойлап,
т
ұйыққа тірелесің. Біз оқитын үйдің айналасы да қоршалмаған.
Ай
қай мен ұрысудың қадірі жоқ мектепте жұмыс істеудің
қиындығын ойлаймын. Мына жап-жас мұғалімдердің алдында ондай
мектеп 
үлгісі жоқ.
Үшінші мұғалім сөзге араласты:
– Мен жерде т
ұрып ақыл айтамын. «Құлап қалсаң, аяғың сынады,
сосын мама
ң қиналады ғой», – деймін. Сосын ептеп– септеп жерге
т
үсіріп алған соң, енді қайтып шықпайтындай қыламын ғой.
Т
өртінші мұғалім сәл дүдәмалдау:
– Бірде
ңеге қызықтыру керек қой. Мүмкін, ойын ұйымдастыру ма?
Тіпті 
қиналсам, сынып жетекшісін шақырып аламын.
Б
ұл да тапқан ақыл сияқты. Өйткені бірінші жылдықтың баласы
үшін ең беделді адам – қабылдап алған мұғалімі. Оның беделімен
директор да, бас
қа да таласа алмайды.
Бесінші м
ұғалім:
– Бір рет 
қызық болды. Үзілісте майда балалар мәшина жүретін
к
өшеде сырғанақ теуіпті. Шақырып ем, келе қоймады. Сосын бір
бала
ға айтым: «Мен саған сонаның ызыңын көрсетейін бе?» Сөйтіп,
ызы
ңдауға кірістім. Әлгі баланың қызыққаны сонша – дереу
бас
қаларды шақыра бастады. Сонымен он минөттей ызыңдадым-ау.


Б
ұл кісінің, шынымен, ызыңдап, ысқырып, әр түрлі жәндіктің
даусын салатын 
өнері бәрімізге мәлім. Мұғалім үшін жеті өнер де
азды
қ етпес.
Алпысты ал
қымдаған, бір әулеттің апасы болып, солардың
баршасына мейірім-шуа
ғын аямай төгетін бір қарапайым әйелдің
айт
қан әңгімесі есімде қалыпты: «Біздің пәлен абысынның баласы
жасында тентек болатын. Білмеймін, 
қайдан шыққанын, әлгі пәлен
қайнағаның есігінің алдындағы биік ағаштың басына шығып
алыпты. Жерден б
әрі ұрысып жатыр. Әлгі шешек тыңдайтын емес.
Одан сайын ж
ұлқынады. Құлап кетер ме екен дедім. Болмағасын
ж
ұрт кетіп қалды. Содан тұрып жалынайын: «Қарағым-ау, түсе ғой.
Жары
ғым, күнім!» Әрең түсті.
Осы 
әңгімені айтып отырғанда, өзін әлекке салған ағаш басындағы
бала
ға деген зәредей өкпесі болсайшы. Сондай кешірімшіл, кеңпейіл,
тек м
ұғалім болу үшін туған жандай.
А
Қ БАНТИКТІ АПАЙ
М
ұғалімдер күні болатын. Бұл күнгі алты сағат көрген түстей әсерлі
болды. Ол к
үні сабақты оқушылар беретінін хабарлап, балаларды
дайындаса
қ та, осы қарбаласымыздан не шығарын ешкім білген жоқ.
М
ұғалімдердің қандай рөлде болуы анық емес еді.
Бір м
ұғалім айтты:
– 
Әр мұғалім өз сабағына кірсін де қойсын. Басқа сабақтың
м
ұғалімдері қоса кірсе, балалар ұялып-қысылады.
М
әселе мұғалімнің қандай пиғылмен кіруінде болатын. Егер
тексерушіні
ң ролінде болсақ, онда баланы уайымдатқаннан басқа
пайдасы болмас. Ал жанашар болып кірсек ше? Бала 
өзін– өзі
к
өрсетуге құмар. Оның осы қажеттілігін қанағаттандыратын орта
жасау
ға болады. Бірақ оны қалай жасайтынымыз белгісіз еді.


Сонымен, барлы
қ мұғалім таңертеңгі сағат 8-де мектепте болдық.
К
өзімізге жарқ етіп Айсұлу бике түсті. Бір шекесіне ақ бантикті
к
өбелектей қылып қондырып алыпты. Оқушыға айнала қалған қазақ
тілі м
ұғалімінің бетіне күлмей қарай алмайсың. Тап осы жерден
бізді
ң рөліміз айқындалды. Қуанып кеттік. «Алақай, біз – бүгін
о
қушымыз!» Айсұлу бикенің ақ бантигін көрген мұғалімнің бәрі
бірден бала
ға айналып жүре берді.
Жарыса жа
ғырапия сабағына кірдік. Айдарбек мырза (оқушы –
м
ұғалім) үстелді тықылдатып, тәртіпке шақырды. Сабақ басталды.
Біз т
ұратын Жандосов ауылы қоңыржай белдіктің үстінде екен.
Айхан бике (жа
ғырапия мұғалімі) тақтаға шығып сабақ айтып еді,
Г
үлмира бикеш Айхан – оқушының қателескенін ескертті. Мұғалімге
әдейі қателесу де керек.
Алдымда Ба
қытжан мен Зиба «оқушылар» отыр. Мектеп ашылған
к
үннен ыстық-суығын бірге көріп келе жатқан екі бике бірі арық, бірі
толы
қ екі оқушы қыздай жараса қалыпты. Айдарбек мырзаның көзін
ала беріп артына б
ұрылып, қылмия қарап, жас қыздың қылығымен
ма
ған мінез көрсетіп қояды. Екі ауыз сөз жазып, екеуінің ортасына
тастадым: «Енді он жылда осы саба
қта болар ма едік! Бақытжанның
немересі то
ғыз жасқа келеді. Зиба қалада оқып жүрген қыздарын
ойлап отырады».
Аздан кейін 
қағазым өзіме қайтып келді: «Айтқаныңыз құдайдың
құлағына шалынсын, әумин!» Жиегіне: «Осы қағазды сол күні
к
өрсетеміз. 30.09.94» деп қосыпты. Лайым тілегімізге жеткейміз! Бір
жапыра
қ қағаз архив өмірін бастан кешуге беттеп, екі бүктеліп,
д
әптердің арасына түсті.
Бір кезде Айс
ұлу бике қағаз ұшақ жасап алып, парталардың арасына
шы
ға келіп, әуелетіп жіберді. Ұшақ ұшып барып, екі баланың алдына
т
үсті. Екеуі шүпірлесіп, Айсұлу жазған әдемі тілектерді оқып, қарық
болып жатыр. Зиба:
– Айдарбек мырза, 
қараңызшы, мына Айсұлу бикеш тыныш
отырмайды!
Айдарбек:


– Айс
ұлу бикеш, алдыңғы жаққа келіп отырыңызшы.
Айс
ұлу мен Зиба бірінің үстінен бірі шағымданып жатып, ақыры,
бантигі жалбырап алды
ңғы жаққа барып отырды. Оқушылар өз
қылығын көргендей, таңдана қарайды. Бір кезде Айдарбек мырза
Айс
ұлу бикештің тағы бір қылығын көріп қойды:
– Айс
ұлу бикеш, ауызыңыздағы сағызды тастаңызшы. Ол мәдениетті
кісіні
ң тірлігі емес (Сабақ үстінде сағыз шайнауды қалай
қойдырамыз деп біздің де талай басымыз қатқан. Бұл жағдайды
балалардыі 
өзі қалай шешетіні қызық еді).
Айс
ұлу сағызын шарт еткізіп, орнынан сырбаздана тұрды да, бантигін
еркелей бір б
ұлғап, әлгі бәлені шелекке тастауға кетті. Балалар
қыран-топан.
Осыдан былай «Жаным сада
ға» деп аталатын бірінші кітабымдағы
с
үйікті кейіпкерім Айсұлу (Айжан) студент бұл кітапта мұғалім
болып жал
ғасты.
Университетті
ң филология факультетінің бір топ студенттері мен
Алма апай отырып, армандаушы едік: «Осы о
қуымыз біткен соі,
б
әріміз бір мектепке барып жұмыс істер ме едік!»
– Сендер бірге боларсы
ңдар-ау, мен қайда барамын...
К
өзге бала-шаға, орныққан қызмет елестейтін. Құдайдыі мұнысына
ш
үкір, айналдырып әкеп арманды тоғыстырған. Айсұлу екеуміз
біргеміз. 
Қалдыгүл, Қосай, Сара, Рухат, Ербақыт, Аманжол,
Д
үйсенкүл, Зәмзәгүлдер қайда екен?
М
ҰХИТ – МҰҒАЛІМ
О
қушы мұғалімнің қылығын қайталайды. Мұхит мырзаныі сабақты
бастасынан-а
қ бір сыпайлықты көріп, риза болдық.
– Мырзалар мен бикештер, б
үгін сіздердің сабақты жақсы біліп, мені
қуантатындарыіызға сенемін, – деді. Дайындалмаған бір балаға:


– Сізді
ң ісіңіз ренжітіп тұр, – деді. Бір кезде бәрі «Қорқыт ата
кітабында
ғы» «Дерсехан ұлы Бұқаш туралы жырды» ойнауға кірісті.
Марал бикеш:
– «Бая
ғы заманда Байындыр деген хан болыпты. Ұлан-асыр той жасап,
а
қ отау, қара отау, қызыл отау тіктіріпті. Ұлы барлар – ақ отауға, қызы
барлар – 
қызыл отауға, не ұлы жоқ, не қызы жоқ қу бастар қара
отау
ға кірсін», – депті. Тойға келген Дерсехан не күй кешті? Ол
бай
ғұста не ұл, не қыз жоқ еді. Дерсеханды қара отауға кіргізіп,
астына 
қара киіз төсетіп, алдына қара қойдың басын тартты.
Дерсехан 
үйіне қара күйедей түтеп келді... Осы кезде Дәнияр мырза
қайғылы Дерсеханды көрсету үшін, бір қолымен басын ұстап, екінші
қолында кішкене көрпешесі бар, ортаға шықты. Көрпені астына
басып отыра 
қалды да, алдыдағы Дина бикешке:
– Ай, хан 
қызы, құдай бізге не ұл, не қыз бермеді. Неліктен
құдайдың қаһарына ұшырадық! Бұған кінәлі кім? – деді.
– К
өтер басыңды, Дерсехан! Қойдан – қошқар, түйеден – үлек,
жыл
қыдан айғыр сойдыр. Ашты тойындыр, кедейді киіндір.
Құдайдан бала сұрайық, тілегімізді берер!
Марал бикеш: «Сонымен, той
ға жиналған көпшілік аспанға қол
жайып, «Дерсехан
ға бір ұл бере гөр!» – деп тілейді. Көптің тілегі
қабыл болып, көп ұзамай, Дерсехан бір ұлды болады. Қабырғаң
болса ж
үрерсің, шеміршек болса нығаяр. Бала өсе береді.
Байындыр ханны
ң бір тажал үлегі мен құрсауланған қызыл көз
б
ұқасы бар еді. Аулада үш баламен топай ойнап жүрген Дерсеханның
ұлын сынау үшін, бұқаны босатып жібереді.
Сахна
ға екі саусағымен өгіздің мүйізін бейнелей, ақырып Алмас
мырза шы
қты. Дерсеханның ұлын ойнаған Мәди мырза онымен
тіресіп т
ұрып жіберіп қалып еді, Алмас сюжетке сәйкес омақаса
құлады. Мәдидің айтуынша, батыр бала былай деп ойлапты: «Үй
дуалын ба
ған ұстайды, ол – үйге тірек, бұқаның маңдайына несіне
тіреуіш боламын?"


М
әди мырза қылышын суырып алып, бұқаның басын кескен белгісін
жасады. Содан 
Қорқыт ата балаға Бұқаш деп ат қойыпты».
Саба
қтың қызығы алда болды. Бұқаштың рөлін ойнаған Мәди
мырза 
қырық қарақшынының айдап салуымен әкесінің атқан
о
ғынан жараланып жатпай ма? Анасы боп Дина бикеш келіп, жасын
т
өгіп жылайды.
Қасы-көзің қиылып,
Жатырмысы
ң, құлыным!
Аш к
өзіңді бір мезгіл,
Кеуде
ңде болса шыбының!
Он екі м
үшең мұз болып,
Тынды ма а
ққан бұлағың!
Т
әтті өмірің үзіліп,
С
өнд,і мен жанған шырағың!
Шырагым...
Б
әріміздің сай-сүйегіміз сырқырап, көзге жас келіп қалды. Биыл
біраз 
қиындықты бастан өткізген Кәмила бике білдірмей бетін басып,
к
өзін сүртіп жатыр. Шыгарманы оқудан былай, ойнап көрудің
баланы
ң бұгып жатқан көп сезімдерін іске қосатынын байқауга
болады. Тіл де жаттыгады.
Ендігі кезекте М
әди: «О, кейуана, ханым анам!» – деп сөзін бастау
керек еді. Жараланып жат
қан жерінен басын көтерді де, көзі
ба
қырайып, жалынышты дауыспен: «Сөзімді жаттаган жоқпын», –
демесі бар ма?
М
ұнда күлмегенде, қайда күлесің? Желке жақтан математик
Д
әулетбек мырза қарқылдайды, Мұхит мырза сахнадан шіңк– шіңк.
К
өрермендер ішін басып, қарқ-қарқ, шиқ-шиқ етіп, қойылымды
к
өпке дейін жалгастыра алмады.


Бір кезде есін жиган М
ұхит мырзаның: «Қойыңыздар енді...» – деген
дауысын естідік.
М
ұхит мырза балаларга багасын қойып бола бергенде, фойеден
Н
ұрлан Өнербаевтың әні естілді. Қоңыраудың болганы белгілі
болды.
М
ұхит мырза Мәдиге қарап: «Сіз мені ренжіттіңіз», – деді. Бірақ
шындап ренжіген жо
қ қой деймін, артынан Мәдидің арқасынан
қагып, әңгімелесіп шыгып бара жатты.
ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ
М
ұгалімдер күні пресс-конференциямен аяқталды. Ұстаздар үшін
мынадай хабарландыру ілінді:
«Пікір алмасуга ша
қырамыз. Сұрақтар:
– Б
үгін мектепте қандай көңіл-күйде болдыңыз?
– О
қушы мен мұғалімнің орын алмасқан рөлі көңілден шықты ма?
– Бала – м
ұғалімдер несімен ұнады?
– «М
ұғалімдер күні» қайталанса не істер едіңіз?
– Бала – м
ұғалімге қандай сұрақтарыңыз бар"?
Ұстаздар журналистер болып келді. Әр елдің өкілі болып, сол елдің
киімін киді. Давлетбиеки – Пекиннен, Зебо ханум – 
Өзбекстан,
госпожа Айна – Ресей, Вахытчан – шешен 
қызы, Шахбанучечек –
Қарақалпақстан, Айхан ханум – Туркия, Мадина сан – Жапониядан.
Әр елден келген журналист балаларға микрофон ұсынып, сұрақтар
қойды. Мұхит мырзадан мынандай сұрақтарға жауап сұрап жатты:
– Саба
ққа кіргенде қандай көңіл күйде болдыңыз?
– 
Өзіңізге көңіліңіз толды ма?


КЕШ
Арнайы 
үлкен дайындық жасаған жоқпыз. Ардақтарын еске алған
отбасында
ғыдай қарапайым болсыншы дедік. Мұхит, Бағлан, Димаш
шы
ғарма жазып келіпті. Гүлшат өлең жазыпты. Биболат ойдан өлең
шы
ғарыпты. Мөлдір, Әлия «Желтоқсан желі» әніне дайындалыпты.
Әңгімені Айнаш бике бастады. Алаңда көзбен көргенін айтады:
– К
үн суық. Адамдар тарамағаннан кейін суық су шашты. Киім
дегені
ң сақырлап қалды. Мәшине, мәшине ғып сауытпен, резеңке
тая
қпен қаруланған солдаттарды түсіріп жатқанда ғана «совет
өкіметінде адамға тек жақсылық ойлайды» деп өскен басым, жүрегім
су ете т
үсті. Оған дейін «жастардың наразылығын бастықтар дұрыс
т
үсінбей жатыр, түсінсе бәрі орнына келеді», – деп ойлаппын. Бір
қызды жығып салып, екі аяғын қолмен тартып тұрып, керзі етікпен
теуіп жат
қанын көз көрді... Содан кейін барлық жерде тексеру
басталды 
ғой.
Студенттерді ондап, ж
үздеп оқудан шығарды. Менің жанымды бір
жас м
ұғалім алып қалды. «Бұл алаңға барған жоқ, ылғи менің
қасымда болды», – деп тұрып алды.
Г
үлмира бике де алаңда болған екен. Этика сабағын оқытатын
м
ұғалімі сол күнгі Республика музейіне баруды жоспарлапты (Кейін
«
әдейі ұйымдастырдың» деп ол мұғалімді де қудаласа керек).
Музейге бара жатып, ала
ңдағы лекке араласып кетеді.
Милиция, солдаттар жастарды бері 
қуады, жастар кішкене күш жиып
алып, оларды 
үкімет үйінің іргесіне қарай қайта тықсырады. Биік
өкше киіп барған қыздардың топырлаған адамның арасында
жы
ғылып қалып, аяққа басылып, ыңырсып жатқандары қаншама.
Онда жаманшылы
қты ойлап бармаған ғой. «Араларыңда медик бар
ма?» – деп ай
қайлап еді, медицина институтының екі студенті келіп
к
өмектесіп жатты.


Бір кезде солдаттар жастарды топырлатып 
қуып беріп еді, бір әйелдің:
«Неге 
қашасыңдар! Қайт кейін!» – деген даусы естілді. Сол әйелдің
даусы 
әлі құлағымда. Не деген батыр әйел деп ойлаймын. Жастарға
әлгі дауыс қуат бергендей болды. Бәрі естерін жиып алып, қалт тура
қалды. Жиылып, солдаттарды үкімет үйінің баспалдағына дейін
қуды-ау.
Жата
қханаға әрең жетіп құладық. Ертеңіне жатақханадан шығармай
қойды. Студенттерді алдандыру үшін концерт қойды ма, кеш
ұйымдастырды ма, не керек қамап отырды.
Г
үлмира домбырамен «Қара бауыр қасқалдақты» айтты. Одан соң
Динара бикеш 
Қайрат Рысқұлбековтің түрмеде жазған «Өкініш»
өлеңін оқыды. Жанында отырған Зибаш көзінен домалаған жасына
ие бола алмай, орамалыны
ң ұшымен кезек– кезек сүртеді. Оған дейін
мы
қты тұрған жүрегі құрғырды жібітіп барады.
М
ұхит шығып, шығармасының бір-екі дәмді жерін ауызша айтты.
Со
ңғы сөйлемі бір ерекше болып көрінді. «Аналар ботасынан
айырыл
ған інгендей боздады», – деді.
Биболатты
ң өзі шығарған өлеңі жатық екен. Шашы тіп-тік қайратты,
к
өз тимесін, денесі шымыр. Ортамызға келіп қалған желтоқсан
жігіттеріні
ң біреуі сияқты. Өлеңін сұрап алдым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет