Профессора рузуддинова



бет19/73
Дата17.06.2023
өлшемі1,57 Mb.
#102006
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73
5.3. Оқыту міндеттері: дыбыстардың үндесуін жән үндестік заңын практикалық жолмен меңгерту. Қазақ тілінде ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыларын қалыптастыру.
5.4. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:
2. Мәтінде театр өнерінің қандай мерекесі туралы сөз болды?
3. Театр фестивальдарыны мақсаты қандай?
5.5. Дидактикалық-ақпараттық блок
Театр фестивальдары – фестивальдардың ішіндегі ең көнесі. Оны драмалық шығармалар мен театр өнерінің мерекесі деуге болады. Классикалық грек театры деген кезде, Диониске арналған діни фестивальдар еске түседі. Ортағасырдағы мифтік шығармаларға негізделген көріністер христиан діни мерекелерінде қойылатын. Соңғы жылдары театр фестивальдары Уильям Шекспир немесе Бернард Шоу сияқты даңқты драматургтердің еңбектерін кеңі нен насихаттау мақсатында өтетін болды. Фриндж театр қозғалысы сияқты фестивальдарда жас драматургтер мен өнер жолын енді бастаған актерлердің еңбегін ынталандыру көзделеді. АҚШ штаты Солтүстік Каролинадағы Триангл театр фестивалін (ТТФ) ұйымдастырушы коммерциялық емес ұйымдар халыққа театр өнерін түсіндіру мен оның қасиетін, құдіретін ұғындыруды мақсат етеді. Сол үшін жыл сайын Триангл театр фестивалін ауқымды етіп өткізеді. Уильямстаун театр фестивалі жазда өтеді. Онда өнер биігінен көрініп жүрген әйгілі актерлер жиналып, көрермендермен тәжірибе бөліседі. Ұлттық мәдениеттің дамуы
әр мемлекет саясатының маңызды бөлігі болып есептеледі. Осыны ескерген көптеген
елдер кең көлемді халықаралық және аймақтың фестивальдар өткізеді. Фестиваль –
театр, музыка, эстрада, цирк пен кино өнерінің жетістіктерін көрсететін
көпшілікке арналған ойын‑сауықтың бір түрі. Фестивальдер ашық түрде өтіп,
орындаушылардың шығармашылығының дамуына, олардың кәсіби шеберлігінің арттуына
ықпал тигізіп, жас дарындар мен жаңашылдықты қолдайды. Көптеген тәжірибелердің
көрсетуінше, фестиваль өткен елдердің экономикасы мен мәдениеті өсіп, туристер
саны көбейіп және жергілікті халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет