5.7. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
1.Синонимдік жұпты көрсетіңіз.
А) Сабырлы, шыдамсыз
В) Жуас, момын
С) Бет, көз
Д) Аласа, кең
Е) бай, кедей
2.Мақалды аяқтаңыз: Ер қанаты — … .
А) шапан
В)ерлік
С)жолдас
Д) мал
Е) ат
3. 60 — 70-тей адам жиналды деген сөйлемдегі сан есім түрін белгілеңіз.
А) реттік
В)жинақтық
С)болжалдық
Д) топтау
Е)
есептік
4.Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.
А) сандықша
В)кітаптар
С)жерлерге
Д) дәстүрмен
Е) адамда
5.Жай сөйлемді табыңыз.
А)
Жерге көк шығысымен, төлдерді жайылымға жіберді.
В)Ауыл тауға көшкенде, ол қалаға кетіп еді.
С)Үйге үлкендер де, кішілер де көңілді кірді.
Д) Оны танығанмен, Сәуле сыр бермеді.
Е) Жаз шыққанда
демалысқа шығайын деп едім, бірақ болмады.
6.«Невада-Семей» қозғалысының президентін табыңыз.
А) С.Әбдильдин
В)Амантай қажы
С)О.Сүлейменов
Д) М.Шаханов
Е) Р.Сейсембаев
7.Меңгеруді көрсетіңіз.
А) Жолаушылар келді
В)Мектеп үйі
С)Сыныпта отыр
Д)
Таулы өлке
Е) Үнді шайы
8.Қай сөйлемде есімше кездеседі?
А) Мен сабақ оқыдым
В)Мен сабақ оқып отырмын.
С)Сабақ оқу керек.
Д) Мен сабақ оқыған жоқпын.
Е) Ол сабақ оқыды.