Профессора рузуддинова



бет63/73
Дата17.06.2023
өлшемі1,57 Mb.
#102006
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73
Байланысты:
әдістемілік кешен 2023 қазақ тілі Қалиева Б

5.6 Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:

  1. 1 Қазақ тілі мен әдебиеті 11-сынып Т2 1-бөлім https://expert.study-inn.kz/uchebniki-kaz/tbr11-1

Қосымша әдебиеттер:
1. Жалпы білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
2. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы – NIS-Programme «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша оқу бағдарламасы. – Астана, 2018


5.1. Тақырып №42 Толеранттылық – бейбітшілік кепілі. Оқшау сөздер
5.2.Мақсаты: Мәтін құрауда сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолдану
5.3. Оқыту міндеттері: Қазақ тілінде ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыларын қалыптастыру, сөздердің байланысу түрлерін анықтау
5.4. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:
1. Оқшау сөздер дегеніміз не?
2. Оқшау сөздердің мағыналық түрлері?
5.5. Дидактикалық-ақпараттық блок
Оқшау сөздер – сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленетін сөздер мен сөз тіркестері.[1] Оқшау сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемде ойды нақтылай түсіп, басқа сөздермен мағыналық қарым-қатынаста болады. Өзге мүшелермен қабыса, матаса, меңгеріле, қиыса байланыспай, оқшауланып тұрады. Оқшау сөздердің мағыналық белгілері оқиға желісінің кімге, неге арналғандығын (-Балақай, сурет сала білесің бе?), айтушының оған деген көзқарасын (-Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады), көңіл-күй, сезім толқынысын (-Апыр-ай, сөзің сүйектен өтті-ау!) білдіру мақсатында қолданылады. Оқшау сөздер мағыналық белгілері мен жасалу жолдарына қарай одағай, қаратпа, қыстырма сөздерге жіктеледі.

  1. Белгілі бір сөйлемнің синтаксистік құрылымына жанаспай, оқшау тұратын қаратпа, қыстырма, одағай сөздер.

  2. «Фельетон» терминінің қызметін атқарған және сол жанрдағы шығармаларды танушы тарихият қолданыс (историзм).

Оқшау сөздер сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтіндігі себепті олардан үтір немесе леп, сұрау белгілерімен дараланып тұрады. Оқшау сөздер - сөйлем құрамындағы басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін сөздер мен сөздер тіркесі. Оқшау сөздер сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді дегенде оның (оқшау сөздердің) сөйлем құрамындағы өзге сөздермен не қабыса, не матаса, не меңгеріле, не қиыса байланыспайтындығы ескеріледі. Сондықтан да олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемдегі өзге мүшелерден оқшауланып тұрады.

Тапсырма:

  • сөйлемге синтаксистік талдау жасау:

Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей, «Отан, отан,отан...» деп, шырылдай береді.

Фонетикалық талдау:

  • Құстары-морфологиялық талдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет