Профессора рузуддинова


Қолдан. Схема бойынша сөйлем құра. Тыныс белгісіне көңіл аудар. 5. Салыстыр



бет64/73
Дата17.06.2023
өлшемі1,57 Mb.
#102006
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73
Байланысты:
әдістемілік кешен 2023 қазақ тілі Қалиева Б

4. Қолдан. Схема бойынша сөйлем құра. Тыныс белгісіне көңіл аудар.


5. Салыстыр. Оқшау сөздерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерімен салыстыру.

  • Қыстырма сөз - Вводные слова - ережесін айту.

  • Қаратпа сөз - обращение - мысалдар келтіру

  • Одағай сөз - междометия - мысалдар келтіру


5.6 Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:

  1. 1 Қазақ тілі мен әдебиеті 11-сынып Т2 1-бөлім https://expert.study-inn.kz/uchebniki-kaz/tbr11-1

Қосымша әдебиеттер:
1. Жалпы білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
2. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы – NIS-Programme «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша оқу бағдарламасы. – Астана, 2018

5.1. Тақырып №43 Береке басы бірлікте. Ел бірлігін сақтау – бабалар аманаты
5.2.Мақсаты: Мәтін құрауда сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолдану
5.3. Оқыту міндеттері: Қазақ тілінде ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыларын қалыптастыру, сөздердің байланысу түрлерін анықтау
5.4. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:
1. Оқшау сөздер дегеніміз не?
2. Оқшау сөздердің мағыналық түрлері?
5.5. Дидактикалық-ақпараттық блок
Қазақ халқының өмірлік тәжірибесінде «бірліктің» маңызы орасан зор. Қазақтың «Бірлік бар жерде - тірлік бар» деген қанатты сөзі татулық пен бауырластықтың айғағы. Болашақтың бірліксіз болмайтынын болжай білген бабаларымыз осы қағиданы басты бағыт етіп ұстағандай. Ол атадан балаға мұра болып, әлі де жалғасын тауып келеді. Елбасымыздың жүргізіп отырған сындарлы саясаты мен жастар санасына салған сара жолын әрбір қазақстандық жоғары бағалайды. 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы этностар арасындағы татулық пен тұрақтылықты, бірлікті қалыптастыруда елеулі істер тындырып келеді. Әлемдік тәжірибеде ұлттар мен ұлыстарды бір шаңырақтың астына біріктіріп, береке-бірліктің қадір-қасиетін көрсетіп келе жатқан мемлекеттер көп емес. 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстан бүгінде әлем елдеріне үлгі-өнеге. Бірлік – баға жетпес басты байлығымыз. Келер күнгі кемел келешекке жетелейтін жарқын жолымыз мызғымас мемлекетіміздің жасампаз тұтастығына тірек болып табылады.Қазақ елі - ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді - қастерлеп сақтай отырып, еркін дамуда. Бүгінгі күні қоғамымыздағы ауызбірлік, тұрақтылық пен туысқандық қарым-қатынас соның нәтижесі деп айта аламыз. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қарым-қатынасты сәтті құра алатынын, этносаралық келісімді қолдап, дамыту және сонымен қатар мемлекеттік құрылыстың проблемаларын шеше алатынын бүкіл әлемге көрсете алды, бұның барлығы жаһандану процестерінің тереңдеген және әлемдегі жалпы тұрақсыздықтың үдей түскен, қауіп және қатердің ескісі қайта көрініп, жаңаның қалыптасқан кезінде көрініс тапты. Аумалы-төкпелі бүгінгі заманда береке-бірлікті сақтап, бейбітшілік үшін жан аямай күресу – кезек күттірмес мәселелердің бірі. Талай тар жол тайғақ кешуден сүрінбей өткен ата-бабаның дара жолынан сабақ ала білген қазіргі парасатты жастар тарихын бағамдап, кемел келешекке бет бұратыны анық. Өткенге көз жүгіртсек, бабаларымыз қиын-қыстау замандардан бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарудың нәтижесінде ғана аман қалып, өскелең ұрпақты бүгінгі күнге жеткізді. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы «Татулықтан артық жолдас жоқ» деген. Мұндай сөз түсінген талай адамның санасына сәуле құйып, дұрыс жолға бағыттайтыны сөзсіз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының: «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды», – деген сөзі бүгінгі мен өткен тарихымызды табыстырып тұр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет