Профессора рузуддинова



бет25/73
Дата17.06.2023
өлшемі1,57 Mb.
#102006
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73
Байланысты:
әдістемілік кешен 2023 қазақ тілі Қалиева Б

5.1. Тақырып №16 Радиоарналарды тыңдаймын
5.2.Мақсаты: алған білімі негізінде ойлау қабілетін дамыту, ой қорытып нақты шешім қабылдауға тәрбиелеу.
5.3. Оқыту міндеттері: дыбыстардың үндесуін жән үндестік заңын практикалық жолмен меңгерту. Қазақ тілінде ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыларын қалыптастыру.
5.4. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:
1. Радио қандай арна?
2. Радио туралы не білесің? - Сен радионы тыңдайсың ба?
5.5. Дидактикалық-ақпараттық блок
Радио (лат. radio — оқимын, сәуле шығарамын ← radius — сәуле) - сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады. Радиобайланыстың қасиеті - әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз әдісімен жеткізу. Хабарлағышқа орнатылған ұшқындық аралық тербелмелі контур жіберіп - таратушы антеннамен индуктивті байланыста және онымен резонанстық күйге келтіріледі. Сигналды тіркеу тәсілдері әуе толқындар (радиотолқындар) арқылы жіберген сигналды (хабарды) қабылда алады. Радиобайланысты алғаш ойлап тапқан - А. С. Попов.
Радиохабар - радиобайланыстың көмегімен әуе толқындары арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық - саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат жұртшылықты оқыту - ағарту құралдарының бірі. Демек, бұқаралық ақпарат құралдары бір түрі. Радионың негізгі жанрлары: ақпараттық, қоғамдық саяси жанрлар, көркем публицистикалық жанрлар (радиоочерк, радиофельетон, радиокомпозиция), көркем жанрлар (радиоинсценировка, радиопьеса, тағы басқа). Радио сонымен бірге өз хабарларында барлық жанрда орындалған әдеби және музыкалық шығармалардың трансляциясын да, радиоға арнайы дайындалға драмалық және опералық спектакльдерді де пайдаланады.
1. Қаратпа сөзді табыңыз.
A) * Пұшайт - пұшайт, қозым, қоңырым.
B) Сенің ойыңша, келешек туралыойламау керек пе?
C) Бәсе, бұл – соның ісі.
D) Біріншіден, айтатын ойыңызды сралаңыз.
E) Әуелі адамды түсіне білейік.
2. Жалпы есім қатарын анықтаңыз.
A) * Қала, көше.
B) Айна, Гүлдария.
C) Әйгерім, Батыр.
D) Көпір, Ертіс.
E) «Жас Алаш», «Парасат».
3. Негізгі сын есімді көрсетіңіз.
A) * Биік.
B) Тұсаулы.
C) Табыскер.
D) Білгіш.
E) Шаруақор.
4. Мына сөйлемге қай шылау лайық, көрсетіңіз.
Алтынсары қадалған.........., оның кескіні құбыла бастады.
A) Таман.
B) Туралы.
C) Қарай.
D) * Сайын.
E) Тарта.
5. Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді көрсетіңіз.
A) Бір.
B) Тоғыз.
C) Төрт.
D) * Жүз.
E) Сегіз.
6. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді көрсетіңіз.
A) Арманды.
B) Ертегіміз.
C) Үшінші.
D) * Қарашашпен.
E) Балаға.
7. Етістіктің нақ осы шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) Тұрасың.
B) Тұратынсың.
C) Тұрғанмын.
D) Тұрарсың.
E) * Тұрмын.
8. «Көзді ашып - жұмғанша» тұрақты сөз мағынасын белгілеңіз.
A) Әдемі.
B) Жай жүру.
C) * Лезде.
D) Алыс жер.
E) Момын.
9. Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісін табыңыз.
A) Қос нүкте.
B) Көп нүкте.
C) Үтір.
D) * Сызықша.
E) Дефис.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет