5.5. Сабақ беру мен оқыту әдістері (презентациялар, кестелер, ауызша-жазбаша сұрау,аралық бақылаулар)
5.6 Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: 1 Қазақ тілі мен әдебиеті 11-сынып Т2 1-бөлім https://expert.study-inn.kz/uchebniki-kaz/tbr11-1
Қазақ тілі мен әдебиеті 11-сынып Т2 2-бөлім https://expert.study-inn.kz/uchebniki-kaz/tbr11-2
Қосымша әдебиеттер: 1. Жалпы білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
2. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы – NIS-Programme «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша оқу бағдарламасы. – Астана, 2018
5.1. Тақырып №17 Қазақтың тұңғыш журналист қыздары
5.2.Мақсаты: алған білімі негізінде ойлау қабілетін дамыту, ой қорытып нақты шешім қабылдауға тәрбиелеу.
5.3. Оқыту міндеттері:дыбыстардың үндесуін жән үндестік заңын практикалық жолмен меңгерту. Қазақ тілінде ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыларын қалыптастыру.
5.4. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар: 1. Радио қандай арна?
2. Радио туралы не білесің? - Сен радионы тыңдайсың ба?
5.5. Дидактикалық-ақпараттық блок Нәзипа Құлжанова (1887-1934) Қостанайдағы қыздар гимназиясын тәмамдады. Сөйтіп, Семейдегi мұғалiмдер семинариясында сабақ берді. Осы кезден бастап қазақ әйелдерi арасынан дараланып, ұлттың жоғын жоқтады. Қазақ мектептеріне арнап оқулық жазды. Тек педагог, ғалым ғана емес, қаламы қарымды журналист ретінде де қоғамға үн қосты. «Қазақ», «Айқап», «Бірлік туы», «Жаңа мектеп» секілді басылымдарда Нәзипа қазақ тағдырына, оқу-ағартуға қатысты мақалаларын жариялады. 1923 жылы - «Мектептен бұрынғы тәрбие», 1927 жылы «Ана мен бала тәрбиесі» секілді әдістемелік кітаптарын дүниеге әкелді. Екіншісіне Ахмет Байтұрсынов алғысөз жазды.
Нәзипа Абайды қазаққа танытқан зиялылардың бірі болатын. Жүсіпбек Аймауытов «Айқап» журналына бұл туралы: «Біздің қазақта ұлтқа қызмет еткен әйелдің алды Нәзипа ханым болып шежіреде жазылуы тиіс» деп жазды.
Иә, Нәзипа қазақ журналистикасына елеулі үлес қосты. 1922 жылы - «Еңбекші қазақ» газетінде, 1923 - 1925 жылдары - «Қызыл Қазақстанда» (қазіргі «Ақиқат» журналы), 1925 - 1929 жылдары «Әйел теңдігі» (қазіргі «Қазақстан әйелдері») журналдарында жауапты қызмет істеді. Айта кетейік, Нәзипа Құлжанова - қазақ зиялысы Нұрғали Құлжановтың жұбайы болатын.1914 жылы «Қазақ» газеті Орынбордан шығып тұрған кезінде редакцияда үш қыз істеген. Тіпті үшеуінің бірге түскен суреттері де сақталған. Міне, осы үш қыз Ғайнижамал Дулатова, Аққағаз Досжанова және Гүлайым Балғынбаева болатын. Олар туралы Тұрсын Жұртбай: «Аққағаз Досжанова - қазақтың ішінен шыққан атақты қыздардың бірі. Аққағаз Батыс Алашорда әскерінің барлаушысы болған. Ол тұңғыш рет қазақ қыздары арасында толық дәрігерлік курсты бітіріп, «дәрігер, ғалым-зерттеуші» деген атақ алған. Түркістан орталық комитеті Қазақ автономиясы «Аққағаздың жұмыс істегеніне бір жыл толды» деп той қылып, атап өткен.
Етістікке байланысты тест тапсырмалары 1. Етістіктің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі.
А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) анықтауыш Е) пысықтауыш
2. Қай сөйлемде етісік бастауыш қызметін атқарып тұр?
А) Балалы үй – базар. В) Үндемеген ұтады. С) Сабыр түбі – алтын.
Д) Бүгін бізде алты сабақ болды. Е) Сыйлағанды сыйлай білу керек.
3. Бастауыш қызметіндегі етістікті табыңыз.
А) Алты жерде алты – отыз алты. В) Марат кешігіп келді. С) Бүгін мен осындамын.
Д) Айтқан – сен, тыңдаған – мен. Е) Абайдың тілегі солай.
4. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған етістікті табыңыз.
А) Көп сөйлеген көптен айрылады. В) Үстел үстінде шам жанып тұр. С) Жері байдың елі бай.
Д) Көре-көре көсем боласың. Е) Оқудың жолы қиын..
5. Толықтауыш қызметін атқарып тұрған етістікті табыңыз.
А) Көрмес – түйені де көрмес. В) Жақын мен алысты жортқан білер. С) Дос жылатып айтар.
Д) Сабыр түбі – сары алтын. Е) Сыйлағанды сыйлай білу керек.
6. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған етістікті табыңыз.
А) Кірпігін де сирек қағады.
В) Малды тапқанға бақтыр.
С) Біз өзенге қарай жүгірдік.
Д) Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
Е) Оны сол мінезі үшін сыйлайтынбыз.
7. Етістіктен болған бірыңғай мүшені табыңыз.
А) Көрмес – түйені де көрмес. В) Арақты сатқан да, ішкен де күнәһар.
С) Оның жүрегі тас төбесіне шықты. Д) Ол есіктің ашық-жабығына қарамады.
Е) Оның ойнағысы келмеді.
9. Етістік қандай жағдайда сөйлемде бастауыш болады?
А) Шақ , рай тұлғасында жіктеліп.
В) Көсемше тұлғасында қимылдың амалын білдіріп.
С) Есімше тұлғасында септеліп.
Д) Есімше, тұйық етістік атау септік тұлғасында.
Е) Тұйық етістік ілік септік тұлғасында.
10. Сөйлемнің баяндауышын анықтаңыз. «Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық.»
А) ұғарлық В) саналы С) жан Д) сөзді Е) көрмедім