5.6 Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: 1 Қазақ тілі мен әдебиеті 11-сынып Т2 1-бөлім https://expert.study-inn.kz/uchebniki-kaz/tbr11-1
Қосымша әдебиеттер: 1. Жалпы білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
2. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы – NIS-Programme «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша оқу бағдарламасы. – Астана, 2018
5.1. Тақырып №18 Отбасы және гендерлік саясат
5.2.Мақсаты: алған білімі негізінде ойлау қабілетін дамыту, ой қорытып нақты шешім қабылдауға тәрбиелеу.
5.3. Оқыту міндеттері: дыбыстардың үндесуін жән үндестік заңын практикалық жолмен меңгерту. Қазақ тілінде ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыларын қалыптастыру.
5.4. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар: 1.Отбасы деген не?
2. Гендерлік саясат дегеніміз не?
5.5. Дидактикалық-ақпараттық блок Гендер (ағылш. gender) - қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын анықтайтын әлеуметтік жыныс. Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады. Гендерлік теңдік саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет. Демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті бекітуде қазақстан әйелдерінің рөлі ерекше. Қазақстанда демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесіне баға жетпейді, себебі, балалардың туылуы, олардың тәрбиесі нәзік әйелдердің мойнында. Сонымен қатар олар өмірлік маңызды салаларда еңбек етеді, мемлекеттік басқару жүйесінің көп бөлігі солардың еншісінде. Әйел отбасы құндылықтарының мүддесін қорғайды. Күнделікті және байқалмайтын отбасы туралы қамқорлық, өз жанұясы үшін жан жайлылығын жасау, жайлы жағдай және амандық - бұлардың барлығы әрбір әйел үшін абзал міндет. Біздің елімізде гендерлік саясаттың міндеттеріне мыналар жатады: билік құрылымына әйелдер мен ерлердің тең қатысуы, экономикалық тәуіелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, жыныс белгілері бойынша күштеу бостандығы, біздің қоғамымыздың дамуында әйелдердің рөлін бұдан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын шешімдер.
Қазіргі таңда гендерлік саясатқа біздің мемлекетімізде аса көңіл аударылуда. Осыған орай отбасылық саясат саласында қандай жетістіктер болды және көкейкесті мәселелер барма, соған тоқталып өтейік.
Гендерлік стратегияны іске асырылған жылдары отбасылық-неке қатынастарында тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюінде оң динамикаға қол жеткізілді.
Отбасы міндеттерін еңбек қызметімен ұштастыру мүмкіндіктерін жасау мақсатында еңбек заңнамасында ата-аналардың икемді жұмыс түрлері мен бала күтімі бойынша демалыс алуға құқықтары туралы нормалар бекітілген. Сонымен қатар, әйелдердің, жүкті әйелдердің және баласы (балалары) бар әйелдердің еңбегін реттеу ерекшеліктерін бекітетін нормалар да пайда болды.
Осыған орай, балалы отбасыларды қолдау бойынша шаралар кешенінде мемлекет әлеуметтік жәрдемақылар мен көрсетілетін қызметтер арқылы қолдау көрсетеді. Әлеуметтік төлемдер ұсыну жүйесінде бала тууына және бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне, мүгедек баланы тәрбиелеушілерге жәрдемақылар, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, көпбалалы аналар мен отбасылар үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қамтылған.
2008 жылы жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайға сондай-ақ бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен әлеуметтік төлемдер төлеу енгізілген.