Қостанай өңірлік



бет1/2
Дата22.04.2022
өлшемі55,83 Kb.
#31868
  1   2
Байланысты:
педагогика 9 апта

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Пән: педагогика

Топ: Арнайы педагогика

1 курс

Тақырыбы:«Отбасындағы тәрбиенің артықшылықтары мен кемшіліктері» 

Орындаған: Бейлхан Жайна

Тексерген:Абдиркенова Ақбидаш, Қапанқызы

Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері


Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақыттар бойы жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінез - құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс.

А.С. Макаренко сөзімен айтқандай, “Тәлім-тәрбие, кең түрде алғанда әлеуметтік процесс”. Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса, құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан-жақты танып білу қажет.

Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана-сезімін бірінші кезекте қалыптастырудың маңызы зор дедік. Себебі, құқықтық сана – қоғамдық санның ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайту - мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты.

Бүгінгі таңда қоғам да, қоғамдық көзкарас та күннен күнге өзгеру үстінде. Бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулерден алынып, ақпарат тарату еркіндігі кең таралған. Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері әсер етуде. Осының салдарынан қазір мектеп жасындағы балалардың шылым шегуі, ішімдік ішуі, есірткі қолдануы немесе әр түрлі қылмыстық іс-әрекетке баруы жиілеуде. Ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпы ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке қойылған фильмдердің еркіндігіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз, ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек, адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу - тәрбие жұмысының негізгі мақсаты. Жас ұрпаққа тек білім берумен шектелу аз, оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам қалыптастыру керек.

Құқықтық тәрбие сан қырлы, күрделі процесс, бұл жалпы және арнаулы шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды. Соның ең бірінші сатысы - оқушыны заңмен хабардар етіп, оның жалпы білім деңгейін көтеру.

Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1-сыныптан бастап, белгілі бір жүйелікпен ұйымдастырылған түрде оқушының оқуды бітіргенге дейінгі аралығында жүргізуі қажет. Адамның құқықтары мен міндеттері жайында баяндалған 1-бапта “Менің Отаным - Қазақстан Републикасы. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы” деген жолдардан баста. 1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданып, 1995 жылы 5 қыркүйектен күшіне енген Ата Заңның Конституцияның мазмұнымен әрі ондағы құқықтық ұғымдарды таныстырудан, түсіндіруден бастаған жөн. Себебі, құқық әрбір адамның туғаннан, өлгенге дейін қоғамдағы жүріс - тұрысын, мінез - құлқын, адамдармен, жалпы тіршілік ету ортасымен қарым - қатынасын реттейді.

Ол үшін мектебімізде «Заң және жасөспірім» атты айлықтар шеңберінде «Мен және заң», «Жауапкершілік түрлері», «Заң бұзушылық неге апарып соғуы мүмкін» тақырыптарда сынып сағаттары, дөңгелек үстел, пікірталас өткізілді. Сонымен қатар ата-атаналар мен оқушылар үшін прокуратура қызметкерлерімен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер өткізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет