Прогнозирование и моделирование общественно-политических процессов


Мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар cубъекті мен субъективтік жағы



бет2/16
Дата22.06.2023
өлшемі140,08 Kb.
#103003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар cубъекті мен субъективтік жағы

  • Мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың субъективтік жағы көп жағдайларда тікелей пиғылмен сипатталады. Кінәлі іс-әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын біледі және оны жасауды қалайды.
  • ҚР ҚК 186-бабындағы мемлекеттiк құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді жоғалтумен байланысты құрам кінәнің абайсыз нысанын (менмендiкпен (жеңiлтектікпен) немесе немқұрайлылықпен) сипаттайды.
  • Кейбір құрамдар, субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде арнайы мақсатты көздейді. Мысалы, тыңшылық (ҚР ҚК 176-бабы), билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту (ҚР ҚК 179-бабы), сепаратистік әрекет (ҚР ҚК 180-бабы), қарулы бүлiк (ҚР ҚК 181-бабы), Диверсия (ҚР ҚК 184-бабы).
  • Кейде заңшығарушы субъективтік жағының құрылымдық белгісі ретінде ниеттік себепті де белгілеуі мүмкін, мысалы мемлекеттік қызметі үшін кек алу. Ол, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар арасынан Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қолсұғушылық (ҚР ҚК 178-бабы) кезінде көрсетілген.
  • Қылмыстық қолсұғушылықтың тікелей объектісін, ҚР ҚК 5-тарауына біріктірілген мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды қолсұғушылық пәніне сәйкес екі топқа бөліп қарастыруға мүмкіндік береді:
  • 1) мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы (ҚР ҚК 175, 176, 181, 182, 183, 184, 185, 186 баптары);
  • 2) конституциялық құрылым негіздеріне қарсы (ҚР ҚК 178, 179, 180, 181 баптары).
  • Сондай-ақ, аталмыш құқық бұзушылықтардың ортақ жалпы объектісі - мемлекеттің конституциялық құрылысы негіздері және мемлекеттің қауіпсіздігі екенін ескерсек, онда тікелей объектісі де сабақтас болады. Мысалы, қарулы бүлiк (ҚР ҚК 181-бабы) конституциялық құрылым негіздеріне қарсы бола тұра мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет