Мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар Мемлекетке опасыздық жасау (ҚР ҚК 175-бабы)
Мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар Мемлекетке опасыздық жасау (ҚР ҚК 175-бабы)
Қылмыстық құқықбұзушылықтың тікелей объектісі – Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігін, елдің егемендігін, аумақтық тұтастығы мен қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ететін қатынастар. Мемлекетке опасыздық жасау (ҚР ҚК 175-бабы) кезінде Қазақстан Республикасы азаматының мемлекеттің сыртқы қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерін көздейді.
Қылмыстық құқықбұзушылықтың объективтік жағы келесі іс-әрекеттер арқылы көрініс табады:
Қазақстан Республикасы азаматының тыңшылық жасауы;
Қазақстан Республикасы азаматының мемлекеттiк құпияларды шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне беруі;
Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы бағытталған әрекетті жүргізуге оның өзге де көмек көрсетуі.
Скаков А. Уголовные правонарушения против безопасности государства//Фемида. -2016-№10-С. 19 2«Казахстанская правда» от 19. 03. 99 г. N 53; Ведомости Парламента РК, 1999 г. , N 4, ст. 102.
Мемлекетке опасыздық жасау (ҚР ҚК 175-бабы)
Қазақстан Республикасы азаматының қарулы қақтығыстар кезінде жау жағына өтiп кетуі – әдетте әскерге шақыру бойынша немесе келісімшарт бойынша қызмет ететін, сондай-ақ әскери құралымдары қатарына жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілердің қорқақтығы, сатқындығы мен отан сүйгіштік сезімінің болмауы салдарынан саналы түрде тұтқынға берілуі.
Тыңшылық жасауы - Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қолданылуы мүмкін мемлекеттiк құпияларды шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне жолдау мақсатында беруі, жинауы, ұрлауы немесе сақтауы.