Қылмыстың объективтік жағы адамдарды жаппай қырып-жоюды, олардың денсаулығына зиян келтiруге, кәсiпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қиратуды немесе бүлдіруге бағытталған жарылыстар жасауды, өрт қоюларды немесе өзге де әрекеттер жасауды, сол сияқты осы мақсаттарда жаппай улауды немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар таратуды білдіреді.
Баптың диспозициясында көрсетілген қылмыстық іс-әрекеттердің тәсілдері жалпыға қауіпті болып табылады, сондай-ақ қолсұғушылық объектілерінің де (қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететін басқа да маңызды объектiлерi) халық өмірі үшін маңызды екенін ескерсек, аталмыш қылмыстың қоғамдық қауіптілігін едәуір арттырады.
Диверсия (ҚР ҚК 184-бабы)
Қылмыс субъектісі ретінде есi дұрыс жеке тұлға, ҚР ҚК 15-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыс жасаған уақытта он төрт жасқа толған адамдардың диверсия жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылық қарастырылған.
Іс-әрекеттің субъективтік жағы тікелей пиғылды құрайды. Кінәлі диверсия жасап жүргенін түсінеді, өз әрекеттерінің қоғамдық қауіпті сипатын біледі және солай жасауды қалайды. Субъективтік жағының міндетті белгісі арнайы мақсат болып табылады. Арнайы мақсатқа Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру мақсаты және Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiру мақсаты жатады.
Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету (ҚР ҚК 185-бабы)
Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету (ҚР ҚК 185-бабы)
Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объекті – мемлекеттің қауіпсіздігі мен мемлекеттік құпияның сақталуын қамтамасыз ететін қатынастар. ҚР ҚК 185-бабы тұлғаның қызметі мен жұмысы бойынша белгілі болған немесе сеніп тапсырылған мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді алғаны, бергені немесе жария еткені үшін қылмыстық жауаптылық қарастырады. Сондай-ақ, аталмыш мәліметтердің басқа да жағдайларға сәйкес мемлекеттік құпияға қатысы жоқ тұлғалардың қол жеткізуін де қарастырады. Алайда, бұл жағдайларда мемлекетке опасыздық жасау немесе тыңшылық белгілері болмаған кезді ғана көздейді.
«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңының 1-бабына сәйкес, мемлекеттік құпиялар – бұл әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік және өзге де қызметті тиімді жүзеге асыру мақсатымен мемлекет тарапынан таратылуы шектелген, сондай-ақ мемлекет қорғауындағы мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтер. Сонымен бірге, мемлекеттің мемлекеттік құпияларды қорғау мен оның таратылуына қойылатын шектеулері жалпы қабылданған халықаралық құқық нормаларына қайшы келмеуі тиіс.