Программа целостного воспитания



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата27.11.2023
өлшемі21,79 Mb.
#129859
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Біртұтас тәрбие бағдарламасы - 2023

ТӘРБИЕНІҢ 
ҮЗДІКСІЗДІГІ


Туғаннан 6 жасқа дейінгі 
бала тәрбиесі
Туғаннан 6 жасқа дейінгі баланың 
ерекшелігі
Ата-ананың сүйіспеншілігіне ерекше құштар, айнала-
сындағыларды ұстап көру арқылы тануға бейім. Дербес, 
тәуелсіз әрекет етуге ұмтылады, байқап көруге қызығу-
шылық танытады. Көргенін қайталайды. Баланың 
дамуына ата-ананың тікелей ықпал ететін кезеңі.
Жетекші әрекет – ойын
Ойын арқылы үйрету, тәрбиелеу. 
Ұсынымдар:
• Бесік-жырлары, арнау-тілек өлеңдер, өтірік 
өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар мен 
мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар айтысы 
және басқа да балалардың тілдік қарым-
қатынас жасауына қолайлы халық ауыз 
әдебиетінің үлгілері мектеп жасына дейінгі 
бала тәрбиесінің құралы ретінде жүйелі 
қолдану;
• Балабақшада түскі (ұйқы) демалыс алдында 
оның жақсы ұйықтап, тынығуы үшін 0-3 жас 
аралығындағы бөбектерге бесік жырын 
(басқа да балаларға арналған жағымды 
әуенді әндер) тыңдату, ал 3 жастан асқан 
балаларға мейірімділік пен жақсылықты 
дәріптейтін ертегілер айту дәстүрін енгізу; 
• Балалармен ертегі сағаттары, «Әжемнің 
ертегісі», «Бал бала» тіл ширату жобалары 
мен іс-шараларын жүзеге асыру;
• Балалардың жас ерекшелігіне, қызығу-
шылығы мен қажеттілігін ескере отырып 
ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын, спорт-
тық қимыл-қозғалыс ойындарын жүйелі 
қолдану ұсынылады. 
Бала табиғатының сүйетіні: жүру, жүгіру, ойнау. Баланың 
ойыны да – ойын, жұмысы да – ойын, бәрін ойын үстінде, 
ойын үшін істейді. 
Нәзипа Құлжанова
15


6-10 жастағы бала 
тәрбиесі
6-10 жастағы балалар жаңаны үйренуге ашық, білуге 
құмар, білім алуға ерекше ынталы. Берілген тапсырманы 
дұрыс орындауға тырысады, кез келген әрекетті шын 
ниетімен орындауға ұмтылады, жан-жануарларға, 
табиғатқа қамқорлық танытуға белсенді, өзінен кіші 
балаларға мейірімділік көрсетуге бейім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет