Қолданылатын єдебиеттер Негізгі: Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.. –А. 1986.
Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Зерттеу. – А. 1989
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 1993.
Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. – А., 199б.
Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. –А. 1986.
Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық-хрестоматия.- А., 199 б.
Қасқабасов С. Казахская волшебная сказка. –А., 1972.
Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. –А., 1991
Қоңыратбаев Т. Қазақ эпосы және түркология. –А., 1987.
Ќосымша: 10. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. –А., 1985.
11. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М-Л, 1979.
12. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. –А. 1985.
13. Сүйіншіәлиев Х. ҮІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. –А., 1989.
3.4Теориялық курс мазмұны 1-тақырып. Кіріспе.Тасқа жазылған таңбалар мен суреттер. Қазақстан жеріндегі тас бетіндегі бейнелер өзінің жасалу техникасы, мазмұны және композициясы жағынан әр түрлі дәуірлерді қамтиды.
Петроглифтер- сурет тектес жазулар.Алматы қаласының солтүстік-батыс жағындағы,Таңбалыдағы бейнелер.
Пиктографиялық жазу-белгілі бір ой-пікірді немесе хабарды білдіретін суреттер тізбегі.
Бұл жазу- жазудың әлі белгілі бір жүйеге түспеген кезінде пайда болған жетілмеген түрі. Қоғамның ілгері дамуына қарай, адамның ой-өрісі мен сана-сезімінің жетіле түсуі жазудың да жетілуіне, саралуына әкеп соқты.
Енді бұрынғы суретті жазуға қарағанда жазудың жетілген екінші түрі пайда болды. Ол – идеографиялық жазулар.
Идеографиялық жазуларда бір таңба, суретті жазудағыдай тұтас бір ойды не белгілі бір сөйлемді баяндамай, жеке сөздің көрсеткіші болып табылады. Мұнда әрбір таңбаның тұрақты графикалық белгісі, әр белгінің өзіне тән мағыналары болады.
Бұдан 4000 жыл бұрын жасаған қытай жазулары- иеорглифтер осы идеографиялық жазудың негізінде құрылған. Дыбыс жазуы шамамен біздің заманымыздан он шақты ғасырдай бұрын, алғаш Финикияда пайда болды. Көптеген ғалымдар қазіргі кездегі дыбыс жазуларының жасалуына сол ерте замандағы Финикия жазуы негіз болды деген қағиданы қолдайды.
Қазіргі қазақ халқының 15- ғасырдан бастап қалыптасқан деп жүр. Халық пен тілдің тарихын одан гөрі әріден іздестіруіміз керек, өйткені ол бір күнде пайда болып, туа қалған жоқ. Басқа түркі тілдерімен бір туып, бір өсіп, біте қайнады. Қазақ тілінің өзіндік элементтері ең бір ескі түркі тілдерінің өмір сүре бастаған дәуірінде –ақ бір негізге жинақтала бастаған, тарихи әлеуметтік жағдайларға байланысты, белгілі бір қолайлы мезгілде халық тілі болып қалыптасып өзге түркі тілдерінен бөлініп шыққан.
Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің зерттелуі.
Ескерткіштердің біздің еліміздегі зерттелу тарихын, негізінен алғанда, 3 дәуірге бөлеміз.
1-кезең- Орхон-Енисей жазуының әрбір үлгілерін жинау дәуірі (19 ғ. басына дейін).
2- кезең- Орхон-Енисей жазуының материалдарын оқып, аудару және оларды бастырып шығару дәуірі (19-20 ғ.).
3- кезең- осы саладағы жазба мұралардың ғылыми түрде жан-жақты ғылыми таладудың дәуірі.
Орхон-Енисей жазуы туралы 1692 ж. ең алғаш хабар берген кісі Амстердам қ. бургомистері Н.Бидзен. Тоболь қ. бояры С.Ремезовтың 1696 ж. бастап, 1697 ж. дейін жазып бітірген «Сибирь қалаларының жерлерінің, шөл далалары мен асуы қиын таулы өлкелерінің чертежі» деген еңбегінде !Орхон тасы» деп көрсетілген жер бар. Ол 1896-1897 ж. әйгілі талас ескерткіші табылатын пунктке сай келеді.