Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу



бет4/8
Дата23.09.2024
өлшемі379,5 Kb.
#145321
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5   6   7   8
5-тақырып. Арамей жазуы.
Б.з.б. 9ғ. Солтүстік-Батыс Семит тайпаларының бірі – Арамейлер жасаған алфавиттік жазу жүйесі. Финикия жазуы негізінде туып, тек қана дауыссыз дыбыстарды беруге арналған. Арамей жазуында негізігі екі дәуірді атауға болады. 1- алғашқы дәуір (б.з.б. 9-7ғ.); 2- арамейлердің «алтын дәуірі», Парсы Империясының ресми жазуы болған дәуір (б.з.б 6-4ғ.).
6-тақырып. Арамей жазу системасындағы жазулар.
Ата-бабаларымыз бұл жазу системасына жататын 14 түрлі жазуды қолданған. Олар: қараошты жазуы, араб-парыс, сүрия, манихей, соғды, Орхон-Енисей, ежелгі ұйғыр, монғол, манъчжур, сібе жазуы, т.б.
7-тақырып. Қытай жазу ситемасындағы жазулар.
Қытай жазуы бір түрлі иероглифиялық жазу болып, оны қытай тілінде сөйлейтін басқа халықтар да ортақ қолданады. Қытайда бұл жазу системасына кіретін, кезінде ата-бабаларымыз қолданған төрт түрлі жазу табылды. Олар мыналар: 1-хан патшалығы кезіндегі қытай жазуы; 2- күжү жазуы, 3- Батыс шиа жазуы; 4- кітан жазуы.
8-тақырып. Грек жазуы системасындағы жазулар.
Бұл жазу системасы латын және славян алфавиті сынды екі бағытта дамыған. Латын алфавиті қазіргі Батыс Европадағы елдердің жазу жүйесіне негіз болған. Ал славян алфавиті орыс және бұрынғы Кеңес одағындағы халықтардың жазу жүйесіне негіз болған. Ата-бабаларымыз бұл жазу системасына жататын екі түрлі жазуды қолданған: 1- славян жазуы; 2- славян жазуы негізіндегі қазақ жазуы.
9-тақырып. Араб жазуы.
Дүние жүзіне латын жазуынан кейін ең көп тараған жазу. Б.з. 4 ғасыры шамасында Арабияда арамей жазуы негізінде жасалып, 7-8 ғасырларда араб жорықтары нәтижесінде мұсылман дінімен бірге көп елдерге таралған. А.ж. оңнан солға қарай жазылады, алфавитінде 28 әріп бар. Олардың әрқайсысы сөздің басындағ ортасында, аяғында, жеке келуіне қарай 4 түрлі жазылады. А.ж. негізгі екі түрі (куфи, насхи) пайда болды.
10-тақырып. Армян жазуы.
Армян жазулы қыпшақ ескерткіштері қыпшақ тілінде 11-16 ғасырда жазылған шығармалар. 4 әліпбиде түзілген: 1- ескі араб әліпбиі; 2- көне армян әліпбиі; 3-ескі орыс жазуы; 4- ежелгі готик әліпбиі. Қ.ж.е. материалдары: 1- «Диуани лұғат ат-түрк» сөздігінде, 2- кумандар туралы жазылған еңбектерде; 3- орыс жылнамаларының половецтер туралы мәліметтерінде; 4- мәмлүк қыпшақтары тіліндегі зерттеулерде; 5- армян іс-қағаздары, трактаттары мен сөздіктерінде; 6- қыпшақ тіліндегі көркем туындыларда кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет