2-тақырып. Ескі түркі жазу ескерткіштері. Ескі түркі жазу ескерткіштерін, шартты болса да, үш түрлі топқа бөліп жүрміз. Бірақ осы бөлісте тек территориялық қана емес, қолдану мерзімі, тілі, жазудың стиліне байланысты да өзгешеліктер себеп болған болу керек.
Енисей ескерткіштері деп Енисей өзенінің бойынан және тува республикасынан табылған ескерткіштер тобы аталады. Олар елудің үстінде. Бұлардың алғашқылары - ғасырдан –ақ белгілі болғандар. Енисей екерткіштері көлемі жағынан шағын болып келеді. Үлкені 10-15, кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады. Енисей ескерткіштері бір ғана қырғыз тілінің көріністері деуден гөрі тарихтың ескі дәуіріндегі жалпы түркілік тілдің ескерткіші деген дұрыс.
Орхон ескерткіштері. Орхон ескерткіштері деп Орхон, Селенга, Толы өзендерінің аңғарынан табылған ескерткіштер тобы аталыпжүр. Орхон ескерткіштерінің тілі, тарихи оқиғаларының мерзімі, жазу стилі Енисей ескерткіштерінің таңбаларынан гөрі Орхон ескерткіштерінің таңбалары жетілген, жақсы сақталған. Ең көлемдісінің бірі – Онгин ескерткіші. Орыс географиялық қоғамының мүшесі Н.Ядринцев осы ескерткіштерді табады.
Талас ескерткіші. Талас өзенінің бойынан табылған ескерткіштер. Талас жазуы Орхон жазуынан гөрі Енисей жазуына көп жақын. Зерттеушілердің шамалауынша, Талас ескерткіштері 5 ғ. қойылуы мүмкін.
3-тақырып. Орхон-Енисей жазуы. Орхон-Енисей жазуында небәрі 38 әріп бар, 847 түрлі таңбасы бар деп жорамалданған. Шынына келгенде осы күні 24 дыбыстың 150-ге тарта таңбасы бар екені анықталды.
Дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке болып айтылатындығы туралы мәселе. Сол дыбыстармен қатар келіп тұрған дауыссыздарға қарай шешіледі. Мысалы, а таңбасы мен н таңбасы тіркесіп келсе, олар аң болып оқылады, ал егер сол таңба н дыбысының екінші таңбасымен байланысты айтылса н болып оқылады т.б. Сөз құрамында кездесетін дауыссыз дыбыстар әр уақытта түгел жазылып отырады. Дауысты дыбыстар бірде жазылса, бірде жазылмайды, кейде түсіп қалып отырады.
4-тақырып. Орхон-Енисей жазуындағы дауысты,дауыссыз дыбыстар, сингармонизм заңы. Әріптер әдетте оңнан солға қарай, әрбір жол жоғарыдан төмен қарай жазылады. Солдан оңға қарай, не дөңгеленіп бір ізбен шұбаланып, жазылатын жазбалар да бар. Ол ескерткіштің материалына байланысты болса керек. Орхон –Енисей жазуларында сингармонизм заңының сақталғаны байқалады және ол қазіргі заңмен дәлме-дәл келіп отырады. Сөз бен сөздің арасына және сөйлемнің соңына айырым белгілері: нүкте, қос нүкте, а таңбасы қойылады. Бірақ бұл орфографиялық ерекшелік сақтала бермейді. С.В.Кисилев бұл жазуды арамей жазуының өзгеріп, түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қарай бейімделіп алынған түрі деп қарайды.