Программа дисциплины (Syllabus)



бет7/22
Дата25.04.2023
өлшемі459 Kb.
#86503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
Силлабус Медиариторика 6В01701

Әдебиет: [негізгі әдебиет 2, 3,4,5.6, қосымша әдебиет 1,3, 5,11,12,21.].


Тақырып 6. Шешендік сөздердің тілдік көркемдік сипаты
Мақсаты: Шешендік сөздердегі көркемдеуіш, бейнелеу құралдары, оларды қазақтың би-шешендерінің қолдану ерекшелігіне тоқталу.

Қазақ қоғамында шешендiк өнердiң алатын орны зор. Ұрпақ тәрбиесiнде, ел басқару жүйесiнде, елдi сәулелендiру жолында, әрине, халықтың сан ғасырлық тәжiрбиесiнде қорытылып екшелген, жинақталып жүйеленген ақыл-нақыл, өсиет-насихатқа негiзделген отты да нақышты, шебер де шешен айтылатын ауызша сөздiк толғамның танымдық, тәрбиелiк мәнi айрықша.


Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендiк өнерге бейiм халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеннен төге сөйлейтiн тапқыр да ақылды, бейнелi де бедерлi, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнiнде өзiмiз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз.
Поляк А.Янушкевич: ”Қазақтардың ақыл-ой қабiлетiнiң зорлығына барған сайын менiң көзiм жетуде. Қандай жеңiл сөйлейдi! Кез келгенi айтайын дегенiн тез түсiндiре, қарсыласына шебер тойтарыс бере бiледi. Тiптi балаларының ақыл-есi де өте тез жетiледi”, - дейді.
Қазақ шешендiк өнерi – атадан балаға мирас болып, алтын баулы желiсi үзiлмей келе жатқан ардақты өнер. Теңiз тербеп тереңiнде шайқалған iнжу маржандай ғасырлар бойы халық жадында сақталып, жұпталып көптiң көкейiне орнаған шешендiк сөздер шешендердiң даналық сөздерiнде ашылады, айқындалады, ал шешендер әлденеше ұрпақтың сана сезiмiн аралап, көптiң көкейiне қонақтаған ойлы, сырлы сөздердi жаттап, жадында сақтайды керектi, келеңдi жерiнде жаңартып кәдеге жаратады.
Шешендік сөздер қолданысындағы ой жеңсігін әкелетін тіліміздегі барлық тіл көркемдеуіш құралдардың орынды, ұтымды қолданысы десек болады. Олар - теңеу, эпитет, метафоралық қолданыстар, шендестірулер, мақал-мәтелдер, афоризмдер, идиома, цитаталар, фразеологиялық сөз тіркестері т.б.
Әдебиет: [негізгі әдебиет 2, 3,4,5.6, қосымша әдебиет 1,3, 10,11,12,26.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет