Программа дисциплины (Syllabus)


Тақырып 7. Қазақ шешендік сөздерінің ұлттық сипаты мен халықтық негіздері



бет8/22
Дата25.04.2023
өлшемі459 Kb.
#86503
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
Силлабус Медиариторика 6В01701

Тақырып 7. Қазақ шешендік сөздерінің ұлттық сипаты мен халықтық негіздері
Мақсаты: Қазақ шешендік сөздерінің ұлтымызға ғана тән сипаты мен болмысын айшықтау.

Шешендiк сөздер — ғасырлар бойы халқымыздың танымдық, тағлымдық ерекшелiктерiн бойына жинақтаған, бағзы бастауларын халық ауыз әдебиетiнен алып қалыптасқан байырғы жанрлардың бiрi.


Шешендiк сөздердiң халықтық негiздерi аталмыш жанр саласының халықтық сипатында дер едiк.
Көшпелi өмiр кешiп, негiзiнен мал шаруашылығын кәсiп еткен халқытың күн-көрiс тiршiлiгi қашаннан шұрайлы қоныс, шүйгiн жайлымға тәуелдi болып келген. Қыбырлаған мал тұяғымен өрiсiн аңдаған халықтың мал үшiн жайлы қоныс iздеп жолында сан түрлi қатерлi қақтыстарға, бас жарылып, кiсi өлiмiне апарып соқтырған оқиғалары аз болмаған.
Дауға айналған таластың ақыры өктемдiлiк жолымен емес, сындарлы да салиқалы ой өзегiне құрылған аталы сөзге жүктелген келiсiммен, бiтiммен тынып отырған.
Бұндай оқиғалар тiзбегi қазақтың жер дауына қатысты шешендiк сөздердiң бiр парасын құрап тақырыптық аумағын айқындайды.
Жер дауының шиырлы даулардың бiрi екендiгi зерттеушiлер Б. Адамбаев пен М. Жармұхамедов еңбектерiнде жан-жақты атап көрсетiлген.
”Қонысқа таласу көшпелi елдердiң арасында көне заманнан келе жатқан салт”, – деп жазады С.Мұқанов.
Қазақ арасында жер дауына байланысты шешендiк сөздердiң сан алуан үлгiлерi ұшырасады. Бұл нұсқалардағы оқиғалардың, даудың шығу, туу төркiнi қилы-қилы болып, ел арасында белгiлi, айтулы, беделдi би-шешендердiң әдiл төрелiгiмен тынып отырады.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегiне дейiнгi кезеңдегi қазақ қауымын жер дауынсыз көз алдыңызға елестету әсте қиын. С. Мұқанов ”Қазақ қауымы” дейтiн еңбегiнде: ”Ертедегi қазақ дауларының ең үлкенi жер мен жесiрге байланысты болды”, – деп жазуы ол жер дауының қазақ өмiрiндегi iргелi, сүйекке сiңдi даулардың бiрi екендiгiнен болса керек.
Қазақ тұрмысындағы өз тұсындағы маусым сайын, жылма-жыл жаңғырығып отыратын шиырлы дүниенiң бiрi жер дауы әрi мұның әрдайым қазақ оқымыстыларының назарында болып келгендiгiн: ”көшпелi тiршiлiк қонысты жиi өзгертудiң салдарынан сол жолда ру мен рудың қақтығысуына себептер табылды, бiр жерден екiншi жерге жиi қоныс аударуға, бiр румен екiншiсiнiң жиi қақтығысуына ықпал тигiзген көшпендi тiршiлiк… қазақтардың өз iсiн өзге рудың немесе басқа жақтан келген атақты бидiң төрелiгiне ұсынуға бұрын да, қазiр де мүмкiндiк туғызып келдi”, – деген Ш. Уалиханов зерттеулерiнен көремiз. Ал мұның iшкi елдiк астарын Қазыбек, Төле, Әйтеке түзген Әз Тәукенiң ”Жетi жарғысындағы” зерттеушiлер айқындаған: ”Бiрiншi һәм негiзгi сала – жер дауы. Қыс қыстау, жаз жайлау, қоныс, құдық - мал баққан, елдiң атадан балаға мирас қып қалдыратын еншiсi. Өйткенi жер-атамекен, кiндiк жұрт, отан, жер – тiршiлiк етер ортасы, баба моласы, кiндiк байлар қасиеттi тұрағы. Сондықтан көшпелiлер үшiн жерден киелi ештеңе жоқ. Жер дауынан қиын дау да жоқ,”, – деген пайымдаулары да нақтылай түседi.
Шешендiк сөздердiң тақырыптық шеңберiн сөз еткен тұста, қазақ салтындағы ұрпақ өрбiтудiң, жанұя құрудың полигамиялық (көп әйел алушылық) сипатында ел өмiрiнде жиi кездесетiн сындарлы даулардың жесiр дауы болып келуi заңды да. Ел өмiрiн реттейтiн Солон заңымен иықтас ”Жетi жарғының” жарқын беттерiн жесiр дауына арнауының мәнiн С.Сматайдың зерттеулерiндегi: ”Ендi ”Жетi жарғының” ең соңғы жетiншi тармағына көшейiк. Бұл тармақ тұтастай жесiр дауынан құралады. Әрине, ол тұста ру мен руды, ауыл мен ауылды әрi бiрiктiретiн де, әрi бөлететiн де жесiр дауы болғаны рас. Құда боп, төс түйiстiрiп, көңiл қосып, құшақ табыстырған қазақ осы қыз дауы, жесiр дауы арқылы аттан-айқайға басып, сойыл-шоқпарға жармасып, барымта-сырымтаға аттанып, қан ағызып, көз шығарып, алыс-жұлысқа да, төбелес-ұрысқа да, сойқан соғысқа да барып қалатын. Сол себептi де ең бiр осал тұс, өкпе сызы көп, айқай-жанжалы мол, ұрыс-керiсi орасан осы жесiр дауына үш бидiң – Төленiң, Қазыбектiң, Әйтекенiң ”Жетi жарғысы” қатты көңiл бөлген көрiнедi”, – деп түйген қарақты көзқарастан байқауға болады.
Қазақ топырағында жесiр дауы айттырған жерiне бармай, өзге жiгiтпен көңiл қосып кеткен бойжеткеннiң қылығынан да, қосағы өлiп жесiр қалған, әмеңгерлiк салтымен қайнағалары немесе қайнысына шығатын әйел тағдырымен де сабақтаса өрбiп отырған.
Жесiр дауына байланысты ел өмiрiнiң болмысын кей тұста: ”Ұлға тұсау, қызға бұғау болған рушылдық-феодалдық қоғам жағдайында қазақ қауымында дау-шардың көзi болған бiр желеу әмеңгерлiк әдет, жесiр дауы” – деп әлеуметтiк астарына бойламай бiр жақты бағалап келген жайымыз бар.
Қазiргi таңда жаңаша ойлау диалектикасына жол ашылған тұста мұның бәрiн ғылыми негiзде халықтық педагогикалық тұрмыстық танымымен бiрлiкте қарап тың, соны ой түю үрдiсiне қол жеткiзiп отырмыз
Жесiр дауының туындауының негiзгi себептерi махаббат бостандығын бермеуiнен емес, тұтастай алғанда ұлттық идеологияның бiр тармағына аса мән бергендiктен, келер нәсiлдiң азғындамауын, керiсiнше, iрiлiгiн, тектiлiгiн, рухы мықты ұлт қамын жеген аталы ой толғақта, темiр тәртiпте жатыр. Бұл сарындағы ұлағатты ой қай кезеңде болмасын, ел жақсыларын ойландырып терең толғамдарға бастап отырған. ХХ ғасырдың басында жазылған М. Әуезовтiң ”Адамдық негiзi – әйел” деген мақаласындағы: ”Ел болам десең, бесiгiңдi түзе”, – деген ұранды ой астары да ұрпақ қамын қаузайды.
Жесiр дауына байланысты көрiнетiн әйел тағдырының ұлттың келелi мәселесiне қатыстылығының ғылыми негiзiн З. Қабдоловтың: ”М. Әуезовтің пайымдауынша әйелдiң бас бостандығы, азаматтық құқы деген тек бiр әйелдiң жеке қара басы үшiн ғана емес, сол әйел негiз болып, отырған бүкiл адам қауымының тағдыр-тiршiлiгi үшiн қажет”, – деген пiкiрiнен толық, жесiр дауының бүтiндей ұлт саясатының арқауы болып келгендiгiнен түсiнемiз.
”Бiр сәтке де үзiлiп толастамайтын шиырлы даулардың бiрi – жесiр дауы …бұл дауды би ғана әдiл шешiп отырған”,- деп шешендiк өнер тарихын зерттеушi М.Жармұхамедовтың бағалауы, шын мәнiнде жесiр дауының ел өмiрiнiң стихиясымен бiте қайнаған, объективтi, субъективтi себептерге толы шырғалаңы мол кесiрлi, кесеапатты даулардың бiрегейi екендiгiнен.
Тақырыптың жанр табиғатын ашуда үлкен-кiшiсi болмайтынын ескерсек, шешендiк сөздердегi ситуациялардың келесi бiр тұста, қазақ халқының қонақжайлық, қыдырымпаздық, кезбелiк мiнездерiмен айқындалатынын аңғарамыз. Билер сөзiнiң табиғаты жайлы алғаш пiкiр айтушы ғұлама ғалым Ш. Уәлиханов: ”Қазақтың қонақшылдығы мен қыдырымпаздық, кезбелiк әдетi… қазақтардың өз iсiн өзге рудың немесе басқа жақтан келген атақты бидiң төрелiгiне ұсынуға бұрын да, қазiр де мүмкiндiк туғызып келдi,” – деп пiкiр айтқанда, ғалымның көңiл төрiнде шешендiк сөздердiң кейбiр үлгiлерiнiң ел үстiндегi қонақ етiп, ретiне орай сыбағалы мал сою, мүше ұсыну, асқа бата жасау рәсiмiне байланысты көрiнген, тапқырлықтан туындаған жағдайлары болғандығы даусыз шындық.
Бұл сипаттағы шешендiк даудың бiр саласына зат, мүлiк дауын жатқызуға болады.
Сөз өнерi туындыларындағы көрiнетiн көркем шындық халық өмiрiнiң ақиқат тiрлiгiнен алынған шындықтың сәулесi десек көркем шындыққа арқау болар көрiнiстiң негiзгi мазмұны халық басынан кешiп өткерген етене таныс өзiне ғана тән тұрлаулы мәселерден құралады. Бұл орайда академик З. Қабдолов: ”Жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап алып, өзiнiң көркем шығармасына негiзгi арқау еткен өмiр құбылыстарының тобын тақырып дер едiк”, – дейдi.
Зерттеушi айқындағандай, халық өмiрiне тән құбылыстардың бiрi аңшылық кәсiп те қазақ шешендiк сөздерiнiң бiр алуан үлгiсiн туғызған. Қазақтың шешендiк дау сөздерiнiң тақырып аясы бiр болғанмен, түрлi ситуациялардағы хал-ахуалды баяндайды. Осыған байланысты дау табиғатындағы тапқырлықтың қырлары, билiк-кесiмнiң сипаты жағдайға орай өзгерiп отырады. Соны тәсiлдердi туындатады.
Сонымен, шешендiк даулар жер мен жесiр, мал мен құн секiлдi күрделi мәселелердi шешуге арналып, ел өмiрiнiң сан-қилы даулы мәселелерiн реттеп отыратын болған.
Көшпелi өмiр салтына айырықша ыңғайланған ұлттық өнерiмiздiң өзiндiк ерекшелiк сипатын шешендiк дау сөздер айнытпай танытады десек, бұл сипатты С. Негимов: ”Билер сотында қағаз бастылық, үстiрттiк, ресми кертартпалық жоқ. Биге бедел мен билiк тән”, – деп бағалап, ойымызды нақтылайды. Сондай-ақ, билiк сөз тұсындағы тапқырлықтың логикалық-тiлдiк сипатын халық ”қалауын тапса қар да жанады” деп мегзейдi.
Шешендiк сөздердегi ұтымды ойдың, орынды қолданылған сөз қолданыстарының, тапқырлықтың қырларын халықтық шығармалардан қарастыру шешендiк сөздердiң әдеби жанр ретiндегi келелi мәселелерiнiң әдеби-тарихи сабақтастық, дәстүр және жаңашылдық мәселелерi тұрғысынан зерттелуi тиiс деген концепцияны туындатады.
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы ауыз әдебиетi мен фольклорлық шығармалардың, жазба әдебиетi мен ауыз әдебиетi, халық әдебиетi аралығындағы әдеби-рухани, әдеби-теориялық байланыстарды зерттеген ғалымдар еңбектерi бiздi де шешендiк сөздердi зерттеу барысында аталмыш методологияны ұстануымызға негiз болады.
Әдебиет: [негізгі әдебиет 2, 3,4,5.6, қосымша әдебиет 1,3, 10,11,12,26.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет