Ќосымша: 32 Абуов Ж., Жунисбеков А. Фонетическая запись казахского текста. – Алматы, 1991.
33 Вопросы казахской фонетики и фонологии. –Алматы, 1979.
34 Фонетика казахского языка. –Алматы, 1969.
Қалиев Ғ., Оралбаева Н., Қасымова Б., Шалабаев Б., Төлегенов О. Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы. –Алматы, 1997.
36 Фонетика казахского языка. –Алматы, 1969.
Тематический план Форма
дисциплины Ф СО ПГУ 7.18.2/07
3 Пәннің мазмұны
3.1 Пәннің тақырыптық жоспары
№
Тақырып
Сағат саны
Күндізгі бөлім ҚФ-11
Дәріс
Тәжір.
СӨЖО СӨЖ
1
2
3
4
5
1
Кіріспе. Фонетика туралы түсінік. Фонетика, оның нысаны.
1
1
4
2
Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістердің мақсат-мәні
1
1
4
3
Дыбыс, әріп, фонема. Транскрипция мен транслитерация.
1
1
4
4
Дыбыстарды қарастырудың аспектілері.
1
1
4
5
Дыбыстардың түрлері және дыбыстар тіркесі. Дауысты дыбыстар
1
1
4
6
Дауыссыз дыбыстар
1
1
4
7
Дыбыстар тіркесі.
1
1
4
8
Дыбыстық құбылыстар
1
1
4
9
Буын, бунақ, екпін.
1
1
4
10
Дыбыстардың үндестігі
1
1
4
11
Буын үндестігі
1
1
4
12
Дыбыс үндестігі
1
1
4
13
Орфоэпия
1
1
4
14
Графика
1
1
4
15
Орфография
1
1
4
Барлығы: сағат
15
15
60
Теориялық курс мазмұны 1- тақырып. Кіріспе. Фонетика туралы түсінік. Фонетика, оның нысаны. Тілдің қызметі. Тілдік қатынастың ауызша және жазбаша түрде болатыны. Сөйлеу және жазудың маңызы, арақатысы, тілдегі орны. Сөйлеу, жазудың дыбыстар арқасында іске асатыны. Дыбыстың тілдегі қызметі. Қатынас құралы ретінде дыбыстық тілдің алар орны. Дыбыс - тілдің өмір сүруін қамтамасыз ететіндігі. Фонетика тілдің айтылуына (ауызша формасына) негізделетіні, тілдің дыбыстық жүйесін әр қырынан, түрлі мақсатта зерттейтіні. Фонетика қарастыратын мәселелер: тіл дыбыстарының пайда болуы, дыбыстау мүшелерінің қызметі, дыбыстардың түрлері, іштей жіктелуі, тіркесу заңдылықтары; буын, оның түрлері, екпін, ырғақ; үндестік заңдары; орфография, орфоэпия т.б. Фонетиканың түрлері, салалары. Жеке және жалпы фонетика, сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы. Маңызы.
2- тақырып. Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістердің мақсат-мәні. Алғашқы фонетикалық зерттеулер: Н.И.Ильминскийдің қазақ тілі, оның ішінде фонетика туралы мұрасының маңызы. В.В.Радлов, П.М.Мелиоранскийдің қазақ тілі дыбыс жүйесіне қатысты ойлары мен еңбектерінің құндылығы. Орыс тіліндегі зерттеулер мен орыс графикасымен жазылған қазақ мәтіндерінің қазіргі қазақ тілінің дыбыс жүйесін, айтылым, емлесін пайымдауға қосар үлесі, маңызы. Қазақ тілін зерттеудегі А.Байтұрсынұлының ерен еңбегі, қалдырған мұралары. А.Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің атасы аталуының себебі. Оның қазақ тілінің дыбыс жүйесіне, емлесіне қатысты сіңірген еңбегі. Мақалалары мен зерттеулерінің маңызы. Х.Досмұхаметұлының қазақ тіліндегі сингорманизм туралы еңбегінің маңызы. А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхаметұлының әріп, емле, дыбыс төңірегіндегі ізденістері, оның мәні. Қазақ тілі дыбыс жүйесін ғылыми тұрғыда зерттеуде Қ.Жұбанов еңбектерінің маңызы. Оның фонема, дыбыс, буын, үндестік туралы зерттеулерінң маңызы. Қазақ тілі фонетикасының қазіргі зерттелуі жайы. І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, К.КАханов еңбектерінің маңыз, мәні. Ә.Жүнісбектің фонетикалық іліміндегі соны құбылыстар, оның маңызы. Қарапайым әдіс. Оған мысал. Экспериментті әдістің мақсаты. Акустикалық және соматикалық әдісте қолданылатын аппараттар. Экспериментті әдістің артықшылықтары.
3- тақырып. Дыбыс, әріп, фонема. Транскрипция мен транслитерация. Фонетиканың зерттеу нысаны –дыбыс, сөздің айтылуы. Күнделікті өмірдегі айту мен жазудың маңызы, фонема туралы ұғым. Фонеманың үш қызметі. Фонема мен дыбыстың арақатысы. Аллафон. Фонема мен әріп және дыбыс. Бұл үш ұғымның арақатысы. Фонема мен дыбыстың синоним болып қолданылатын себебі. Транскрипцияның түрлері, маңызы; фонетикалық транскрипцияның сипаты, қиныдықтары. Қазіргі қазақ жазуының фонемалық транскрипцияға қатысы. Әріп пен фонеманы ажырату мәселесі. Әріптердің фонемалық мәні. Қазақ сөздерін транскрипциялаудың сыры. Транскрипцияның мақсаты, мәні. Бөгде тілдің фонемалары мен әріптерін транскрипциялаудың талдаудың қажеттілігі.