10- тақырып. Дыбыстардың үндестігі. Үндестік заңы. Дыбыстар мен буындардың үндесуі туралы түсінік. Үндестік – тілдің болмысынан туатын заң. Негізгі үндестік заңдардың түрлері, оның сыры. Сөздің құрамындағы буындардың бірыңғай жуан немесе жіңішке, еріндік болып үндесуінің себебі. Қатаң мен ұяң дауыссыздардың үйлесімсіздігі. Көрші дыбыстардың тіл табысуына әсер ететін факторлар. Үндестік заңның түрлері. Буын (тіл, ерін) үндесімі. Дыбыс (үйлестік, бейімдестік, бейүндестік) үндесімі. Дыбыстардың алмасуы – үндестіктің табиғатынан туатыны. Алмасу – дыбыс, буынның бірін-бірі игеруінің нәтижесі. Дыбыстық сәйкестік тіл заңынан тыс болатыны. Ықпал туралы түсінік. Ықпалдың түрі. Ықпалдың бағыты. Көрші буындар мен дыбыстардың үнемі ықпалдасып, бірін-бірі игеріп тұратыны. Игеру – ықпалдың нәтижесі. Толық және жартылай игеру. Артикуляциялық және акустикалық игеру. Акустикалық игерудің күшті болатыны. Игеру нәтижесінде акустика-артикуляциялық жақтан әр басқа дыбыстар алмасуға ұшырап барып тіл табысатыны.
11- тақырып. Буын үндестігі. Тіл үндестігі –тілдің үнемді жұмысына негізделетіні. Буындардың бірыңғай жуан, жіңішке болып қиындасып тұратыны. Бұл көнеден келе жатқан заң, қазіргі қазақ тілінде әсіресе байырғы сөздерде жақсы сақталған. Бунақ ішіндегі аралас буынды сөздердің қайсыбірі бірыңғайланып кету себебі. Тілдегі аралас буынды сөздің негізінен кірме сөздер болып келетіні, олардың игерілмей қалуына «оқығандардың» (Халел), жазудың ықпалы. Орыс сөздерінің тіл үндестігіне қатысы. Қазіргі қазақтың аты-жөнінің айтылуы, жазылуындағы заңсыздықтар. Орыстың «-ов», «-ова», «-ич», «-овна» - тіл үндестігіне қастандық екендігі. Осы заңға илікпейтін қосымшалар, оның себебі, кері ықпал. Ерін үндестігі – еріннің үнемді жұмысының нәтижесі. Ерін үнедстігі туралы түсінік. Ерін үндестігіне көзқарас. Еріндіктерді бас буында ғана жазу ережесінің авторы. Оның себебі, салдары. Қазақ тілінде де ерін үндестігінің күшті болғанына дәлелдер. Н.Ильминский, В.Радлов, П.Мелииоранский т.б. зерттеушілер еңбегіндегі ерін үндестігінің жайы. Ерін үндестігінің тілдік табиғатына қатысы. Еріндік, езуліктердің тіркесу ерекшіліктері – ерін үндестігінің көрсеткіші. Үнді у дауыссызының өзінен кейінгі қысаң дауыстылардың еріндік болуына ықпал жасауының себебі. Ерін үндестігінің дауыссыздарға етер әсері. Еріндіктердің езулікке айналуы.