Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар
1. Фонетика, оның нысаны , зерттелу тарихы, орны.
¦сынылатын єдебиет: [1], 5-15 бет, [5], 3-20 беттер, [12], 3-15 беттер.
2. Әріп, дыбыс, фонема. Бұлардың арақатысы межелеудің маңызы. Транскрипцияның орны. Қазақ сөздерін транскрпипциялау мәселесі.
¦сынылатын єдебиет: [5], 5-29 бет, [8], 33-39 беттер, [19], 3-27 беттер.
3. Дауысты фонемалар: олардың саны, сапасы, жіктелуі, айтылу, жазылуындағы ерекшеліктері.
¦сынылатын єдебиет: [2], 5-38 бет, [3], 3-18 беттер, [20], 3-20 беттер.
4. Дауыссыз фонемалар: олардың саны, сапасы, жіктелуі, айтылу, жазылуындағы ерекшеліктері.
¦сынылатын єдебиет: [1], 3-15 бет, [10], 3-36 беттер, [12], 5-21 беттер, [18], беттер
5. Дыбыс тіркесі. Сөздің дыбыс, буын құрамын анықтау мәселесі. Дыбыс тіркесіне көзқарас. Дыбыстың түр-түрінің өзара тіркесу ерекшелік, заңдылықтары.
¦сынылатын єдебиет: [12], 3-30 бет, [13], 5-20 беттер, [22], 5-35 беттер.
6. Буын, оған тән белгі-ерекшеліктер. Буынның маңызы, түрлері. Буынды танып-білудің фонологиялық маңызы, орны.
¦сынылатын єдебиет: [4], 15-30 бет, [9], 18-40 беттер, [12], 5-40 беттер.
7. Буын үндесімі. Тіл үндесімінің тілдегі орны, қызметі. Ерін үндесіміне көзқарас. Буын үндесімнің тілді ұйымдастыру ерекшелеудегі маңызы.
¦сынылатын єдебиет: [6], 3-40бет, [12], 3-30 беттер, [21], 3-20 беттер. [33], 5-80 беттер.
8. Дыбыс үндесімі. Дауыссыз дыбыстардың өзара үйлесімі. Ықпал, игеру заңдылқтары. Жасалым, айтылымға қатысты игерулер.
Ұсынылатын єдебиет: [6], 40-50 бет, [10], 5-50 беттер, [20], 86-88 беттер. [36], 5-31 беттер.
9. Орфоэпия, графика, орфография. Бұларға қатысты түсінік-таным. Әрқайсысының мазмұн-мәні, тілдегі орны.
Ұсынылатын єдебиет: [7], 5-20 бет, [11], 3-10 беттер [34], 3-20 беттер, [35], 5-31 беттер.
Реферат тақырыптары
1. Алғашқы фонетикалық зерттеулер: Н.И.Ильминскийдің қазақ тілі, оның ішінде фонетика туралы мұрасының маңызы. В.В.Радлов, П.М.Мелиоранскийдің қазақ тілі дыбыс жүйесіне қатысты ойлары мен еңбектерінің құндылығы.
2. Қазақ тілін зерттеудегі А.Байтұрсынұлының ғылыми мұралары.
3. Х. Досмұхаметұлының қазақ тіліндегі сингорманизм туралы еңбегінің маңызы. Х. Досмұхаметұлының әріп, емле, дыбыс төңірегіндегі ізденістері, оның мәні.
4. Қазақ тілі дыбыс жүйесін ғылыми тұрғыда зерттеуде Қ.Жұбанов еңбектерінің маңызы.
5. Қазақ тілі фонетикасының қазіргі зерттелуі жайы. І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, К.Аханов еңбектерінің маңызы, мәні.
6. Ә.Жүнісбектің фонетикалық іліміндегі соны құбылыстар, оның маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |