14- тақырып. Графика. Графика туралы түсінік. Әріп – дыбыстың шартты таңбасы. Графика мен орфографияның арақатысы. Графика мен алфавит. Графиканың мақсаты – дыбыстарды дәл беру. Графема, фонема. Қазақ жазуының тарихы. Қазақ әріптерінің тарихы. Қазақ жазуы – фонемалық жазу. Әріптердің негізгі және қосалқы мәні. Бір мәнді, көп мәнді әріптер. Әріптердің аттары – әріп аттарының буын түрінде келу себебі. Әріптердің дыбыстық мәні. Жеке дыбысқа сай келетін әріптер, қосынды дыбыстарды таңбалайтын әріптер. Жеке дыбысқа сай келетін әріптер, қосынды дыбыстарды таңбалайтын әріптер. И, у, ю, я әріптерінің дыбыстық мәні.
15- тақырып.Орфография.
Орфография туралы түсінік. Қазақ орфографиясының тарихы. Қазақ орфографиясын қалыптастырудағы А.Байтұрсынұлының қызметі. Орфографияның негізгі принциптері. Морфологиялық принциптің артықшылықтары мен кемшіліктері. Фонетикалық принциптердің артықшылғы мен қиындықтары. Дәстүрлі принцип, оның қайшылықтары. Дифференциялаушы принцип. Қазақ тіліндегі дифференциялаушы принциптердің көріністері (үкімет-өкімет, ауа-әуе, уақиға-оқиға, ғылым-ілім, қазір-әзір т.б). қазақ орфографиясының негізгі принципі. Орфографиялық сөздіктер. Олардағы азын-аулақ ауытқудың түрлері, себептері. «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері». Оның құрылымы, мәні. Фонетикалық қиыншылықтар. Орфографияны жетілдіру жолдары. Фонетикалық талдау, оның мақсаты, мәні, мазмұны.
3.3 ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
1- тақырып. Кіріспе. Фонетика туралы түсінік. Фонетика, оның нысаны.
Фонетика туралы түсінік. Фонетика, оның нысаны. Фонетика пәні. Оның нысаны, зерттелу тарихы, орны.
2- тақырып.Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістердің мақсат-мәні
Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі тарихы. А.Байтұрсыновтың фонетика жөніндегі зерттеулері. «Тіл - құрал» еңбегінің маңызы. Қ.Жұбановтың қазақ тілі фонетикасы жөніндегі зерттеулері. Экспериментті-фонетикалық әдіс. Акустикалық әдістің фонетиканы зерттеуде қолданылуы. Фонетиканы зерттеудегі физиологиялық әдіс.
3- тақырып.Дыбыс, әріп, фонема. Транскрипция мен транслитерация.
Дыбыс, әріп, фонема. Олардың мәні, арақатысы. Транскрипция мен транслитерация. Мәтінді транскрипциялау мәселесі.
4- тақырып.Дыбыстарды қарастырудың аспектілері.
Дыбысты қарастырудағы анатомия-физиологиялық аспект. Дыбысты қарастырудағы акустикалық аспект. Дыбысты қарастырудағы лингвистикалық аспект.
5- тақырып.Дыбыстардың түрлері және дыбыстар тіркесі. Дауысты дыбыстар
Дауысты, зерттелуі, жіктелуі. Дыбыстық заңдағы орны. жіктелуі; айтылу, жазылуындағы ерекшеліктер