Программа Форма ф со пгу


- тақырып. Дыбыс, әріп, фонема. Транскрипция мен транслитерация



бет4/31
Дата30.09.2024
өлшемі0,6 Mb.
#146267
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
3- тақырып. Дыбыс, әріп, фонема. Транскрипция мен транслитерация. Фонетиканың зерттеу нысаны –дыбыс, сөздің айтылуы. Күнделікті өмірдегі айту мен жазудың маңызы, фонема туралы ұғым. Фонеманың үш қызметі. Фонема мен дыбыстың арақатысы. Аллафон. Фонема мен әріп және дыбыс. Бұл үш ұғымның арақатысы. Фонема мен дыбыстың синоним болып қолданылатын себебі. Транскрипцияның түрлері, маңызы; фонетикалық транскрипцияның сипаты, қиныдықтары. Қазіргі қазақ жазуының фонемалық транскрипцияға қатысы. Әріп пен фонеманы ажырату мәселесі. Әріптердің фонемалық мәні. Қазақ сөздерін транскрипциялаудың сыры. Транскрипцияның мақсаты, мәні. Бөгде тілдің фонемалары мен әріптерін транскрипциялаудың талдаудың қажеттілігі.
4- тақырып. Дыбыстарды қарастырудың аспектілері.
Жасалым (артикуляция). Дыбыстау мүшелерінің түрлері, жұмысы. Актив мүшелер: тіл, ерін, жұмсақ таңдай, дауыс шымылдығы. Тіл дыбыстарын жасауға олардың қатысын білудің маңызы. Айтылым (акустика). Дыбыстардың пайда болуы. Тіл дыбыстарына тән ерекшелік. Дыбыстың қарқыны, күші, тембрі, созыңқылығы. Дауыс пен салдырдың пайда болуы. Дауыстылардың дауыстан пайда болатыны. Дауыссыздарға салдыр мен дауыстың қатысуы, оны білудің маңызы. Айтылым мен жасалымның үндесім, үйлесімге қатысы. Естілім. Кез келген дыбыс естілім арқылы қабылданатыны. Тіл дыбыстарының сапасын анықтауда естілімнің маңызы. Айтылым, жасалым, естілім аспектілерінің қарым-қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі рөлі, фонологияға қатысы. Қазақ тілі фонологиясының үндестік заңдары негізінде іске асатыны.
5- тақырып. Дыбыстардың түрлері және дыбыстар тіркесі. Дауысты дыбыстар. Дауыстылар мен дауыссыздар.
Тіл дыбыстарының дауыстылар мен дауыссыздар болып бөліну себептері. Дауыс, салдырдың қатысы, ауа жолы, сөйлеу аппараты, буын, екпін. Бұлардың әрқайсысына тән негізгі сипаттар. Қазақ тілінде дауыссыздардың дауыстыларға тәуелді болып тұратыны. Дауыстылар,оларға тән сипаттар. Дауыстылардың зерттелуі. Олардың санын анықтаудағы ала-қлалықтар, себебі. Орыс тіліндегі дауыстылардың саны, сапасы. Қазақ дауыстыларының санын анықтауға қатысы. Байырғы қазақ тілі мен қазіргі қазақ тіліндегі дыбыстар. Дауыстыларды жіктеу мәселесі. Жуан (а, о, ұ, ы, у) және жіңішке (ә, е, ө, ү, і, и) дауыстылар. Бұлай бөлудің тілге негізделетіні. Еріннің қызметін қарай еріндік (о, ө, ұ, ү, у), езулік (а, у, ә, ы, і, е, и) болып жіктелетін себебі. Жақтың қатысына: ашық (а, ә), жартылайашық (о, ө, е), қысаң (е, ұ, ү, ы, і, и, у) болып жіктелу себебі. Тіл,ерін, жақтың дауыстыларға қатысын білудің маңызы. Дифтонг дауыстылар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет