11- тақырып. Буын үндестігі. Тіл үндестігі –тілдің үнемді жұмысына негізделетіні. Буындардың бірыңғай жуан, жіңішке болып қиындасып тұратыны. Бұл көнеден келе жатқан заң, қазіргі қазақ тілінде әсіресе байырғы сөздерде жақсы сақталған. Бунақ ішіндегі аралас буынды сөздердің қайсыбірі бірыңғайланып кету себебі. Тілдегі аралас буынды сөздің негізінен кірме сөздер болып келетіні, олардың игерілмей қалуына «оқығандардың» (Халел), жазудың ықпалы. Орыс сөздерінің тіл үндестігіне қатысы. Қазіргі қазақтың аты-жөнінің айтылуы, жазылуындағы заңсыздықтар. Орыстың «-ов», «-ова», «-ич», «-овна» - тіл үндестігіне қастандық екендігі. Осы заңға илікпейтін қосымшалар, оның себебі, кері ықпал. Ерін үндестігі – еріннің үнемді жұмысының нәтижесі. Ерін үнедстігі туралы түсінік. Ерін үндестігіне көзқарас. Еріндіктерді бас буында ғана жазу ережесінің авторы. Оның себебі, салдары. Қазақ тілінде де ерін үндестігінің күшті болғанына дәлелдер. Н.Ильминский, В.Радлов, П.Мелииоранский т.б. зерттеушілер еңбегіндегі ерін үндестігінің жайы. Ерін үндестігінің тілдік табиғатына қатысы. Еріндік, езуліктердің тіркесу ерекшіліктері – ерін үндестігінің көрсеткіші. Үнді у дауыссызының өзінен кейінгі қысаң дауыстылардың еріндік болуына ықпал жасауының себебі. Ерін үндестігінің дауыссыздарға етер әсері. Еріндіктердің езулікке айналуы.
12- тақырып. Дыбыс үндестігі. Бейімдестік (аккомодация) –дауысты дыбыстардың өзара тіл табысуы, үндесуі. Дауыстылардың әркез дауыссыздардың игеріп тұратыны. Дауыссыздардың да ықпалы болатыны. Сөз соңында, сөз басында келетін (қ, к, п) қатаңдарының алмасуға бейімділігі. Бұл қасиеттің т,с,ш ерме қатаңдарында жоқтығы, оның себебі. Бейімдестік кезінде қысаңдардың түсіп қалу құбылысы. Кейбір етістіктердің соңындағы езулік ы, і қысаңдарының у жұрнағының еріндікке айналуы. Кейбір п-ға аяқталатын етістіктерге көсемшенің -ып, -іп жұрнағы жалғанғанда у-ға айналу себебі. Сөз соңындағы қатаң қ,к,п-ның дауысты ықпалына илікпейтін тұстары, себебі. Үйлестік (ассимиляция) –дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жақтан үндесіп, тіл табысуы. Ілгерінді ықпал кезіндегі алмасулар, олардың сыры. Қатаңнан соң қатаң, ұяңнан соң ұяңның келу себебі. Қатаңдардың өзара үйлесімі кезінде болатын дыбыстық өзгерістер: кқ, сш, шс, тш, тс тіркестерінің фонологиялық табиғаты. Айтуда ұшырайтын өзгерістердің акустика-артикуляциялық сыры. Қатаңдар мен үнділердің, қатаңдар мен ұяңдардың және керісінше тіркесіп айтылуына ұшырайтын алмасулар, олардың сыры. Кейінді ықпал кезінде пайда болатын алмасулар. Кейінді ықпалда жасалымның, ілгері ықпалда айтылымның алға шығатыны, оның себептері. Бейүндестік (диссимляция), оның себебі. Оған көзқарас, түрлері.