Программа Форма ф со пгу


-тақырып Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу‐тәрбие процесінде есепке алу



бет4/24
Дата02.10.2024
өлшемі481,5 Kb.
#146565
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
3-тақырып Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу‐тәрбие процесінде есепке алу.
Оқушының жеке тұлғалық дамуының жас ерекшелік кезендері, оларға сипаттама. Жеке тұлғаның табиғи мүмкіндігі.
Жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік жағдайаттары. Қазіргі қоғамның даму кезеніңде жеке тұлғаны қалыптастырудың ерекшеліктері. Оқушының оқуға деген шынайы мүмкіндіктерін педагогикалық процесті ұйымдастыруда есепке алу( мазмұны, құралдары, түрлері оқу тәрбие іс – әрекетінің әдістері). Оқушы тұлғасыныңдара ерекшелігіне сипаттама. Оқушының дара ерекшеліктері және қабілеттілігі. Қазіргі мектептегі даралап оқыту.
Негізгі ұғымдар: тұлға, жас ерекшелігіне байланысты жаңаша білім беру, дербес ерекшеліктер, даралап оқыту.
4-тақырып Мұғалімнің ғылыми‐зерттеу мәдениетін қалыптастыру. Педагогика ғылымының дамуы және мұғалімнің педагогикалық іс әрекетіндегі ғылыми зерттеу жұмысынынң рөлі. Ғылыми зерттеу жұмысынынң жалпы әдіснамалық негіздері: диалектика заңдары, оларға жалпы сипаттама.
Зерттеуге жүйелі тәсіл құбылыстардың жалпы байланысының көрінісі. Жүйелі тәсілдің негіздері философиялық категориялар. Таным теориясы.
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері: педагогиканың заңдылықтары және маңызды категориялары, педагогикалық процесс, педагогикалық пән мен мұғалім іс әрекетінің педагогикалық зерттеуге жүйелі құрылымдық, тұлғалық іс әрекеттік тәсіл, тәрбие мен дамудың бірлігі, компетенттілік әдісінің мәні.
Ғылыми –педагогикалық зерттеу әдісінің мәні(теориялық эмпирикалық, эксперменталдық, математикалық).
Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесі. Педагогикалық процесті диагностикалау мен оқушыларды танып білудегі зерттеу әдістерінің ролі.
Негізгі ұғымдар: ғылымдарының әдіснамасы, ғылыми педагогикалық зерттеудің әдістері.
5-тақырып Тәрбие процесінің теориялық негіздері. Тұтас педагогикалық процесс‐педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі.
Педагогика пәні және мұғалімнің іс әрекет объектісі мектеп тәжірибесінде, оқу құралдарында, бағдарламаларында осы ұғымдардың дамуы, осы мәселелердің көрініс табуы.
Мұғалімнің іс әрекетінің объектісі туралы ұғымның қалыптасу тарихы.
Педагогикалық процестің мәні, оның құрылымдық компоненттері. Оқушы ‐ педагогикалық процестің субъектісі.
Педагогикалық жағдайат педагогикалық процестің элементарлық «жасаушысы». Уақыт пен кеңісітегі тұтас педагогикалық процестің үш қызметінің ‐білімділік, дамытушылық және тәрбиелік өзара байланысы және бірлігі.
Жеке тұлғаның тұтастығы ‐педагогикалық процестің үш бірліктегі қызметтің іске асырудағы түсіндірудің негізі. Жеке тұлғаның шығармашылығы. Жеке тұлғаның дарындылығы:тұтас педагогикалық процестегі оқу және оқудан тыс іс әрекеттеррдің бірлігі.
Педагогиклық процестің қозғаушы күштері. Педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері. Оқу тәрбие процесінің құралдары. Іс әрекет, педагогикалық процесті іске асырудың құралы және соның ішіндегі қызметін іске асырушы. Іс әрекеттің негізгі түрлері( еңбек, қарым‐қатынас, таным, ойын) олардың мектептегі оқу‐тәрбие процесіндегі ерекшеліктері. Оқушының шығармашылық іс әрекеті.
Педагогикалық процесті басқару. Педагогикалық процесті болжау және қазіргі жағдайын диагностикалау мәселелері.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық процесс, «педагогтар‐оқушылар» жүйесі, субъект ‐объектілі қатынастар, педагогикалық жағдайат, қозғаушы күштер, тәрбиелік механизмдер, диагностика, болжау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет