Программа Форма ф со пгу


-тақырып Педагогикалық процестің заңдылықтары



бет5/24
Дата02.10.2024
өлшемі481,5 Kb.
#146565
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
6-тақырып Педагогикалық процестің заңдылықтары.
Педагогикалық процесс ‐күрделі дамушы жүйе. Оның жеке тұлғаны қалыптастырудың ролі. Оқу тәрбие процесін болжау, мұғалімнің әдіснамалық бағытына тәуелді. Оқу тәрбие процесіне байланысты әр түрлі көзқарастар.
Табиғатты және қоғамдағы құбылыстардың және процестердің даму заңдылықтарының философиялық мәні. Педагогикалық процестің заңдылықтарының мәніі танып білуге тарихи шолу және олардың мұғалімнің іс әрекетіндегі рөлі.
Педагогикалық процестің тиімділігі мектептегі педагогикалық процестегі жекелеген балалардың және ұжымның даму деңгейне, оқушылардың жас ерекшеліктеріндегі іс әрекеттердің ұйымдасуына және мазмұнына сәйкестілігіне тәуелділігі: педагогикалық процестегі компоненттердің( мақсатына, міндетіне, мазмұнына, құралына, формасына, әдісіне, амалына, қарай) өзара бір біріне әсерлеуі және сабақтасуы; педагогикалық процестің бір мезеттік емес, қызмет жасау уақытының ұзақтығына байланыстылығы; бір ғана көрсеткішті емес, олардың жиынтығын, формаларды есепке алу қажеттілігі; логикалық өзара байланысы және педагогикалық процестің заңдылықтарының өзара тәуелдігі.
Оқу тәрбие процесінің принциптері, оның заңдылықтарының нақты пайда болуына әсер етеді. Принциптердің мәні және оған сипаттама. Педагогикалық процесті басқарудағы, болжаудағы заңдылықтар мен принциптерді ескерудің маңызы.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық процесс дамытушы жүйе, процесті моделдеу, болжау заңдылықтары, принциптері.
7-тақырып Тәрбиенің мақсаты, әлеуметтік келісім.
Мақсаттылық және әлеуметтік келісімділік –педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары. Педагогикалық процестің негізгі компоненті мен тірегі –тәрбиенің мақсаты. Педагогикалық ой–пікірлер тарихындағы тәрбиенің мақсаты мен мәселелері.
Қоғамдық мәдениет –жас ұрпақ тәрбиесінің мақсатының айқындаудың әдіснамалық негізі( материалдық, рухани, әлеуметтік нормативтік мәдениет).
Қазақстан Республикасының әлеуметтік –экономикалық даму тенденциялары және жас ұрпақты өз бетінше өмір сүруге дайындау. Әлеуметтендіру және жеке тұлғаны дербестендіру мәселесі. Жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігімен тәрбиенің мақсаты. Жеке тұлғаның жан–жақты және үйлесімді дамуы туралы.
Негізгі ұғымдар: тәрбиенің мақсаты, жалпы адамзаттық мәдениет, жеке тұлғаны әлеуметтендіру және дербестену, жеке тұлғаны жан –жақты үйлесімді дамыту, тұлғаның шығармашылық мүмкіндігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет