10-тақырып Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие әдістерінің формасы мен құралдарының жүйесі Қүралдар, формалар, әдістер педагогикалық процестің қозғаушы тетіктері ретінде. Қүралдар, формалар, әдістер және тәсілдер туралы жалпы ұғым. Оларды оқуда және оқудан тыс уақытта қолданудын ерекшеліктері. Педагогикалық процестің әдістеріне сипаттама және оларды жіктеу.
Оқыту мен тәрбие әдістерінің өзара байланысы педагогикалық процестің барлық қызметінің бірлігінің көрінісі ретінде. Оөудан тыс уақытты жеке тұлғаның қалыптасу әдістерінің өзіндік ерекшеліктері. Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері: түсіндіру, әнгіме, сендіру, көзін жеткізу.
Тәрбиелік жағдайаттар жасау, үйрету, тапсырма беру, жаттығу. Оң мінез құлық мәдениетін қалыптастыру әдістері: іс әрекет пен мінез құлықты ынталандыру әдістері: мадақтау, жазалау, олардың түрлері. Оларды қолданудың педагогикалық жағдайы.
Педагогикалық шығармашылықың белгісі ретінде тәрбиенің әдістерін сұрыптау. Бақылау және өзіндік бақылау әдістері.
Тәрбиелік іс әрекеті тиімді ұйымдастыру жағдайы ретінде құрал, форма, әдістерінің байланысы.
Негізгі ұғымдар:
Педагогикалық процестің қозғаушы тетіктері, құралдар, форма, әдістер, әдістемелік тәсілдер.
11-тақырып Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара байланысы және өзара іс‐әрекеті Балалар қжымы әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі. Ұжымның мәні, ұжым тәрбиенің объектісі және субъектісі ретінде. Кеңес педагогтардың (С. Шацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский т.б.) еңбектерінде ұжымдық тәрбиенің негізгі идеялары. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы дербес және ұжымдық диалектика.
Балалар ұжымын қалыптастыру кезендері, заңдары және атқаратын қызметтері. Әрбір кезендегі педагогикалық басқарудың өзіндік ерекшеліктері. Балалар ұжымының қалыптастырудың негізіг құралдары. Қарым қатынас және іс әрекеттің ролі. Ұжымдық өмірдің байлығы, қоғамдағы оң тәжірибелерді меңгерудегі ұжымдық дәстүрдің мәні.
Әртүрлі балалар ұжымдарының типтері(сыныптық, мектептік, әртүрлі жастағы, уақытша қызығушылығына байланысты) олардың ерекшеліктері, бір біріне әсері және сабақтастығы. «Педагогтар оқушылар» жүйесіндегі балалар ұжымы.
Педагогикалық процестің қызметіндегі тәрбиелік тетіктер: педагогтар және оқушылардың әртүрлі ұжымдық іс әрекеттегі байланысы. Оқу процесіндегі ұжымдық танымдық іс әрекетіндегі ұйымдастырудағы мұғалімнің жұмысы.
Сыныптан тыс жұмыстарда әртүрлі жастағы оқушылардың ұжымдық іс әрекетіне педагогикалық басшылық жасау.
Оқушылрдың әртүрлі тіршілік әрекетімен байланысты қоғамдық тапсырмаларға сипаттама. Дербестік, топтык, ұжымдық тапсырмалар.
Жеке тұлғаның дербес және ұжымдық дамуы оқытушы және оқушының бірлескен іс әрекеттін шарттары мен құралы ретінде қарым қатынастың ролі.
Педагогикалық процестегі балалар ұжымының жағдайын оқыту әдістері.
Негізгі ұғымдар; өзара әрекет, балалар ұжымы, ұжымдық әрекет, тапсырма беру, педагогикалық ұарым қатынас мәдениеті.