Программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу қандай кезеңдерден тұратынын біледі



бет3/9
Дата05.05.2023
өлшемі1,11 Mb.
#90116
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.




(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Шаттық шеңбері» әдісі Оқушылар шеңбер бойымен тұрып бір-біріне тілек айту арқылы, бір-бірінің көңіл күйін көтереді. Мысалы: Сен бүгін ерке сұлусың!

Топтастыру Кәмпиттер арқылы 2 топқа бірігеді. Оқушыларға кәмпиттер таратылады және кәмпит түрлеріне қарай топтасады.










(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі
Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.

  • Python­да тармақталған алгоритмдерді пайдаланып есеп шығару үшін бастапқы мәселені қалай қалыптастыруға болады?

  • Есептің моделі дегеніміз не?

  • Есептің моделін құру үшін қандай білім қажет деп ойлайсың?

  • Программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу қандай кезеңдерден тұрады деп ойлайсың?

Бағалау Оқушылар бір-бірін «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».





5 мин.





Жаңа сабаққа кіріспе «ДЖИГСО» әдісі
(Т) Топтарға оқулықтан жаңа сабақтың мәтіні бөліп беріледі.
Арнайы белгіленген уақыт ішінде мәтінді оқып шығады. Кейін топтар арасында жаңа ақпаратпен таныстыру, ой бөлісу жұмысы жалғасады.

Дескриптор:
- Берілген мәтінді оқиды.
- Топ ішінде өзара талқылау жүргізеді.
- Топтар арасындағы түсіндіру, жеткізу, баяндау жұмысында белсенділік танытады.



Бағалау Топтар бір-бірін «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар»






(Т) Талдау
1-тапсырма
Практикалық жұмыста берілген тапсырманың программа кодына талдау жасаңдар. Программаға a=7, b=20, c=9 және a=13, b=11, c=0 мәндерін қойып, қолмен тексеріңдер. Бұл мәндерді қабылдау барысындағы программаның әрбір қатарындағы командалар жұмысының нәтижесін қағазға жазып отырыңдар. Алған нәтижелеріңді талдау барысында программада есепті шешуге көмектескен қандай алгоритм идеясы жатыр? Анықтаңдар.
Программа коды:
a, b, c=map (int, input ().split ())
t=k=h=p=s=0
if (a+b+c)%3= = 0:
k= (a+b+c) / / 3
t= a-k; p=b-k; h=c-k
if t > 0:
s=s+t
if p > 0:
s=s+p
if h > 0:
s=s+h
print (s)
else:
print (-1)

Дескриптор:

  • Берілген программа кодына талдау жасайды.

  • Программаға берілген мәндерді енгізіп тексереді.

  • Программада есепті шешуге көмектескен қандай алгоритм идеясы бар екенін анықтайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет