Бағалау Мұғалім оқушыларды «Баспалдақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
Сабақтың ортасы
26 мин.
|
Практикалық жұмыстар
Сызықтық алгоритмдерге үлгілік тесттер құрастыру және программалау
(Т) 1-есеп. Тең бөлу
N бала К алманы тең бөліп жеді. Тең бөлуге келмесе, алма жетпей қалғандар басқалардан бір алмадан кем алды. Неше бала басқаларға қарағанда бір алмадан кем алды. Программа жұмысын тексеру үшін 5 үлгі тест дайында. Есептің программа кодын жаз.
Мысалы
|
Нәтиже
|
4 16
|
0
|
7 30
|
5
|
|
Дескриптор:
- Неше бала басқаларға қарағанда бір алмадан кем алғанын анықтайды.
- Программа жұмысын тексеру үшін 5 үлгі тест дайындайды.
- Есептің программа кодын жазады.
|
Бағалау Топтар бір-бірін «Баспалдақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
|
(Ж) 2-есеп. Тіктөртбұрыш
Өлшемдері A x B м болатын тіктөртбұрыш берілген. Осы тіктөртбұрыштан қабырғасының ұзындығы S м болған қанша шаршыны кесіп алуға болады? Программа жұмысын тексеру үшін 3 үлгі тест дайында. Есептің программа кодын жаз.
|
Дескриптор:
Берілген тіктөртбұрыштан қабырғасының ұзындығы S м болған қанша шаршыны кесіп алуға болатынын анықтайды.
Программа жұмысын тексеру үшін 3 үлгі тест дайындайды.
Есептің программа кодын жазады.
|
Бағалау Жұптасып, оқушылар бір-бірін «Баспалдақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
|
(Ж) 3-есеп. Кеңсе тауарлары
Кеңсе тауарларын сататын дүкенге барған Гауһар X қалам, Y сызғыш мен Z өшіргіш сатып алды. Қаламның бағасы сызғыш бағасынан 10 теңгеге арзан, ал өшіргіш бағасынан 5 теңгеге қымбат екені белгілі. Егер қаламның құны Р теңге екені белгілі болса. Гауһар барлық сатып алған заттарына қанша теңге төлегенін анықта. Енгізу деректері X, Y, Z және Р реттілігімен берілген. Программа жұмысын тексеру үшін 3 үлгі тест дайында. Есептің программа кодын жаз.
Мысалы
|
Нәтиже
|
7 10 5 20
|
515
|
|
Дескриптор:
Барлық сатып алған заттарға қанша теңге төленгенін анықтайды.
Программа жұмысын тексеру үшін 3 үлгі тест дайындайды.
Есептің программа кодын жазады.
|
Бағалау Жұптасып бір-бірін «Баспалдақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
|
(Д) 4-есеп. Телефонға ақы төлеу
Телефон компаниясы өз телефон қызметіне ақы төлеудің жаңа жүйесін қолдана бастады. Жаңа ақы төлеу жүйесі бойынша, егер тұтынушы 1 айда А минутқа дейін сөйлессе, онда ол әрбір минут үшін K теңге, ал А минуттан көп болса, онда артық сөйлескен әрбір минут үшін В теңге төлейді. Қанат бір айда Р минут сөйлескен. Ол телефон компаниясына қанша ақша төлейді? Енгізу деректерінің реті Р, А, К, В (1≤Р≤1000, 1≤А≤500 1≤К≤50, 1≤В≤100). Программа жұмысын тексеру үшін 5 үлгі тест дайында. Есептің программа кодын жаз.
Мысалы
|
Нәтиже
|
392 300 10 25
|
5300
|
|
Дескриптор:
Қанат бір айда Р минут сөйлескеніне телефон компаниясына қанша ақша төлейтінін анықтайды.
Программа жұмысын тексеру үшін 5 үлгі тест дайындайды.
Есептің программа кодын жазады.
|
Бағалау Оқушылар өзін-өзі «Баспалдақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
7-сынып оқулығы
Компьютер
|
Сабақтың соңы
7 мин.
Рефлексия
|
Сабақты бекіту
«Бес саусақ» әдісі
Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы төмендегі сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:
|
Басбармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кім маған риза болды? Кім маған көмек берді?
Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай жаңа білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
Алақан – алға ұмтылу. Жұмысты жақсарту үшін не жасау керек? Білімімді қалайша толықтырам?
|
|