Программа по специальности «5В050300 психология»


КЕҢЕС БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БАҒЫТТАРЫ



Pdf көрінісі
бет101/231
Дата13.02.2023
өлшемі2,08 Mb.
#67339
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   231
Байланысты:
5В050300-Психология

 
КЕҢЕС БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БАҒЫТТАРЫ 
 
Психологиялық кеңес берудегі психоаналитикалық дәстүр 
З.Фрейд - психоанализдің негізін қалаушы. Психоанализдің 
әдіснамалық статусы және психоаналитикалық терапияның шеңберіндегі 
кеңес беру мәселесі. Кеңес беру процесінде психоаналитикалық 
техникаларды және процедураларды қолдану (еркін ассоциациялар, түс 
көруді талдау және интерпретациялау, талдау және қарсыласу және 
тасымалдау интерпретациясы). Көзқарасты бағалау: құндылығы және 
шектеу. 
 
Юнгтің 
аналитикалық 
психологиясы 
және 
Адлердің 
индивидуалды психологиясы 
К.Г. Юнгтің аналитикалық психологиясы: құндылықтар, мақсаттар
процедуралар, техникалар. Аналитикалық психологиядағы психоанализдың 
негізгі әдіснамалық мәселесінің «миф» (аңыз) түсінігі. К. Юнг бойынша 
психотерапевтік принциптер. 
Адлердің индивидуалды психологиясы. Кеңес беру процесі: мақсаттар, 
консультанттың рөлі және функциясы, клиенттің тәжірибесі, кеңес беруші
мен 
клиент 
арасындағы 
әрекеттестік, 
адлерлік 
психотерапияның 


104 
консультативтік техникалары және процедуралары (ерте есте қалғандарды 
талдау, түс жору және приоритеттерді талдау, әсерлерді жиыстыру, талдау, 
реориентация, метафоралық әрекеттестік, порадоксалды интенция). 
Көзқарасты бағалау: құндылық және шектеу (шек қою). 
Кеңес берудегі бихевиоралды-когнитивті бағыт 
А. Лазарус - қазіргі бихевиоралды психотерапияның және кеңес 
берудің ірі өкілі. Когнитивті-бихевиоралды бағыт. (А. Эллис, А. Бек). Негізгі 
құндылықтар, мақсаттар, процедуралар. Негізгі консультативті дағдыларды 
меңгеру: бет және поза экспрессиясын тану. Анық қозғалыстар және 
мимикалар. Паравербалды айқын тәсілдер. Белсенді тыңдау және 
вербалдылық Ептілік және дағдылар тренингі. 
Әсер ету және көңіл бөлу дағдылары. Минималды қуаттану. Кеңес беру 
процесі. Мағынаны нақтылау. Келісімділік жетістігі. Кеңес беру барысында
кері байланысты қалыптастыру принципі. Конфронтация. Процесс кезіндегі 
суммалау және қорытынды суммалау. Өзіндік сезімдердің көрінісі. Кеңес 
беру техникалары және процедуралары: релаксациялық тренинг, жүйелік 
десенсибилизация, модельдеу әдісі (А. Бандура). Әлеуметтік ептілік тренингі 
(сенімділік). Өзін-өзі басқару және өзіндік басшылық жоспары. Бағытты 
бағалау. 
Психологиялық кеңес берудегі рационалды-эмотивті терапия және 
басқа да когнитивті - бихевиориалды бағыттар А. Эллис - рационалды-
эмотивті терапияның негізін салушы. А. Бэк, Д. Майхенбаум қазіргі 
когнитивті-бихевиоралды тәсілдің көрнекті өкілдері. РЭТ-тың негізгі үғымы 
- иррационалды наным, сенім, «тиісті» және «міндетті». Кеңес беру процесі: 
кеңес берушінің мақсаттары, рольдері мен функциялары, клиенттің 
тәжірибесі, кеңес беру техникалары мен процедуралар: когнитивті әдістер 
(иррационалды 
идеяларды 
мәлімдеу, 
иррационалды 
нанымдарды 
рационалдымен алмастыру, библиотерапия, тілдің өзгеруі, әзіл), эмотивті 
әдістер, рационалды қайта құру және адамның мінез-құлқының жетістігі мен 
эмоционалды саулық негізі ретінде өмірдің рационалды философиясына 
жету. Реалдылық терапиясы. Тәсілдің бағалауы: адамгершілік және шектеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет