Программа по специальности «5В050300 психология»



Pdf көрінісі
бет23/231
Дата13.02.2023
өлшемі2,08 Mb.
#67339
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   231
Байланысты:
5В050300-Психология

 
Ескерту: Жоғары оқу орны пәннің жұмыс бағдарламасының 
әдебиеттер тізімін керекті оқулықтар мен оқу құралдарымен толықтыра 
алады.  


24 
МК 1203 –
МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ 
 
Көлемі 2 кредит 
Авторлары: 
Ташимова Ф.С.– психология ғылымдарының докторы, профессор 
Сейтнұр Жарас – психология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. 
Пікір жазғандар: 
Ким А.М. – психология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология 
кафедрасының профессоры 
Сангилбаев О.С. – психология ғылымдарының докторы, Абай 
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика және 
психология кафедрасының профессоры 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
«Мамандыққа кіріспе» – «Психология» мамандығы бойынша студенттерді дайындаудағы ең алғашқы 
және аса маңызды пәндердің бірі, өйткені ол адамның ішкі әлемін үйлесімдіруге бағытталған, оның жемісті 
өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз ететін кәсіппен, дербес мамандықтың ерекшеліктерімен таныстырады. 
Осыған байланысты, аталмыш пән «Психология» мамандығының пәні, мақсаттары, міндеттері, принциптері, 
әдістері мен тәсілдерін зерттеуге бағытталған.
Бұл мамандықтың негізі сонау көне дәуірлерде қаланған. Бастапқыда психолог рөлін сиқыршылар, 
емшілер, хироманттар, көз байлаушылар мен жадыгөйлер, дуагерлер сияқтылар атқарған. Олар иландыру 
мен гипноздың негізін қалаушы әдет-ғұрыптар мен құрал-жабдықтарға бай болды.
Діннің дамуына байланысты психолог рөлін дінге уағыздаушы адамдар атқара бастады. 
Уағызшының қолданатын әдіс-тәсілдері (уағыздар, тәубе мен сыр ашуды басқару, катарсисті ынталандыру, 
топтық дұғалар және т.б.) адамға әсер етудің психологиялық технологиялары негізін қалады. Психолог 
рөліндегі философ сұхбатты жүргізу мен дамытуға ықпал етті.
Ғылыми-жаратылыстану пәндерін дамуы ғылыми психологияның пайда 
болуына түрткі болды. Психолог бұл ракурста ғылым әдіснамасына 
бағыттанған зерттеуші және практик ретінде болды.
Сондай-ақ, бұл мамандық адамның ішкі дүниесімен жұмыс істеуге 
бағытталғандықтан, психолог қызметіндегі этикалық және кәсіби 
принциптердің сақталуы аса маңызды. Психолог мамандығы өмірдің барлық 
дерлік салаларында сұранысқа ие, бұл маманданудың сан алуандығын және 
жұмыстың жаңа технологияларын игеруді айқындайды. Бұл психолог 
тұлғасына ерекше талаптар қояды. 
Курстың мақсаты психолог мамандығымен, адам өмірінің әр түрлі 
салаларындағы осы кәсіп өкілдерінің негізгі міндеттері, мақсаттары, 
әдіснамасы және әдістері, принциптерімен таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет