Программа по специальности «5В050300 психология»



Pdf көрінісі
бет88/231
Дата13.02.2023
өлшемі2,08 Mb.
#67339
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   231
 


90 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
«Тұлға психологиясы» курсы психологиялық ғылымдардың негізгі әрі 
басты салаларына жатады. Тұлға психологиясының пәні жүйе ретіндегі 
индивид, тұлға және даралық болып табылады.
Бұл оқу пәні студенттерді даярлауда негізі курс бола отыра, 
консультация беру психологиясы, психотерапия және ұйымдастырушылық 
психология саласында мамандану пәндерін терең меңгеруге әсерін тигізеді. 
Ол студенттердің тұлғаны зерттеудің заманауи әдіснамасы жүйесін 
меңгеруге бағытталады және тұлға психологиясының өзге ғылым 
салаларымен байланыстарын ашады, тұлға қалыптасуының психикалық 
даму, сана мен өзіндік сана және іс-әрекетпен байланысын түсінуге 
бағыттайды, оның шеңберіндегі негізгі ұғымдарды, тұлға құрылымы жайлы 
білімдер, психологиялық заңдылықтарды меңгеруге, тұлғаның өмірлік өсуі 
мен дамуының психологиялық жағдайларын тұтас түсінуге көмектеседі. Осы 
пән бойынша өткізілетін сабақта студенттер жалпы психологияны зерделеу 
барысында алған білімдерді жүйелейді және дара консультация беру мен 
психотерапия саласында практикалық іс-әрекетті үлгілеудегі теорияның 
мүмкіндіктерін көрсетеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі үшін қажет 
психологиялық кәсіби білімдерін қалыптастырады. 
Курсты оқытудың мақсаты: студенттерде тұлға психологиясы қазіргі 
психологияның теориялық және практикалық саласы екендігі туралы 
түсінікті қалыптастыру, тұлға жөніндегі замануи ғылыми көзқарастар мен 
тұлға психологиясының негізгі бағыттарымен таныстыру, тұлға туралы 
теориялық тұжырымдамалар жайлы негізгі білімдерді беру, оны 
психологиялық тәжірибеде қолдануын көрсету, тұлға теорияларының 
психология тарихында даму логикасын түсіну, сондай-ақ, тұлға 
психологиясының әдіснамалық, теориялық және әдістемелік негіздерін 
меңгерту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет