диалектілер мүлдем жоқ деген түсінік пайда болды (П.Мейер, г. Париж). Бұл идея қарсылықтарды тудырды ( И. Асколи), дау тек тілдік құбылыстарды жүйелі түрде картаға түсіру жағдайында шешілуі мүмкін. 1876 жылы Германияда Венкер неміс тілінің лингвистикалық Атласын жасау үшін материал жинай бастады, жұмысын Ф.Вреде жалғастырды, 1926 жылы карталардың бір бөлігі жарық көрді. Францияда 1902-10 жылдары Ж. Гилиерон мен Э. Эдмон "Францияның лингвистикалық атласын" құрды, ол роман жəне еуропалық л.г дамуына үлкен əсер етті, содан кейін лингвистикалық атластар Италияда, Румынияда, Испанияда, Швейцарияда пайда болды; жекелеген провинциялар мен облыстардың атластары құрыла бастады (мысалы, Солтүстік Италия қалаларының атласы). 20 ғасырдың 2-жартысында. көптеген елдерде ұлттық тілдердің немесе олардың таралуының жекелеген аймақтарының лингвистикалық атластары пайда болды.
Лингвистикалық атлас — лингвистикалық география əдісімен құрастырылған карталардың қамтитын объектісі мен тақырып ыңғайына қарай басы бір жерге біріктірілген жинағы (лингвистикалық карталардың жинағы), лингвистикалық карталар сериясы. Географиялық жағынан алғанда лингвистикалық атлас нақтылы бір тілдің өз ішіндегі диалектілерін, сондай-ақ тектес, тектес емес тілдердің тобын қамтуы да мүмкін. Осыған сəйкес лингвистикалық атластың диалектологиялық атлас, тектес тілдердің атласы, аймақтық диалектологиялық атлас сияқты түрлері болады. Лингвистикалық атлас түзу